Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pielonefrit.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
479.15 Кб
Скачать

Профилактикасы:

Біріншілік профилактика:

  1. Жедел пиелонефритті уақытылы және толық емдеу;

  2. Қуықтың және зәр шығару жолдарының жедел ауруларын емдеу;

  3. Уродинамика бұзылыстарының себебін анықтап, жою (таспен бітелу, қуық асты безінің гипертрофиясы);

  4. Қосарласқан ауруларды емдеу (қантты диабет, подагра);

  5. Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау (созылмалы тонзиллит, холецистит, аднексит, тіс кариесі);

  6. Салауатты өмір салты, дене шынықтыру, сыртқы жыныс мүшелерінің гигиенасын сақтау.

Екіншілік профилактика:

  1. Диета сақтау- өткір, дәмдеуіштері көп тағамдарды шектеу, әлсіз минералданған сулар, егер ісіктер болмаса тәулігіне 1,5-2 л су ішу, белок және өсімдік тағамдарын кезекпен қабылдау;

  2. Артериялық гипертензияда ас тұзын шектеу;

  3. Еңбек және демалыс шараларын дұрыс ұйымдастыру (шектен тыс күш түсуді, салқын тиюді болдырмау);

  4. Уродинамика бұзылыстарының себептерін жою;

  5. Жоспарлы рецидивке қарсы уроантисептиктермен емдеу;

  6. Фитотерапия;

  7. Ремиссия кезеңінде санаторлық- курорттық ем.

V

Сауалнама (анкета)

I.Зерттеу әдісін таңдау және сипаттау:

Пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы. Пікір сұрау әдісін мәліметтерді жинау кезінде қолданғанда зерттелетін мәселеге сауалнама сипатының, құрылымының және типінің сәйкестігін анықтау қажет

Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау

Пікір сұрауды орындау үшін мынадай ұсыныстарды орындау қажет:

Сұрақтарды: қарапайымнан – күрделіге ауыстыру

Сұрақтардың қисынын келтірудің бірізділігі

Сұрақтар саны сұрақты сауалнамаға кіргізбей тұрып, оның қажеттілігін анықтау керек.

Сауалнама құрылымы

Сұрақтардың стандартталу типтері бойынша сауалнама

Жауап түрін анықтау

1. Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау:

Сұрақ тек бір мәселе төңірегінде болуы тиіс. Бір сөйлемде екі жауапты талап ететін, екі ұшты сұрақтар болмауы керек.

Сауалдар түсінікті, бір мәнді, нақты және анық сенімді жауап алуға мүмкіндік туғызуы тиіс.

Сауалнама зерттеу мақсатына және міндеттеріне сәйкес сұрақтардан тұруы тиіс.

Сұрақтар логикалық сәйкестікпен қойылуы керек.

Сауалнамада нақты терминологияны, күнделікті тілді, түсінікті,терминдерді пайдаланып, жаргондарды қолданбаған жөн

Респондент тәжірибесінен тысқары жайт туралы сауалдарды қоймаған жөн.

Сұрақты қисындастырып мазмұндау респонденті зерттеушінің көңілі қалайтын жауапқа жетелеп, көндіруге тиісті емес.

Сұрақтар екі мағыналы сипатта болмауы керек.

2. Сұрақтарды қарапайымнан – күрделіге, жалпыдан – арнайыларға (тар ауқымдағы), міндеттемейтіндерден — сыпайыларына көше отырып қою керек дегендей қағидаларды сақтау қажет.

3. Сұрақтардың қисынын келтірудің бірізділігі: алдымен кіріспе, таныстырма сауалдар немесе респонденттің зерттелетін мәселе бойынша хабардарлығын анықтауға жәрдемдесетін сұрақтар қойылады. Мысалы, ашытқы нарығы туралы зерттеу жүргізу керек болса, респондент ашытқыны қолдана ма, жоқ па, соны анықтау қажет. Содан соң зерттеуге тікелей қатысты сұрақтар және бақылау сұрақтар болуы мүмкін, ең соңында жеке сипатты сұрақтар қойылады.

4. Сұрақтар саны сұрақты сауалнамаға кіргізбей тұрып, оның қажеттілігін анықтау керек. Зерттеуге қажет емес артық сұрақтар қойылмауы керек. Зерттеу мәселесіне қатысты емес сұрақтар сауалнаманы тым созады. Сұрақтар аз болған сайын, оларға жауап алудың мүмкіндігі мол.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]