Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВММ экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
141.92 Кб
Скачать

90. Шарпи бойынша маятникті коперде динамикалық сынау тәсілдері.

Динамикалық тәжірибелерде ұқсастық принципі байқалмайды. Сондықтан олар қатаң түрде үлгілердің параметр сипаттамалары мен тәжірибелерді жүргізу шарттары бойынша унификацияланған.

Динамикалық сынаулардың негізгі түрі – иілу жағдайындағы кесілген үлгілердің соққылық жүктемесі. Кесігі бар үлгілерді пайдалану морт сынғыштыққа бейімділігін екі себеппен анықтайды: біріншіден, кесіктің көмегімен көлденең сығылу шеттетіледі, кернеулік күй көлемі пайда болады, екіншіден, деформацияның концентрациясы кесікке жақын аз көлемде жүктеменің жоғарығы локальдік жылдамдығын қамтамасыз етеді. Металдарды динамикалық сынау морттылықтың пайда болу жағдайын анықтау және деформациялану жылдамдығының жоғарылауындағы (10 мм/мин жоғары, созылу мен соққы кезінде) материалдардың мінез-құлқын бағалау үшін жасалады. Кесігі бар үлгілерді соққылық иілуге сынау, сонымен қатар, өңдеу сапасын, құрылымдылық жағдайдың біртектілігін, беріктендіретін фазалардың артық бөлінуінен ескіруге бейімділігін бақылау үшін пайдаланылады.

Мұндай тәжірибелерді Шарпи бойынша маятниктік коперлерде әртүрлі формалы қиықтары – U, V, T бар стандартты үлгілер қолдану арқылы жүргізеді. Копер өзінің өсі бойынша оңай қозғалатын ауыр маятниктен тұрады және тіреулер аралығындағы маятник пышағының қиылған бөлігінің орнын мықты ұстап тұратын арнайы шаблоннан тұрады. Осы кезде маятник соққысы қиылған бөлікке қарсы бағыттан жүргізіледі.

Үлгі U-түріндегі қиығы бар үлгі қолданылады, бірақ жеке жағдайларда басқа да қиық формалы үлгілер қолданылады. V-түріндегілері жоғары бұрышта және 0,25мм дөңгелектеу радиусында пайдаланылады. Т-түріндегі үлгінің рөлін арнайы құрылғыда жасалған шаршау жарықшағы атқарады. Осыған сәйкес соққылық байланысты белгілеу кезінде (КС) үшінші әріп енгізілген, ол қисықтың түрін көрсетеді – КСU, КСV, КСT.

Кесігі бар үлгілерді сынаған кезде болатта көптеген морттылықтың түрлері пайда болады: суықсынғыштық (хладноломкость), қайтымды және қайтымсыз жіберілетін морттылық, көксынғыштық (синеломкость) және т.б.