- •21. Криогенді болаттар. Сыныпталуы.
- •22. Қосынды жақсартылған болаттардың ентаңбасы және олардың қасиеттері. Хром-никельді және хром-никель-молибденді (вольфрамды) болаттар.
- •23 Суықтай деформация кезіндегі беріктендіру.
- •24. Никельмен қосындыланған ферритті болаттар.
- •25. 9) Жоғары берікті болаттардың қасиеттері мен ентаңбасы.
- •26. Рельсті болаттар.
- •27. Аустенитті хром-никель-марганецті болаттар
- •28.10)Қосынды аз жұмсартылған болаттар.
- •29. Жоғары берікті болаттарды төменгі температуралық термомеханикалық өңдеу.
- •88. Мартенситті-ескіретін болаттар. Пнп және пнд болаттар. Негізгі қасиеттері және сыныпталуы. Қолдану аймағы мен келешегі
- •90. Шарпи бойынша маятникті коперде динамикалық сынау тәсілдері.
25. 9) Жоғары берікті болаттардың қасиеттері мен ентаңбасы.
Жоғары берiктi аустенит болаттарын ТБС-болаттары немесе АIС-болаттары деп атайды. Бұл болаттар 8¸14%Cr-н, 8¸32%Nі-н, 0,5¸2,5%Mn-н, 2¸6Mo-н 2% дейiн Si–н (мысалы, 30Х9Н8М4Г2С2, 25Н25М4Г1) тұрады.
980-1200 °С аустениттендiруден кейiнгi мартенситтiк айналудың Мб мен Мт (түрөзгеру мартенситi түзiлуiнiң басталуы) температуралары 20 °С төменде болады, яғни болаттардың аустенит құрылымымен өзгешеленетiн ерекшелiктерi болып табылады.
Болатқа жоғары механикалық қасиеттер беру үшiн аустениттендiруден кейiн оны 80%- дық түрөзгеруге түсiредi (қақтау, тарту, сумен сығу т.б.) 250-550 °С
Мартенситтi – ескiретiн болаттарға немесе қосындыланған жоғары берiктi болаттарға қарағанда бiрдей немесе жақын берiктiгiмен АІС-болаттар созымдырақ, ал созымдылығы тең болғанда тұрақсыздану шегi тым көбiрек болады. АІС-болаттардың кеңiнен қолдануына кедергi, олардың көп қосындылануы, салыстырмалы төменгi температураларда түрөзгерту үшiн қуатты жабдықты пайдалану қажеттiлiгi, пiсiру қиындығы, түрөзгерген металдың әр қасиеттiлiк қасиеттерi, т.б. Бұл болаттар көп жүк түсетiн тетiкбөлшектер, сым сымарқандар, бекiту тетiкбөлшектерiн, т.б жасауға пайдаланылады. Болат 30ХГСА перлит сыныбына жатады. Қосындылау элементтерінің салыстырмалы аздаған мөлшерімен сипатталады және феррит пен цементитте ериді. Болат Н18К9М5Т мартенситті ескірген (3-үлгі). Болат 850 0С-тан суда шынықтыруға және 500 0С ескіруге түседі. Көміртексіз мартенсит құрылымын алады. Болат 18Х2Н4ВА (4-үлгі) мартенсит сыныбына жатады. Көміртектенетін және жақсартылатын ретінде қолданылады. Болат Р18 ледебурит сыныбына жатады. Құйылған күйжайында ледебуриттен, сорбит пен карбидтен тұратын құрылымы бар (5-үлгі). Тез кесуші болаттың ледебуриті, аустенит пен қаңқа тәрізді пайда болған карбидтерден тұрады. Шынықтырудан кейін Р18 болаттың құрылымы инесіз мартенситтен, карбидтерден және қалдық аустениттен тұрады. Жоғары берiктi мартенситтi – ескiретiндердiң iшiнде ең кеңiнен қолданыс тапқаны 03Н18К9М5Т болаты.
Кiшкене қимасымен (30 мм дейiн) табақтар мен шыбықтардан жасалатын тетiкбөлшектер үшiн жылумен өңдеу 820 °С-тан шынықтыру мен 480-520 °С ескiруден тұрады. Үлкен қалыңдығымен тетiкбөлшектер үшiн күрделi жылумен, 1220 °С-тан шынықтыру 940 °С-тан үш рет шынықтыруды қосып 520-540 °С ескiру 3 сағат бойы өңдеудi қолданған жөн. Шынықтыруды беттiң қатаюына дейiн суда, сосын ауада суытуды жүргiзген жөн.
26. Рельсті болаттар.
Ортакөміртекті болатты транспорттық және жалпы машинажасаудың барлық салаларында әр түрлі бөлшектер дайындау үшін жоғарғы жиілікті токпен қыздыру арқылы беттік мықтыландыру, жақсарту, нормалаудан кейін қолданады.Жоғары мықтылыққа, жоғары серпімділікке ие, құрамында көміртегі көп мөлшерде болатын болатты жоғары статикалық және вибрациялық жүктемелер бар болғандағы үйкеліс жағдайында жұмыс істейтін бөлшектерді дайындау үшін нормалағаннан кейін қолданады.Суыған кезінде иілгіштігі мен қайнауы төмен.Бұл болаттар арнайы қолдану салаларына арналған. Бұндай болаттарға конструкцияның спецификалық жұмыс шарты көрсетілетін қосымша талаптар қойылады. Бұлтоптағы болаттар көпір құрастыру, рельстік, осьтік, дөңгелектік жұмыстар жүргізуде маңызды орын алады.Көпір құрастыруға арналған болат екі түрлі маркіде жасалады: МТ6С – сварлық көпірлік конструкциялар үшін, көпірлік Ст3 – клепандық көпірлер үшін. МТ6 болаты Ст3 болаттан қышқылдық дәрежесінің үлкендігімен ерекшеленеді. Осындай маркілі болаттардың тұтқырлығы минус 20°С температурада МДж/м2 –тан төмен болмауы керек.
