Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PATFIZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.89 Кб
Скачать

Бруксизм . Ұйықтап жатқанда тісті шықырлату. Егер адам аңдаусызда күндіз де тісі шықырлататын болса оны бруксамания деп атайды.

Глоссит . Тілдің қабынуы. Ауыз ішінің зақымданып қабынуынан тілге түскен инфекция. Тез емделмесе абсцесс және тісте флегмонаға айналатын қауіпті дерт. 

Макроглоссия(көне грекше: μακρός - "үлкен" және γλῶσσα) - "тіл") — макроглоссия. Тілдің ұлғайып, ауызға симауы. Ісінген тілдің ұшында немесе қапталында тістің орны қалады. Сөйлеу қиындап, тіс-жақжүйесінің қалпы өзгереді. Бұл организмде кистафлегмоналимфангиома пайда болғанын білдіреді. Емі — хирургиялық тәсіл.

Сиаладенит (Sialadenitis - сілекей безінің қабынуы) - Сілекей бездерінің қабынуы. Ауызға инфекция енуінен және сілекей белу проңесі бұзылуынан пайда болады. Ауырған жер қызарып, ісіп, басқан кезде ауырады, сілекей аз бөлініп, ауыз қүрғайды\

Стоматит (көне грекше: στόμα – ауыз) – ауыздың шырышты-кілегей қабығының қабынуы. Клиникалық ағымына қарай стоматиттың жедел және созылмалы түрлері бар. Егер қабыну тілде болса – глоссит, ал қызыл иекте болса – гингивит деп атайды. Аурудың пайда болу себептері:

  1. механика, физика және химия жарақаттану, улану (мысалы, темекіні көп тарту, мөлшерден тыс арақ-шарап қабылдау, өте ыстық не өте салқын, сондай-ақ, өте қышқыл не өте тұзды тағам ішу);

  2. түрлі жұқпалы ауруларға (қызылша, кандидоз, тұмау, т.б.) шалдығу;

  3. дәрі-дәрмек аллергиясы;

  4. дәрумен жетіспеушілік (гиповитаминоз);

  5. жүйке жүйелерінің, ішкі органдардың созылмалы аурулары, ағзадазат алмасу процесінің және ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, т.б.

Хейлит. Еріп қызыл жиегінің шырышты қабығы мен терісінің кабынуы.

Еріннің желініп қауіпті қабынуы

Бүл кезде қай кернеп ісінген төменгі еріңде дөңеслек немесе сопақтау келген жолақ пайда болады. Жолақ астында қабынудан инфильтрат пайда болады. Жиі қайталаныи түратын созылмалы ауру.

Еріннің актиндік қабынуы

Күнге күюден болатын ерін жиегінің өзгеруі. Құрғақ және экссудативті түрі бар. Экссудативті түрінде ерінді қан кернеп ісінгені байқалса, құрғақ түрінде ерін жиегінде бозылттау келген қабыршақтар пайда болады. Бірте-бірте ерін қатты құрғап бүдырланып, жара болады.

Езудің инфекциядан қабынуы

Стрепто-стафилококкгрибок инфекциясырибофлавин витаминінің жетіспеуі, ауыздағы инфекцииоіпақтары, тістесу ауытқулары осы аурудың пайда болуына бірден-бір себеп болады. Езуде, тілде жалақ пайда болып оған инфекция қосылады. Бұл ерін терісіне, иек астына, азу тұсына дейін жайылып ауыртады.

7, ауыз қуысының туа біткен ақауларын атаныз

8.Жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі ауыз қуысының өзгерістерін анықтаныз?

9Жүрек жеткіліксіздігіне алып келетін себептерді атап шығыныз?

Жедел жүрек жеткіліксіздігінің этиологиялық себептері Жүректің қанмен немесе қысыммен зорығуы Миокард жирылғыштығының бұзылысы Жүректің дегенеративті өзгерістері мен жалпы массасының азаюы Жаңа туылғандардың туа пайда болған жүрек ақаулары мен аномалиялары Туа пайда болған бүйрекүсті безінің дисфункциясы Туа пайда болған тыныс жеткіліксіздігі Жаңа туылғандардың туа пайда болған ми қанайналым бұзылыстары Ревматикалық емес жедел миокардиттер, перикардиттер, кардиомиопатиялар, жедел пневмониялар

Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің себептері (этиологиясы): 1. МИОКАРДТЫҚ (миокардтық жетіспеушілік, жүрек бұлшықеті зақымдалуы) Біріншілік миокардтық жетіспеушілік (миокардит, дилатациялық кардиомиопатия) Екіншілік миокардтық жетіспеушілік (инфарктан кейінгі және диффузды кардиосклероз, гипотиреоз, жүректің алкоголдік зақымдалуы, ДТЖА-да жүрек зақымдалуы) 2. ЦИРКУЛЯТОРЛЫҚ (жүрек бұлшықетіне артық күш түсу) Қысыммен күш түсу (қарыншаларға систолалық күш түсу) – оң жақ және сол жақ АВ қақпақшалардың, аортаның, өкпе артериясының стенозы, артериялық гипертензия (жүйелік, өкпелік) Көлемдік күш түсу (қарыншаларға диастолалық күш түсу) – жүрек қақпақшалары жетіспеушілігі, жүрекішілік шунттар Аралас күш түсу (жүрек күрделі ақаулары, жүрекке қысым мен көлемдік күш түсуі) 3. ҚАРЫНШАЛАРДЫҢ ДИАСТОЛАЛЫҚ ТОЛУЫ БҰЗЫЛУЫ Артериялық гипертония, «гипертониялық жүрек» Гипертрофиялық және рестрикциялық кардиомиопатия Жабысқақ перикардит Гидроперикард 4. ЖОҒАРЫ ЖҮРЕК ЛАҚТЫРЫСЫМЕН ЖҮРЕТІН АУРУЛАР Тиреотоксикоз Айқын семіздік Анық анемия Аритмиялық кардиомиопатия (тахисистолиялық аритмиялар)

11 Анемияның жіктелуі түсіндірініз

Анемия – қан көлемі бірлігіндегі эритроциттер және гемоглобин төмендеуімен сипатталатын патологиялық жағдай. 

Анемия классификациясы:

1. Қан жоғалту нәтижесіндегі анемия: жедел постгеморрагиялық анемия (жедел қан жоғалту 3 айға дейін); созылмалы  постгеморрагиялық анемия.

2. Қан түзілу бұзылысы нәтижесіндегі анемия: темір жетіспеушілікті; В12 дәрумені және фолий жетіспеушілікті; миелотоксикалық (нефрит, инфекционды аурулар, алиментарлы интоксикация, мырыш және басқа интоксикациялар); апластикалық; метапластикалық ( лейкоз, рактың сүйек миына метастаздануы, миеломатоз).

3. Қан түзілуі бұзылуы жоғарлауы нәтижесіндегі анемия (гемолитикалық): туа пайда болған; жүре пайда болған.

4. Аралас этиологиялы анемия.

Анемиялық синдром:

Анемия тереңдігіне және даму жылдамдығына байланысты пайда болады:

Әлсіздік, шаршағыштық; Тәбет бұрмалануы, төмендеуі; Ентігу, жүрек қағуы; Бас айналу; Құлақтағы шуыл; Естен тану; Стенокардия ұстамасы ауырлануы;

 Анемияны жіктеу негіздері. Түстік көрсеткіші бойынша анемияла гипохромдық (түстік көрсеткіші 0,8-ден төмен), нормохромдық (түстік көрсеткіші 0,8-1,0) гипохромдық (түстік көрсеткіші бірден жоғары) болып бөлінеді. Эритроциттердің орташа диаметрі бойынша анемиялар микроциттік (7,2 мкм кішкене), нормоциттік (7,2-8,0 мкм) және макроциттік (8,1-9,5 мкм) болады. Сүйек кемігі қызметінің анемияға жауап ретінде қалпына келу қабілетіне қарай регенерациялық (сүйек кемігінің қызметі жеткілікті), гипорегенециялық ( сүйек кемінің қызметінің қалпына келуі төмендеген), гипоплпзиялық немесе аплазиялық (сүйек кемігі қызметі тым қатты азайған нмесе жоғалған) анемиялар болады.

      Этиологиясы бойынша тұқым қуатын және жүре пайда болған анемиялар болған анемиялар деп бөлінеді.

      Патогенезі бойынша: 1. Қансыраудан болатын немесе постгеморрагиялық анемиялар; 2. Қан ыдырауы күшеюінен болатын немесе гемолиздік анемиялар; 3. Қан өндірілуі бұзылуынан болатын немесе дизэритропоездік анемиялар болып ажыратылады.

12

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]