- •Магнит өрісі және оның сипаттамалары. Магнит индукция векторы.
- •Вектор және скаляр түріндегі Био-Савар-Лаплас заңы. Магнит өрісінің суперпозиция принципі. - векторлық түрде жазылған Био – Савар – Лаплас заңы,
- •Ампер заңы. Параллель токтардың өзара әсерлесуі.
- •Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы.
- •Магнит өрісі үшін толық ток заңы.
- •Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы.
- •Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгіштің орын ауыстыруы кезіндегі істелінетін жұмыс.
- •Фарадейдің электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі.
- •Контурдың индуктивтілігі. Өздік индукция.
- •Өзара индукция.
- •Магнит өрісі энергиясы. Магнит өрісі энергиясының көлемдік тығыздығы.
- •Магнетиктер. Заттардағы магнит өрісі үшін толық ток заңы.
- •Электромагниттік өріс үшін Максвелл теңдеуілері. Максвелдің бірінші теңдеуі Фарадей ашқан электромагниттік индукцияның негізгі заңы бойынша эқк: , (3.1)
- •3.2 Максвелдің екінші теңдеуі
- •3.3 Максвелл теңдеулерінің толық жүйесі
- •Электромагниттік толқындар және олардың қасиеттері.
- •Электромагниттік толқындардың дифракциясы
- •Электромагниттік өріс үшін толқындық теңдеу.
- •Электромагниттік толқын энергиясы. Электромагниттік энергия ағынының тығыздығы. Умов-Пойнтинг векторы.
- •Электрлік тербелмелі контурдағы еркін тербелістің дифференциалдық теңдеуі. Томсон формуласы.
- •Электрлік тербелмелі контурдағы еркін өшетін тербелістің дифференциалдық теңдеуі. Өшудің логарифмдік декременті.
- •Мәжбүр электромагниттік тербелістің дифференциалдық теңдеуі. Резонанс.
- •Айнымалы ток. Айнымалы ток үшін Ом заңы.
- •Айнымалы токтың қуаты.
- •Геометриялық оптиканың негізгі заңдары.
- •Шағылу және сыну заңдары. Толық ішкі шағылу.
- •Линзалар және оның негізгі сипаттамалары. Жұқа линзаның формуласы.
- •Жинағыш және шашыратқыш линзалардағы нәрсенің кескінін тұрғызу.
- •Фотометрлік шамалар және олардың өлшем бірліктері. Жарықталыну заңы.
- •Жарық толқындарының интерференциясы. Оптикалық жол айырымы мен фазалар айырымы арасындағы байланыс. Интерференциялық максимум және минимум шарттары.
- •Екі когерентті көздерінен алынған жарық интерференция. Интерференциялық жолақтың ені.
- •Бірдей қалыңдықты жолақтар. Ньютон сақинасы.
- •Жарық дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі.
- •Френельдің зоналар әдісі.
- •Дөңгелек дискідегі және дөңгелек саңлаудағы Френель дифракциясы.
- •Бір саңлаудағы Фраунгофер дифракциясы.
- •Дифракциялық тор.
- •Нормаль (қалыпты) және аномаль (қалыпсыз) жарық дисперсиясы. Жарық дисперсиясының электрондық теориясы.
- •Жарықтың жұтылуы. Бугер-Ламберт заңы.
- •Табиғи және поляризацияланған жарық. Малюс заңы.
- •Шағылу және сыну кезіндегі жарық поляризациясы. Брюстер заңы.
- •Қосарланып сыну кезіндегі жарық поляризициясы. Николь призмасы.
- •Оптикалық актив заттағы жарықтың поляризация жазықтығының бұрылуы.
- •Жылулық сәулеленудің негізгі сипаттамалары. Абсолют қара дене. Кирхгоф заңы.
- •Абсолют қара дене үшін Стефан-Больцман заңы.
- •Абсолют қара дене үшін Вин заңдары.
- •Вин және Релей-Джинс формулалары. Ультракүлгін апаты.
- •Кванттық гипотеза. Планк формуласы.
- •Фотондар. Жарық кванттарының энергиясы және импульсі.
- •Сыртқы фотоэффект заңдары. Эйншт*ейн теңдеуі.
- •Комптон эффекті.
- •Бөлшектер қасиеттерінің корпускулалы-толқындық дуализмі. Де Бройль гипотезасы.
- •Де Бройль толқыны. Де Бройль толқынының қасиеттері.
- •Альфа-бөлшектерінің шашырауымен жүргізілген Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі.
- •Сутегі атомының сызықтық спектрі. Жалпыланған Бальмер формуласы.
- •Бор постулаттары. Франк және Герц тәжірибелері.
- •Бор бойынша сутегі атомының спектрі. Электронның толық энергиясы.
- •Гейзенбергтің анықталмаушылық қатынастары.
- •Микробөлшектердің толқындық қасиеттері. Толқындық функция және оның статистикалық мағынасы.
- •Шредингердің уақыттық және стационарлық теңдеулері.
- •Бірөлшемді тікбұрышты шұңқырдағы бөлшек.
- •Бөлшектің тікбұрышты потенциалдық тосқауыл арқылы өтуі.
- •Кванттық механикадағы сызықтық гармоникалық осциллятор.
- •Сутегі атомы үшін Шредингер теңдеуі.
- •Кванттық сандар. Паули принципі.
- •Атом ядросының құрылысы.
- •Ядроның массалық ақауы. Ядроның байланыс энергиясы. Меншікті байланыс энергиясы.
- •Ядролық күштер. Күштердің алмасу сипаты. Ядро моделі.
- •Радиоактивтік ыдырау заңы. Нуклид активтілігі.
- •Альфа-ыдырау мен бета-ыдырау кезіндегі ығысу ережелері.
- •Альфа- бета- және гамма-сәулелерін шығарудың табиғаты және заңдылықтары
- •Ядролық реакциялар.
Де Бройль толқыны. Де Бройль толқынының қасиеттері.
Корпускулалық теория бойынша жарық фотонының εф энергиясы,mф массасы мен рф импульсы мынаған тең:(2.1)ε=ħω , mф=εф/c²=ħω/c², pф=mфc=ħω/c=2πħ/λ.Сөйтіп жарық фотонының импульсы мен жарық толқыны ұзындығы арасындағы байланыс ħ Планк тұрақтысы арқылы өрнектеледі.Француз ғалымы Луи де Бройль (1892-1987) жарықтың осы кор- пускулалық-толқындық табиғаты жөніндегі түсініктерді дамыта келе,1924 ж. корпускулалық-толқындық дуализм тек оптикалық құбылыстарға тән ерекшелік емес, ол барлық микродүние физикасында жан-жақты қолданылуға тиіс деген батыл жорамал ұсынды.Бөлшектердің корпускулалық және толқындық қасиеттерін сипаттайтын шамаларды байланыстыратын математикалық өрнектер дәл фотондардікі (2.1) сияқты, яғни ε=ħω, p=h/λ=2πħ/λ.Де Бройль жорамалының батылдығы мынада: (2.1) теңдіктері тек фотондар үшін емес, басқа микробөлшектер үшін де, соның ішінде тыныштық массасы бар бөлшектер (электрон, протон, атом т.б.) үшін де постулат ретінде қабылданды. Сонымен қозғалыстағы кез келген бөлшекпен бір толқындық процесс байланысқан болады.Де-Бройльша бір көріністен екіншісіне көшудің жарық үшін дұрыс болатын (2.1) ережелерін зат бөлшектері жағдайына пайдаланамыз: (2.2) Ε=ħω, p=ħk=2πħ/λ.Оптикалық құбылыстар жағдайында (2.1) өрнек фотон импульсын анықтау үшін пайдаланылады; фотон-тыныштық массасы нөлге тең, с жарық жылдамдығымен қозғалатын бөлшек. Осы қатынас, де-Бройльша, зат бөлшектеріне салыстырылатын жазық монохромат толқын ұзындығын береді:(2.3)λ=2πħ/p=2πħ/(mυ) Тыныштық массасы нөл емес бөлшектер үшін p=mυ. (2.2) өрнектері де-Бройль теңдеулері деп аталады. (2.3) өрнегімен анықталатын толқын ұзындығы де-Бройль толқын ұзындығы деп аталады.Де Бройль толқын ұзындығын энергияның функциясы ретінде табалық. Егер U потенциалдар айырмасы әсерінен электрон υжылдамдыққа ие болса, онда оның p импульсы p=mυ=√2eUm тең болады. Осы электронмен де Бройль толқыны байланысқан, оның толқын ұзындығы (2.5) λ=2πħ/p=2πħ/√2eUm Электрон энергиясы Е=100 эВ болсын. Осындай электрон үшін де Бройль толқын ұзындығын есептейік. Электрон жылдамдығы мына теңдіктен еU=mυ²/2 анықталады: υ=5,93•10 5√U=5,93•10 6 м/c ал толқын ұзындығы λ=2πħ/mυ Яғни жоғарыда көрсетілгендей энергиясы бар электронның толқынұзындығы рентген сәулелерінің толқын ұзындығымен шамалас болады.Осыдан егер де-Бройль жорамалы дұрыс болса, онда электрондар дифракциясы рентген сәулелерінің дифракциясына ұқсас кристалдық торларда байқалуға тиіс. Де Бройль жорамалы тәжірибе жүзінде дәлелденді. Енді осы тәжірибелерді қарастырайық.
Альфа-бөлшектерінің шашырауымен жүргізілген Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі.
Атомның ішіндегі электрондардың қозғалысының мән-жайы, оң зарядты иеленуші не нәрсе екендігі ол кезде беймәлім еді. Яғни атом құрылысы қандай екендігі белгісіз болды. ХХ ғасырдың басында атомның құрылысы жайлы екі түрлі модель ұсынылды. Ағылшын физигі Дж.Томсонның болжауынша атом дегеніміз оң зарядталған бөлшекпен бірқалыпты зарядталған сфера, ал электрондар осы сфераның ішінде болады. Сфераның оң зарядының мөлшері барлық электрондардың зарядына тең. Дж.Томсонның бұл моделі сәтсіз шықты. Себебі, ол тәжірибеге негізделмеген еді. Физика тарихында бұл модель «жүзімі бар пудинг» деген атпен есте қалды. Ағылшын физигі Э.Резерфорд атомның ядролық моделін ұсынды. Резерфорд моделі бойынша атомның барлық оң заряды түгелімен өте кішкене көлемге шоғырланған, ол атомның ядросы болып табылады. Ал электрондар ядроның сыртында , оны айнала қозғалып жүреді. Бұл модельдің шығуы альфа бөлшектермен жүргізілген тәжірибелерге негізделген еді. Альфа бөлшектер дегеніміз не? Ол радиактивті заттар шығаратын оң зарядталған бөлшектер ағыны, дәлірек айтсақ екі рет иондалған гелий атомы. Альфа бөлшектер шапшаң қозғалатын едәуір ауыр бөлшектер. Сондықтан ол бөлшектер заттың атомдарымен соқтығысқанда атомның ішіне енуі де мүмкін. Тәжірибе: радиактивті препараттан ұшып шыққан біртекті альфа-бөлшектердің қорғасын саңылаудан өткен параллель шоғы алтыннан жасалған жұқа фольгадан өтіп, фосфоресценциялағыш экранға келіп түседі. Бұл экранның альфа бөлшек соғылған жерінен жылтылдаған жарық көрінеді. Оны сцинтилляция деп атайды Сцинтилляцияны микроскоп арқылы көруге болады. Диафрагма мен экран бір түзудың бойында жатқанда, жылтылдың басым көпшілігі экранның центріне жиналады
Атомның алғашқы үлгілерінің бірін Дж. Томсон ұсынды. Бұл үлгіде атом радиусы ~10−10К)м оң зарядталған шар ретінде қарастырылады. Шардың ішінде тепе-теңдікжағдайының маңында электрондар тербеліп тұрады. Электрондардың теріс зарядтарының қосындысы шарға біркелкі таралған оң зарядты теңестіреді, сондықтан тұтас алғанда атом электрлік бейтарап бөлшек болады. Кейінгі зерттеулер бұл модельдің дұрыс емес екенін көрсетті, сондықтан Томсон моделі қазір тек тарихи тұрғыдан қарастырылады. Атомның ішінде электр зарядтарының орналасу тәртібін анықтау үшін 1911 жылы Резерфорд өзінің шекірттері Г. Гейгер және Э . Марсденмен бірге альфа-бөлшектершоғын өте жұқа алтын фольгадан өткізіп, бірнеше тәжірибелер жасады. Осы тәжірибелерді зерделеу нәтижесінде атомның ядролық, басқаша айтсақ, планетарлық моделі өмірге келді. Тәжірибенің нәтижесінде альфа-бөлшектердің басым көпшілігі фольгадан өткенде алғашқы бағыттан aуытқымайтыны (φ≈1-2°) анықталды. Бұл нәтиже, негізінен, Томсон моделіне сүйеніп жасалған есептеулермен дәл келді. Бірақ, альфа- бөлшектердің мардымсыз аз бөлігі 90°-тан артық бұрышқа ауытқитыны, яғни олар фольгаға соғылып, кері бағытта ұшатыны таңдандырды. Сегіз мыңға жуық бөлшектердің біреуі ғана осындай үлкен бұрышқа ауытқиды екен! Мұны Томсон моделі негізінде түсіндіру тіпті мүмкін болмады. Тәжірибеде алынған нәтижелерді зерделей отырып Резерфорд өз моделін ұсынды. Ол атомның оң заряды оның ортасында орналасқан радиусы шамамен 10−15 м өте аз көлемге жинақталған деген қорытындыға келді. Бұл орталық бөлшекті Резерфорд ядро деп атады. Атомның массасы түгел дерлік ядрода шоғырланған. Ядроныайнала әр түрлі орбиталармен электрондар қозғалып жүреді. Ең шеткі электрон орбитасының радиусы атомның радиусына тең, Ra≈10−10 м. Бұл үлгі Күн жүйесініңқұрылымына ұқсайтын болғандықтан, оны атомның планетарлық моделі деп те атайды.
