Мазмұны:
Кіріспе..................................................................................................................3
Кәсіпкерлік мәдениеті мәні мен мағынасы...................................................4
Іскерлік және кәсіби этика.............................................................................5
Бизнесменнің негізгі ерекшеліктері..............................................................7
Қорытынды..........................................................................................................8
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................9
Кіріспе
Кәсіпкерлік мәдениеті – кәсіпкерлік сферада әлеуметтік нормалар мен құндылықтар жүйесін сақтай отырып, іргелі қағидалары мен тәртіп үлгілері жиынтығын пайдалану арқылы экономикалық белсенділік формаларын сақтап жұмыс атқару.
Кәсіпкерлік мәдениет кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ажырамас бөлігі. Ол мәдениеттің жалпы түсініктеріне негізделеді және онымен тығыз байланысты.
Мәдениет – адамдардың өнідірістік, қоғамдық және рухани қажеттіліктерінің жиынтығы.
Мәдениет – бір заттың не құбылыстың жоғарғы деңгейі, жоғарғы қарқында дамуы, дағдысы.
Кәсіпкерлік қызмет – тұлғалардың экономикалық бостандығының қызметі. Бірақ та экономикалық бостандық сол кәсіпкерлік қызметке қатысты ержелер мен қағидаларды орындамауын білдірмейді, керісінше мемлекетте бекітілген нормаларға, заңдылықтарға сай қызмет атқаруы қажет.
Кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі элементтеріне төмендегілер жатады.
кәсіпкердің өзіне жүктелген міндеттемелер мен жауапкершілікті атқаруы;
кәсіпкерлік оның субъектісінің қызмет етуімен тығыз байланысты. Яғни, өзінің қызмет етуінде адалдық таныту. Адамдарға, тұтынушыларға, әріптестерге, мемлекетке шынайы, адал қарым-қатынас көрсету – кәсіпкерлік мәдениеттің түп тұлғасы.
Кәсіпкерлердің жалпы этикалық нормалармен, фирманың этикалық кодексін, бизнесті жүргізудің жалпыға бірдей ережелерін, кәсіби этиканы енгізетін жиынтық элементтерді сақтауы маңызды. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің жалпы мәдениеттілік, тәрбиелік деңгейі, олардың қоғамдағы дәстүрлер мен дағдыларды сақтауы, заңды бизнес жүргізуге қажетті білім деңгейін меңгеруі де маңызды.
Кәсіпкерлік мәдениет құқықтық және этикалық нормалар критерилері ретінде келесілерді енгізеді: мемлекетпен, қоғаммен, жұмыскерлермен, тұтынушылармен, әріптестермен, бәсекелестермен және басқа да шаруашылық субъектілермен, сонымен қатар, кәсіпкерлікке жанама не тікелей әсер ететін қызмет етуші құқықтық актілер, ережелер, нормалар, стандарттарды сақтауы.
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы келесідей факторлармен айқындалады:
өркенниетті сыртқы кәсіпкерлік орта;
қоғамдық және мемлекеттік менталитет;
қоршаған ортаға байланысты құқықтық нормалар, ережелер, міндеттемелер;
кәсіпкерлердің жауапкершіліктері;
кәсіпкердің өзі және корпоративтік мәдениет.
