- •1. Антика философтары дүниенің бастамасы мәселесін қалай шешті?
- •1. Қытай философы Конфуцийдің негізгі идеалары қандай?
- •2. Позитивизмнің негізін салушы о. Конт қарастырған философиялық мәселелер қандай?
- •2. Қайта Өрлеу дәуірі кезеңдегі негізгі идеялар мен көзқарастар. Осы кезеңнің философтарын атаңыз.
- •3. Қоғамдық сана дегеніміз не? Оның құрылымы мен формалары қандай?
- •2.Ортағасырдағы Батыс Еуропа философиясы мен араб тілді мұсылман философияның арасындағы айырмашылықтар қандай? Танымал араб тілді философтары туралы не білесіз?
- •2. Абайдың шығармаларына («Қара сөздер») негізделе отырып, оның қарастырған философиялық пен әлеуметтік мәселелерін анықтаңыз
- •3.Диалектика- дамудың философиялық концепсиясы. Диалектика және оның әлемді теориялық және практикалық игерудегі маңыздылығы
- •3.«Адам»,«индивид»,«жеке тұлға» (кісі) ұғымдарының философиялық мазмұнын ашыңыз
- •1. Антикалық атомизмнің (Демокрит, Левкипп) негізгі мән-мағынасы.
- •2. Экзистенциализм, неопозитивизм бағыттарының қарастырған философиялық мәселелері қандай?
- •3. Сана, оның генезисі мен мәні пайда болып қалыптасуы
- •1. Платон философиясындағы негізгі идеялар
- •1. Жаңа Замандағы эмпиризмнің негізін салушы ф. Бэкон ақыл-ойдың «елестері» туралы ілімді қалыптастырды. Бұл ілімнің негізгі идеясы қандай?
- •3. Адам ақпаратты қоғамда: мәселелер мен мүмкіндіктері
3. Сана, оның генезисі мен мәні пайда болып қалыптасуы
Сана мәселесі философиядағы күрделі мәселелердің бірі. Сана зерттеудің күрделі де қызықты саласы. Адам танымы, адам санасы туралы көптеген мәліметтер жинақтағанмен, сана жұмбағы әлі шешімін тапқан жоқ. Сананың қабілеті мен қасиеті қанша ғажап, керемет болғанымен, ол табиғаттан тыс күштің сыйы емес, ол материяның дамуының, күрделенуінің нәтижесі. Сана адам миына байланысты пайда болады, ми – сананың материалдық субстраты. Сана – шындықты бейнелеудің және оны рухани игерудің тек адамға тән бітімі. Тарихи дамуының алғашқы кезеңдерінде сана қызметін, өз тәнінің құрылысын түсінбеген адамдарда ойлау, түйсіну деген 98 тәннің емес, жанның, яғни, тәнсіз бастаудың әрекеті деген көзқарас қалыптасады. (мысалы, қазақтарда шыбын жан деген ұғым бар, ол архаикалық сенімге сәйкес адам өлгеннен кейін көкке ұшып кетеді). Мифологияда пайда болған сананы құпия бастаудың әрекеті деп түсіну, кейіннен бүкіл дүниеге танылады. Идеалистік философия сананы объективті дүниеге тәуелсіз деп қарастырып, болмыс сананың туыңдысы, сана әрекетінің жемісі деген қорытындыға келеді (Платон, Гегель және т.б.). Аталған ойшылардың философия жүйелерінде сана адамнан да, табиғаттан да тыс тұрған құпия мән, ол дүниенің түп бастауы. Орта ғасырда адам санасы мен ойы құдайылық парасаттың ұшқыны деп түсіну алдыңғы катарға шығады. Бейнелеу – жалпы материя қасиеті.
Емтихан билеті № 14
1. Платон философиясындағы негізгі идеялар
Платон (б.з.д. 428-347 ж.ж). Ежелгі Грецияның ұлы ойшылы. Объективтiк идеализмнiң негiзiн қалаушы, әрi Сократтың шәкiртi. Объективтiк идеализм бойынша болмыстың мазмұнын идеялар, рухани мәндер жасайды. Олар мәңгiлiк нәрселер, “сезiмдiк заттар” дүниесi дегенiмiз - идеялардың көмескi бейнелерi. Заттар мәңгi өмiр сүрмейдi, сағым сияқты жоғалып кетедi. Олар тек мәңгi өмiр сүретiн және өзгермейтiн ұғымдардың көлеңкесi ғана болады. Платон философиясында таза ақыл ойдың пайдасы үшін сезімді жоққа шығару бар, алғашқысы тек парасатта қамтылады. Дүниенің бастауы - идея немесе эйдостар, олар заттардың бейнесі болып келеді. Платонның кезінде «идея» сөзі күнделікті тілде «сыртқы кейіпі, көрініс, сапа, бейне, түр» дегенді білдірді. Платон идеялары шын мәнісінде адамның басынан бөлініп шыққан және идеялар дүниесінде дербес өмір сүретін объективтендірілген ұғымдар. Әрбір заттың өзіндік нұсқасы (эталоны) бар, ол соған сәйкестелініп жасалады. Мысалы, үстел идеясы нақты үстелді тұдырады. Бірақ затпенен оның бейнесі арасында принципті айырмашылығы бар. Нақты зат шектелген, ол идея (эйдос) – мәңгі бұзылмайды. Осындай нұсқа (эталон) ретінде этикалық принциптер- игілік, жақсылық, сұлулық және әділеттік болып саналады.Сұлулық идеясы барлық заттарға сұлулықты береді, басқаша айтқанда ол ңұсқа (эталон) немесе гректер көп қолданатын парадигма. Идея қай жерде орналасқан? Осыған байланысты үш негізгі жауаптың болуы мүмкін: идея физикалық заттарда бар; идея адам ақылының туындысы, яғни ол адам санасында орналасқан; идея заттарда да, адам ақылында да емес, үшінші бір дүниеде орналасқан деп, ол оны Гиперуранций (тура мағынасында аспанның арғы жағында) деп атайды.
2.Ортағасыр философиясындағы теоцентризм. Схоластикалық философия. Номинализм және реализм. Теоцентризм – (teo –құдай, орталықта) адамның мінез-құлқын, қоғамды анықтайтын күш – (Құдай, ол барлық әлемді, тіршілікті жаратушы). «Схоластика» кезеңі - философиялық ілімі «схолостика». Оның өкілдері: Эриуген, Бонавентура, Альберт Великий, Фома Аквинский, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Ансельм Кентерберийский, т.б. Бұлар патристика көтерген мәселелерді жалғастырды. Бірақ, бұл мәселелер өзінің әдісі мен мазмұны жағынан басқа сипатта болды. Мазмұны бойынша бұрынғыдай құдай және күнәден құтылудың құпиясымен байланысты, бірақ алдыңғы қатарға ─ ақыл-ой мен сенім, дін мен ғылым мәселелері шықты. Жалпы мен жеке ұғымдарының ара қатынасы көп орын алды. Орта ғасырлық схоластика оралымды болды, ол өзінің формаларын жиі ауыстырып отырды. Диалектиканы діннің догматтарын дәлелдеу үшін пайдалануға тырысты, болмыс, мән, форма, т.б. секілді философиялық ұғымдарды бұрмалап түсіндірді, таным теориясын былықтырды. Схоластар білімді екіге бөлді: Түсініктеме жүрмейтін, аян арқылы берілген табиғаттан тыс жайлар (яғни, Құдайдың Библияға салған дайын ойлары); Адамның ақыл-ойымен табылған бiлiм (яғни, адам Библия мәтіндерін ашып, Құдайдың идеясын түсінді). Номинализм (лат. Nomina - есім, атау) дегенiмiз ─ философиялық ағым, ол бойынша жалпылық, жекені айқындай алмайтыны былай тұрсын, тіпті нақты өмір сүрмейді де. Жалпы идеялар бос сөз, жеке заттарға адам тарапынан берілетін атаулар ғана, шын өмір сүретін тек жеке заттар, ал адам болса сол жеке заттар мен құбылыстарды ғана танып біледі. Номинализмде материяның алғашқылығы туралы материалистік ұғым қалыптасты. Бұл ілім дін иелерінің ашу - ызасын тудырды.Реализм (лат realis ─ шындық, заттық) жалпы ұғымдар, әмбебаптық (универсалийлер) реалды, әуелбастан өмір сүреді – дейдi. Ансельм Кентерберийскийдің пікірінше, жалғыз құдай өмір сүреді, дүниеде бар нақты заттар мен құбылыстардың бастамасы бiр құдай, демек жеке заттардың болуы, жаратушы құдайға байланысты.
3. Әлемді тану мәселесі. Танымның субъектісі мен объектісі Дүниені танып білу және оның заңдылықтары туралы көзқарастар тарихи кезеңдерде әртүрлі болды. Көне заманнан бастап-ақ, адамдар өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын, өзін- өзі, өзінің табиғатқа қатынасын танып білуге тырысты. Философия тарихында олардың бір бөлігі дүниені танып білуді растады. Олар негізінен материалистер болды. Енді бір бөлігі дүниені танып білуді теріске шығарды. Оларды агностиктер деп атады. Агностиктер объективті нақтылықты теріске шығарса, енді бірде оны танып білуге болмайтынын айтады. Осылайша, таным туралы екі түрлі көзқарас қалыптасады. Материалистердің айтуынша, таным – дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстар қасиеттерінің мәнді қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеудің күрделі процессі. Ойшылдардың бір тобы дүние туралы нақты білімнің, танымның бар екендігіне күман келтіреді. Оларды скептиктер, ал, ағымды скептицизм деп атады. XVI-XVII ғасырларда ғылымның дамуы танымға деген қызығушылықты арттырды. Математикамен айналысқандар танымды таза логикалық процесс деп түсінсе, жаратылыстанушылар білімнің негізі тәжірибе, эксперимент барысында алынған түсініктер деп санады.Сонымен, таным дегеніміз – абсолютті ақиқатқа мәңгі, шексіз жақындау. Біз бұған ешқашанда толық жете алмаймыз. Алайда, адам осы процесте сыртқы дүниені бірте-бірте танып біліп, оны өз мақсатына қарай өзгертеді, өзі де дамып отырады. Таным процесі субъект пен объект арасында болады. Субъект адамның өзі, ұжым, халық табылады. Ал, объект табиғаттың кез келген заты емес, тек адамның назары түсіп, онымен қарым- қатынасқа түсетін зат. Объект пен субъект қарым–қатынасын төмендегідей нақтылауға болады: 1. Таным объектісі субъектігі тәуелсіз объективті шындық немесе оның фрагменті болып табылады. 2. Таным субъектісі тарихи даму барысындағы адам және адамзат қауымдастығы. 3. Адам санасында әуел бастан болатын мазмұн жоқ, ол өз мазмұнын объективті дүниеден алады, осы тұрғыдан объект субъектіге қарағанда белсенді. 4. Алайда, объективті шындықтың өзі субъект онымен қарым-қатынасқа түскенде ғана таным объектісіне айналады. Осы тұрғыдан субъект те белсенді.
Емтихан билеті № 15
