- •1. Антика философтары дүниенің бастамасы мәселесін қалай шешті?
- •1. Қытай философы Конфуцийдің негізгі идеалары қандай?
- •2. Позитивизмнің негізін салушы о. Конт қарастырған философиялық мәселелер қандай?
- •2. Қайта Өрлеу дәуірі кезеңдегі негізгі идеялар мен көзқарастар. Осы кезеңнің философтарын атаңыз.
- •3. Қоғамдық сана дегеніміз не? Оның құрылымы мен формалары қандай?
- •2.Ортағасырдағы Батыс Еуропа философиясы мен араб тілді мұсылман философияның арасындағы айырмашылықтар қандай? Танымал араб тілді философтары туралы не білесіз?
- •2. Абайдың шығармаларына («Қара сөздер») негізделе отырып, оның қарастырған философиялық пен әлеуметтік мәселелерін анықтаңыз
- •3.Диалектика- дамудың философиялық концепсиясы. Диалектика және оның әлемді теориялық және практикалық игерудегі маңыздылығы
- •3.«Адам»,«индивид»,«жеке тұлға» (кісі) ұғымдарының философиялық мазмұнын ашыңыз
- •1. Антикалық атомизмнің (Демокрит, Левкипп) негізгі мән-мағынасы.
- •2. Экзистенциализм, неопозитивизм бағыттарының қарастырған философиялық мәселелері қандай?
- •3. Сана, оның генезисі мен мәні пайда болып қалыптасуы
- •1. Платон философиясындағы негізгі идеялар
- •1. Жаңа Замандағы эмпиризмнің негізін салушы ф. Бэкон ақыл-ойдың «елестері» туралы ілімді қалыптастырды. Бұл ілімнің негізгі идеясы қандай?
- •3. Адам ақпаратты қоғамда: мәселелер мен мүмкіндіктері
2. Қайта Өрлеу дәуірі кезеңдегі негізгі идеялар мен көзқарастар. Осы кезеңнің философтарын атаңыз.
Қайта өрлеу дәуірі дүниетанымының ең маңызды белгісі оның өнерге, мәдениетке қарай бет бұруы. Егер, Орта ғасырды – дін ғасыры деп атасақ, ал, Қайта өрлеуді – көркем эстетика ғасыры деуге болады. Қайта өрлеу философиясында адам тек табиғаттың өмір сүрушісі ғана емес, сондай- ақ, ол өзін – өзі жасаушы. Осы қасиетімен ол табиғаттағы басқа өмір сүрушілерден ерекшеленеді. Адам табиғаттан жоғары тұрады, оны өзіне бағындырады. Ренесанс дәуірі философиясында табиғатқа деген көзқарастың өзіндік ерекшелігі болды. Философия жаратылыс тану ғылымдарымен тығыз дамыды. Осы ғылымдардың жетістігі негізінде философия дүниенің жаңа, пантеистік бейнесін жасауға тырысты. Табиғат пен Құдай бірлігін негіздеп, оларды бір ұғым ретінде қарастырды. Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия да дами бастады. Өкілдері : Томас Мор әйгілі «Утопия» еңбегінің авторы, Т. Компанелла басты еңбегі «Күн қаласы», Н.Макавелли – еңбегі «Билеуші».
3. Қоғамдық сана дегеніміз не? Оның құрылымы мен формалары қандай?
Қоғамдық сана – қоғамның рухани өмірі, адамдардың қоғамдық психологиясы, идеологиясы, саяси және құқықтық көзқарастары. Қоғамдық сананың бес түрлі формасы бар. Олар: саяси сана, құқықтық сана, моралдық сана, эстетикалық сана, діни сана. Саяси сана – бұл белгілі бір ұлттардың, мемлекеттің түпкі мақсатын көрсететін қоғамдық ойлардың формасы. Саяси сана қоғамдық сананың барлық формаларына ықпалын тигізеді. Құқықтық сана – ол экономикалық және саяси мүддені жақтайды, нығайтады. Мақсаты: қоғамдық меншікті, демократияны, адам құқығы мен бостандығын қорғау. Мораль – қоғамдық сананың ең көне формасы. Мораль – адамдардың бір-бірімен қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалардың, принциптер мен ережелердің жиынтығы. Эстетикалық сана – объективті шындықты көркем образдар арқылы бейнелейді. Қоғамның барлық саласына әсер етеді. Діни сана – дүниені жаратушы «жоғарғы күш» құдай арқылы түсіндіреді. Гносеологиялық тамыры – дүниені танудың, білудің қиындығында, қайшылыққа толы екендігінде. Дін мен ғылым – екі ақиқат.
Емтихан билеті № 7
1.Сократ есімі антика философиясындағы антропологиялық өзгеріспен байланысты. Сократтің пікірінше адам өмірінің мәні неде және оның негізгі мақсаты қандай? Сократтың айтуынша, философия табиғатты зерттеп, танып білу үшін емес, адам туралы, қалай өмір сүру, ақиқатты іздеу туралы ілім. Философияның басты объектісі – адам. Оның мақсаты – адамды ізгілікке тәрбиелеу, адамның моральдық табиғатын, жақсылық пен жамандықтың, әділеттіліктің мәнін ашу. Сократ білімділікті адамгершілікпен байланыстырады. Оның айтуынша, ешбір адам жамандықты өз еркімен әдейі жасамайды. Жамандықтың не екенін, оның салдарын білмегендіктен жасайды. Сол үшін алдымен адамға білім керек. Білім адамға жақсылық пен жамандықты ажыратуына көмектеседі. Білімділік – ізгілікке, даналыққа жетелейді, ал, білімсіздік – жамандыққа, адасушылыққа апарады. Өмір – бұл өнер десек, өнерді жетілдіру үшін өнер туралы білім қажет.
