Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пояснилка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.28 Mб
Скачать

3 Компас-3d автоматтандырылған жобалау жүйесінде құрастыруды орындау

КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесінде құрастыруды орындау үшін адымен Сборка жаңа құжатын ашамыз. Ол үшін Файл → Создать → Сборка командасын орындаймыз (15-сурет).

15-сурет. Сборка құжатын ашу

Редактирование сборки мәзірінен Добавить из файла командасын таңдаймыз. Ашылған терезеден қалған құрастыру бөлшектері жалғанатын басты құрастыру бөлшегін таңдаймыз. Біздің жағдайда бұл Блок құрастыру бөлшегі болып табылады.

Келесі кезекте Блок құрастыру бөлшегінің координаталарының бас нүктесін Сборка терезесінің координаталарының бас нүктесімен сәйкестендіреміз.

Редактирование сборки мәзірінен Переместить компонент және Повернуть компонент командаларын орындай отырып және Сопряжение мәзіріндегі осьтестік, параллельділік, перпендикулярлық және басқа да командаларды орындай отырып Блок құрастыру бөлшегіне қалған құрастыру бөлшектерін рет-ретімен құрастырып шығамыз. Осылайша, келесідей құрастыру бірлігін алып шығамыз (16-сурет).

16-сурет. Аспалы блок құрастыру бірлігі

Аспалы блок құрастыру бірлігінің құрастырылу реті:

1) Блок

2) Ось

3) Сырға

4) Винт

5) Капсырма

6) Планка

7) Шплинт

4 Компас-3d автоматтандырылған жобалау жүйесінде ассоциативтік сызбаларды салу

КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесінде ассоциативтік сызбаларды салу үшін алдымен Файл → Создать → Чертеж командасын орындау арқылы Чертеж жаңа құжатын ашамыз (17-сурет).

17-сурет. Чертеж құжатын ашу

Сервис → Параметры → Параметры первого листа → Формат командасын орындау арқылы ассоциативтік сызбаларды орналастыруға қажетті бет пішімін (форматын) таңдаймыз (18-сурет).

18-сурет. Беттің қажетті форматын таңдау

Ендігі кезекте Вставка Вид с модели Стандартные командасын орындау арқылы Аспалы блок құрастыру бірлігінің құрастыру сызбасын таңдап қажетті көріністерді сызбаға қоямыз (19-сурет).

19-сурет. Көріністердің схемалары

Осылайша Аспалы блок құрастыру бірлігінің ассоциативтік сызбасын шығарып аламыз (20-сурет).

20-сурет. Аспалы блок құрастыру бірлігінің ассоциативтік сызбасы

5 Компас-3d автоматтандырылған жобалау жүйесінде құрастыру бірлігінің спецификациясын жасау

Сборка құжатын жаппай тұрып Спецификация мәзірінен Создать объект спецификации командасын таңдаймыз да, Детали папкасын белгілеп, құрастыру бірліктерін спецификацияға қосамыз (21-сурет).

21-сурет. Спецификация объектілерін құру

Осыдан кейін Аспалы блок құрастыру бірлігінің барлық компоненттері автоматты түрде спецификацияға қосылады (22-сурет).

22-сурет. Спецификацияның үзіндісі

Қорытынды

Курстық жұмыста КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесінде Аспалы блок құрастыру бірлігін геометриялық модельдеу және конструкторлық құжаттамасын әзірлеу іске асырылды. Нұсқа бойынша Аспалы блок құрастыру бірлігінің құрамындағы құрастыру бөлшектерінің жұмыстық сызбасы, құрастыру бірлігінің жалпы кескіні мен анықтамалық материалдар арқылы КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесінде құрастыру бөлшектерінің 3D модельдерін салу тәртібі, құрастыруды орындау тәртібі, ассоциативтік сызбаларды салу тәртібі, спецификация жасау тәртібі сипатталған.

Аталған жұмыстардың барлығында КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесінің соңғы шыққан нұсқалары пайдаланылған.