Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пояснилка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.28 Mб
Скачать

1 Құрастыру бірлігінің техникалық сипаттамасы

Мойынтірек – біліктер мен айналу осьтерінің тірегі. Үйкеліс түріне байланысты сырғанау мойынтіректері және домалау мойынтіректері болып бөлінеді. Бұру мойынтірегі – жұмыс істеу барысында орналасу бағдары, тіпті бұрышы да өзгеретін біліктің тірегі (1-сурет).

1-сурет. Аспалы блок

Вертикаль ось бойынша шарнирлі вилка (3) мойынтірек корпусымен (1) және ішпегімен (2) қоса әртүрлі бұрышқа бұрыла алады. Горизонталь ось бойынша (4) мойынтірек вертикаль жазықтықта айналады. Шарнирлі вилка (3) төлкеге (5) орнатылған. Төлкенің өзі табанға (6) престеліп орнатылған. Мойынтірек табаны төрт тесік арқылы қажетті орынға орнатылады.

2 Компас-3d автоматтандырылған жобалау жүйесінде құрастыру бөлшектерінің 3d модельдерін салу

Алдымен Деталь (Бөлшек) деп аталатын жаңа құжат жасаймыз. Ол үшін Файл → Создать → Деталь командасын орындаймыз (2-сурет).

2-сурет. Деталь құжатын ашу

Команда орындалған соң Деталь құжатының терезесі ашылады және оның орталық бөлігінде координаталық жазықтықтар орналасады (3-сурет).

3-сурет. Деталь құжатының терезесіндегі координаталық жазықтықтардың кескіні

Дерево модели терезесінен таңдау арқылы немесе қажетті жазықтықты тінтуірдің сол жақ батырмасымен бір рет шертіп ерекшелеу арқылы ХҮ жазықтығын таңдаймыз да Эскиз командасын таңдаймыз. Таңдап алынған ХҮ жазықтығында құрастыру бөлшегінің (мысалы, Табан құрастыру бөлшегі) бас эскизін сызамыз. Ол үшін Геометрия панеліндегі құралдарды қолданамыз (4-сурет).

4-сурет. ХҮ жазықтығындағы Блок құрастыру бөлшегінің бас эскизі

Ендігі кезекте Редактирование детали мәзіріндегі Операция вращения командасын орындаймыз (5-сурет).

5-сурет. Операция вращения командасы арқылы Блок құрастыру бөлшегін айналдыру

Терезенің сол жақ астындағы Создать объект батырмасын тінтуірдің сол жақ батырмасымен шерту арқылы мынадай қатты денелі үш өлшемді модель, яғни 3D модель шығарып аламыз (6-сурет).

6-сурет. Блок құрастыру бөлшегінің бастапқы 3D моделі

Блок құрастыру бөлшегін одан әрі жасау үшін 6-суреттегі бастапқы модельдің үстіңгі бетін тінтуірдің сол жақ батырмасымен бір рет шерту арқылы ерекшелеп алып (жасыл түспен боялғанша) Эскиз командасын орындаймыз (7-сурет).

7-сурет. Модельдің қажетті бетін ерекшелеу және Эскиз командасын орындау

Ерекшеленген беттен бастап Редактирование детали мәзіріндегі қажетті операцияларды орындай отырып Блок құрастыру бірлігінің толық үш өлшемді моделін аламыз (8-сурет).

8-сурет. Блок құрастыру бөлшегінің толық 3D моделі

Терезеде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу арқылы контексттік мәзірді шақырып Свойство модели командасы арқылы модельдің түсін өзгертуге болады.

Құрастыру бөлшегін скриншот түрінде ғана емес, әр түрлі форматтағы ақ фондық сурет ретінде де сақтауға болады. Ол үшін Файл → Сохранить как... командасын орындап суреттің қажетті форматын (файл типін) таңдаймыз (9-сурет).

9-сурет. JPEG форматында сақталған Блок құрастыру бөлшегі

Қалған құрастыру бөлшектері де осылай сызылады (10-14-суреттер).

10-сурет. Қапсырма құрастыру бөлшегі

11-сурет. Винт құрастыру бөлшегі

12-сурет. Ось құрастыру бөлшегі

13-сурет. Сырға құрастыру бөлшегі

14-сурет. Планка құрастыру бөлшегі