Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пояснилка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.28 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасы

«Компьютерлік графика» пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесінде

Аспалы блок құрастыру бірлігін геометриялық модельдеу және конструкторлық құжаттамасын әзірлеу»

Орындаған: ТМО-15к-1 тобыны студенті Перимхан Д.

Тексерген: «ТМжК» кафедрасының оқытушысы Абишкенов М.Ж.

Теміртау, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

«Машина жасау технологиясы және автоматтандыру» факультеті

«БЕКІТЕМІН»

«ТМжК» кафедрасының меңгерушісі

__________ т.ғ.к., доцент Ногаев К.А.

«_____» __________________ 2016 ж.

«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАСЫ

ТМО-15к-1 тобының студенті Перимхан Д.

1. Тақырыбы: КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесінде Аспалы блок құрастыру бірлігін геометриялық модельдеу және конструкторлық құжаттамасын әзірлеу

2. Берілген бастапқы мәліметтер: 5-нұсқа, Ауыспалы блок құрастыру бірлігінің құрамындағы құрастыру бөлшектерінің жұмыстық сызбасы, құрастыру бірлігінің жалпы кескіні мен анықтамалық материалдар

3. Түсіндірме жазбаның көлемі: 15-25 бет

Қарастырылуы тиіс басты мәселелердің тізімі

  1. КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесінде құрастыру бөлшектерінің 3D модельдерін салу тәртібін сипаттау

  2. КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесінде құрастыруды орындау тәртібін сипаттау

  3. КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесінде ассоциативтік сызбаларды салу тәртібін сипаттау

  4. КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесінде спецификация жасау тәртібін сипаттау

4. Графикалық материалдардың тізімі: құрастыру бөлшектерінің жұмыстық сызбалары – 6 бет; ассоциативтік сызба – 1 бет; спецификация – 1 бет.

5. Жұмысты тапсыру мерзімі: 5.12.2016

6. Тапсырманың берілген күні: 5.09.2016

7. Тапсырма берген оқытушының қолы: _______ оқытушы Абишкенов М.Ж.

8. Тапсырманы алған студенттің қолы: студент Перимхан Д.

Мазмұны

Кіріспе

4

1 Құрастыру бірлігінің техникалық сипаттамасы

5

2 КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесінде құрастыру бөлшектерінің 3D модельдерін салу

6

3 КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесінде құрастыруды орындау

12

4 КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесінде ассоциатив-тік сызбаларды салу

14

5 КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесінде құрастыру бірлігінің спецификациясын жасау

16

Қорытынды

17

Пайдаланылған дереккөздер тізімі

18

Қосымшалар

19

Құрастыру бөлшектерінің жұмыстық сызбалары

Құрастыру бірлігінің ассоциативтік сызбасы

Құрастыру бірлігінің спецификациясы

ҚМИУ

ТМО-15к-1 тобы

КЖ.КГ.5В072400.05-00.00

Кіріспе

Компьютерлік графика – автоматтандырылған жобалау жүйесінің (АЖЖ) саласы. Компьютерлік технология заманында компьютерлік графика экономикада, электроникада, машина жасауда, ақпараттық технологиялар саласында кеңінен қолданылуда. Автоматтандырылған жобалау жүйесі – еңбекті жеңілдетіп қана қоймай, жобалау процессінің тиімділігін арттырады.

Компьютерлік графика сызбалардың жылдам орындалуын, дәлдігінің жоғарлауын, сызба сапасының жоғарлауын қамтамасыз етіп қана қоймай, сызбаларды бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді.

Қазір кең тараған автоматтандырылған жобалау жүйелеріне: Pro/ENGINEER (АҚШ), Auto Cad (АҚШ), Solid Works («Solid Works» фирмасы), КОМПАС («Аскон», Ресей) және т.б. жатады.

Үш өлшемді графика (3D графика) – компьютерлік графика тарауы және көлемді объектілерді көрсетуге арналған әдістер мен құралдар (бағдарламалық және аппараттық) жиынтығы.

Жазықтықтағы үш өлшемді суреттің екі өлшемді суреттен ерекшелігі арнайы бағдарламалар көмегімен үш өлшемді моделдің геометриялық проекциясын бір жазықтыққа (мысалы, компьютер экранына) салу. Қазіргі уақытта 3D-дисплей және 3D-принтерлер пайда болуына байланысты үш өлшемді графика тек жазықтыққа ғана проекцияланбайды.

3D-моделдеу деп объектінің үш өлшемді моделін жасау процессін айтады. 3D-моделдеу міндеті – қажет объектінің визуальды көлемдік образын жасау. Үш өлшемді графика көмегімен нақты заттың дәл көшірмесін немесе өмірде жоқ объектінің жаңа моделін де жасауға болады.

«Компьютерлік графика» пәні бойынша курстық жұмыс Компас-3D бағдарламалық өнімінің көмегімен бөлшектердің үш өлшемді модельдері мен аталған бөлшектердің құрастырылуын жобалау жолымен кешенді түрде орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы болып табылады. Курстық жұмыс студенттерге компьютерлік графика негіздері бойынша дәріс сабақтары мен практикалық сабақтарда алған білімдерін пысықтауға, тереңдетуге және жинақтауға мүмкіндік береді.