- •Лекция 1. Кіріспе. Желілер тарихына қысқаша шолу. Деректі ғаламдық Интернет желісінде беру.
- •2012 Жылдың маусым айындағы браузерлердің статистикасына шолу жасаймыз.
- •Сурет 13. Internet Explorer, Google Chrome, Mozilla Firefox
- •Сурет 14. Блокнот
- •Html тақырыптар:
- •Сурет 22. Шрифт аттары
- •Verdana сөзінің орнына шрифт атауын, ал green сөзінің орнына шрифт түсін немесе кодын қойып, шрифт аты мен түсін өзгертуге болады.
- •Сурет 23. Веб-бетке сурет қою
- •Сурет пен мәтіннің орналасуы
- •Сурет 28. Фонға сурет қою
- •Сурет 1. Web-технологиялар
- •Лекция 4. Gif форматындағы мөлдір бейнелер. Веб-парақтарға қойылатын сілтемелер. Бейне фрагментінің түрлері.
- •Сурет 29. Сурет карта
- •Лекция 5. Web-дизайнға кіріспе. Web-парақтарды ms Publisher көмегімен құру.
- •Лекция 6. Web-парақтарды ms FrontPage интерактивті құралдары көмегімен құру.
- •Лекция 7. Java Script. Web-дизайн графикасы. Формалардың интербелсенді элементтері. Web-дизайнның пайдалы тәсілдері.
- •Лекция 8. JavaScript жүйесі. Web-парақ жұмысын жүргізу. JavaScript-тегі кластар мен объектілер.
- •IsNaN(X) функциясы
- •Лекция 9. Web-парақты Dreamweaver ортасында құру.
- •Лекция 10. WеЬ-сайтты Django кітапханасы негізінде Python тілінде құру.
- •Django сайттың құрылымы
- •Лекция 12. Python арқылы сайтқа деректерді енгізу және файлдарды шығару формаларын қолдану
- •Лекция 13. WеЬ-сайтты Python тілінде құру тәсілдері.
- •Лекция 14. Сайтты өзгертуге, кодқа түсініктеме беруге, статикалық парақтармен жұмыс істеуге шектеу қою
- •Лекция 15. Өзге кітапханаларды миниатюраларды шығару үшін қолдану.
Сурет 1. Web-технологиялар
HTML-құжат – бұл кәдімгі мәтін файлы, сондықтан WEB-бетін жасау үшін кәдімгі мәтін редакторы жеткілікті, мысалы БЛОКНОТ мәтін редакторы. Мәтін мен басқа объектілердің форматталуын басқару үшін терілетін мәтінге барлығының қай түрде болатынын анықтайтын, тегтер немесе дескрипторлар деп аталатын, арнайы кодтар енгізіледі. Мысалы, егер бетте қалың қаріп керек болса, онда бұл мәтін қалың қаріпке сәйкес тегтерге алынады. Мысал. <B> Салем </B>
<B> бірінші тегі браузерге пайдаланылатын мәтінді қалың қаріппен жазу керектігін хабарлайды. Бұл </B> кездеспегенше дейін жалғасады. Қиғаш сызық жабушы тегті белгілейді.
WEB-бетін HTML құжаттарының арнайы редакторлар көмегімен жасауға болады, бірақ WEB-беттерін жасаудың автоматтау құралдарының барлығы аяғында тегтері бар, HTML-құжаттарын жасайтынын ұмытпаған жөн. Одан басқа WEB-беттерін профессионалды жасау үшін сіз олардың ішкі құрылымын, яғни HTML кодтарын білуіңіз қажет.
HTML-файлдары әрқашан браузерге оның HTML-кодтары бар файлмен жұмыс істейтінін хабарлайтын <HTML> тегінен басталады. HTML-файлының соңғы жолы әрқашан “соңы” дегенді білдіретін </HTML> тегінен тұрады. HTML құжаты: басы мен денесі деген екі бөліктен тұрады. Басын анықтау үшін бірден <HTML> тегінен кейін <HEAD> мен </HEAD> тегтері қолданылады. Денесін анықтау үшін бірден </HEAD> тегінен кейін <BODY> мен </BODY> тегтері орналастырылады.
Осылайша, бастапқы мәтіннің белгіленуі іске асатын HTML кодтары тегтер деп аталады. Тегтер (<) символымен басталып (>) символымен аяқталады. Бұл символдардың арасында тегті анықтайтын басты сөз орналасады. Тег атауындағы әріп регистрі мәнсіз. Көп жағдайларда қос: ашушы мен жабушы тегтер пайдаланылады. Ашушы тег эффект әсерін жасаса, ал жабушы тег оны тоқтатады. Жабушы тегтерінде (/) символы болады.
Мысалы, БЛОКНОТ редакторын ашып келесі мәтінді теріңіз.
<HTML>
<HEAD></HEAD>
<BODY>
Мұнда WEB-бетінің мәтіні орналастырылады
</BODY>
</HTML>
Файлды html немесе htm кеңейтілуімен сақтаңыз. Егер осы файлды іске қосса, Internet Explorer шолушысы ашылады да, ал онда сіз өзіңіздің HTML құжатыңызды көресіз. Оған қоса тегтер экранда көрсетілмейді.
Каскадты стиль кестелері (CSS) HTML-құжатын форматтілеудің ең жақсы құралдарының бірі болып табылдады. CSS бүкіл Web-сайтының біртұтас безендірілуіне қол жетуге рұқсат береді. Ол бет мазмұнын оның форматтілеуінен айыруға мүмкіндік береді.
CSS –бұл көлемді және күрделі технология, сондықтан біз тек негізгі жағдайларды қарастырамыз. CSS жайлы көптеген пайдалы ақпаратты Интернете табуға болады. CSS-ті Web-бетіне енгізу жаңа атрибуттарды енгізгендей оңай.
HTML тілінің спецификациясы HTML-құжаттары үшін не тікелей HTML-құжат ішінде, не сыртқы стиль кестесі арқылы стиль кестелерін бейнелеу ережелерін анықтайды. Стиль кестесін құжатқа енгізу үшін STYLE элементі пайдаланады. Style блогы script блогына ұқсас. VBScript сценарийлерін style блогінде және керісінше CSS ақпаратын script блогінде орналастыруға болмайды. Мысал қарастырайық.
<HTML>
<HEAD>
<STYLE type="text/css">
H1 { color: blue }
</STYLE>
</HEAD>
<BODY>
<H1>Үй беті </H1>
<P> CSS демонстрациясы
</BODY>
</HTML>
H1 тақырыбының мәтіні көк түспен бейнеленуі үшін біз келесі CSS-ережесін жаздық: H1 { color: blue }
CSS ережесі екі бөліктен селектор (H1) мен бейнеленуінен (color: blue) тұрады. Бейнелену де өз кезегінде екі бөліктен тұрады: қасиет (color) пен мән (blue).
Максималды иілгіштік үшін бастапқы HTML- құжатының өзгеруінсіз модификацияланатын және бірнеше құжатпен пайдалана алатын сыртқы стиль кестелерін жасау ұсынылады. Сыртқы стиль кестесімен қосылу үшін LINK элементін пайдаланамыз.
XML (Extensible Markup Language) – XML-құжаттар аталатын мәліметтердің объкт класын сипаттайтын белгілеу тілі. XML тілі белгілеу үшін өзінің ешкандай тэгтар болмайды, ол жай ғана олардың жасау ретін аңықтайды. Тэгтар жиынтығын ұлғайтуға болады.
XML-құжаттың сыртқы түрі. Қарапайым XML-құжат келесі мысалдағы
түрде болуы мүмкін:
<?xml version="1.0"?><list_of_items><item id="1"><first/>Бірінші</item><item id="2">Екінші <sub_item>подпункт 1</sub_item></item><item id="3">Үшінші</item><item id="4"><last/>Соңғы</item></list_of_items>
Бұл құжат кәдімгі HTML-беттке ұқсас. XML-де ашатын, жабатын және бос тэгтар бар (HTML-де бос тэг ұғымы бар, бірақ оған арнайы белгілеу қажет емес). Кез-келген XML-құжат <?xml?> нұсқасынаң басталу керек, оның ішінді тіл версияның номерін, кодтық беттің номері және басқа параметрлер аңықталуы мүмкін.
XHTML — XML тілде негізделген гипермәтінді белгілеу тілі, HTML-дың ағымды стандарттарға жақын. XHTML-дің HTML-ден айырмашылығы – кодтың жазылуының қаталдығы. XHTML – жаңа тіл, ескі HTML тілді алмастырады. XHTML-кодтың дұрыс жазылуын тексеру үшін валидатор-программалар болады.
ДұрысXHTML-беттің минималды кодын келтіреміз:
<?xml version="1.0" encoding="windows-1251"?>
<!DOCTYPE html PUBLIC "-//W3C//DTD XHTML 1.0
Transitional//EN"
"http://www.w3.org/TR/xhtml1/DTD/xhtml1-transitional.dtd">
<html xmlns="http://www.w3.org/1999/xhtml" xml:lang="ru" lang="ru">
<head>
<title> Аталуы </title>
<meta http-equiv="Content-Type"
content="text/html; charset=windows-1251" />
</ head >
<body>
Құжаттың мазмұны
</body>
</html>
Web-ті гипермәтіндік жүйе ретінде екі көзқарас тұрғысынан қарауға болады. Біріншіден, гипермәтіндік өтулермен (сілтемелермен - контейнер anchor) байланысқан көрсетілетін беттер жиыны ретінде. Екіншіден, көрсетілетін беттерді құрайтын элементарлы ақпараттық объектілер жиыны ретінде (мәтін, графика, мобилды код мен т.б.). Соңғы жағдайда беттің гипермәтіндік өтулер жиыны – бұл мәтінге кірістірілген сурет сияқты ақпаратты фрагмент. Екінші көзқараста гипермәтіндік желі элементарлы ақпараттық объектілер жиынында гипремәтіндік байланыстар рөліндегі HTML беттерінің өздерімен анықталады. Бұл шешім көрсетілетін беттерді дайын компоненттерден бірден құру тұрғысынан жемістірек.
Беттерді генерациялауда Web-те "клиент—сервер" архитектурасымен байланысты дилемма пайда болады. Беттерді клиент жағында да, сервер жағында да генерациялауға болады. Соңғысы сервер жағындағы орын ауыстыру механизмімен іске асады (Server Site Includes). Netscape компаниясы 1995 жылы JavaScript программалау тілін жасап, клиент жағында да беттерді басқару механизмін таратты. Осылайша, JavaScript - бұл клиент жағында Web гипремәтіндік беттерді қарау сценарийлерін басқару тілі.
Дәлірек болсақ, JavaScript – бұл клиент жағындағы тек программалау тілі ғана емес. Liveware, JavaScript ата-анасы, Netscape сервер жағындағы ауыстыру құралы болып табылады. Бірақ, JavaScript атағын клиент жағында программалау шығарды.
JavaScript негізгі идеясы HTML атрибуттар мәндерін- HTML-беттерін көру кезіндегі контейнерлер мен көрсетілу ортасының қасиеттерін тұтынушының өзгерту мүмкіндігі. Осы шартта бет қайта іске қосылмайды.
Практикада бұл мысалға бет фонының түсін немесе құжатқа енгізілген суретті өзгерту, жаңа терезе ашу немесе ескерту беруде көрініс табады.
PHP технологиясы. PHP. 3.0 версияның PHP – HTML-ге кірістірілген, серверде орындалатын сценарийлерді жазу тілі. PHP3.0-дің ең маңызды мүмкіндіктердің бірі – мәліметтер қорымен интеграция деңгейі. PHP-ді 1994 ж. аяғында Расмус Ледорф (Rasmus Lerdorf) ойлап шығарды. 1997 ж. таман тілдің синтаксикалық анализаторы Зев Сураски (Zeev Suraski) мен Анди Гутманс(Andi Gutmans)-пен қайтадан жазылды, және ол 3.0 версияның PHP тілінң негізі болды. Қазір осы тіл көптеген сайттарда қолданылады және коммерциялық өнімдер ретінде таратылады.
FLASH бағдарламасы алғаш рет 1996 жылы пайда болды. Оның ең бірінші екі нұсқасы өте ыңғайсыз болды. Өйткені олар векторлық графика негізінде анимацияны жылдам құра алмады. Үшінші нұсқасында көптеген қосымша құрал – саймандар пайда болды,осының әсерінен Интернетте FLASH құралдары арқылы жасалынған сайттар пайда бола бастады. Бірақ бұл бағдарлама тек төртінші нұсқасы жасалған кезде ғана танымал болды. Оған қуатты иілгіш құрал – ActionScript тіл сценариі қосылды. Осы кезде FLASH технологиясы негізінде жасалынған Web – сайттарының саны күрт өсті. Ал 2000 жылдың тамыз айында Macromedia компаниясы шығарған FLASH бағдарламасының бесінші нұсқасы жарық көрді. Бұл бағдарламаға Безье қисықтарын меңгеру үшін жаңа құрал – саймандар, көптеген кітапханалар қосылды. Бұл кітапханаларды әр кезде кез келген адам қолдана алатын болды.
Енді бұл FLASH бағдарламасымен не істеуге болады және не істеуге болмайды соны қарастырайық.
Біріншіден, ол бізге кескінді жеңіл салуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ол сызықтардың түзу сызылуын бақылайды және де пайдаланушының қозғалыстарын түзейді. (бұл өте актуалды, егер суретті графикалық планшетпен емес, тышқанмен салса). Көпқабатты кескіндерді де жеңіл жасауға болады.
FLASH бағдарламасын пайдалана отырып, мәтіндік информацияны құрастыруға болады, және бұл бағдарлама пайдаланушы кейбір мәліметтерді енгізе алатындай формалар жасай алады. Бұл пайдаланушылық формалар HTML құралдары жасайтын формаларды еске түсіреді және солар сияқты іс - әрекет жасай алады. Мәтіндік өрістер қарқынды өзгере алады. Одан басқа да әртүрлі қосымша мүмкіндіктері бар (мысалы, кернинг және тренинг үшін инструмент өте ыңғайлы).
FLASH бағдарламасы арқылы әр түрлі анимациялар құруға болады. Осында траекториямен обьектілерді жылжыту үшін, морфинг үшін (морфинг дегеніміз бір обьектінің формасын басқаға айналдыру), бір обьектінің бөліктерінің тәуелсіз анимациясы үшін қолайлы инструменттер бар. Анимацияның басқа түрлері үшін де инструменттер бар. Бірнеше қабатты қолданудың арқасында тек қана қозғалыстағы немесе формаларын өзгертетін обьектілерді анимациялау ыңғайлы; бұл жағдайда компьютер статикалық обьектілерді қайта салуға өзінің ресурстарын кетірмейді. Одан басқа басқару элементтерінің көмегімен (мысалы, батырма, меню және тағы басқа) қолданушымен жеңіл қарым – қатынас ұйымдастыруға болады. Бұл элементтер арқылы анимацияны басқаруға және, мысалы, интернеттен қажетті ресурстарды жүктеу кезінде сервермен қарым – қатынас жасауға да болады.
FLASH бағдарламасы арқылы жасалынған анимация дыбыспен де сүйемелдене алады. Және бастапқы фонограмма үзіліссіз болса да керекті кадрларды белгілі бір дыбыстық эффектілермен жеңіл синхронизациялауға болады. Сондай – ақ кез келген қолданушының оқиғасына дыбыс қосуға болады (мысалы, тышқанның батырмасын немесе компьютердің пернетақтасының пернесін басқан кезде).
FLASH бағдарламасы арқылы автоматты түрде FLASH роликтері қолданылатын веб – беттері үшін HTML кодын генерациялауға болады және бұл жұмыстың нәтижесін басқа таралған форматтарға да экспорттауға болады. Мысалы, анимацияланған GIF – файлын алуға немесе бағдарлама сияқты жүктелетін бөлек орындалатын роликтің файлын құруға болады. Бұндай іске асыру тәсілінде FLASH роликтерінен бағдарламаларды жіберуге болады. Бірақ бірде – бір бағдарлама не нәрсені де сидыра алмайды. FLASH жүйесінде ыңғайлы интерфейс болғанымен, онда графикалық редакторлардың мамандандырылған кейбір әдеттегідей мүмкіндіктері жоқ. Мысалы, FLASH бағдарламасында AdobePhotoShop бағдарламасы сияқты көлеңке түсіру және фильтрлерді қолдана алмаймыз. Сондай – ақ үш өлшемді обьектілерді құру инструментариийі жоқ (мысалы, 3D StudioMax бағдарламасында сияқты) және дыбысты редактрлеу мүмкіндіктері тым нашар.
Егер сіз өзіңіздің ролигіңіз үш өлшемді сценалар немесе редактрленген дыбысты қолданғыңыз келсе, онда болашақ роликтің фрагменттерін мамандандырылған бағдарламалар арқылы алдын – ала өңдеп алу дұрыс болады. Дегенмен FLASH бағдарламасы (әсіресе графика – анимациялық бөлімінде) кәсіби бағдарламалық пакеттерге өте жақын мүмкіндіктер ұсынады. Ал кейбір жағдайларда әуелі олардың көзқарасы жағынан қолдану ыңғайлылығы бұл көп жақты бағдарламаны құрастырушылардың негізгі мақсаты болады.
FLASH бағдарламасының ескі нұсқаларында сценарийлардің командалары бірден кез келген програмист емес адамға өте оңай және ыңғайлы болған.
Бір қызығы, басқа көп бағдарламалардан гөрі кейбір қарапайым операцияларды FLASH бағдарламасында орындау әлдеқайда ыңғайлы. Бұл қоланушы интерфейсінің алдын – ала ойластырылғанның арқасында.
Графикалық обьектілермен жұмыс
Векторлық графика
FLASH бағдарламасымен танысуды әдетте бірнеше кезеңге бөледі және оның алғашқысы графикалық редакциялау және салу модулінің мүмкіндіктерімен танысу болып табылады. FLASH бағдарламасы растрлық емес векторлық кескіндермен іс - әрекет жасайды.
Растрлық кескіндер
Барлық кескіндер компьютерде екі түрлі тәсілдермен ұсыныла алады. Әрбір нүктенің кескіні үшін дәл түсі көрсетіледі. Бұл жағдайда барлық кескіндер тізім түрінде сақталады. Оның әрбір пункті бұл кескіннің бір нүктесінің түсін анықтайды.
Мұндай тәсіл фотосурет сияқты кескіндерді нақты бейнелеуге мүмкіндік береді, егер кескіндерден тұратын нүктелердің өлшемі біршама кішкентай болса. Мысалы, егер компьютерге сканер арқылы нақта фотосуретті енгізсе, онда алынған кескіннің сапасы сол кескіннің қанша нүктеге бөлінетіндігіне тура байланысты болады. Бұл параметр «шешу» деп аталады және бір дюймге сәйкес келетін нүктелердің санымен өлшенеді. Жоғарыда айтылған кескін растрлық кескін деп аталынады. Оның артықшылығы да, кемшілігі де бар. Растрлық кескін файлының өлшемі нүктелердегі кескіннің биіктігі мен еніне байланысты. Демек, толық экранды суреттердің файлдарының өлшемдері соншалықты үлкен, оларды Интернеттен жүктеу тіпті қолайсыз. Егер даын растрлық кескіндер болса, бізде оның өлшемдерін масштабтау жолымен ұлғайтуға мүмкіндігіміз жоқ, себебі әрбір жеке нүктенің ұлғайю эффектісіне байланысты пішіннің көзге көрінетін бұрмалануы пайда болады.
Вектролық кескіндер
Мына және басқада себептерге байланысты кескіндерді векторлық көрсетуімен пайдаланған жиі орынды болып табылады. Бұл жағдайда әрбір нүктенің түстерін жүйелі атап шығудың орнына, файлда суретте қандай обьектілер орналасқаны туралы ақпарат болады.
Әрине, кескін неғұрлым қарапайым болса, оның векторлық ұсынылуы соғұрлым тұтас бола алады. Аталмыш жағдайда біздің бейнелеуіміз тым тұтас болды. Себебі барлық кескіндер бір графикалық қарапайымдылықта тұрған. Әдетте біз едәуір күрделі кескіндермен де жұмыс жасаймыз. Оларды графикалық қарапайымдылықтар жиынтығы түрінде елестету онша қиын емес. Бұл түзүлер, Безье қисықтары, шеңбер доғалары, әртүрлі фигуралар және тағы басқа болуы мүмкін. Осы аталғандардың барлығы графикалық қарапайымдылықтардан құралған кескіндердіңконтурларын жасайды. (2-сурет)
Бірақ мұндай контурлар тек қана кескіннің “қаңқасы”. Кескін толық болу үшін векторлық графикада әрбір контурдың ішін бір түспен толтырады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: векторлық формат толық түсті фотографиялықтардан гөрі салынған кескіндердің суретін дәл беру үшін келеді. Бірақ, фотографияларды векторлық форматта көрсетуге болмайды деп айтуға болмайды. Фотографияда түстер көп болса, векторлық көрсетілуі сапалы болса, файлдың өлшемі әрі түсі бояулар және ұсақ контурлардың көптігінен өте үлкен болып кетеді. Сонымен растрлық кескіндерге қарағанда векторлық форматта ұсынылған кескіндердің өз артықшылықтары және кемшіліктері бар. Бірақ, векторлық графиканың редакциялаудың қарапайымдылығы, кескіннің масштабына байланысты емес файлдың үлкен емес өлшемдері және тағы басқа сол сияқты қасиеттері көп жағдайда оны керекті етеді. Интернетте векторлық кескіндердің көпшілік мақұлдаған стандарты әлі жасалған жоқ.
FLASH стандартын де – фактостандарты деп есептеуге болады. Бұған қосымша FLASH бағдарламасы анимациялар және интерактивті композициялармен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Бөрібаев Б,.Мадьярова Г.А. Web-технологиялар:Оқулық.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-360 бет.
2. Аяжанов С.С., Сатымбекова С.Б. Компьютерлік желілер: Оқулық.- Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-240 бет.
3. Дубовиченко С.Б. Компьютерные сети и интернет: Учебное пособие по информатике / С.Б. Дубовиченко.- Алматы: Данекер, 2001.- 194с.
4. Матросов А. HTML 4.0 / А. Матросов , А. Сергеев , М. Чаунин.- СПб.: БХВ-Петербург, 2005.- 672с.
5. Н.Комолова HTML. Самоучитель. – СПб.: Питер, 2009. –268с.:ил.
Қосымша әдебиеттер:
1. Ермеков Н.Т. Информационные технологии: Учебник / Н.Т. Ермеков.- Астана: Фолиант, 2006.- 132 с.- (Профессиональное образование).
2. Капустин М.А. FLASH MX для профессиональных программистов: Учебное пособие / М.А. Капустин, П.А. Капустин, А.Г. Копылова.- М.: Интернет-Ун-т Информ. Технологий; БИНОМ. Лаборатория Знаний, 2006.- 511с.: ил., табл.- (Серия "Основы информационных технологий).
3. Назаренко Е.Ф. Информационные технологии: Учебник / Е.Ф. Назаренко.- Астана: Фолиант, 2007.- 312с.- (Профессиональное образование).
4. Попов В.Б. Основы информационных и телекоммуникационных технологий.
5. Программные средства информационных технологий: Учебное пособие / В.Б. Попов.- М.: Финансы и статистика, 2005.- 216с.
6. Олифер В.Г. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы: Учебник / В.Г. Олифер, Н.А. Олифер.- СПб.: Питер, 1999.- 672с.
7. Симонович С.В. Интернет у вас дома: Полное руководство начинающего пользователя / С. Симонович , В. Мураховский.- М.: АСТ-ПРЕСС, 2004.- 432с.
8. Симонович С.В. Информатика: Базовый курс 2-е издание- СПб.: Питер, 2004.- 432с.
9. Брэгг Роберта. Безопасность сети на основе Microsoft Windows Server 2003: Учебный курс / Р. Брэгг; Пер. с англ.- СПб.: Питер, 2006.- 672с.
10. Лэмонт Вуд. Web- графика. Справочник.- СПб: «Питер», 1998.
11. С. Бейн, Д.Грей. Как сделать красиво в Интернете. Перевод с англ.- СПб: «Символ- Плюс», 1998
12. А.О.Коцюбинский, С.В.Грошев. Современный самоучитель работы в сети Интернет. М.: « Триумф», 1997.
13. Интернет. Шаг за шагом. ( на CD- ROM).- СПб: « Питер Мультимедиа», 1997.
14. Энциклопедия пользователей Интернет. ( на CD- ROM).- М.: « Демос»,2000.
15. Шапошников И.В. Самоучитель HTML 4. –СПб.: БХВ- Петербург,2001.-288б.
16. Пайк М. Интернет в подлиннике. СПб.: BHV- Санкт- Петербург, 1996.
17. Савельева Н.В. Основы программирования на РНР.: к урс лекции для ст- тов.- М.: Интернет- университет информационных технологий, 2005.-264б.
18. Дуванов А.А. Web- констуирование DHTML.-СПб.: БХВ- петербург, 2003.-512б.
19. Джамса Крис. Эффективный самоучитель по креативному Web- дизайну. HTML, XHTML, CSS, Javascript, PHP, ASP, ActiveX. Пер. С англ./Крис Джамса, Конрад Кинг, Энди Андерсен.- М.: ООО «ДиаСофтЮП», 2005.-672 б.
20. Бройдо В.Л. Вычислительные системы, сети и телекоммуникации: Учебник для вузов / В.Л. Бройдо.- 2-е изд.- СПб.: Питер, 2005.- 703с.
21. http://gifcollection.by/ru/index.html
22. http://www.php.net/manual/ru/
23. http://www.phpclub.ru
24. http://www.phpworld.ru
