Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции полные по веб технол 20.10.16.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Сурет 22. Шрифт аттары

Шрифт өлшемдері

<html>

<head>

<title>HTML шрифт өлшемі</title>

</head>

<body>

<p style=«font-size:9px»>9 пиксельді әтін

</p> <p style=«font-size:12px»>12 пиксельді мәтін

</p> <p style=«font-size:15px»>15 пиксельді мәтін</p></body>

</html>

<p style=«font-size:9px»></p> тегі арқылы веб-бетте жазылатын шрифттің өлшемін пиксель өлшем бірлігінде беруге болады. Біздің style=“font-size:9px” деп берілген мысалда 9 санының орнына басқа санды қойып, мәтін шрифтінің өлшемін қалаған пиксельге өзгертуге болады.

<html>

<head>

<title>HTML шрифт өлшемі</title>

</head>

<body>

<br><font size=«3»>3 өлшемді мәтін</font><br>

<font size=«4»>4 өлшемді мәтін</font>

<br><font size=«5»>5 өлшемді мəтін</font>

<body>

</html>

<font size=«3»></font> тегі арқылы веб-бетте жазылатын шрифтің өлшемін беруге болады. Мысалы, size=«3» дегенде « « тырнақшаның ішіне қалаған өлшемді қою арқылы шрифт өлшемін өзгертуге болады.

Шрифт атауы және түсі

<html>

<head>

<title>Шрифт атауы, түсі</title>

<p style=«font-family:verdana; color:green;»>

Шрифт атауы Verdana, түсі жасыл

</p>

</html>

<body style=«font-family:verdana; color:green;»> стилі арқылы

Verdana сөзінің орнына шрифт атауын, ал green сөзінің орнына шрифт түсін немесе кодын қойып, шрифт аты мен түсін өзгертуге болады.

Мәтін түстері:

<html>

<head>

<title>Мәтін түсі</title>

</head>

<body>

<p style=«color:#ff0000»>Бұл қызыл шрифт</p>

<p style=«color:red»>Бұл да қызыл шрифт</p>

</body>

</html>

Бұл мысалда <p style=“color:#ff0000”></p> тегінде color: сөзінен соң, мәтін түсінің он алтылық санақ жүйесіндегі кодын #ff0000 қою арқылы веб- бетте қалаған түсімізді көре аламыз.

Алайда color: сөзінен соң, мəтін түсінің атын red жазу арқылы да веб-бетте таңдаған түсімізді көре аламыз.

Мəтіндер. Байланыс тізімі:

<html>

<head>

<title>Байланыс тізімі</title>

</head>

<body>

<address>

Жаңа-ой орталығы<br>

Мекен-жайы: Төле би 296<br>

Телефон: +7707 889 30 53

</address>

</body>

</html>

Байланыс тізімін веб-бетке <address></address> тегі арқылы шығаруға болады. Байланыс тізімінде мекеменің (ЖОО, компания, фирма) аты, мекен-жайы, телефоны және басқа да байланыс түрлері жазылады.

Фон түстері:

<html>

<head>

<title>Фон түсі</title>

</head>

<body> <p style=«background-color:#ffff00»>

Бұл сары фон</p> <p style=«background-color:yellow»>

Бұл да сары фон</p>

</body>

</html>

Бұл мысалда да жоғарыдағы мәтін түстеріндегі мысал сияқты фонға түс қоюдың екі тәсілі бар: 1) background-color: сөзінен соң түстің, яғни біздің мысалда сары түстің кодын қою 2) сары сөзінің ағылшынша аудармасы yellow (стандарт бойынша түстердің ағылшынша аты қолданылады) сөзін жазу.

өлемді дəйексөз (цитата)

<html>

<head>

<title>Көлемді дәйексөз</title>

</head>

<body> «Абайдың қара сөздерінен» үзінді

<blockquote>Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық, әурешілікті көре-көре келдік.

</blockquote>

Автор: Абай Құнанбайұлы

</body>

</html>

<blockquote></blockquote> тегінен соң және оның алдында жазылған сөздер және сөйлемдер веб-беттің сол жағына жазылады, ал көлемді дәйексөздің барлығы болса, азатжолдан бастап жазылып веб-бетте көрінеді.

Қысқа дəйексөз (цитат)

<html>

<head>

<title>Қысқа дəйексөз</title>

</head>

<body>

Сұлтанмахмұт Торайғыров:

<q>Сүйемін туған тілді – анам тілін</q>

</body>

</html>

<q></q> тегі қысқа дәйексөзді веб-бетке шығаратын болғандықтан, сол тег арасында жазылған сөйлем тырнақша ішінде жазылады. Сонымен қатар сөйлемнің бір қатарға сыймай қалған бөлігі келесі қатардан азатжолмен басталмай, алдыңғы қатар сияқты веб-беттің сол жағына шығады.

Сызушы тегтер:

<html>

<head>

<title>Сызушы тегтер</title>

</head>

<body>

<p><del>Үсті сызылған</del></p> <p><ins>Асты сызылған</ins></p>

</body>

</html>

<del></del> тегі сөздердің немесе сөйлемдердің үстін сызу үшін қолданылады. <ins></ins> тегі сөздердің немесе сөйлемдердің астын сызу үшін қолданылады.

Жылжытылған мәтін:

<html>

<head>

<title>Жылжытылған мәтін</title>

<p style=«text-align:center;»> Веб-бет ортасындағы мəтін

</p>

</html>

<p style=«text-align:center;»> стилі мәтінді ортаға қарай жылжытуға көмек береді. Себебі text-align: сөзінен соң, center сөзі жазылған.

<html>

<head>

<title>Жылжытылған мәтін</title>

<p style=«text-align:left;»> Сол жақтағы мәтін</p>

<p style=«text-align:right;»>

Оң жақтағы мәтін</p>

</html>

<p style=«text-align:center;»> стилінде center сөзінен соң, right сөзін қойса, мəтін оң жаққа қарай, ал left сөзін қойса, мәтін сол жаққа қарай жылжиды.

ВЕБ-те графиканы қолдану

Сайтта графиканы қолданудың ең қарапайым түрі – суреттер. Сондықтан суретті веб-бетке қою, оның өлшемін беру, дұрыс орналастыру аса маңызды.

Веб-бетке сурет қою

Веб-бетке сурет қою үшін <img> қолданылады, оның атрибуты src графикалық файлға, яғни GIF, PNG немесе JPEG форматтағы суретке апаратын жол жазылады. Ал width атрибуты суреттің енін білдірсе, ал height атрибуты суреттің ұзындығын, биіктігін білдіреді.

<html>

<head>

<meta http-equiv=«Content-Type» content=«text/html; charset=utf-8»>

<title>Сурет қою</title>

</head>

<body>

<img src=«tu.png» width=«140» height=«90»>

</body>

</html>

Бұл код веб-бетте төмендегідей болып көрінеді.