- •Лекция 1. Кіріспе. Желілер тарихына қысқаша шолу. Деректі ғаламдық Интернет желісінде беру.
- •2012 Жылдың маусым айындағы браузерлердің статистикасына шолу жасаймыз.
- •Сурет 13. Internet Explorer, Google Chrome, Mozilla Firefox
- •Сурет 14. Блокнот
- •Html тақырыптар:
- •Сурет 22. Шрифт аттары
- •Verdana сөзінің орнына шрифт атауын, ал green сөзінің орнына шрифт түсін немесе кодын қойып, шрифт аты мен түсін өзгертуге болады.
- •Сурет 23. Веб-бетке сурет қою
- •Сурет пен мәтіннің орналасуы
- •Сурет 28. Фонға сурет қою
- •Сурет 1. Web-технологиялар
- •Лекция 4. Gif форматындағы мөлдір бейнелер. Веб-парақтарға қойылатын сілтемелер. Бейне фрагментінің түрлері.
- •Сурет 29. Сурет карта
- •Лекция 5. Web-дизайнға кіріспе. Web-парақтарды ms Publisher көмегімен құру.
- •Лекция 6. Web-парақтарды ms FrontPage интерактивті құралдары көмегімен құру.
- •Лекция 7. Java Script. Web-дизайн графикасы. Формалардың интербелсенді элементтері. Web-дизайнның пайдалы тәсілдері.
- •Лекция 8. JavaScript жүйесі. Web-парақ жұмысын жүргізу. JavaScript-тегі кластар мен объектілер.
- •IsNaN(X) функциясы
- •Лекция 9. Web-парақты Dreamweaver ортасында құру.
- •Лекция 10. WеЬ-сайтты Django кітапханасы негізінде Python тілінде құру.
- •Django сайттың құрылымы
- •Лекция 12. Python арқылы сайтқа деректерді енгізу және файлдарды шығару формаларын қолдану
- •Лекция 13. WеЬ-сайтты Python тілінде құру тәсілдері.
- •Лекция 14. Сайтты өзгертуге, кодқа түсініктеме беруге, статикалық парақтармен жұмыс істеуге шектеу қою
- •Лекция 15. Өзге кітапханаларды миниатюраларды шығару үшін қолдану.
Html тақырыптар:
<h1></h1> – Бірінші деңгейдегі тақырып
<h2></h2> – Екінші деңгейдегі тақырып
<h3></h3> – Үшінші деңгейдегі тақырып
<h4></h4> – Төртінші деңгейдегі тақырып
<h5></h5> – Бесінші деңгейдегі тақырып
<h6></h6> – Алтыншы деңгейдегі тақырып
<p></p> – Бұл параграф
Бұл жерде деңгей сөзі мәтіннің өлшемін, үлкен-кішілігін білдіріп тұр. Яғни Бірінші деңгейдегі тақырып <h1></h1> тегі арасына жазылатын мәтін ең үлкен өлшемдегі мәтін болып есептеледі. Ал <p></p> тегі болса, параграфты белгілейді.
<html>
<head>
<title>HTML тақырыптар</title>
</head>
<body>
<h1>Бірінші деңгейдегі тақырып</h1>
<h2>Екінші деңгейдегі тақырып</h2>
<h3>Үшінші деңгейдегі тақырып</h3>
<h4>Төртінші деңгейдегі тақырып</h4>
<h5>Бесінші деңгейдегі тақырып</h5>
<h6>Алтыншы деңгейдегі тақырып</h6>
</body>
</html>
Сурет 17. HTML тақырыптар
HTML азатжол:
<html>
<head>
<title>HTML азатжол</title>
</head>
<body>
<p>Бірінші азатжол</p>
<p>Екінші азатжол</p>
</body>
</html>
Сурет 18. HTML азатжол
Бірінші <p></p> тегі арасында орналасқан мәтін бірінші азатжол болып есептеледі. Ал екінші <p></p> тегі арасында орналасқан мәтін екінші азатжол болып есептеледі. Веб-бетте көрінетін әр азатжолдың арасында бір бос қатар болады, ол азатжолдарды бірден ажыратуға көмек береді.
Түсініктеме (комментарий):
<html>
<head>
<title>Түсінік</title>
</head> <body>
<!--Бұл түсініктеме веб-бетте көрінбейді -->
<p>Бұл азатжол</p>
</body>
</html>
Сурет 19. Түсініктеме
Бұл түсініктеме (комментарий) басқа бағдарламалық тілдер сияқты HTML тілі үшін де өте қажет. Себебі кодқа түсініктеме беру – бағдарламашы HTML тіліндегі кодты жақсы түсінуі үшін аса қажет.
Бірақ түсініктеме веб-бетте көрінбейді. Себебі, бұл кодқа жазылған түсініктеменің оқырманға қажеті де жоқ.
<BR> тегі:
<html>
<head>
<title>Сызушы <HR> тегі</title>
</head> <body>
<p>Бұл<br>бөлінген<br>азатжол</p>
</body> </html>
Сурет 20. <BR> тегі
<br> тегі өзінен соң келген сөзді немесе сөйлемді келесі қатарға түсіреді. <br> тегі бір қатардағы сөздерді немесе сөйлемдерді бірнеше қатарға бөліп тастайды.
<HR> тегі
<html>
<head>
<title>Сызушы <HR> тегі</title>
</head>
<body>
<p>Бұл сызылған азатжол</p> <hr>
<p>Бұл да сызылған азатжол</p>
<hr>
</body>
</html>
Сурет 21. <HR> тегі
<hr> тегі сөзден немесе сөйлемнен соң жазылып, сол сөзден немесе сөйлемнен соң сызық түсіреді. Яғни, кейінгі қатарда бір сызық сызады.
Шрифтер
<html>
<head>
<title>Шрифт түрлері</title>
</head>
<body>
<p><b>Қою шрифт</b></p>
<p><i>Көлбеу шрифт</i></p>
<p><u>Асты сызылған шрифт</u></p>
<p><strike>Сызылған шрифт</strike></p>
<p><big>Үлкен шрифт</big></p>
<p><small>Кіші шрифт</small></p>
<p>Шрифт<sub>төменгі индекс</sub></p>
<p>Шрифт<sup>жоғарғы индекс</sup></p>
</body>
</html>
Шрифт аттары
<html>
<head>
<title>Шрифт аттары</title>
</head>
<body>
<p><font face=«Times New Roman»>Times New Roman</font></p>
<p><font face=«Aharoni»>Aharoni</font></p>
<p><font face=«Arial»>Arial</font></p> <p><font face=«Algerian»> ALGERIAN</font></p>
</body>
</html>
Шрифт таңдау үшін төмендегі терезедегі шрифт атауларының бірін таңдап, сол атауды font face=“осы жерде” жазу арқылы өзгерте аласыз. Ең бастысы шрифт атауын терезедегі сияқты дұрыс жазу керек!
