- •Лекция 1. Кіріспе. Желілер тарихына қысқаша шолу. Деректі ғаламдық Интернет желісінде беру.
- •2012 Жылдың маусым айындағы браузерлердің статистикасына шолу жасаймыз.
- •Сурет 13. Internet Explorer, Google Chrome, Mozilla Firefox
- •Сурет 14. Блокнот
- •Html тақырыптар:
- •Сурет 22. Шрифт аттары
- •Verdana сөзінің орнына шрифт атауын, ал green сөзінің орнына шрифт түсін немесе кодын қойып, шрифт аты мен түсін өзгертуге болады.
- •Сурет 23. Веб-бетке сурет қою
- •Сурет пен мәтіннің орналасуы
- •Сурет 28. Фонға сурет қою
- •Сурет 1. Web-технологиялар
- •Лекция 4. Gif форматындағы мөлдір бейнелер. Веб-парақтарға қойылатын сілтемелер. Бейне фрагментінің түрлері.
- •Сурет 29. Сурет карта
- •Лекция 5. Web-дизайнға кіріспе. Web-парақтарды ms Publisher көмегімен құру.
- •Лекция 6. Web-парақтарды ms FrontPage интерактивті құралдары көмегімен құру.
- •Лекция 7. Java Script. Web-дизайн графикасы. Формалардың интербелсенді элементтері. Web-дизайнның пайдалы тәсілдері.
- •Лекция 8. JavaScript жүйесі. Web-парақ жұмысын жүргізу. JavaScript-тегі кластар мен объектілер.
- •IsNaN(X) функциясы
- •Лекция 9. Web-парақты Dreamweaver ортасында құру.
- •Лекция 10. WеЬ-сайтты Django кітапханасы негізінде Python тілінде құру.
- •Django сайттың құрылымы
- •Лекция 12. Python арқылы сайтқа деректерді енгізу және файлдарды шығару формаларын қолдану
- •Лекция 13. WеЬ-сайтты Python тілінде құру тәсілдері.
- •Лекция 14. Сайтты өзгертуге, кодқа түсініктеме беруге, статикалық парақтармен жұмыс істеуге шектеу қою
- •Лекция 15. Өзге кітапханаларды миниатюраларды шығару үшін қолдану.
Сурет 14. Блокнот
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Бөрібаев Б,.Мадьярова Г.А. Web-технологиялар:Оқулық.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-360 бет.
2. Аяжанов С.С., Сатымбекова С.Б. Компьютерлік желілер: Оқулық.- Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-240 бет.
3. Дубовиченко С.Б. Компьютерные сети и интернет: Учебное пособие по информатике / С.Б. Дубовиченко.- Алматы: Данекер, 2001.- 194с.
4. Матросов А. HTML 4.0 / А. Матросов , А. Сергеев , М. Чаунин.- СПб.: БХВ-Петербург, 2005.- 672с.
5. Н.Комолова HTML. Самоучитель. – СПб.: Питер, 2009. –268с.:ил.
Қосымша әдебиеттер:
1. Ермеков Н.Т. Информационные технологии: Учебник / Н.Т. Ермеков.- Астана: Фолиант, 2006.- 132 с.- (Профессиональное образование).
2. Капустин М.А. FLASH MX для профессиональных программистов: Учебное пособие / М.А. Капустин, П.А. Капустин, А.Г. Копылова.- М.: Интернет-Ун-т Информ. Технологий; БИНОМ. Лаборатория Знаний, 2006.- 511с.: ил., табл.- (Серия "Основы информационных технологий).
3. Назаренко Е.Ф. Информационные технологии: Учебник / Е.Ф. Назаренко.- Астана: Фолиант, 2007.- 312с.- (Профессиональное образование).
4. Попов В.Б. Основы информационных и телекоммуникационных технологий.
5. Программные средства информационных технологий: Учебное пособие / В.Б. Попов.- М.: Финансы и статистика, 2005.- 216с.
6. Олифер В.Г. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы: Учебник / В.Г. Олифер, Н.А. Олифер.- СПб.: Питер, 1999.- 672с.
7. Симонович С.В. Интернет у вас дома: Полное руководство начинающего пользователя / С. Симонович , В. Мураховский.- М.: АСТ-ПРЕСС, 2004.- 432с.
8. Симонович С.В. Информатика: Базовый курс 2-е издание- СПб.: Питер, 2004.- 432с.
9. Брэгг Роберта. Безопасность сети на основе Microsoft Windows Server 2003: Учебный курс / Р. Брэгг; Пер. с англ.- СПб.: Питер, 2006.- 672с.
10. Лэмонт Вуд. Web- графика. Справочник.- СПб: «Питер», 1998.
11. С. Бейн, Д.Грей. Как сделать красиво в Интернете. Перевод с англ.- СПб: «Символ- Плюс», 1998
12. А.О.Коцюбинский, С.В.Грошев. Современный самоучитель работы в сети Интернет. М.: « Триумф», 1997.
13. Интернет. Шаг за шагом. ( на CD- ROM).- СПб: « Питер Мультимедиа», 1997.
14. Энциклопедия пользователей Интернет. ( на CD- ROM).- М.: « Демос», 2000.
15. Шапошников И.В. Самоучитель HTML 4. –СПб.: БХВ- Петербург,2001.-288б.
16. Пайк М. Интернет в подлиннике. СПб.: BHV- Санкт- Петербург, 1996.
17. Савельева Н.В. Основы программирования на РНР.: к урс лекции для ст- тов.- М.: Интернет- университет информационных технологий, 2005.-264б.
18. Дуванов А.А. Web- констуирование DHTML.-СПб.: БХВ- петербург, 2003.-512б.
19. Джамса Крис. Эффективный самоучитель по креативному Web- дизайну. HTML, XHTML, CSS, Javascript, PHP, ASP, ActiveX. Пер. С англ./Крис Джамса, Конрад Кинг, Энди Андерсен.- М.: ООО «ДиаСофтЮП», 2005.-672 б.
20. Бройдо В.Л. Вычислительные системы, сети и телекоммуникации: Учебник для вузов / В.Л. Бройдо.- 2-е изд.- СПб.: Питер, 2005.- 703с.
21. http://gifcollection.by/ru/index.html
22. http://www.php.net/manual/ru/
23. http://www.phpclub.ru
24. http://www.phpworld.ru
Лекция 2. HTML негіздері. HTML-дің арнайы мүмкіндіктері
Жоспар:
- Тегтер және олардың құрылымы;
- HTML тақырыптар;
- HTML азатжол;
- Түсініктеме (комментарий);
- <BR> тегі;
- <HR> тегі;
- Шрифтер;
- Мәтін түстері;
- Фон түстері;
- Көлемді дəйексөз (цитата);
- Қысқа дəйексөз (цитат);
- Сызушы тегтер;
- Жылжытылған мәтін.
Қазіргі кезде Web – парақты құру үшін HTML ( Hypertext Markup language – гипертексті бөлу тілі) тілі қолданылады, яғни құжатқа қойылатын тегтердің көмегімен құжаттың логикалық құрылысын сипаттайды, құжатты форматтауды және объектілерді қоюды басқарады. WWW айырмашылығынан ерекшеліктері тақырыбы бойынша байланысты, адресі анық түрде көрсетілмеген бір құжаттан басқа құжатқа ауысу жабдығының бар болуы болып табылады [10] .
HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі.
HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.
HTML гипертекстік тілін 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер – Ли ұсынғаны белгілі. HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. Гипертексті бөлу негізіне құжаттың әрбір элементі тегтерімен қоршаған элементтердің жиынтығы түрінде көрсетуге болатын құжатты сипаттаудың тегтік моделі жататын болған.
Web – парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп, көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі.
HTML –да тегтік модельдер құжаттың белгілеулері болып табылады Тегтік модель құжатты тегпен басталып және аяқталатын контейнерлердің жиынтығы сияқты сипаттайды. Яғни НТМL құжаты қарапайым АSСII-файлы сияқты көрсетіледі
Көбінесе НТМL құжаттарының тегтерін түсіну және қолдану оңай, өйткені олар ағылшын тілінің сөздерімен пайдаланылған қысқартуларды және белгіленулерді түсінеді. НТМL – тегі қажет емес тегтің атрибуттар тізімінен кейін болатын аттан құралады. Тегтің мәтіні бұрышты жақшалардан тұрады (< және >).Тегтің ең қарапайым оңай вариянты – бұрыштық жақшаларға негізделген аты. Мысалға: немесе . Қиын тегтер үшін, функцияның тегтерін видео өзгерту үшін автормен анықталған дәл мағынасы бар болатын атрибуттардың айырмашылығы сипатталады.
Тегтердің атрибуттары атымен жүреді және бір немесе бірнеше табуляциялардың белгілерімен біріншісі екіншісінен бөлінеді. Тегте атрибуттардың жазылу реті қажет емес. Атрибуттардың мағынасы, егер ондай бар болса, атрибуттардың атынан кейін тұратын теңдік белгісінен кейін тұрады. Егер атрибуттың мағынасы бір сөз немесе сан болса, онда оны қосымша белгілемей – ақ теңдік белгісінен кейін көрсетуге болады. Барлық қалған белгілеулерді бір (‘) немесе екі (“) тырнақшалармен аяқтау керек, әсіресе егер олар бірнеше пробелдармен бөлінген сөздерден тұрса. Атрибуттың ұзындығының мағынасы 1024 таңбамен шектелген. Атрибуттардың мағынасын айтуға болмайтын, тегтердің және атрибуттардың аттарында таңбалардың регистрі саналмайды. Мысалы, HREF атрибутының мағынасы ретінде басқа құжаттарда URL- ді енгізу кезінде керекті регистрді қолдану қажет.
Көбінесе НТМL-тегі арасында мәтін және құжаттардың басқа элементтері орнласатын бастапқы және соңғы компонеттерден тұрады.
HTML тілінде веб-бет енгізу үшін блокноттан (Notepad) қандай да бір атаумен құжат ашып, онда бағдарлама жасауға болады. Мысалы: Salem.txt деп сақтайық және оның ішіне код жазуды бастаймыз.
Notepad-те жазылған Salem.txt құжатының ішіне төмендегі HTML кодын жазамыз.
<html>
<head>
<title>Тақырып</title>
</head>
<body>
Сәлем, бұл менің бірінші веб-бетім!
</body>
</html>
HTML тілінде командаларды тэг (tag) деп атайды. Жоғарыдағы HTML тіліндегі бағдарламада көк түсте – тэгтер, ал қара түсте біз енгізген мәтіндер. Яғни, < және > белгілері арасындағы сөздер тегтер болады. Осы екі < > жақшадан тысқары барлық мәтін веб-бетте көрінеді.
Жоғарыдағы кодтың алдына ең бірінші қатарда мына мәлімдеме жазылады <!DOCTYPE HTML PUBLIC «-//W3C//DTD HTML 3.2 Final//EN»>. Бұл мәлімдеме веб браузерге HTML құжатты дұрыс аударуға көмектеседі.
Notepad-те жазылған .txt кеңейтуіндегі құжатты .html кеңейтуіндегі құжатқа өзгертеміз. Сонда біздің Salem.txt құжаты Salem.html құжатына айналады. Сол Salem.html құжатын сізге ыңғайлы веб браузерлердің (Mozilla, Opera, Google Chrome және т.б.) бірінде ашып көрсеңіз, төмендегі веб-бет пайда болады:
Сурет 15. Salem.html құжаты
Тегтер және олардың құрылымы. <HTML> тегі міндетті тег, онсыз веб-бет болмайды. Ол <HTML> тегімен ашылып, </HTML> тегімен жабылады. Осындай ашылып- жабылушы <HEAD></HEAD>, <BODY></BODY> сияқты тегтерді жұпты тегтер деп атайды. Ал <BR>, <HR> сияқты тек ашылатын, бірақ жабылмайтын тегтер жұпсыз тегтер деп аталады.
Сурет 16. Тегтердің құрылымы
