Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции полные по веб технол 20.10.16.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Сурет 13. Internet Explorer, Google Chrome, Mozilla Firefox

2004 жылы 9 қарашада бүгінге дейін ақырындап дамып келе жатқан Mozilla Firefox браузерінің 1.0 нұсқасы шығады. 2009 жылы әлемдегі Firefox- тың нарықтағы үлесі 23% болса, ал Еуропада 35%-ды құрады. Internet Explorer-дің үлесі 67%-ға дейін төмендеп, ол монополист бола алмай қалды.

2008 жылы 2 қыркүйекте Google Chrome деген жаңа браузердің алғашқы ашық нұсқасы шықты. Бір жылдан соң бұл браузер өте танымал болып, Internet Explorer мен Mozilla Firefox браузерлерінен соң, үшінші орынға көтерілді. 2011 жылдың соңына қарай Mozilla Firefox-ті артта қалдырып, екінші ең мықты браузер ретінде танылды. 2012 жылдың маусым айындағы көрсеткіш бойынша Google Chrome браузері Internet Explorer-ді басып озып, браузерлер арасында көшбасшыға айналды.

WYSIWYG

WYSIWYG (ағылшын тілінде What You See Is What You Get, «нені көрсең, соны аласың») – қолданбалы бағдарламалар мен веб-интерфейстер сипаты болып саналады, онда контент өңдеу кезінде құжат веб-бет немесе тұсаукесер ретінде соңғы шыққан контент көрінісіне өте ұқсас болып келеді.

WYSIWYG технологиясы пайда болғанша күрделі форматтағы құжаттарды құру үшін белгілеу тілдерінің қызметін атқаратын бағдарламалар қолданылып келген. Бұл бағдарламаларда құжаттарды форматтау үшін соңғы шыққан суретте көрінбейтін арнайы тегтер қолдану керек еді. Тегтер мәтіндердің стилін (қою, курсив), шрифтің өзгеруін, мәтін орналасуын және сол сияқты істерді атқара алатын еді.

WYSIWYG қолданған алғашқы бағдарлама Bravo мәтіндік редактор болып есептеледі.

Bravo Xerox PARC компаниясында Alto компьютерлері үшін жасақталған. 1974 жылы бағдарламаны жасаған Батлер Лемпсон (Butler Lampson), Чарльз Симони (Charles Simonyi) және т.б. Bravo нарыққа шыққан, бірақ Xerox Star компьютерлерінің бағдарламалары осы редактордың тікелей жалғасы болып есептеледі.

Xerox PARC-тен тәуелсіз түрде Bravo-мен қатар 1978 жылдың соңында Hewlett Packard компаниясы WYSIWYG қолданған алғашқы коммерциялық бағдарламаны жарыққа шығарды. Бағдарламаның алғашқы шығуы Bruno деп аталып, HP 1000 миникомпьютерлерінде қолданылды.

- Мəтіндік WYSIWYG-редакторлар тізімі

- Microsoft Word (Microsoft Office пакетінен)

- OpenOffice.org Writer (OpenOffice.org пакетінен)

- AbiWord (GNOME Office пакетінен)

- KWord (KOffice пакетінен)

- Pages (iWork пакетінен) және т.б.

- HTML кодының WYSIWYG-редакторлар тізімі

- Adobe GoLive

- Adobe (Macromedia) Dreamweaver

- Namo Webeditor

- Microsoft FrontPage

- Microsoft SharePoint Designer

- Microsoft Expression Web

- Mozilla Composer

- Quanta Plus

- Kompozer (Nvu негізделген)

- WYSIWYG Web Builder 5

- Web Page Maker

Визуалды және визуалсыз редакторлар. Сайт жасайтын бағдарламалар визуалды және визуалсыз редакторлар болып, екі категорияға бөлінеді.

Визуалды редакторлар (немесе WYSIWYG-редакторлар («What You See Is What You Get» – «Нені көрсең, соны аласың»)

Сайт құру бағдарламасы ретінде визуалды редакторларды қолдану өте ыңғайлы, себебі веб-бетте қалай тұрса, сол қалпында жұмыс жасайсыз. Қолданушы мәтінді өңдеп форматтайды, суреттерді, кестелерді HTML код арқылы Word-та оңай жаза салады. Бағдарламада қалай жазсаң, браузерде де сол көрініс пайда болады. Танымал визуалды редакторларға Dreamweaver, MS FrontPage және Netscape жатады.

Артықшылықтары:

- қолдану оңай.

Html тілінде сауаттылық қажет емес.

Кемшіліктері:

- код оңтайландырылмаған себепті файлдың өлшемі артып, бетті жүктеу жылдамдығы өседі;

- беттің кодын өңдеу өте күрделі;

- құжаттың түрлі браузерде қате орналасуы мүмкін.

Визуалсыз редакторлар. HTML қолмен код жазуға арналған, толық автоматтауға арналмаған, сондықтан қазіргі күнде визуалды редакторлардың ешқайсысы HTML кодты жүз пайыз өңдей алмайды, одан тысқары абсолютті дұрыс кодты шығармайды. Сондықтан әр бетті кейін қолмен редакторлап шығуға тура келеді, ал визуалсыз редакторлар белгілеу тілін қолмен өңдеп, бағдарламашы ешқандай конструкциясыз оңай өңдеуге болатын оңтайландырылған кодты жаза алады. Визуалсыз веб-редакторларды HTML-редакторлар деп атайды. Оларға мысал: AceHTML, 1st Page, HotDog, Arachnophilia және т.б.

Артықшылығы:

- оңтайландырылған код;

- гипермәтінді белгілеу тілдерінің барлық мүмкіндіктері қолданылады;

- синтаксис, код пен сілтеменің дұрыстығын тексеру;

- көптеген редакторлар тегін таратылады.

Кемшіліктері:

- гипермәтінді белгілеу тілінде сауаттылық қажет.

Блокнот

Блокнот (ағылшынша Notepad) – кез келген Microsoft Windows операциялық жүйесінде орналасқан қарапайым мәтіндік редактор.

Блокнот қарапайым болғандықтан, HTML-кодты түсінетін конструкциясы, оны өңдейтін мүмкіндігі жоқ. Бірақ HTML тілімен таныса бастағанда осы редакторды қолданған жеңіл болады.

Блокнотты қолдануды үйренген соң, оның орнын басатын кең қызметті тегін бағдарламалар бар: Bred, AkelPad, BDV Notepad, EditPad Lite, TED Notepad, Notepad++ және Notepad2.