Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции полные по веб технол 20.10.16.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Лекция 15. Өзге кітапханаларды миниатюраларды шығару үшін қолдану.

Жоспар:

-Сайтқа қажетті өзге кітапханалар тізімі.

- Python-мен үйлесетін кітапханалар.

Интернетте қолжетімді Python шеткі кітапханаларының дистрибутивті комплектілері форматына қарай үш топқа бөлінеді:

- TAR/GZ форматты архивтер. Ондай архивті шешкен соң dist папкасына ие боламыз. Оны да архивтен шығарамыз.

- ZIP форматты архивтер. Оны Windows құрамындағы архиватор көмегімен ашамыз.

- әдеттегі Windows орындалатын архив (EXE форматында) – дистрибутив болып табылады және компьютерге орнатылғаннан кейін Установка/удаление прогаммы немесе Программы и компоненты апплеті тізімінде тұрады, оны ерекшелеп алып жоюымызға болады.

Windows-тың 32 немесе 64 разрядты версиясы мен Python-ның нақты версиясына лайықтап жасалады.

Windows-тың орындалатын файлдары түріндегі кітапханаларды орнату кез келген Windows-тың қосымшасын орнатқандай. Ал архив түрінде берілетін кітапханамен жұмыс күрделірек. Ең алдымен архивтен шығарамыз. Содан кейін командалық жолды іске қосамыз, онда кітапхана орналасқан папкаға бару керектігін сілтейміз. Осы папкада setup.py файлының бар екеніне көз жеткіземіз де келесі команданы тереміз:

setup.py install

Орнатушы орнату кезінде командалық жолға көптеген хабарламалар шығарыпфайлдың қай папкаға орнатылғанын көрсетеді. Орнату аяқталар кезде командалық жолда келесі команданы енгізу диалогы пайда болады. Бұл орнату толық аяқталғанын және қолдануға дайындығын білдіреді.

Қажетті кітапханалар тізімі

Django

Web-сайттың серверлік бөлігін жасауға арналған. Кез келген жағдай үшін орнату міндетті.

- үй сайты: https://www.djangoproject.com/

- дистрибутиві бар парақ: https://www.djangoproject.com/download/

- дистрибутив форматы TAR/GZ.

Setuptools

- Үй сайты: https://pypi.python.org/pypi/setuptools

- дистрибутиві бар парақ: http://www.lfd.uci.edu/~gohlke/pythonlibs/#setuptools

- дистрибутив форматы EXE.

Әдебиеттер:

1.Дронов В.А. Django: практика создания web-сайтов на Python. - СПб. : BHV, 2016.

2. http://scanlibs.com/django-praktika-sozdaniya-web-saytov-na-python/

3. http://scanlibs.com/python/

4. http://scanlibs.com/html-css/

5. https://www.youtube.com/watch?v=Yu6I1B-vw7g

74