- •Лекция 1. Кіріспе. Желілер тарихына қысқаша шолу. Деректі ғаламдық Интернет желісінде беру.
- •2012 Жылдың маусым айындағы браузерлердің статистикасына шолу жасаймыз.
- •Сурет 13. Internet Explorer, Google Chrome, Mozilla Firefox
- •Сурет 14. Блокнот
- •Html тақырыптар:
- •Сурет 22. Шрифт аттары
- •Verdana сөзінің орнына шрифт атауын, ал green сөзінің орнына шрифт түсін немесе кодын қойып, шрифт аты мен түсін өзгертуге болады.
- •Сурет 23. Веб-бетке сурет қою
- •Сурет пен мәтіннің орналасуы
- •Сурет 28. Фонға сурет қою
- •Сурет 1. Web-технологиялар
- •Лекция 4. Gif форматындағы мөлдір бейнелер. Веб-парақтарға қойылатын сілтемелер. Бейне фрагментінің түрлері.
- •Сурет 29. Сурет карта
- •Лекция 5. Web-дизайнға кіріспе. Web-парақтарды ms Publisher көмегімен құру.
- •Лекция 6. Web-парақтарды ms FrontPage интерактивті құралдары көмегімен құру.
- •Лекция 7. Java Script. Web-дизайн графикасы. Формалардың интербелсенді элементтері. Web-дизайнның пайдалы тәсілдері.
- •Лекция 8. JavaScript жүйесі. Web-парақ жұмысын жүргізу. JavaScript-тегі кластар мен объектілер.
- •IsNaN(X) функциясы
- •Лекция 9. Web-парақты Dreamweaver ортасында құру.
- •Лекция 10. WеЬ-сайтты Django кітапханасы негізінде Python тілінде құру.
- •Django сайттың құрылымы
- •Лекция 12. Python арқылы сайтқа деректерді енгізу және файлдарды шығару формаларын қолдану
- •Лекция 13. WеЬ-сайтты Python тілінде құру тәсілдері.
- •Лекция 14. Сайтты өзгертуге, кодқа түсініктеме беруге, статикалық парақтармен жұмыс істеуге шектеу қою
- •Лекция 15. Өзге кітапханаларды миниатюраларды шығару үшін қолдану.
2012 Жылдың маусым айындағы браузерлердің статистикасына шолу жасаймыз.
Маусым айында нарықтағы басты ойыншылар бірден өз браузерлерінің жаңа нұсқаларын шығара бастады. Сөйтіп, айдың басында Mozilla Firefox 13 браузері жарыққа шықты. Онда кеңейтілген қызмет пен жаңа өзіндік бет және қосымша бет (вкладка) пайда болды. Маусымның ортасында безендірудің жаңа тақырыптарын және заманауи стандарттарын қолдайтын кеңейтпе Do not Track және басқа да жаңалық алып келген Opera 12 браузерінің финалдық шығуы болды. Ең соңында Google компаниясы аз ғана жақсартылған интерфейспен, жаңартылған V8 JavaScript-қозғалтқышымен Chrome 20 тұрақты нұсқасын шығарды.
Бұдан өзге, Microsoft компаниясы Internet Explorer 10 браузерінің кезекті көрсету нұсқасын қамтитын Windows 8 операциялық жүйесінің бастапқы нұсқасын ұсынды. Осы мәліметтердің статистикалық үлесте қалай бөлінетінін зерттеп қарайық. Статистиканы анықтау үшін әлем бойынша веб- трафиктерге шолу жасайтын Statcounter және NetApplication құралдарының мәліметтерін пайдаланамыз. Бұл шолуға əлемнің ең кең таралған бес браузері қатысады: олар Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer және Safari. 2012 жылдың маусым айындағы мәліметті назарларыңызға ұсынамыз.
Сурет 6. Google Chrome
Статистика жинайтын шетелдік жүйелердің мәліметі бойынша, Chrome-ның үлесі әртүрлі жоспарда дамыды. Statcounter-дің мәліметінше, браузердің өсуі 0,33%-ға, үлесі 32,31%-ға тең, ал NetApplication мәліметіне қарағанда, түсуі 0,5%-ға және үлесі 19,08%-ға тең. Егер алғашқы жүйеге сенсек, мамырда Chrome алғашқы орынға шықты.
2012 жылдың алғашқы жартысында браузер нарықтың 5,49% үлесіне ие болды (Statcounter мәліметі бойынша). Жасақтаушылар үшін Google конференциясында Chrome браузерін қолданушылар саны 310 миллион адам екені жарияланды.
Сурет 7. Mozilla Firefox
Алдыңғы статистика сияқты Statcounter және NetApplication әртүрлі нәтиже көрсетіп тұр. Бірінші жүйенің есебі бойынша Mozilla Firefox бір айда елеулі 0,99%-ға төмендесе, одан кейін 24,56% үлеске ие болды. Екінші жүйе керісінше, браузерге 0,5% өсу және 20,06% үлес берді.
Жарты жылда Mozilla компаниясының браузері 0,71%-ға төмендеді (Statcounter мəліметі), бұл жалпы алғанда соншалықты қорқынышты да емес еді. NetApplication-нің есебінше жоғалту сəл жоғарылау — 1,77%-ға тең.
Сурет 8. Opera
Халықаралық аренада маусым айы норвегиялық браузер Opera үшін жаман ай болмады. Statcounter браузердің үлесінде қандай да бір өзгерістің бар екенін анықтамады. Алдыңғы ай сияқты маусым айының аяғында да үлесі 1,77% болды. NetApplication өсуді 0,03% және үлесін 1,60% деп мәлімдеді.
2012 жылдың жарты бөлігі бойынша Opera браузері Statcounter мәліметінше, 0,21% жоғалтқан, ал NetApplication-дікі 0,66% жоғалтқанын көрсетіп тұр.
Сурет 9. Internet Explorer
Statcounter маусым айында Internet Explorer браузерінің өскенін көрсетті. Бәлкім, бұл қолданушылардың тестілеу үшін жаппай орнатып жатқан Windows 8 операциялық жүйесінің превью шығуымен байланысты шығар. Осы айда 0,19% өсіп, үлесі 32,31%-ға көтеріледі. Ал NetApplication болса, мүлдем басқаша нәтиже көрсетеді. Оның мәліметі бойынша, маусым айында Internet Explorer 0,03%-ға төмендеген және шілде айында 54,02%-ға көтерілген.
6 ай аралығында IE 6,34% төмендеп (Statcounter мәліметі) және 2,15% жинаған (NetApplication мəліметі).
Сурет 10. Safari
Statcounter мәліметі бойынша, əлемде маусымда Apple компаниясының браузері нарықтың 7%-ын иелеген. Ал басқа әлемдік жүйенің мәлімдеуінше, көрсеткіш – 4,73%. Алғашқысы ондай төмендеуді көрсетпесе, екіншісі — шамалы өскенін көрсетеді. Жылдың жартысы бойынша Safari 1 пайыз ғана өсу көрсеткішіне ие болған.
Браузерлер майданы. Браузерлер майданы – браузерлер нарқын басқару үшін болатын браузерлер арасындағы күрес. Майдан дегенді тікелей мағынада түсінбеуіміз керек, бұл жерде 1990 жылдарда нарықта жетекшілік еткен екі үлкен браузер – Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator арасындағы бәсекелестік меңзеледі.
Ең алғашқы кең таралған графикалық интерфейсті браузер NCSA Mosaic болды, кейін көп уақыт нарықты Netscape Navigator қолға алды. 1996 жыл Microsoft Internet Explorer 3.0-ті қамтитын Windows 95 OSR2-ді шығарды. Осы кезді браузерлер майданының басталуы деуге болады. Майдан Netscape браузерінің құлап, Internet Explorer-дің 95%-ы нарықты иеленіп, шыңға шығуымен аяқталды.
Бірінші басқыш (1995-1998). Бұл басқышқа 90-жылдың аяғындағы Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator (Communicator) арасындағы бәсекелестік жатады. Қарапайым пайдаланушылар Netscape Navigator браузерін тегін қолданушы еді, ал корпоративтік пайдаланушылар болса, әр лицензия үшін 99 доллар көлемінде төлеп отырды. 1995 жылы 7 желтоқсанда Microsoft Explorer-дің 2-нұсқасы жарыққа шықты. Windows пен Office сатылымынан пайда көріп отырған Microsoft Explorer-дің жаңа нұсқасын қолданушылар мен корпорацияларға тегін тарата бастады.
Демпингке төтеп бере алмаған Netscape 1999 жылы бәсекелестіктен шығып, нарықтың 90% бөлігін тегін Explorer браузері жаулап алды. Марк Андрессен (Marc Andreessen) мен Джим Кларктың Netscape Communications корпорациясы құлаған соң, браузердің бастапқы кодтары жарияланып, Mozilla Suite (қазір SeaMonkey) және Mozilla Firefox сияқты жаңа жобалар дүниеге келіп, дами бастады.
Екінші басқыш (2004 жылдан бүгінгі күнге дейін). 2003 жылы Opera браузері 6.х нұсқасын шығарып, ақша төлеп көшіруге болатын баннерлерін тегін тарата бастады.
