Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции полные по веб технол 20.10.16.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Лекция 7. Java Script. Web-дизайн графикасы. Формалардың интербелсенді элементтері. Web-дизайнның пайдалы тәсілдері.

Жоспар:

-Java Script.

- Web-дизайн графикасы.

- Формалардың интербелсенді элементтері.

- Web-дизайнның пайдалы тәсілдері.

Java Script web-құжаттарды өңдеудің ең негізгі тілдерінің бірі. Барлық танымал браузерлерде қолданылады. Ол web-құжаттарға интерактивтілік пен динамиканың элементтерін кіргізу үшін қажет.

Java Script тілі Netscape Communication компаниясы шығарған сценарийлер тілі болып табылады [24]. Әдетте программаның тілін компьютерге ұғынықты қылу үшін транслятор керек.

Транслятордың 2 түрі болады:

- компилятор;

- интерпретатор.

Компилятор программаның кодын машиналық тілге ауыстырады. Сонымен қатар, оған программисттің қолданған стандартты процедураларын қосады. Нәтижесінде жұмыс коды деп аталатын жұмыс істеп тұрған программа пайда болады. Мұндай файлдың кеңейткіштері: .exe, .com.

Интерпретатор файлдың командаларын оқып, процессор тіліне аударады. Бұл аудару программаның орындалу барысында орындалады. Сонымен, Java Script интерпретаторлық бағдарламалаудың тілі болып табылады.

Браузер Java Script кодының әрбір жолын орындайды. Келесі жолға көшу тек алдағы жол орындалғаннан кейін ғана орындалады.

Java Script сценарийлері HTML файлының құрамына кіреді. Ол сценарийдің коды <SCRIPT> және </SCRIPT> тэгтерінің арасына орналасады және де бұл тэгтер HEAD, BODY элементтерінен кейін құжаттың кез келген жерінде және бірнеше рет кездесуі мүмкін. <SCRIPT> тэгінің ішінде тек қана Java Script-тің сценарийлері жазылуы керек.

Java script – те байт код өте көп сондықтан көңілдеріңізді скриптерге аударыңыздар.

Java script идеясы өте қарапайым Java script – те орындалатын барлық операторлар танымал және ұғынықты объектілермен жасалатын әрекеттерді бейнелейді. Мұнда сонымен қатар қасиеттер жиынтығының объектілері және объектілермен функциялар жиынтығы әдістер деп аталады. Әдістерден басқа дәстүрлі программалау тілдеріндегі сияқты Java script – те басқа да функциялар бар. Олар: стандартты математикалық типтермен жұмыс атқарады, немесе программаның орындалу процесін басқарады. Және де Java script – тер бағдарламалық үзулердің аналогі қасиеті бар. Бұл қасиеттер WWW – де жұмыс істеуге бағытталған. Бұл қасиеттерді пайдалана отырыn, гипертекстік беттерінің авторы динамикалық объектілерді көруді ұйымдастыра алады. Мысалы, жүгіртпе жол немесе көп терезелер интерфейсi.

Әдебиеттер:

1.Дубровиченко С.Б. Web - дизайн. Интернет и Front Page XP [Электронный ресурс]: Учебник. 745 МБ. - Алматы: Нур-пресс, 2006.- 404 с.

2. http://nastya.kulakoff.org/Lesson1.htm

3. http://nsportal.ru/ap/library/nauchno-tekhnicheskoe-tvorchestvo/2014/10/26/sozdanie-sayta-v-programme-front-page

4. https://www.youtube.com/watch?v=HmGRPX5ZrzE

5. JavaScript в Web – дизайне – СПб: БХВ-Петербург, 2001.-880 с.

Лекция 8. JavaScript жүйесі. Web-парақ жұмысын жүргізу. JavaScript-тегі кластар мен объектілер.

Жоспар:

- JavaScript жүйесі.

- Web-парақ жұмысын жүргізу.

- JavaScript-тегі кластар мен объектілер.

JavaScript тілінде пайдаланушымен диалог ұйымдастыратын кірістірілген функциялар бар. Мысалы:

Функциясы Alert() – мәтіні бар хабарлама терезесін экранға шығарады. Терезеге жазылатын мәтін жақшаның ішіне жазылуы керек.

Функциясы Confirm() – экранға «ия» немесе «жоқ» жауап нұсқалары бар сұрақты шығарады. Егер пайдаланушы «ия» батырмасын басса, функция «рас» мәніне оралады. Егер керісінше болса, «өтірік» мәнін қояды.

Функциясы Prompt() – терезеге жауап жазуға болатын жиектеме шығарады. Пайдаланушы оның ішіне жауабын теріп жаза алады. Осылайша функция жолды қайтарады.

JavaScript сценарийлер тілі объектіге бағытталған. JavaScript объектілері қасиеттер мен әдістердің жиынтығы болып табылады. Объектінің қасиеті – бұл объектімен байланысты деректер, ал әдістер – объект деректерін өңдеу функциялары.

Global класы

Global класы ECMAScript спецификациясының бөлігі болып табылады, оның негізгі мақсаты – глобальды әдістер мен қасиеттер қатарын бір объектке біріктіру. Әдістерге байланысты объекттің өзі көрсетілмейді және ол конструктор болмайды. Осы объектінің қасиеттер мен әдістеріне келесілер жатады:

Қасиеттердің мағынасы

Nan мағынасын асырайды NaN (Not A Number).

Infinity мағынасын асырайды Number.POSITIVE_INFINITY.

Әдістердің мағынасы

escape Қатарды барлық платформада оқылатындай етіп түрлендіреді.

eval Қарапайым өрнектерді де қатарға берілгендей орындайды.

JavaScript.

isFinite Аргументтің соңғы сан болатынын анықтауға мүмкіндік береді.

isNan Аргументтің сан ба немесе жоқ болуын анықтауға мүмкіндік береді.

parseFloat Қатарды санға түрлендіреді.

parseInt Қатарды бүтін санға түрлендіреді.

unescape escape функциясының нәтижесін түрелндіреді.

taint() және untaint() функциялары – қосылған және қорғалған берілгендердің бұрмалануында объект немесе сілтеме мағыналарының бұрмаланған көшірмелерін қайтарып береді, немесе, керісінше бұрмаланбаған.

escape және unescape функциялары – s қатарының көшірмелерін кодталған және сәйкесінше коды шешілген түрде қайтарып береді.

Кодтау – барлық бос орындар, тыныс белгілер және т.б. %xx формасына ауыстыру, мұндағы xx – ISO-8859-1(Latin-1) символ кодына тиісті екі 16-лық сан.

eval(s) функциясы –s қатарын JavaScript операторлар тізбектері сияқты түсіндіріп береді. (См. Также объект Object)

getClass(Jobj) функциясы – JavaObject типіндегі аргумент үшін JavaClass объекттерін қайтарып береді.

Мысалы: var myJavaRClass=new java.awtRectangle()

Var myJavaRClass=getClass(myJavaRect)

Java мен getClass() әдісін шатастырмау

Var myJavaRCObject=myJavaRect.getClass()

Бұл – Java java.awt.Rectangle класының ұсынылуы

isNaN(x) функциясы –x “Not a Number” сан еместігін тексеру.

parseFloat(s) функциясы –Float(санға кірмейтін қатар басынан бірінші символға дейін). типіндегі s санын табады. Егер сан табылмаса, онда

NaN (“Not a Number”) мағынаға қайтады.

parseInt(s) – бұл да Integer үшін

parseInt(s,n) –n негізіндегі бүтін сан үшін (2 ден 36). n=0 болғанда – parseInt(s). Бұл жағдайда автоматты түрде негіз табылады.

eval(s) функциясы

eval(s) функциясы – JavaScript-ң қоса салынған функциясы. JavaScript-ң бір немесе бірнеше операторларынан тұратын s қатарының аргументімен берілген кодты орындайды.

Осы функцияны тек қана операторды орындау үшін ғана емес, өрнектерді есептеу үшін де қолдануға болады. Ол берілген кодтағы соңғы есептелінген өрнектің мағынасын қайтарады. eval(s) функциясы JavaScript-бағдарламада орындалатын кодтың динамикалық модификациялау мүмкіншіліктерін қамтамасыздандырады.