- •Лекция 1. Кіріспе. Желілер тарихына қысқаша шолу. Деректі ғаламдық Интернет желісінде беру.
- •2012 Жылдың маусым айындағы браузерлердің статистикасына шолу жасаймыз.
- •Сурет 13. Internet Explorer, Google Chrome, Mozilla Firefox
- •Сурет 14. Блокнот
- •Html тақырыптар:
- •Сурет 22. Шрифт аттары
- •Verdana сөзінің орнына шрифт атауын, ал green сөзінің орнына шрифт түсін немесе кодын қойып, шрифт аты мен түсін өзгертуге болады.
- •Сурет 23. Веб-бетке сурет қою
- •Сурет пен мәтіннің орналасуы
- •Сурет 28. Фонға сурет қою
- •Сурет 1. Web-технологиялар
- •Лекция 4. Gif форматындағы мөлдір бейнелер. Веб-парақтарға қойылатын сілтемелер. Бейне фрагментінің түрлері.
- •Сурет 29. Сурет карта
- •Лекция 5. Web-дизайнға кіріспе. Web-парақтарды ms Publisher көмегімен құру.
- •Лекция 6. Web-парақтарды ms FrontPage интерактивті құралдары көмегімен құру.
- •Лекция 7. Java Script. Web-дизайн графикасы. Формалардың интербелсенді элементтері. Web-дизайнның пайдалы тәсілдері.
- •Лекция 8. JavaScript жүйесі. Web-парақ жұмысын жүргізу. JavaScript-тегі кластар мен объектілер.
- •IsNaN(X) функциясы
- •Лекция 9. Web-парақты Dreamweaver ортасында құру.
- •Лекция 10. WеЬ-сайтты Django кітапханасы негізінде Python тілінде құру.
- •Django сайттың құрылымы
- •Лекция 12. Python арқылы сайтқа деректерді енгізу және файлдарды шығару формаларын қолдану
- •Лекция 13. WеЬ-сайтты Python тілінде құру тәсілдері.
- •Лекция 14. Сайтты өзгертуге, кодқа түсініктеме беруге, статикалық парақтармен жұмыс істеуге шектеу қою
- •Лекция 15. Өзге кітапханаларды миниатюраларды шығару үшін қолдану.
СМЖ-нің құжаты |
СЖ 11/1-1.109-2016 |
|
Дәріс конспектісі |
Баспа 1 |
|
Енгізу күні 05.05.2016
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
-
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
__________ __Тлебаев М.Б.__
/қолы/ /аты-жөні/
«_____» ____________2016 ж.
«Web – технологиялар» пәні бойынша дәрістер конспектісі
Факультеті «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация»
Мамандығы «6М060200-Информатика»
Кредит саны: 3/5
Тараз 2016
Дәрістер конспектісі «Web – технологиялар» пәнінің оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Дәрістер конспектісін құрастырған: Қарауылбаев С.Қ., Төреханова Г.И.
Жұмыс бағдарламасы «Информатика» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
Хаттама №______ «______» ____________________2016 ж.
Кафедра меңгерушісі ___________ М.Б.Тлебаев
Лекция 1. Кіріспе. Желілер тарихына қысқаша шолу. Деректі ғаламдық Интернет желісінде беру.
Жоспар
-Курстың мақсаты мен міндеттері.
-Желілер тарихына қысқаша шолу.
-Деректі ғаламдық Интернет желісінде беру.
«Web-технологиялар» курсының мақсаты қазіргі кезде жылдам, епкінмен дамып келе жатқан Web технологиялардың әртүрлі қызметтерімен таныстыру болып табылады.
Курстың міндеті – Web-сайттарды құрудың тиімді жолдарын оқып үйреніп, оларды практикада дұрыс қолдана білу.
Пәнді оқу барысында студент:
– Интернет және HTML тілінің негізгі ұғымдарын меңгеруі;
– Web-сайт құру барысында әртүрлі технологияларды пайдалана білуі;
– Macromedia Flash бағдарламасында интерактивті анимациялар құрып, оларды Web-сайтқа орналастыра білулері керек.
Web-технологияның негіздерін Web-сайт пен Web-беттер (парақтар) құрайды. Internet – тегі ақпарат Web – сайттар түрінде ұсынылады. Web – сайт (сайт, интернет қоры, көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ, URL – мекен-жайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб – беттер жиынтығы. Әрбір Web – сайттың өзінің біргей мекен жайы – URL (ағылшын.Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекен жай бойынша тауып алуға болады. Web – сайтқa арналған URL – дін көрнісі мынадай болады: http://www.атауы.үйшік.
Кез-келген ақпараттық жүйенің маңызды функцияларының қатарына жүйедегі сақталған ақпаратты тиімді таңдау болып табылады. Сол функциялардың біреуі – қажетті ақпаратты іздеу мүмкіндігі. Пайдаланушы жүйенің сапасына сол жүйеге кірістірілген іздеу механизмінің жұмысына байланысты пікір бере алады. Іздеу машиналарының маңызды параметрлеріне сұранысты орындау жылдамдығы және алынған ақпараттың сұраныс талабына сәйкестілігі болып табылады.
Ақпаратты іздеу проблемалары жайлы сұрақтар бізге көптеген маңызды жалпы сұрақтар төңірегінде ой салып, алгоритмдерді құруда олардың тиімділігін арттыру, оның ең тиімді екенін дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруда көмегін тигізеді.
Сұранысқа жауап ретінде сіз әдетте құжаттардың ұзын тізімін алаcыз, оның көбі сіздің сұрағыңызға жауап бермейді және сол тақырыпқа ешқандай қатысы болмайды. Сондай құжаттар релевантты емес (ағылшын сөзінен шыққан, relevant- лайықты, қатысты) деп аталады, ізденіс бойынша табылған құжаттар релевантты құжаттар деп аталады.
Табылған сілтемелердің тізіміндегі релевантты құжаттардың пайызы сұраныстың дұрыс қойылуына байланысты болады.
Интернет желісіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайтын болғандықтан, әлемдік желідегі ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор.
Іздеу машинасы тапқан барлық құжаттардың ішіндегі релевант құжаттардың бөлігін іздеу дәлдігі деп атайды. Релевантты емес құжаттарды шуы бар құжаттар деп атайды. Егер табылған құжаттардың барлығы релевантты болып келсе (шуы жоқ құжаттар), іздеу дәлдігі 100% құрайды. Егер барлық релевантты құжаттар табылса, онда іздеу толымдығы 100% тең.
Релеванттылық - ақпараттық сұраныс пен сұраныс арқылы алынған нәтиже арасындағы мағыналық сәйкестік. Сайттың релеванттылығы түсінігіне іздеу сұраныстары нәтижесінің релеванттылығы, сонымен бірге қолданушы үшін қосымша сайт контенттінің релеванттылығы кіреді. Қолданушыларға сайт релеванттылығы іздестіру жүйелерінің релеванттылығына қарағанда маңызды орын алады. Сондықтан да релеванттылықты арттыруды келесі жолдар арқылы жүргізуге болады:
1. іздестіру жүйелеріне байланысты сайтты оңтайландырып жоғары деңгейдегі релеванттылыққа ие болу;
2. қолданушылардың талаптарына сәйкес сайт құрып, оның релеванттылығын жоғарылату.
Сайт қолданушысының талабын қойылған сұраныс толық және дұрыс анықтайтынына мән беріледі. Айта келгенде, іздеу сапасы екі өзара тәуелді параметрлермен анықталады: дәлдікпен және іздеу толықтығымен. Толықтықтың артуы дәлдікті төмендетеді және керісінше.
Интернеттегі ақпараттың көлемі өскен сайын іздестіру жүйелерін жасаушылардың алдында күрделі мәселе тұрды – сұранысқа бірдей релевантты құжаттар санының көптігі және оларды іздеу нәтижесінде рангілеу үдерісінің қиындығы. Сондықтан ақпарат шынайылығының аздығы немесе көптілігі деп бөлу және оны ұсынатын қорлардың «маңыздылығын» немесе «беделділігін» есепке алуына қажеттілілігі туындайды
Web-бағдарламалау – www сайтында жұмыс істеуге арналған кез келген бағдарламалық өнімдердің өңдемелері. Қатаң айтқанда, HTML тілінде web-парақтарды құрудың өзі де Web-бағдарламалау болып табылады. Қазіргі кезде Web-бағдарламалау ретінде CGI-қосымшалардың құрылуы мен қиын эффектілерге қол жеткізу үшін Java Script және VB Script технологияларын Web-парақта қолдануын айтады.
Web-сервер дегеніміз – ол Интернет желісінің торабында жіберілген және бұл тораптың қолданушыларына олардың сұраныстары бойынша Web-парақтарды беретін бағдарлама. Сонымен қатар, Web-сервер деп бұл бағдарлама жіберілген торапты немесе осы торап болып тұрған компьютерлерді де айтады.
CGI (Common Gateway Interface) – web-серверде сайт қолданушыларынан мәліметтерді алуға болатын және оларға өңделген мәліметтерді қайтадан web-парақ түрінде қайтаратын технологияны айтады. CGI-технологиясын қолдану үшін web-сервер CGI-дың анықталған критерилерін ұстануы керек.
Егер web-серверден жүктелетін программа 2-лік кодта көрсетілмей, мәтіндік файл түрінде көрсетілсе, онда оның орындалуы үшін осы программа қай тілде жазылған сол тілдің интерпретатор программасы керек болады. Бұндай интерпретатор web-сервердің құрамына кіреді де, программалық кодтын орындалуы керек болған кезде шақырылады.
CGI-бағдарлама - web-серверде орындалуға арналған бағдарлама. CGI-скриптерді құру үшін кез келген бағдарламау тілін қолдануға болады, тек сол тілдің интерпретаторы осы web-серверде болуы керек.
Препроцессор – web-сервермен бірге жұмыс жасайтын, қолданушыларға web-серверден берілетін файлдарды қарап, олармен анықталған іс-әрекеттер атқаратын бағдарламалар. PHP препроцессор болып табылады.
Веб-браузер дегеніміз – интернеттегі ақпарат көздерін көру үшін оларды өңдеуге, бір беттен екіншісіне ауыстыруға арналған бағдарлама. Ақпарат көздері Uniform Resource Identifier (URI) арқылы анықталып, ақпарат көзі ретінде веб-беттер, суреттер, видео және контенттің басқа да бөлімдері болуы мүмкін. Жалпы браузер сайт пен оған кіруші арасындағы веб-беттерді өңдеуші, шығарып беруші қосымша болып есептеледі.
Қазіргі кезде көптеген атақты браузерлерді тегін немесе басқа жинақпен пайдалануға болады. Мысалы: Internet Explorer (Microsoft Windows-пен бірге), Mozilla Firefox (тегін, Linux-тің көптеген дистрибуторларымен бірге, мысалы Ubuntu), Safari (Mac OS X-пен бірге және Microsoft Windows үшін тегін), Google Chrome (тегін), Opera (тегін, 8.49 нұсқасынан бастап).
