Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тил дамыту.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.27 Кб
Скачать

«Балаларды қай оқумен оқыту керек»

...Оқытудың да сондай түзу, қисық жолдары бар. Адам баласы бір затты істеп болып қолданып көрмей, жақсы-жаманын, болмаса түзу, қисығын білмейді. Тәмәм қолданып ұстап, тұтынып, сынап болып: «Е, мына жері былай екен, былай ету керек екен» деп, соңынан түзейді. Бұл хадис шарифпенен, әспат етілген, бұның мағынасы – адам баласы ақылға мұқтаж, ақыл тәжірибиеге, яғни бір затты істеп сынап қарауға мұқтаж деген сөз.

Бұрын моллалар әліп, би, ти, си, джим, ха, хи деп оқытатұғын еді, мұнымен балалар 3-4 жылда әзер деп әбжад танып, сүреге түсетін еді және тама бала болып болмай, жазу жаза білмейтін еді. Қазірде 10 жылдан асты мұсылманша оқытудың жаңа тәртібі, яғни түзу жолы шықты.Ол түзу жол сол, әрбір харфтің бір күнде дауысын айтқызады., бұл оқытумен оқыған жас балалар бір айдың ішінде хат танып, жазумен жаза бастайды... Бұл жаңаоқытуды жер- жердегі атақты ишандар да қабыл көре бастады. Жалпақталда Абдолла ишан, Жаңақала деген жерде Ғатаул ишан екі-үш жыл болды, мектептерінде кей көп балаларды осы жаңа оқытумен оқытады, жаңа оқыту жаман болса, бұл ишандар оны неге қабыл көрсін. Әлғасил, білген кісі жаңа оқытуды жақтайды, білмеген кісінің сөзі керек те емес қой.

1930 жж. Н.Я.Марр бастаған "Тіл туралы жана ілім" өз кадамын революциядан бұрынғы үндіеуропалык тіл білімін Кенестік дәуір талабы тұрғысынан қайта карап, үндіеуропа тіл біліміндегі сол кездегі кайшылыкгардың, токыраушылыктардыц біразын дұрыс көре білді. Бұл бағыттын буржуазиялык елдерде бірсыпыра мәселеде реакциялык, нәсілдік сипатта болып, отар елдер мен аз ұлттарды, олардын тілдерін кемсітіп, карайтындықтарын ашык айтты. Бірақ осы сын келе-келе салыстырмалы-тарихи тіл білімінін пайдалы жағынан бас тартып, тіл біліміне марксизмге тән емес дөрекілік, асқақтаушылық, менмендік әуен енгізді.

Кеңес Одағы Коммунистік партиясынын орталык органы "Правда" газеті бетінде 1950 ж. ұйымдастырылған айтыстан кейін "Тіл туралы жаңа ілімнін" кателіктері, онынтигізген зиянды зардаптары жан-жакты ашып көрсетілді (К- " Тіл туралы жаңа ілім ").Кеңестік тіл білімінде жалпы және жеке тіл білімі салалары бойынша жүйелі түрде ұжымдык зерттеулер іске асырылды. Олар негізінен мынадай салаларға катысты: Көп көніл бөлінген күрделі теориялық мәселелердін бірі ұлттык және әдеби тілдердін қалыптасыпдамуын зерттеуге байланысты. Кеңесғалымдары (И. К.Белодед, Л.А.Булаховский, В.В.Виноградов, В.М.Жирмунский, Н.И.Конрад, Ф.П.Филин, В.Н.Ярцева және ұлттық республикалардағы ғалымдар) тарихи жағдайлармен байланысты КСРО-дағы ұлт тілдерінін және ұлтгык әдеби тілдерінін тарихи даму зандылығын ашты. мүның өзінде халык тілі мен ұлт тілінін аракатынасын, жалпыхалыктык тіл мен ондағы жергілікті диалектілердін аракатынасын, әдеби тілдер калыптасуынын алғашкы кезінде диалектілік базаның мәнін айкындау мәселесіне көніл аударылды. КСРО-дағы тіл кұрылысынын күрделі мәселелерін шешуде ұлттык әдеби тіл теориясын калыптастырудың маңызы өте жоғары болды - Тілдің типологиялык проблемаларын зерттеу жұмысы И.И.Мещаниновтын, сонымен бірге М.М.Гухман, С.Д.Кацнельсон, В.3.Панфилов, В.И.Солнцевт.б. енбектерінде кенейтілді. Типологиянын негізгі үғымдары және басқа пәндерге катысы аныкталды. Бұрын дәстүрлі типологиялыктоптастыру тек морфологияға негізделсе, енді синтаксистік және семантикадык топтастырулар жасау жұмысы қолға алынды.

1930—50 жж. Н. Я. Маррдын "Тіл туралы жана ілімі" үстем болып түрған кезенде тоқтап калған салыстырмалы - тарихи тіл білімі 1950 жылдан бастап қайта дами бастады. салыстырмалы-тарихи тұрғыда көптеген тілдер зерттелді (Б А Серебренников, А.В.Десницкая т.б.). Тілдерарасындағы аса күрделі карым-катынастарды зерттеу аркылы тілдер семьясынын даму дәрежесі біркелкі және тура калыпта болмайтыны айкындалды. Зерттелу дәстүрі бай үндіеуропа және орал тіл білімдерімен коса, КСРО-да түркі, монғол, картвел, афразия тіл білімдері жете дамыды.Этимологиялык зерттеулер ерекше бағыт ретінде дами бастады (В.А.Абаев, Э.В.Севортян, О.Н.Трубачев, А.С.Мельничук). Көне тіл құрылымын жанғыртудын сырткы және ішкі әдістәсілдерін жетілдіруге мән берілді.

Тілдік география жұмыстарынын күшеюіне байланысты аймақтық тіл біліміне ынталылық артты (Н.3.Гаджиева, А.В.Десницкая т.б.); тіл құбылыстарын картаға түсіру кен қолданылып лингвистикалық атластар жасала бастады (Р.И.Аванесов, М.А.Бородина т.б.). Зерттеу нысанына айналған тілдер аясы кенейтілді.

1960—80 жылдары салғастырмалы тіл білімі каркынды дамыды. КСРО-нын көп үлтты жағдайында орыс тілімен және кейбір Батыс Еуропа тілдерімен ұлттық тілдерді салғастырып оқыту тәжірибесі халык мәдениетін, тіл мәдениетін арттырудың тиімді жолы ретінде қарастырылды. Жалпы бағыттардын бірі ретінде лексикологиялык зерттеулер елеулі жетістіктерге жетті. Әр түрлі тілдерге катысты атау теориясы, онын негізгі принциптері, сөз мағынасынын түрлері зерттелді (О.С.Ахманова, А.И.Смирницкий, Ю.С.Степанов т.б.). Сөзжасам мен фразеология теориясынын қалыптасуында Кеңестік тіл білімі жетекші рөл аткарды (В.В.Виноградов, Е.А.Земская, Г.О.Винокур т.б.).

Грамматика теориясы морфологиялык,синтаксистік категорияларды функционалды-семантикалық мәнділігіне карай жүйелеп зерттеуге негізделді. Әр түрлі тілдердін функционалды грамматикасын жасау келешегі бар бағыттардын бірі болып есептелді. Синтаксистік зерттеулердегі негізгі мәселе—сөйлем мен сөз тіркесі болды. Сөйлем мүшелерін өзектілігіне қарап талдау принциптері, стилистика және мәтін теориясы дамытылды. Морфология саласында сөздін морфологиялық кұрылымын, грамматикалык категориялардын мәнін, сөзтантарындағы сәзтүрлендіргіш парадигмалардын кұрылымын т.б. зерітеу тілдердін типологиялык ерекшеліктеріне байланысты жүргізілді.

Фонетика мен фонология — тілдін дыбыстык кұрылысынын екі саласы ретінде қарастырылды. Фонология теориясы Л.В.Щерба, Ш.Ф.Яковлев, Р.И.Лванесов, С.И.Берн - штейн т.б. енбектерінде дамытылды. Кеңестік тіл білімі фонологиялык жүйе принииптерін айкындауда психологизмнен бас тартты. Фонема¬нын танымалдық-айырымдық қызмет атқаратынына байланысты тіл жүйесін жасауға қатысты екені айкындалды.

20 г. 2-жартысында структурализм бағыты дами бастады. Тілдін танбалыкжүйесіне негізделген, тіл элементгерінін кұрылымын сипаттап зерттеуде математикалык тәсілдерді колдануға тырысатын бұл бағыт В. Г. Гак, В.А.Звегинцев, Ю.С.Стегіанов т.б. енбектерінде дамытылды Дегенмен, 1970 жж. бастап Кеңестік тіл білімінде структурализмнін ерекше ғылыми көзкарастар жүйесі ретіндегі мәні әлсіреп, жалпы тіл теориясынын құрамында қалатыны анықтала бастады.

Әлеуметтік тіл білімі (социолингвистика) Кеңестік тіл білімінде тілдің коғамдык кызметінін зандылыктары туралы ғылым ретінде пайда болды (В.В.Виноградов, В.М.Жирмунский, Р.О.Шор, Б.А.Ларин, Ю.Д.Дешериев т.б.). Ол — тілдің нормалык теориясын калыптастыру, жазуды ретіне келтіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көптілділік мәселесін, әлеуметтік факторлардын тілге әсерін, тілдің коғамдағы рөлін т.б. зерттеумен шұғылданды.

Сөйлеу процесінің психофизиологиялык механизмін зерттейтін психологиялык тіл білімі бөлініп шыкты (А.А.Леонтьев, А.А.Брудный, И.Н.Горелов т.б.).

1950 ж. бері халык шаруашылығындағы маныздылығына байланысты қолданбалы тіл білімін дамытуға зор мән берілді. Математиктермен, кибернетиктермен бірлесе отырып, ғылым мен техниканың әр саласында акпараттық бағдарламалар жасау, хабарларды өндеудін автомат жүйесін, машиналык кор калыптастыру жүмыстары іске асырылды (Ю. Д. Апресян, Ю. Н. Караулов, А. Н. Колмогоров, 10. Н. Марчук т.б.). Сөйтіп, Кеңестік тіл білімінде кен көлемде теориялык, практикалык зерттеулер жүргізіліп, жоғары маман кадрлар даярланды. Бірақ жоғарыда талданған салаларға байланысты теориялык тұжырымдардын бәрін бірдей тек Кеңестік тіл білімінін жаналығы деп, соған теліп коюға болмайды. Олардын көпшілігі Батыс Еуропа, Америка тіл білімдерінде бұрыннан белгілі. Кеңестік тіл білімінде бұл салалар көп ұлтты КСР0 жағдайында жанаматериалдармен байытылып,дамытылып отырды.[1]

Қазақ тіл білімінің даму кезеңдерінде әсіресе, Қазан төңкерісінен кейінгі онжылдық ерекше аталады. Қазақ әдеби тілінің Кеңес дәуіріндегі дамуын мерзімді баспасөз тілінің негізінде зерттеген С. Исаев: «Совет өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде–ақ көркем шығарма тілінің дамуымен қабат ресми стильдің көрінісі ретінде ғылми шығарма, публицистикалық шығарма, баспасөз тілі өз алдына жеке қалыптасып дами бастады», - деп жаза отырып, мынадай қорытындыға келеді: «Совет дәуіріндегі газет-журнал тілін зерттеудің нәтижесінде жазба тіліміздің бір ізге түсіп, нормалана бастауын да байқай аламыз. Басқасын былай қойғанда, тіпті 1920 жылдардың бас кезі мен аяқ кезіндегі газет-журналдың тілінде біраз айырма байқалады. 20 жылдардың аяқ шенінде баспасөз тілінің екшеленіп, сараланып, қажетсіз элементтерден арыла түскенін көреміз. Әсіресе, «кітаби» тіл дәстүрінің элементтері құлдырап, кеми бастағанын анық байқауға болады».

Кеңес өкіметінің тіл саясатына байланысты алғашқы шаралары Қазақстанның автономиялы республика болып құрылған уақытынан бастап жүзеге аса бастады. Мысалы, Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының 1920 жылдың қазанында өткен І Құрылтайының декларациясында қазақ және басқа ұлт тілдеріне жете мән беру мәселесі талқыланып, соның негізінде «ҚазАКСР-нің мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы» декреті [1, б.57-58] қабылданды.

Кеңестік дәуірдегі тіл саясатын дамыту мәселесін қарастырғанда, қазақ тілін іс жүргізуде қолдану тәжірибесіне назар аудару маңызды. Бұл мәселе бойынша ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары көптеген шаралар ұйымдастырылып, бірқатар тәжірибе жинақталғаны белгілі. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы мен Халық Комиссарлары Кеңесі сол жылдарда конституциялық нормаларға сәйкес қазақ тілінде іс жүргізудің қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесетін бірқатар қаулылар қабылдады: Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпандағы «Қазақ және орыс тілдерін республикалық мемлекеттік мекемелерінде қолдану туралы» декреті [2, б.14], 1923 жылғы 22 қарашадағы «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декреті [2, б. 24] қазақ тілінде іс жүргізудің алғашқы заңды құжаттары болды. Онда КазАКСР территориясында қазақ және орыс тілдерін мемлекеттік тіл ретінде жариялау; мемлекеттік, қоғамдық мекемелер мен ұйымдардың іс-жүргізу жұмыстарында орыс тілімен қатар қазақ тілін енгізу; барлық қаулылар, заңнамалық және үкіметтік актілерді екі тілде қабылдап, жариялауды жүзеге асыру қарастырылды.

1923 жылғы құжаттың негізінде 1924 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қазақ тілінде іс жүргізу Қазақстанның барлық болыстары мен мына уездеріне енгізу көзделді; Ақтөбе губерниясының Адай, Торғай, Шалқар, Темір, Ақтөбе, Ырғыз уездері; Бөкей губеринясының барлық уездері; Орал губерниясының Жымпиты және Гурьев уездері; Семей губеринясының Қарқаралы және Зайсан уездері; Ақмола губерниясының Ақмола, Атбасар уездері. Ал қалған уездер мен губернияларда қазақ тілінде іс жүргізу 1924 жылдың 1 шілдесіне белгіленеді. Декретте Орынбор губерниясы мен оның уездері аталған міндеттен босатылды. Сөйтіп, белгіленген мерзім ішінде Қазақстанның уездік және губерниялық органдары өз аппараттарын қос тілде іс жүргізуге бейімдеулері қажет болды. Аталған шараларды аяқтау уақыты 1925 жылдың қаңтары болып белгіленеді.

Қоғамдағы осындай құбылыстарға сол уақыттағы қазақ зиялылары ерекше алаңдап, оған өз көзқарастарын білдіріп отырды. Солардың бірі М.Дулатов қазақ тілін жүргізетін комиссияның жұмысын бақылау барысында мынадай пікірге келеді [3, б. 330]: «Қазақ тілі мемлекет тілі болды, енді заң-закун, бұйрық-жарлықтың кеңсе істерінің бәрін қазақшаға айналдырамыз деп талпынғанымызға талай жыл, қазақ тілін жүргізу үшін орталықта дербес комиссия да құрылды», - дей келе, осы орталық комиссия мен оның аймақтардағы бөлімдерінің қазақ тілінде іс жүргізу жұмыстарының қалай жүзеге асу барысын тексеріп жатқандығына күмән келтіреді. Сонымен бірге, аталған комиссияның ел арасындағы істерге бақылау жасауды есепке алмағанда, орталық мекемелердің өзінде жүйелі де сапалы жұмыстардың атқарылмай жатқандығын алға тартады.