- •Мазмұны
- •1.1Қазақстандағы тіл дамыту ғылымының дамуы.
- •Мұғалім журналы «Әзірлік сабақтар» (үзінді). Дыбыс.
- •«Жазуға үйрету»
- •«Қол қызметі»
- •Түркістан уаләяты газетінен «Оқу, жазу адамға көп пайдалы»
- •«Балаларды қай оқумен оқыту керек»
- •1.3 Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
- •2.1Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«Қол қызметі»
Көңіл сабағына һәм жазуға үйретумен қатар балаларды аздап-аздап қол қызметіне де үйретуң тиіс. Мәселен: қарындашпен суретсалдыру, балшықтан, қағаздан суреттер жасату секілді. Бұлайша қол қызметтері өздеріне лайық һәм нағыз балаларша болуы керек. Әуелі қысқаша ғана әңгіме болып, сол әңгіменің шенінде айтылған нәрсенің суретін салдыруға бегірек те пайдалы.
Осы әзірлік сабақтарында шәкірттер, мынадай білім алуға тиісті: шәкірттер әңгіме арасында сөздің жолы – тұтас айтылатындығын білсін һәммеде сол сөзді буынға, буындарды дыбыстарға бөліп айтудың да мүмкін екендігіне анық түсінсін, сөздердің бәрі де дыбыстардан құралғандығын балалар анықтап білсін. Шәкірттер өте жеңіл сөздерді буындарға һәм дыбыстарға айырып үйренсін, һәммеде дыбыс таңбалларының (харфтердің) негізіг мүшелерін жазуға қодарын дағдыландырсын. Осы әзірлік сабақтарына балалар мұғалімдердің сөздерін һәм оқыған нәрселерін жақсы көруге, естуге, сурет һәм картинадағы нәрселерді ығтибармен көруге, естіген нәрселерін жақсылап айтып беруге үйренсін һәм әдеттенсін.
Сөдерді буынға, буындарды дыбстарға бөлу туралы болған әзірлік сабақтарымен күніне жарты сағаттан шұғылданғанда 5-6 күнде тәмәм етуге мүмкін. Балалар осылайша жаттықан соң дыбыс таңбаларын – харфтерді көрсетуге тиіс.
Түркістан уаләяты газетінен «Оқу, жазу адамға көп пайдалы»
... Балаға өз тілінше оқытып үйретпек керек, онан соң оны жаздырып үйретпек керек.Бала өз тілінше оқу, жазудың жөн жобасын білген соң, осы жөнмен бүкіл жұрттың жазуын, оқуіын өз ыждаһатымен, я біреудің оқытуымен білейін десе, жолға түскен адамға адаспақ жоқ дегендей жолын көрген сон ыждаһат қылса, біліп кете береді. Балаға әліпбиді таныытп болған соң, оны жаттай жаздырып, одан соң үш, төрт әріпті қостырып оқытып, жаздыру керек. Мысалы, ат, кісі, т.б. осыларды түсіндіріп қайта айтқанда, қиындықсыз-ақ екі-үш айдың ішінде бала оқып және жаза бастаса керек...
Ресей жұртында әр қайда неше медреселер түзетіліп, қанша заманнан бері оқытудың тәртіптерін түзетіп келіп, әлі осы уақытта орыстар өз тілінше оқу, жазуды сондай жылдам біледі. Үш айдың ішінде бала түсініп жазуға кәміл кірісе бастайды. Бұл орысша оқудың оңайлығынан емес, оқытудың мәнісін білгендіктен деп есеп қыламыз.Мұсылман халқы болсын, орыс болсын, жақұт болсын, бәрі де бірі артық, бірі кем емес, әркім оқыса, білсе, өз әліне қарай жұрт арасында орын алып, абыройлы болады.
...Енді біз өзімізден бір-екі ауыз сөз айтайық. Ғалым адамдардың сынап көруі бойынша баланы жас күнінде ұрып үйреткен соң баланың күдері үзіледі. Екінші, баланы қорқақ болуға үйретіп, баланы жалғаншы, өтірікші, айлашы қылып жібереді. Қолға таяқ алып, таяқсыз баланы үйретіп болмайды деп отырған молда қолындағы таяғына сеніп өзге пайдалырақ істі қылғысы келмейді. Күшінің барлығын үйренген таяққа салып отырғанша, оқытып отырған балаларына жақын болып, балаларына сөз айтқанда балалардың сүйегіне жететұғын сөз айтып үйреткен тәуір болмас па еді? Әрине, оқып отырған молдасы балалардың бәріне тең болып отырса керек, баланың бірін кешпей отырса, тағы болмайды, бәріне бірдей болудың өзі – қатты керек іс. Баланы кіші күнінде жақсылықты жақсы көргендіктен үйретсе керек. Екіншіден, жалғыз таяқтан қорықаннан жамандық қылмай, баланың өзі жамандықты жек көргеннен қылмысқа үйретпесе керек. Жас күнінде жақсылық қылуға, жаман іске көңіл қоймасқа баланың ісіне таяқпен зорлық қылмай, аз-аздап кіші күннен үйреткендей болмайды деп ақылды адамдар айтады. Өзіңіз ойлап қарасаңыз баланы кіші күннен таяққа үйреткеннің пайдасы бар ма, таяқ баланың амандығына да, ақылы көбеюіне де залал болады.
