- •Мазмұны
- •1.1Қазақстандағы тіл дамыту ғылымының дамуы.
- •Мұғалім журналы «Әзірлік сабақтар» (үзінді). Дыбыс.
- •«Жазуға үйрету»
- •«Қол қызметі»
- •Түркістан уаләяты газетінен «Оқу, жазу адамға көп пайдалы»
- •«Балаларды қай оқумен оқыту керек»
- •1.3 Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
- •2.1Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мұғалім журналы «Әзірлік сабақтар» (үзінді). Дыбыс.
Балаларды дыбыспен таныстыру үшін үйрету жолы – әдістеме балалармен өзіне айрым әңгімелер құруға қосады. Әдетте балаларды дыбыспен таныстыру үшін бір нәрсеге шақылдатып соғып, яқи қоңыраушылық шырылдатып бір дауыс шығаратын еді. Бұл дыбыстың өте терең һәм жіңішке мағынасы. Бұл мағынамен балаларға дыбысты түсідіру өте қиын һәм ауыр. Жас балаға дыбыстың қайдан шығып неден туындағанын үйретіп жатудың да қажеті жоқ. Баста дыбысты тек үсетн жеңілше ғана балаларға таныстыру жетеді. Сөзді «сөз» атымен үйрекеніміз секілді, дыбысты да тек (дыбыс) атымен балаларға ешбір ауырлық келтірмесен һәм сездірместен үйретуге болады.
Балаларды дыбыспен таныстырған һәммә буындарды дыбыстарға айыртқан уақытта сөздің һәм дыбыстардың толық, дұрыс һәм ашық етіп айтылуына, солардың дұрыс, ашық естілулеріне бегірек те ығтибар ету кркек. Көп уақыт мұғалімдердің өздері де дыбысты көмескі айтып байқаусыздық етеді, дыбысты ашық айыра алмай балалардың көп азап шегуіне себеп болады.
Ең әуелі мұғалім айтылған сөз һақында бірер сұрау қойып, оған балалардың көңілін жібереді де, сөзді ашық етіп естіртіп айтады, соңында балаларға тыңдауға қосады да басқа дыбысты айырым – ашық созып, сөзді қайта айтады, сонңыра басқа дыбыстарыды балалардың өздріне бірнеше рет айтқызады. Бірнеше рет кйтқан соң балалар басқа дыбьсты айырады һәм оның нендей дыбыс екендігін айтып та береді. Осы айтылған жолмен аяқтағы дыбысты да балаларға айырым-ашық етіп түсіндіруге болады.
Буындарды дыбыстарға айыртқан уақытта балалардың өз құлықтарн естіп, жалғыз өз құлақтарының жәрдемімен ғана дыбыстарыд айыра білулеріне өте ығтибар ету керек. Балалар арсында бірінің блмегенін бір сыбырлап айтып жіберу секілді істер болмасын. Ондай іске мұғалім ерік бермеске тиіс.
Буынды дыбыстарға айыруға балаларды дағдыландырумен бірге, дыбыстарды қосып біжола айтуға да оларды үйрету һәм дағдыландыру керек...
Балалар буындағы дыбыстарды айыруға һәм айырып айтуға жаттыққан соң дыбыстарыдң таңбалары (харфтер) мен оларды таныстыра бастау керек... Таңбасын (харфтерді) көрсетпей құр дыбыстың өзімен сабақты ұзайта беру баларды тойдырып жалқауландыру мүмкін. Қолдан клегенше көп кешке қалдырмай дыбыстың таңабларын да балаларға өкрсетіп, сол таңбалар арқылы дыбыстарды олардың қатерлерінде қалдыруға да тырысу керек. Құлағымен естігенін көзімен көру балаға да көңілді һәм жылдам қара танып кету үшін де пайдалы.
«Жазуға үйрету»
Жоғарыда айтылған сабақтарының бәрі де жалғыз әңгіме, сөйлеумен өтіледі. Тұтастан әңгіме құру да балаларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан бастапқы күннен бастап күніне бір сағаттай балаларды жазу қызметіне даярлаумен оздыруға тиіс.
Отырғанда балалардың көкіректері парта тақтасының шетіне тиер-тимес болып түзу тұрсын.Екі қолы шынтағына дейін партаның үстіне қойылған; еі аяғы ілгері созылған болсын. Балалар шынағы қозғалмай жазу жазғандағы секілді тек саусақтарын бүгіп жазып, қолдарының бастарын оңды-солды түрліше қозғап біраз үйренуі керек. Бұдан соң қарындашпен жеңіәл суреттер салу пайдалы. Ең әуелі түрлі дөңгелектер, жылан сықылды иректер, қамшы, сыбыртқы секілді нәрселерді сызады. Бұл саусақтарымен қолдың басын түрліше қозғауға үйретеді. Бұдан соң құрық, бақан, сырық, өре, киіз секілді нәрселерді сызады. Бұл білек һәм қол басының тұтас қозғалып үйренуіне жәрдем етеді. 3 һәм 4 сбаақтарда топай, сөкелек, жапырақ, қалақтар секілді нәрселерді сыздырып үйрету тиіс. Осының бәрінде де шынтақтың бір орныннан қозғалмай жалғыз-ақ саусақтар мен білектің сол шынтақ айналасындағы айналып тұруына бекірек те ығтибар ету керек.
Бұдан соң харфтің негізгі мүшелерін сызыдра бастау керек... Жазуға шұғыл үйрену үшін көшіріп жазу һәм екіншіден үлгі алу бек пайдалы. Мұғалім, жалғыз ауызбен үйрету емес, бәки харфтің қалайша басталып, қалай қарай сызылатынын һәм қалайша аяқталғанын өз қолымен көрсету мұғалімнің міндет: «Балалар, қараңыз, мен қалайша жазамын! Қараңыз, мен қайдан бастаймын! Мен бармақтарымды қалайша бүгемін, қалайша жаздым: менің жазғанымдай етіп бармағыңызбен тақтаға жазып көрсетіңізші! Қазір енді тиісінше партаға отырып, жазуға даярланыңыз: дәптерлеріңізді тиісті орынға қойып, қаламдарыңызды дұрыстап қолға алыңыз! Жарайды енді жаза бастаңыз!» деп айтады.
Қол үйретіс үшін харфтер яки сөздер балаларға бірнеше рет жаздыру тиіс. Жазғанда балалар еш асықпастан, жаздыру тиіс. Жазғанда балалар еш асқпасын, мұғалім күзетші болып, қателескен жерде олардың жәрдеміне әзір тұрсын.
