Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод Курсов ЭЭ-2 каз 19.11.2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
429.06 Кб
Скачать

1.3. Курстық жұмысты орындау бойынша жалпы ережелер

Курстық жұмыс баспа әдісімен компьютерлік техниканы қолданып А4 (297х210 мм) форматты ақ қағаздың бір ғана бетіне, бір интервалмен, 20-25 бет көлемінде орындалуы қажет.

Әріпі – Times New Roman, кегль 14. Курстық жұмыстың түсіндірме жазбасы форматтың шетінің сол жағынан – 25-30 мм, оң жағынан 10 мм, жоғарғы және төменгі жақтарынан – 20 мм қалдырылып басылуы қажет.

Түсіндірме жазбаны тарауларға, пункттерге және пункт астына бөлу қажет. Курстық жүмыс пункттерін бөлу барысында әрбір пункттегі ақпарат аяқталған болуы керек.

Тараулар мен тарау бөлімдерінің атауы болуы керек. Әрбір тараудың атауы сол тараумен бөлімдердің мазмұны мен құрамын нақты әрі қысқа түрде білдіруі керек. Тарау, пункт атауларын абзац қалдыра отырып, үлкен әріппен нүктесіз, астын сызбай жазу керек.

Курстық жұмыс беттерін араб санымен жазбаның барлық бетіне өтпелі нөмірлеуді қолдана отырып, белгілеу қажет. Беттің нөмірі төменгі жағының ортасына салынады.

Титул парағы жалпы нөмірленуге енеді, бірақ парақтың өзіне нөмір қойылмайды. Курстық жұмыстың әрбір құрылымдық элементін (тарауын) жаңа парақтан (беттен) бастау қажет.

Иллюстрацияларды (сызбаларды, графиктерді, сұлбаларды, диаграммаларды) курстық жұмыста, олардың мазмұны жазылған сөйлемінен соң, не болмаса келесі бетке орналастыру қажет. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы керек.

Барлық иллюстрациялар, қосымшалардағы иллюстрациялардан бөлек, араб санымен нөмірленеді, өтпелі санмен «сурет 1» деп белгіленеді. «Сурет» сөзі жолдың ортасына сызықшамен жазылады.

Қолданылған көздерге сілтемелерді тік жақшаман жазу қажет.

Егер тарау бір ғана тарау бөлімінен тұратын болса, онда бөлім нөмірленбейді. Егер тарау бөлімі бір ғана пункттен тұратын болса, онда пункт нөмірленбейді. Егер мәтін пункттерге ғана жіктелетін болса, онда жұмыстың барлық беттерінде реттік нөмірмен белгіленеді.

Пункттер қажетіне орай пункт бөлімдеріне жіктелуі ықтимал, олардың пункт бөлімдері шегінде реттік нөмірлері болады, мысалы, 4.2.1.1; 4.2.2.2 және т.с.с.

Курстық жұмыстың графикалық бөлімін – сызбалар, жоспарлар және кесінділерді белгілі ережелер бойынша орындайды. Біріншіден, КҚБЖ (МЕСТ 2.301-68, МЕСТ 2.309-73 және т.б.) жетекшілік ету қажет. Форматтың қағаздық беттері 594х841мм (формат А1).

Қажет болған жағдайда курстық жұмыс үшін қағаздың форматын үлкейтуге болады: ені бойынша үлкейту 210 мм-ге тең болуы керек, биіктігі бойынша – 297 мм.

Әрбір парақта рама мен негізгі жазу болады. негізгі жазбада келесі мәліметтер болуы тиіс: жұмыстың атауы, сызбаның атауы, масштаб, парақтың реттік нөмірі, жұмыстың жалпы беттер саны, студенттің тегі, аты-жөні, жетекшісінің, кафедра меңгерушісі мен пікір берушінің аты-жөндері. Сонымен қатар жұмыс орындалған күні, айы және жылы тұруы тиіс.

Сызбаларды карандашпен, тушьпен немесе оргтехниканың көмегімен орындауға болады. Мұнда сызбаларды орындаудың ортақ стилі сақталу керек –жұмыстың графикасының барлық беттері немесе карандашпен, немесе тушьпен немесе компьютерлік графиканың көмегімен орындалады.

Жұмыстың графикалық бөлімін орындағанда «Кәсіптік және техникалық оқыту» кафедрасында жасалған әдістемелік нұсқауларды пайдаланған жөн.

Жинақтаушы сызбалар үшін жасап шығарылған затты сипаттайтын құжатты МЕСТ 2.106-68 сәйкес А4 форматының жеке беттерінде әрбір жинақтаушы бірлік үшін жасайды және оларды түсіндірме жазбадағы қосымшаға қосады. Бір рет өндірілетін өнімдер үшін МЕСТ 2.104-68 бойынша орындалатын және негізгі штамптың жоғарысында тұратын жинақтаушы сызбасы бар жасап шығарылған затты сипаттайтын құжатты біріктіруге болады.

Құрылымдық, функционалдық, принциптік және басқа да сұлбаларды рәсімдегенде МЕСТ 2.107-84 талаптарын, диаграммаларды орындағанда - МЕСТ 2.319-81 талаптарын ұстану керек. Конструкторлық жасаулармен байланысты емес плакаттардағы, графикалардағы, сұлбалардағы жазулар КҚБЖ талаптарына сәйкес келмейтін шрифтілермен орындалуына болады. Жазуларды жазғанда трафарет қолдануға болады.

Курстық жұмыстың түсіндірме жазбасын және графикалық бөлімін рәсімдеу кезінде көшіру техникасын пайдалануға болмайды.

Курстық жұмыстың графикалық бөлімінің құрамы тапсырманың міндетіне байланысты болады және жұмыстың жетекшісімен анықталады.

Студенттер курстық жұмысты күнтізбелік жоспарға сай орындаулары керек. Курстық жұмыс орындалып болған соң алдын-ала кафедраға тапсырылады. Тексерілгеннен кейін және оң бағаланғаннан соң комиссия алдында қорғалады, комиссия құрамына жұмыс жетекшісі және кафедрадағы тәжірибелі оқытушылар еңгізіледі. Курстық жұмысты қорғай алмаған студенттер осы пәннің емтиханына жіберілмейді.

Кесте 1.3 - «Жылу техникасы» пәнінен 3 семестрдің күнтізбелік жоспарына сәйкес білім алушылардың курстық жұмысты орындау графигі %

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

5 апта

6 апта

7 апта

8 апта

9 апта

10 апта

11 апта

12 апта

13 апта

14 апта

15 апта

Тапсырманы беру және курстық жұмысты түсіндіру

7

7

7

7

7

7

7

8

8

8

8

9

10

Курстық жұмысты қабылдау