- •Мазмұны
- •1. Жалпы бөлім
- •1.1 Курстық жұмыстың мақсаты және міндеті
- •1.2. Курстық жұмыстың тақырыбына қарай нұсқаулары
- •1.3. Курстық жұмысты орындау бойынша жалпы ережелер
- •1.4 Есептеу түсіндірме жазбаның және графикалық бөлімнің құрылымы және мазмұны
- •Жылыту жүйесінің түрін таңдап алу
- •3. Бөлменің сыртқы қоршаулары арқылы жылу ысырабын анықтау
- •4. Жылыту жүйесінің жылулық қуатын есептеу
- •5. Орталықтандырылған жылыту жүйесінің жылыту аспаптарының қыздыру ауданын есептеп оларды таңдап алу
- •6. Қазандарды таңдап алу
- •7. Курстық жұмысты рәсімдеу және қорғау
- •Қорытынды
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •5В071800 - «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша
- •Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агралы- техникалық университеті
- •Жұмысты орындауға қойылатын талапқа сәйкестігі_______________________________ Тақырыпты баяндау,тәсілі,түсініктілігі__________________________________________
Мазмұны
Кіріспе 3
2. Жылыту жүйесінің түрін таңдап алу 12
3. Бөлменің сыртқы қоршаулары арқылы жылу ысырабын анықтау 15
4. Жылыту жүйесінің жылулық қуатын есептеу 20
5. Орталықтандырылған жылыту жүйесінің жылыту аспаптарының қыздыру ауданын есептеп оларды таңдап алу 23
6. Қазандарды таңдап алу 27
Жұмысты орындауға қойылатын талапқа сәйкестігі_______________________________ 35
Кіріспе
Біздің мемлекетімізде өнеркәсіп пен ауыл шарушылығында қойылатын міндеттерді табысты жүзеге асыру көбінесе инженерлік мәселелерге, соның ішінде энергияны ұтымды пайдаланумен байланысты.
Қалалық және ауылдық территориялардың жалпы энергетикалық балансында жылу энергиясы маңызды роль атқарады. Сондықтан жылумен қамту, жылутехникалық жабдықтарды тиімді пайдалану өнеркәсіп пен ауылшаруашылықты көтеретін маңызды шарттардың бірі болып табылады.
Барлық тұтынатын энергия түрлерінің ішінде жылу энергиясын тұтыну басым болады. Жылу энергиясы технологиялық процестерге, жылытуға, желдетуге және ыстық сумен қамтуға жұмсалады.
Химиялық, мұнай өңдейтін, целлюлоза-қағаз және тағам, былғары, жүн өңдеу - өнеркәсіптің жылусыйымды салалары болып саналады.
Ауыл шаруашылығында жылудың біраз мөлшері жылыту мен желдетуге, мал шаруашылығы мен құс өсіру бөлмелерінде қажетті параметрлерді қамтамасыз етуге, қоймалар мен топырағы қорғалатын құрылыстарға, азық дайындауға, жасанды салқын алуға және т.б нысандарға жұмсалады.
Жылу энергиясының басым бөлігі республикамыздағы қалалар мен ауылдарды жылытуға және оларды ыстық сумен қамтуға жұмсалады.
Өнеркәсіптік нысандарды жылыту мен желдетуге кететін жылудың шығыны бөлмелердің көлеміне, ғимараттың климаттық орналасу аумағына, бөлмелердің атқаратын қызметіне, өндіріс түріне, шығаратын залалды заттардың болуына байланысты.
Ыстық сумен қамтудағы жылу шығыны кәсіпорында жұмыс жасайтын адам санымен және, сонымен қатар, ыстық суды тұтынатын қондырғылар санымен анықталады.
Жоғарыда аталған барлық жағдайларда жылуды тасымалдаумен жылу масса алмасу бірге жүреді. Осы құбылыстар өзара байланысты. Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірістерінің технологиялық процестерінде жылуды тасымалдау заңдарын ашып білу маманға белгіленген процестерді басқарудың үйлесімді әдістерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жылулық процестердің теориясын және энергияның ауысуының негізгі заңдылықтарын игермей жылуды ұтымды пайдалану мүмкін болмайды.
Энергиялық ресурстарды үнемдеу бүгінгі күннің маңызды мәселесі.
Отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуге, өндірістің әртүрлі салаларында дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатаң талап қойылуына байланысты инженер-энергетиктің рөлі артты. Энергетикалық сұрақтар бойынша белгіленген мәселелерді шешу инженерлердің дайындық деңгейіне байланысты.
5В071800-«Электр энергетикасы» мамандығының күндізгі және сырттай бөлімінде оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқауда «Жылу техникасы» пәнінен «Бөлек тұрған өндірістік ғимаратын жылыту жүйесін есептеу» тақырыбы бойынша курстық жұмысты орындауға қажетті жылыту жүйесін есептеу және таңдау тәртібі, ғимараттың сыртқы қоршаулары арқылы жылу шығынын анықтау, қыздырғыш аспаптарды таңдап, олардың қыздыру аудандарын есептеу, сонымен қатар, сол өндіріс ғимаратына тиімді қазандықтарды таңдау әдісі келтірілген.
Әдістемелік нұсқау білім алушыларға теориялық білімдерін тереңдетуге, кеңейтуге және бекітуге, өндірістік ғимараттардың жылу жүйелерін есептегенде тәжірибелік дағды алуға, сонымен бірге өздігінен әдебиет және анықтамалық материалдармен жұмыс жасауға үйретеді.
