Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бала ытары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
826.88 Кб
Скачать

1.2 Балалар құқығын туралы қазақстандық заңнама

Қазақстан Республикасының Президенті -Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтар айындағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында «Балалар-қоғамымыздың ең қауқар және ең қорғалмаған бөлігі»- деп атап өтілді [5].

Мемлекет Қазақстан жерінде туылған әр баланы қорғауға тиіс. 2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда бала құқықтарын бекіту мен қорғауға бағытталған маңызды нормалардан тұратын бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды:

  1. 18 қыркүйек 2009 ж. «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі [6].;

  2. 26 желтоқсан 2011 ж. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі [7].;

  3. 28 қазан 2011 ж. «Жасы он сегізге толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, жасы он сегізге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің жүкті қолмен көтеруінің және алып жүруінің шекті нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы[8].;

  4. 30 наурыз 2012 ж. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы [9].

Конституция-елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олай болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады. Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген. Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345 Заңы 10 тарау, 53 баптан тұрады [10]. 1 тарау. Жалпы ережелер 2 тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат 3 тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері 4 тарау. Бала және отбасы 5 тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары 6 тарау. Мүгедек баланың құқықтары 7 тарау. Бала және қоғам 8 тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау 9 тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері 10 тарау. Қорытынды ережелер