- •Қанағат Қарлығаш Русланқызы
- •Бала құқықтары
- •Мазмұны
- •1 Бала құқықтары халықаралық және ұлттық заңнамада
- •2 Отбасындағы және мектептегі бала құқықтары
- •Аңдатпа
- •Абстракт
- •1 Бала құқықтары халықаралық және ұлттық заңнамада
- •1.1 Бала құқықтарының әлемдік тарихы. Балалар құқығын қорғау саласындағы халықаралық ұйым бұұ-ның Балалар қоры (юнисеф) қызметі.
- •1.2 Балалар құқығын туралы қазақстандық заңнама
- •Бала құқықтары туралы Конвенция
- •2 Отбасындағы және мектептегі бала құқықтары
- •2.1 Отбасындағы бала құқығы
- •2.2 Мектептегі бала құқығы
- •Сауалнамалар сипаты
- •Оқу жылының соңындағы сауалнама
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Бала құқықтары халықаралық және ұлттық заңнамада
1.1 Бала құқықтарының әлемдік тарихы. Балалар құқығын қорғау саласындағы халықаралық ұйым бұұ-ның Балалар қоры (юнисеф) қызметі.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы ұйым әлемде 1919 жылы пайда болды, 1924 жылы – Ұлттар лигасының Женева бала құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданды, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.Балалардың ең абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы бала құқықтарын қорғау мақсатын көздейтін неғұрлым маңызды конвенцияларға қосылды: Бала құқықтары туралы конвенция 1994 жылы бекітілді, 1999 жылы шетелдегі алименттерді өндіріп алу туралы конвенция бекітілді, 2000 жылы-жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас мөлшері туралы конвенция, 2001 жылы-балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама және әскери қақтығыстарға балалардың қатысуына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама, 2002 жылы - Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы МОТ Конвенциясы (Конвенция 182), 2004 жылғы қарашада Қазақстан Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікке пайдалануына қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясына және оған Қорытынды хаттамаға қол қойды.
Адамдардың әрбір ұрпағы өздерінің ұлы қазыналарын, яғни құқықтары мен бостандықтарын әрқашан да белсенді түрде қорғап, сендіру керек. Республикада адам әдет-ғұрпын, құқықтары мен бостандықтарын бағалау әлі де жеткіліксіз. Сондықтан да адам құқықтарын ұлы қазына ретінде тек қана сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде басшылыққа алуға әлі көп уақыт керек. Осы ғылыми жұмысты таңдап алғандағы негізгі мақсатым, халықаралық құқықтағы адам құқығына терең үңіле отырып, қазіргі кезеңдегі айтулы келеңсіздіктер мен олқылықтардың орнын алу жолдарын қарастыра отырып, осы құқықтар мен бостандықтарды қорғауды жүйелі түрде ұйымдастыру үшін қандай мәселелер шешілуі керек екендігін талдадым.
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан» - Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. - Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы. - Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы. - Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ. - Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы. - Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар. - Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы. - Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы. - Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Балалар-қоғамымыздың ең қауқар және ең қорғалмаған бөлігі»,- деді.Мемлекет Қазақстан жерінде туылған әр баланы қорғауға тиіс.Балалар құқығын қорғау саласындағы халықаралық ұйым – БҰҰ-ның Балалар қоры ЮНИСЕФ қызмет. ЮНИСЕФ-бұл БҰҰ-Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры. ЮНИСЕФ қызметінің негізгі мақсаты – балалар құқығын қорғау және әр баланы қауіпсіз, салауатты және бақытты балалық шақ өткізу құқығын қолдау. ЮНИСЕФ атауы (UNICEF — United Nations International Children’s Emergency Fund, балаларға көмек көрсететін халықаралық төтенше қоры) 1946 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Екінші дүниежүзілік соғыс зардабын шеккен балаларға көмек көрсету үшін қор құруды шешкен. Кейіннен Қор БҰҰ Балалар Қоры деп аталып, ЮНИСЕФ аббревиатурасын сақтап қалды. Қазақстандағы ЮНИСЕФ туралы көбірек білуіңізге болады. 1992 жылы ақпан айында БҰҰ-ның Балалар қоры және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық балалар жағдайын бағалау мақсатында жас тәуелсіз республикаға өздерінің алғашқы өкілдіктерін ұйымдастырды [3].
Бұл өкілдік Қазақстандағы ЮНИСЕФ қызметіне бастау болды, ал бірінші жобасы барлық балаларды қызылша және полиомиелиттен иммунизациялау болып өтті. 2007 жылы ЮНИСЕФ өзінің Қазақстан аумағындағы қызметінің 15 жылдығын атап өтті. Кейінгі 15 жыл ішінде ЮНИСЕФ мандаты айтарлықтай өзгерді: вакциналар, дәрі-дәрмектер мен басқа да материалдық көмекті тасымалдаудан біз қоғамдық әлеуметті нығайтуға және отбасы мен балалардың үздік мүддесіне озық әлеуметтік технологияларын еңдіруге көштік. ЮНИСЕФ БҰҰ-ның жүйесіндегі агенттіктерден алғашқы болып еліміздің бұрынғы астанасы Алматыдан көшіп, Қазақстанның жаңа елордасы – Астанада өзінің өкілдіктерін ашты.
Қазір Астанадағы ЮНИСЕФ кеңсесінде 30-ға жуық қызметкерлер, ал Алматыда 5 қызметкерлер жұмыс жасайды. Барлық қызметкерлер – ЮНИСЕФ ісі мен ойына берік, балалар құқығы туралы Конвенцияны жүзеге асыру мақсатын ұстанатын жоғарғы дәрежелі мамандар. 1946 жылы құрылған және қазіргі уақытта 191 елдің мемлекеттік бағдарламалар мен Ұлттық комитеттермен жұмыс істеп жатқан БҰҰ-ның Балалар қоры әр баланың құқығы сақталатын әлемді құруға көмектесетін қозғалтқыш күш болып табылады. Қордың ең озық ойларды жүзеге асыра алатын ел ішіндегі көптеген серіктестеріне және де шешім қабылдауға жауапты азаматтарға әсерін тигізе алатын дүниежүзілік мәртебесі бар. Бұл ЮНИСЕФ-ті өркендеп келе жатқан ұрпақпен жұмыс атқаратын ұйымдармен қатар дүниежүзілік ұйымдар арасында ерекше ұйым етіп көрсетеді.
Қатысушы мемлекеттер әр баланың денсаулығына қауіп төндіретін жұмыстардан қорғау керек. Жұмыс баланың денсаулығына зиян немесе білім алуына кедергі болмау керек. Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған балалардың соғыс қимылдарына тікелей қатыспауын қамтамасыз ету үшін қолдан келген шаралардың бәрін қабылдайды. Қатысушы мемлекеттер кез келген кемсітудің, қиянат көрсету мен қанаудың, азаптаудың немесе қадір-қасиетті қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірлеудің немесе жазалаудың, сондай-ақ қарулы қақтығыстың құрбаны болған баланың жан-тәні мен психологиясын сауықтыруға, оның әлеуметтік реинтеграциялануына септігін тигізетін қажетті шаралардың бәрін қолданады. Мұндай сауықтыру мен реинтеграция баланың денсаулығын, өзіне деген құрметті, қадір-қасиетін қамтамасыз ететін жағдайда жүзеге асырылуға тиіс [4, 99б].
Ерекше бір баптарға 30-бапты жатқызуға болады: «Этникалық, діни немесе тілі жөнінен немесе жергілікті халық адамдары жөнінен азшылық болған мемлекеттерде, сондай-ақ азшылық топқа немесе жергілікті халыққа жататын бала өз тобының басқа мүшелерімен бірге өз мәдениетін пайдалану, өз дінін тұтынып, оның салт-жораларын ұстану»,- деген [1].
