Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бала ытары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
826.88 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы

«Петропавл қаласының білім бөлімі» ММ

Қазақ мектеп- гимназиясы

Қанағат Қарлығаш Русланқызы

9-сынып

Бала құқықтары

Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»

Секциясы: құқықтану

Ғылыми жетекшісі: Бекматова Б.Е.

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

Петропавл, 2016 жыл

Мазмұны

Кіріспе -------------------------------------------------------------------------------------3

1 Бала құқықтары халықаралық және ұлттық заңнамада

1.1 Бала құқықтарының әлемдік тарихы. Балалар құқығын қорғау саласындағы халықаралық ұйым БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қызметі-------------4

1.2 Балалар құқығын туралы қазақстандық заңнама------------------------------7

2 Отбасындағы және мектептегі бала құқықтары

2.1 Отбасындағы бала құқығы--------------------------------------------------------10

2.2 Мектептегі бала құқығы-----------------------------------------------------------13

2.3 Сауалнамалар сипаттамасы-------------------------------------------------------15

Қорытынды-------------------------------------------------------------------------------18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------------------19

Аңдатпа

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

  • Конституцияның 1 бабы 1 тармақшасында ең басты норма тіркелген: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары». Біздің ойымызша, әр баланың өз құқығы мен бостандықтарын білуі және олармен заң арқылы қолдануы өзекті мәселелердің қатарына кіргізуге болады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай бала құқығы мәселесін көтеру оқушылардың арасында ең көп қызықтыратын тақырыптарының бірі. Жалпы, адам құқықтары мәселелерін зерттеудің бірнеше қырлары бар екенің біле отырып, оның ішінде бала құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында және қоғамда қалай дамыған деген сұраққа ізденіс жұмыс жасап отырмыз..

Зерттеу жұмысының мақсаты:

  • Балалардың құқықтары туралы заңнаманы қарастырып, ең басты құқықтарды ашып көрсету және сипаттау.

  • Жастардың бойында азаматтық құндылықтар мен міндеттерді қалыптастырудың алғы шарты адам құқығына байланысты, сондықтан қазіргі уақытта әр бала өзінің құқықтарын жақсы білсе, өмірдегі көптеген мәселелердің шешу жолдарын табуға үйренеді.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы Ата заңы Конституциямен танысу;

  • Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамызда № 345 «Бала құқықтары туралы» Заңындағы негізгі бала құқықтарына ерекше назар аудару;

  • «Бала құқығы туралы» халықаралық Конвенцияда бала құқықтары туралы нормаларды қарастырып, біздің заңдармен салыстыру;

  • «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбындағы сауалнама арқылы оқушылардың ой-пікірлерін талдау.

Зерттеу жұмысының методологиясы мен әдістемесі:

  • Анализ және синтез, жүйелендіру әдісі, сауалнама, қорытындылау.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шеңбері:

Аталған жоба тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі адам құқығына

байланысты шыққан Заңдар негізінде жазылды.

Зерттеу жұмысының жаңалығы:

  • Жаһандану жағдайында оқушыларға қазақстандық патриоттық тәрбие беруде бала құқығы Конвенциясының ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылды.

  • Заңдардың құқықтық нормаларының мазмұны мен қолданылуы жолдарында оқушылардың және жеке өзімнің құқықтарымды белгіледім.

  • “Балалар құқықтары туралы пирамиданы” және факультативтік бағдарламаны тәжірибелік қолданысқа ұсынамын.