- •Қызылорда, 2016 Пәннің мақсаты мен міндеттері
- •Пәннің құрылымы мен мазмұны
- •1 Модуль салалық журналистиканың қалыптасуы, дамуы
- •Эссенің тақырыбы ашылған жағдайда 100 балл қойылады.
- •Ө.Жолымбетов, н.Жүнісбай шығармашылығындағы спорт тақырыбы
- •«Қазақ спорты», «Спорт» басылымдарының ерекшеліктері
- •10 Беттен кем емес Жастарға арналған спорт тақырыбындағы талапқа сай журнал шығарылған жағдайда 100 балл қойылады.
- •2 Модуль салалық журналистиканың өзіндік ерекшелігі
- •3 Модуль салалық журналистиканың негізгі мәселелері
- •Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы
- •Экологияның түрлері
- •Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті
Экологияның түрлері
Теориялық экология — тірі ағзалардың әр түрлі құрылымдық деңгейлерінің жалпы зандылықтарын зерттейді.
Іргелі экология — биосферадағы тірі азғалар мен сыртқы орта жағдайларының адамның іс-әрекеттері арқылы бүлінуін, оларды болдырмау және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану жолдарын зерттейді.
Жаңа ғылым салалары
Әлеуметтік экология — табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын "табиғат + адам + қоғам" жүйесі негізінде зерттейді.
Өнеркәсіптік экология — өнеркәсіптік нысандардың тірі ағзаларға және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді.
Геоэкология — жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі азғалармен қарым-қатынасын зерттейді.
Ауыл шаруашылығы экологиясы — ауыл шаруашылығы салаларының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын агроценоздардың даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының бір-біріне әсерін зерттейді.
Ғаламдық экология — биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алу, т.б.
Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті
Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті — биосфераның құрамды бөлігі ретінде адамзат қоғамының табиғатпен өзара карым-қатынасының үйлесімділігін сақтауға негізделген ғылыми теорияларды дамыту.Тіршілік өрісінің маңызды қыры климат және топография секілді фақторлармен катар шеқтеулі аумақ немесе басқа ресурстар үшін бәсеке күресіне түсе алатын басқа тұрлердің болуы. Сонымен бірге экологияның кезек күттірмейтін іргелі міндеттері мыналар:
а) табиғат байлықтарының қорын азайтпай-ак экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету;
ә) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерінің экологиялық негіздерін жетілдіре түсу;
б) экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шығару;
в) табиғатты пайдалануды басқарудың ұйымдастыру-құкықтық мәселелерін дұрыс шешу;
г) әлеуметтік-экологиялық болжаулардың әдістерін дамыта түсу
Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына тікелей әсер ететін және оның зардаптарын жоюға негіз қалайтын басты фактордың бірі – экономика. Өнеркәсіп технологиясының жетілу деңгейі төмен, отарлық жүйеден енді құтылып, тәуелсіз экономика құруға бет алған мемлекет- тер өндірістік мұқтажды бірінші орынға қойып, қалайда экономикалық дербестікке қол жеткізуге ұмтылған кезеңде экологиялық қауіпсіздік шаралары ескеріле бермейді. Сондықтан да, қашан белгілі бір даму деңгейіне жеткен- ше қоршаған ортаның табиғаты өзгеріп, түрлі қауіпті жағдайлар қалыптасады. Ең соңында ол мәселелер қордалынып келіп, үлкен табиғи зардап көзіне айналады. Тек экономикалық даму үрдісі тұрақтанған тұста ғана экологиялық мәселеге назар аударуға мүмкіндігі туады. Міне, тура осындай эконмикалық-эко- логиялық күйзелісті Қазақстан да басынан кешірді. Күйреген империяның күлтөбесі- нен көтерілген Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретіндегі «социалистік жоспарлы эконмикадан» – нарықтық экономикаға көшті. Экономикалық құлдыраудан экономикалық өсу мен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығына жету барысында «тар жол, тайғақ кешуден» өтті. Инновациялық дамуға бейімделген аралас экономиканы қалыптастыруға бет алды. Қазақстан өзінің экономикалық саясатын әлемдік тәжірибиеге сүйене отырып құрды.
Соның нәтижесінде ТМД елдерінің ішінде бірінші боп «ашық нарықтық экономикаға көшкен мемлекет» статусын алды. Әлемдік экономикалық дағдарысқа қара- мастан Қазақстанның экономикалық өрлеу қарқыны 2008 жылы – 3,3%, 2009 жылы – 1,2%, 2010 жылы – 7,3%, ал, 2011 жылдың қаңтар- қараша айларының нәтижесі бойынша – 7,5% құрады[1]. 2011 жылы алғаш рет – 28,5 млн. тонна егін өнімі жиналды. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады. Әлем экономикасының рецес- сиясы мен шикізат бағасының төмендеуі жағдайында жоғарыда аталған көрсеткіштер қазақстандық экономиканың және қаржылық сектордың тұрақтылығын, даму жолының дұрыс таңдалғандығын дәлелдейді. Үкіметтің шешімі бойынша басты 5 бағыт белгіленіп, Ұлттық қордан 10 млрд. доллар қаржы мынадай мөлшерде бөлінді.
1) Қаржылық секторды тұрақтандыруға және банктерді қолдау үшін – 4 млрд. доллар (480 млрд. теңге), немесе бар тұрақтандыру сомасының 40%;
2) Тұрғын үй секторын дамытуға – 3 млрд. доллар (360 млрд. теңге), немесе 30%;
3) Шағын және орташа бизнесті қолдауға – 1 млрд. доллар (120 млрд. теңге), не- месе 10%;
4) Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға – 1 млрд. доллар (120 млрд. теңге), немесе 10%;
5) Инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларға – 1 млрд. доллар (120 млрд. теңге), немесе 10%. Экономиканы және оның нақты сектор- ларын тұрақтандыруға арналған бұл шара- лар, негізінен, тактикалық жоспар бойын- ша, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына тиімді ықпал етуі тиіс. Халықаралық қаржы корпорациясы мен Дүниежүзілік банктің өткен жылғы 20 қазанда басылып шыққан Doing Business – 2012 мәлімдемесінде Қазақстан 58 орыннан көтеріліп, 2011 жылдың рейтингі бойынша 183 елдің ішінде 47-орынды иеленді. Бұл мәліметтерді зерттеу, тақырыбымыздағы мәселелерді шешуге тікелей қатысы бол- ғандықтан да маңызды. Яғни, даму жолы- на түскен экономика ғана экологиялық про- блемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Ал, Қазақстанның қазіргі кезеңде сондай дәрежеге жеткеніне назар аудару қажет. Сондықтан да қордаланып қалған, апаттық жағдайға бет алған, өнеркәсіп орындары шоғырланған үлкен қалалардағы (мысалы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, Павлодар), соның ішінде Алматыдағы экологиялық жағдайды реттеуге мемлекеттің күші толық жетеді және оған шұғыл кірісу керек – деген ұстанымымызды жеткізу, мақаланың мақсаты екенін ескеру қажет. Бұл ретте, сол жинақталған экологиялық зардаптардың «көзі» мен түпкі себеп-салда- рын, оның қоршаған ортаға, адамға келтіретін зиянының деңгейін анықтау, ол мәліметтерді қоғам мүшелеріне жеткізу, оны жоюдың жолдары туралы мамандардың пікірлерін талқыға ұсыну – баспасөздің тікелей міндетіне жатады. Әлемдік тәжірибелерге жүгінсек, ақпарат құралдары қалыптастырған қоғамдық пікірлер экологиялық мәселелерді шешуде жетекші орын алады.
Баспасөзде көтерілген проблема- лар жұртшылықтың пікірін тоғыстырып, түрлі қоғамдық қозғалыстар құруға алып келеді. Мысалы, Қазақстандағы халықаралық деңгейге көтерілген «Семей-Невада», «Арал», «Табиғат» қоғамдары соған дәлел.
Экологиялық тақырыпқа әр қазақ басылымы белсенді түрде атсалысып келеді. «Егеменді Қазақстан», «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті», «Түркістан», «Айқын», «Алматы ақшамы» т.б. ресми газеттерде жалпылама тақырыптармен тұрақты түрде проблемалық мақалалар мен ғылыми мақалалар, репортаждар беріліп тұрды. Ал сексенінші жылдардың аяғы мен тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысында «Семей – Невада» халықаралық халықтық қозғалысы шығарып тұрған «Аманат» газетінде Семейдегі Дегелең және Батыс Қазақстандағы Азғыр атом полигондарының экологиялық апатқа әкелген зардаптары ба- рынша батыл жазылды.
12-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Экожурналистиканың өзіндік ерекшеліктері
12.1 Арал проблемасы және БАҚ
12.2Семей полигоны мерзімді басылымдарда
13-ЛЕКЦИЯ
Салалық журналистикадағы медицина тақырыбы
13.1.Медицина саласы аудиториясының жалпы сипаты.
13.2Аталмыш саладағы ақпараттың тыңдарман, оқырман, көрермен талабына әсер етуші факторлары.
13.3.Медицина саласын жазу мен көрсетудегі аудиториямен байланыс.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Бекниязов Т. Журналистің шығармашылық шеберлігі. Алматы, 2008.
Икиманова Г.К. Емдік гимнастика. Алматы, 2001.
Мустафина Т.К. Спорттық медицина. Оқулық. А., 1997.
Нұрмұхамбетұлы Ә.Н. Патофизиология. Алматы, 2007.
Попов С.Н. Лечебная физическая культура. М., 1988.
Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. Алматы, 2005.
Еліміз тәуелсіздік алғанымен, тіліміз толық тәуелсіздік алған жоқ, әлі күнге орыс тіліне «тәуелді» аударма тіл болып тұр. Қазақ тіліне орыс тілінен құрылымдық интервенция күшейіп барады. Әсіресе компьютерлік аударма қазақ тілінің құрылымын бұзып жатыр.
Орыс халқының көрнекті гигиенист-ғалымы А.П.Доброславин дәрігер-ғалым С.П.Боткиннің орыс тіліне, ғылымына сіңірген еңбегі туралы былай деп жазыпты: «Было время, когда мы были принижены в науке, забиты, когда черпали свои знания исключительно из переводных немецких сочинений, когда самостоятельная деятельность в науке русских людей почиталась почти чем-то ненормальным. Впетербургских больницах среди их врачей слышалась только немецкая речь. Более того документы больничного делопроизводства, следовательно документы административного характера, идущие к отчетности учреждений русского государства, велись на немецком языке». Дәл осындай тілдік ахуалдан Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы шыға алмай келеді. Бұл жерде А.П.Доброславин С.П.Боткиннің дәрістері, идеялары орыс ғалымдарының «бізге ондай болу қайда?» деген құлдық психологиядан шығуына, орыс дәрігерлерінің рухын көтеруге, медицина терминдерін орыстілді етуге зор үлес қосты деп атап көрсетіп отыр. Орыс ғылымының тілі жүздеген жылдар бойы дамыды, орыс халқының патриот ғалымдары оның бір жүйеге келуіне тер төгіп, үлес қосты.
Қазіргі ғылыми қазақ тілі даму үстінде. Терминологияның дамуына, қалыптасуына ықпал ететін, бастамашы болатын – әр саланың ғалымдары. Ғылыми терминдер – кірпіштер. Кез келген ғылыми мәтіндер – сол кірпіштерден қиюластырып қаланатын қабырғалар. Кірпіштері кетік, қисық, сынық болса, стандартталған қалыппен құйылмаса, қабырғаның түзу қаланбайтыны белгілі.
ХХ ғасырдың басында қазақ тілі мен грамматикасына бір өзі «Тіл академиясындай» еңбек етіп, үлес қосқан ана тілі білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы денсаулық сақтау саласына қатысты бір мақаласында мынадай пікір жазыпты: «Ауру – денеге зарарлы нәрселерден болатын бүліншілік. Ол зарарлы нәрселерді микроб дейді. Микроб денеге орнап, көбейе бастаса, тәнге зарар келтіре бастайды. Тәннің қалыпты істеп тұрған істерін бұзып, бүлдіріп, денеге зарарлы улар жая бастайды» (1913ж.). Тағы бір мақаласында: «Тән мен жан сабақтас, екеуі бірінен-бірі айырғысыз. Тәнсіз жан жоқ, жансыз тән тұра алмайды. Тән кемшілігі жанға білінеді, жан кемшілігі тәнге білінеді» (1922 ж.). Ақаңның қазақша жатық тілмен күрделі құбылыстарды ұғындыру шеберлігіне таң қаламыз. «Зарарлы», «бүліншілік» деген сөздері ұғымдық терминнің жүгін көтеруге сұранып-ақ тұр. «Микроб» деген шетелдік атау сөзден де қашпайды.
Ал біздің бүгінгі дәрігер-ғалымдарымыздың қазақша жазған оқу құралдарынан мысал келтіріп салыстырайықшы: «Әйелдің көкірегінде екі омырауы болады, сүт өндіруге жауапты екі мүшесі. Олар әйелге тән өте тартымды келеді». Біріншіден, бұл аударма сөйлем екені көрініп тұр. Екіншіден, осы сөйлем қазақша сөйлеп тұр ма? Сүт өндіретін ағзаны (органды) ауызекі сөйлегенде кейде «кеуде», «омырау» деп астарлап, ауыспалы атаулармен айта береді, бірақ бұл ағзаның нақты терминдік атауы емшек қой. Емшек сөзін анайы (боғауыз) сөздер тобына жатқызатын «ұялшақ» аудармашылар Бердібек Соқпақбаевтың шығармасында – "Әйелдер емшектегі балаларын ала келіп, жыласа омырауларын жарқыратып ашып емізіп отырғанын көресің," – деп жазғанын оқысын. Ә.Тәжібаев ақынымыздың «Сырдария» өлеңінде де: «Емшегіңнен сүт кетпепті жетсең-дағы жасыңа» дейтін жолдар кездеседі... Медициналық ғылым тілі үшін омырау басқа, емшек басқа, сол сияқты көкірек (грудная клетка), кеуде (грудь) – екі түрлі аймақ. Орган – мүше емес, ол – ағза, ал мүше – член. Әлі күнге орган сөзін организммен шатастырып жүрміз. Жалпы -изм қосымшасымен, -логия сияқты тіркеспен аяқталатын ұғымдық терминдердің бәрін қазақшалаймыз деген әрекет дұрыс емес. Мысалы, гинекология терминін аударып – тану тіркесімен қосып жазсақ не болмақ? Қазақ тілінде «әлеуметтану», «табиғаттану» деген сөздер бар ғой дейтіндердің уәжі солқылдақ. Мысалы, «Травматологияны» – жарақаттану деп аударсақ, «травматизм» – жарақаттанушылық болар еді. Сондажарақаттану жарақаттарды зерттейтін ғылым ба, әлде жарақат алып қалуға қатысты сөз бе? Бір оқу құралынан «Нижние и верхние конечности имеют по пять пальцев» деген қарапайым сөйлемнің «Аяқ пен қолда бес саусақтар болады» - деп аударылғанын көрдік. Орыстар үшін аяқта да, қолда да «пальцы», қазақ үшін қолда – саусақтар, аяқта – бақайлар. Мүше атауларын ажырата алмау былай тұрсын қазақ тілінің грамматикасын бұзып, «...бес саусақтар болады» деп оқулық жазатындар да бар. Мұның барлығы қазіргі БАҚ-та көрініс таып жатырғандығы да қынжылтады.
Өз саласының білгір маманы болғанмен, сол саланың проблемаларын қазақша жатық тілмен жазатын мамандар өте аз. Көбісі «калька» аударма. Жүз жылғы орыс тілінің әсерінен шалақазақтанып кеткен мамандарымыздың пайдаланатыны қазақша Орфографиялық сөздік (Алматы, 2007). Сол сөздікте ит тіс, күрек тіс, азу тіс, мойын омыртқа, ауыз омыртқа, тоқпан жілік, ортан жілік, кәрі жілік, бас сүйек т.с.с., бәрі бөлек жазылған. Ал біз үшін, бұл атаулар бірге жазылғаны керек. Мысалы, медицина үшін бас сүйек – главная (головная) кость, ал бас сүйегі дейін десең, кость головы болып кетеді, бізге керегі бассүйек деп бірге жазу, демек черепатауының баламасы керек.
Медицинаға, ветеринарияға, биологияға, биохимияға және т.б. ғылымдар саласына ортақ терминдер көп. Өкініштісі соларды әр саланың ғалымдары әртүрлі аударып қолдана береді. Мысалы: клетка, торша, жасуша немесе ткань, тін, тоқыма және т.с.с.
Дүниежүзінде тілдік айналымда жүрген бірнеше жүз мыңдаған медицинаға қатысты терминдер бар. Медицинамен шектесіп жатқан білім салаларының терминдерін есепке алмағанның өзінде тек медицинаның ғана сөздік қорында қанша сөз бар екенін дөп басып айту өте қиын.
Соңғы ғылыми жаңалықтармен байланысты терминдердің қосылуы өте қарқынды жүріп жатыр. Жыл сайын медициналық лексикамызға жүздеген жаңа атаулар қосылады. Олардың ішінде өзге тілдерден, әсіресе ағылшын тілінен енген сөздер көп. Дүниежүзінде басылып шығатын медициналық ғылыми еңбектердің 60%-дан астамы ағылшын тілінде жазылады.
Стедманның ағылшынша көлемді медициналық сөздігі 90 000-ға жуық жетекші (түбірлік) терминдерді қамтыған. М. Н. Чернявскийдің деректеріне қарағанда неміс тіліндегі медициналық сөздікте 250 000-ға жуық жетекші термин бар екен, ал французша медициналық сөздіктегі терминдер саны 200 000. Қазіргі кездегі орысша әдеби тілдің 17 томдық сөздігінде 120 000 сөз бар екен.
«Энциклопедический словарь медицинских терминов» (1982-1984ж) 60 000-ға жуық терминді қамтыған. 1975 жылы шыққан Русско-английский медицинский словарь 50 000-ға жуық термин берген, ал кейінірек 2001 жылы шыққан «Большой русско-английский медицинский словарь» 70 000-ға жуық терминді қамтыған.
Кез келген салалық сөздіктер өзіне тән терминдерінің саны жағынан да, кәсіби лексикасының ұғымдық саналуандығы жағынан да медициналық сөздікпен теңесе алмайды деуге болады. Себебі медицинаның салалары өте көп және әр саланың өзіне тән терминдері бар. Мысалы, адам организмінің қалыпты жағдайдағы морфологиялық құрылымдарына, ондағы процестерге және аурудың даму сатыларына, ауырлық дәрежесіне байланысты атаулар; атаулардың белгілеріне (симптомдар, синдромдар); аурулардың қоздырғыштары мен ауру тасымалдаушыларына қатысты атаулар; қоршаған ортаның адам организміне жағымды немесе зиянды әсер ететін факторларына қатысты атаулар; гигиеналық, санитариялық-эпидемиологиялық атаулар; терапиялық атаулардың диагностикасына, профилактикасына, емдеу әдістеріне қатысты атаулар; хирургиялық операцияларға қатысты атаулар; медициналық аппараттардың, құралдардың және басқа да техникалық құрылғылар мен жабдықтардың, медициналық арнайы жиһаздардың атаулары; дәрілік заттар, қосылыстар, олардың фармакологиялық әсеріне қатысты сөздер; дәрілік өсімдіктердің атаулары, тағысын тағылар.
Бір ғана анатомиялық және гистологиялық атаулар тізімінде 10 000-нан астам термин бар. Ағзалардың тек қана функциясын сипаттайтын сөздер саны 20 000-нан артық. Зерттеу әдістеріне, емдеу әрекеттеріне қатысты 40 000-ға жуық сөз бар. Тек ауру атаулары 10 300-ге жуық. Қойылатын диагноздардың түрі – 30 000. Симптомдардың бірнеше он мыңдаған атаулары бар. Бір ғана онкологиялық терминдер саны қазіргі кезде 35 000-ға жетті. Сонымен қатар терминдік қызмет атқаратын сан алуан ғылыми ұғымдар бар. Мысалы, процесс – үдеріс,тенденция – үрдіс, явление – құбылыс, вещь – зат, вещество – заттек, свойство – қасиет, качество – сапа, сущность – мән, т.с.с.
Ғылыми ұғымдық терминнің лексикалық мағынасы оның дефинициясымен, яғни энциклопедиялық және түсіндірмелік анықтамасымен сәйкес келеді. Терминдер көп жағдайда зат есім түрінде болады немесе жетекші сөзі зат есім болып келетін сөз тіркесінен тұрады. Етістік сөздер де термин бола алады, себебі белгілі бір ғылым саласына тән процестерді бейнелейді, мысалы, пальпация – пальпировать – пальпациялау, протезировать – протездеу және т.б.
Ғылыми терминдер эволюциялық жолмен дамып, тіпті мазмұндық жағынан түбегейлі өзгеріп кетуі де мүмкін, бірақ негізінен өміршең келеді. Терминдердің түп төркініне, этимологиясына үңілмейтіндігімізден селкеу сөз, олақ аударма оқулықтар көбейіп барады. Өзге тілдерден аударылған материалдарды оқу барысында қабылдаушыға тілдік-стильдік кедергілер кездеспеуі қажет, демек қабылдаушының ұлттық ерекшеліктері ескерілуге тиіс. БАҚ-тың да осыны түсінетін уақыты жетті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақ тілі – ғажап тіл. Тек оны насихаттай білуіміз керек, оқыта білуіміз керек. Ғажап тілді азап тіл сияқты етіп көрсететін оқулықтардан құтылуымыз керек», – деген сөзін жадымызда ұстауымыз қажет сияқты.
13-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Адам экологиясы және баспасөз
13.1Медицина тақырыбындағы материалдардың жанрлық ерекшелігі
13.2 Медицина саласындағы материалдардың тақырыптық ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Медицинаға, ветеринарияға, биологияға, биохимияға және т.б. ғылымдар саласына ортақ терминдермен танысып, осы саладағы материалдардың жанрлық, тілдік-стильдік ерекшеліктеріне талдау жасалады.Обыр, туберкулез, бала өліміне қатысты материалдар талданады.
Сабақ барысында талданатын сұрақтар:
«Денсаулық» журналының тарихы мен бүгінгі деңгейі
Денсаулық саласындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
Мақала, проблемалық мақала, репортаж, сұхбат жанрындағы медицина саласына байланысты өңірлік басылымдардың материалдарына талдау жасаңыз
14-ЛЕКЦИЯ
Салалық журналистиканың ақпараттық қауіпсіздікті сақтаудағы өзіндік рөлі
14.1.Мерзімді басылымдардың мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі орны.
14.2.Электронды ақпарат құралдарының ақпараттық-насихаттық рөлі.
14.3.Әлеуметтік желілердегі ақпарат шынайылығы және қоғаммен байланыс.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Тұрсын Қ. Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары. Алматы, Білім, 2006.
Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики. М.: МГУ, 1995.
Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы: Қазақ Университеті, 1998.
Амандосов Т.С. Публицистика – дәуір үні. Алматы: Қазақстан, 1974.
Омашев Н. Радиожурналистика. Алматы: Экономика, 2005.
Қазыбаев К. Ақиқатқа ар керек. Алматы: Қазақстан, 1989.
Кузнецов Г.В, Цвик В.Л. Телевизионная журналистика. М.: МГУ, 1994.
Қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары – төртінші билік деген ұғым қалыптасқан. Оның негізі жоқ емес. Бұқаралық ақпарат құралдарының басты қаруы – қоғамдық пікір. Мемлекеттік деңгейден бастап жекебастық мәселелер алдымен теледидар мен газетте жарияланып, кейіннен шешімін табатындығының күнделікті куәсі болып жүрміз. Бұқаралық ақпарат құралдары әділдік пен шыншылдықтың жақтаушысы ретінде қабылданады. Мұның сыры неде? Ең бастысы – журналистердің қоғамда қалыптасқан имиджінде, азаматтық ұстанымында. Әрине, БАҚ тарапынан қолдан жасалған шабуылдар мен «қара пиарлар» туралы әңгіме басқа. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны мен маңызын Ахмет Байтұрсыновтан асырып ешкім айтқан жоқ: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Көзсіз, құлақсыз, тілсіз адамның өмір сүруінде мән жоқ сияқты, қоғамның да онсыз тіршілігі қараң. Сондықтан БАҚ төртінші билік қана емес, басты қажеттілік!
Кеңес Одағы тұсында Лениннің: «Баспасөз – үгітші, насихатшы, ұйымдастырушы» деген қағидасы басшылыққа алынатын. Бірақ кімді, нені насихаттап, үгіттейтіні ашық айтылмаған. Біз оның жауабын «Партияны құру үшін жалпыорыстық «Искра» газетін ашу керек. Ол партияның үгітші, насхатшы, ұйымдастырушы қызметін атқарады» деген сөзінен таптық. Яғни ол партияның ғана құралы болған, функциясы сонымен шектелген.
Бұқаралық ақпарат құралдары шын мәніндегі демократиялық идея кезінде ғана төртінші билікке көтеріледі. Қазір Қазақстанда демократия салтанат құрған деп айту қиын. Сондықтан баспасөз кейде бірінші билікке де шығып кетеді, кейде билікке киліге алмай қалуы да мүмкін. Кейде төртінші билікке тұрақтайды. Оның негізгі заңдылығы былай ғой: заңды шығарушылар – бірінші, оны атқарушылар – екінші, сот – үшінші, қоғамдық пікірді бастаушы баспасөз – төртінші билік. Шын мәніндегі демократиялық елдерде солай болуға тиіс. Ондай елдер тым аз. Ресейде 1991 жылғы, 1993 жылғы көтерілістер кезінде неге алдымен Останкиноны қоршап алды? Осы жай біздің журналистерді немесе басқаларды ойландырды ма? Өйткені ол ел шын мәніндегі демократиялық ел емес. Себебі қалың бұқарамен байланыс орталығы Останкино екенін анархиялық билікшілер біледі. Бұл жерде журналистика бірінші билікке шығып кетіп отыр. Міне, мына билік құлады деп ақпаратты тарата қоюға Останкино телеорталығы керек болды. Бұл жерде Парламент Үйі де, Министрлер Кабинеті де оның көлеңкесінде қалды. Шын демократиялық ел болса, билік иесі мынау деп заң шығару арқылы куәландырар еді. Әрі Заң Президентке де, халыққа да ортақ бірінші билік болар еді. Көтерілісшілер Останкиноны басып алып, міне, билік иесі бізбіз деген хабар тарату арқылы билік жүргізгілері келді. Әр елде билік әр түрлі. Бір елде әскер күші басым, бір елде Президенттік билік бар. Бір елде шындығында Парламент, заң шығарушы орган билікте. Болгарияда, Швецияда бөлек. Бізде Президенттің өзі айтқан: қазір даму жолына түсіп, әбден қалыптасып алғанша Президенттік билік керек, - деп. Ол, әрине, дәлелді. Біз егеменді ел боламыз десек, ақпараттық кеңістігіміздің қауіпсіздігін қызғыштай қорып сақтауымыз керек. Онсыз тәуелсіз мемлекет, егеменді ел болу қиын. Бұл – ақиқат.
Қазір әлемдік ақпарат құралдарына қатысты "ақпараттың еркін ағымы ("свободный поток информации") деген теория дәуірлеп тұр. Ол қағиданың тоқ етері мынаған саяды: "Адам баласы – жарық дүниенің иесі. Сол себепті ол әлемдегі жаңалық атаулыдан хабардар болуы керек. Сондықтан ақпаратқа шекара қойылмауы тиіс". Бір қарағанда бұл теорияда мін жоқ секілді. Бірақ, сол ақпаратты таратуда жер шарындағы барлық елдің мүмкіндігі бірдей ме? Осы жағы бізді ойлантуы тиіс. Бұл тұжырым шындығында адамзатқа деген шынайы қамқорлықтан туған ба, әлде көкейінде өзге де пиғылы барлардың ойлап тапқаны ма? Мысалы, АҚШ пен Ауғанстанның, Ресей мен Чешенстанның ақпаратын өзге елге таратудағы мүмкіндігі бірдей емес қой. Тіпті салыстыруға келмейді. Осы жерде дүние жүзіне белгілі қолбасшы Наполеон Бонопарттың: «Төрт жүз мылтықтан төрт баспасөздің күші артық» деген қанатты сөзі еріксіз ойға оралады. Яғни ол әскербасы бола тұра қару-жарақтың күшінен бұқаралаық ақпарат құралдарының күшін 100 есе артық деп бағалап отыр. Олай болса алпауыт елдердің әртүрлі пиғылдағы ақпарат құралдарының басқа елге баса-көктеп еніп, жүргізіп отырған жұмысын қалай бағалауға болады? Оның үстіне өзге елге тікелей соғыс ашып, материалдық үлкен шығынға ұшырап, жауынгерлерінен айырылып, халықаралық қауымдастықтардың наразылығына қалудан гөрі, аз шығын жұмсап, көзге анық көріне бермейтін идеологиялық соғыс арқылы басып алу әлдеқайда тиімді емес пе.
Сонау 1960-жылдардағы Чехословакия мемлекетінің іргесін шайқалтқан жағдайды, немесе 1970-жылдардағы Чилидегі төңкерісті, сол сияқты, 1980 жылдардағы Польшадағы қоғамдық өзгерістердің қай-қайсысы да мемлекеттің БАҚ құралдарынан ажырап қалуынан болған. Олар өзге елді былай қойғанда өз елдерінің ақпарат құралдары қарсылығына тап болған. Сонда Чили президенті Сальвадор Альенде: "Мені тақтан тайдырған әскерилер емес. Менің қолымнан бұқаралық ақпарат құралдары кетіп қалды ғой. Түбіме жеткен солар", - деп еңірегенде етегі жасқа толған еді.
Атышулы американдық идеолог Збигнев Бзежинский жетпісінші жылдардың соңына қарай Польшаға жиі ұшып келіп, сол елдің бұқаралық ақпарат құралдарын өз мақсатына еркін пайдаланды. Ешқандай тосқауылсыз жүргізілген осындай БАҚ-тың қарсылығы әсерінен армияның күш-қуатына сенген социалистік Польшаның қалай құлағаны тарихтан белгілі. Бұдан шығар қорытынды – егер ақпарат құралдарының алар орны мен арқарар қызметінің мәнін толық бағаламайтын болсақ, оның аса нәзік тұстары мен әрі өте күрделі құрылымын жете игермесек, қиын тосқауылдарға кезігеріміз анық.
Демократияға берілген көптеген анықтамалар ішінде Англияның премьер-министрі болған Уинстон Черчилльдің мына сөзі айрықша орын алады: "Демократияның көптеген кемшіліктері бар екендігін мойындай отырып, бір ғана артықшылығын ескерте кеткен жөн. Ол артықшылық мынада: бүгінге дейін ешкім де демократиядан асып түсетін ештеңе ойлап тапқан жоқ". Не нәрсенің болсын шынайы келбетін айқындауда, әрбір оқиға-құбылыстың әлеуметтік тегін тануда сыни көзбен қараған дұрыс.
Сөз бостандығын ұлтпен ойнауға пайдаланып, елдің рухани-мәдени болмысына қайшы айқай-шуға тиісті тосқауылдың болмағы шарт. Сондай-ақ, бұл мылтықсыз майданда жауапкершілікті мемлекеттің мойнына алуы – жеңіске апарар жалқы жол.
Демократия, жариялылық туралы сөз бола қалған кезде еркіндік туралы айтылмай қалмайды. Бірақ ең дамыған деген АҚШ, Еуропадан да шексіз еркіндікті көре алмайсың. Жанымыздағы Ресейді алып қарасақ та сондай. Сондықтан да, ақпарат еркіндігі жөнінде айтқанда, әңгіме сол еркіндіктің не үшін, қандай нәрсеге берілетіндігінде болса керек. Мысалы: Американың мемлекеттік мүддесі мен жеке адамдардың мүддесінің ара жігін анық білуі. Жасыратыны жоқ, бізде сөз бостандығы, БАҚ еркіндігі дегенді кейде әртүрлі жолмен өз пиғылдарына пайдаланушылық кездеседі. Біреулер мемлекеттілігімізге зияны тиіп, соған нұқсан келтіретіндей материалдар жариялап, хабарлар шығарып жатады. Көбіне ол білместіктен болуы мүмкін. Ал енді кейбіреулер әдейі қиямпұрыстықпен, біле тұрып, білмеген болып, көре тұрып, көрмеген болып, жаны ашымастың ісін істейді. Ұлттық мәселелерге келгенде бұра тартып, жарға итеріп жібергісі келіп тұратындар, өкінішке қарай кездеседі.
Қазақстан журналистикасының айналасында кейінгі кездерде саяси капиталға байланысты да көп мәселелер айтылып жүр. Сондай-ақ, БАҚ магнаттары пайда болуының алғышарттары және мұндай алпауыттардың қоғамға тигізетін қандай әсері бар деген секілді тақырыптар күн тәртібіне қойылып келеді. Шындығында, біз мұны қалайық, қаламайық, оларды қоғамның өзі туғызды. Оның үстіне, Қазақстан – жариялылық құндылықтарын құптаған ел. Яғни, ақпаратқа қысымшылық жоқ. Бірақ БАҚ магнаттарын мемлекеттік мүддеге жұмыс істеуге шақыру әсте дұрыс. Өйткені, олардың қолында үлкен идеологиялық құрал бар екенін естен бір сәт те шығаруға болмайды. Қайта БАҚ иесінің қайдан шыққанын, оның тәуелсіз елімізге қаншалықты дәрежеде жаны ашитынын, "қаражатын өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсай ма, жоқ көкейінде жүрген бір дара пиғылына шашады ма?" деген мәселелерді зерттеудің ешқандай артықшылығы жоқ. Несін жасырамыз, бізде осы жағы жетіспейді. Мұндай игілікті іс-шаралар мемлекеттік тұрғыда жасалынуға тиісті. Әрі тәуелсіз елімізді мұратына жеткізетін асыл құндылықтарды айқындауымыз керек. Себебі, тағы да айтам, дамыған елдердің тұрмыс-салтына көз жіберсек, олар әлдеқашан өздеріне лайықты идеологиялық негіз жасап алған. Мысалы, Оңтүстік Кореялықтар өздерін «Тау самалы елі» деп дәріптейді. Ал испандықтар ағылшын тілін білуге құштар емес. Испан тілінен сұлу тіл жоқ деп есептейді. Француздар өнер, білім, ғылымның ортасы екенін мақтаныш етеді. (1999 жылы Канаданың Монреал қаласында дүниежүзілік коммуникация мен журналистика ұйымы – ОРБИКОМ-ның үлкен конференциясы өтті. Әлемге аты тараған, аузымен құс тістеген небір жұлдыздар қатысты. Сол сыйлы қонақтарды қала мэрі бір ағаш үйде қабылдады. Сонда қонақасы берілді. Көкке бой тіреген небір зәулім ғимараттар тұрғанда бұнысы несі екен деп ойладық. Сөйтсек әлгі жайда кезінде үкімет үйі орналасқан екен. Міне сізге, елдің тарихын қастерлеудің үлгісі. Оның жанында біздің тарихымыз дария емес пе? Қазақ – тарихы терең, табиғаты таза халық. Ғасырларға кететін тарихында біреудің алажібін аттамаған, көршілеріне көз алартпаған. Өзгенің жерін жаулап, біреудің қанын жүктемеген. Ол ақкөңіл, кеңпейіл, аса қонақжай дара халық. Ауыз әдебиеті өте бай, сөз қадірін түсінген, тарихын тасқа қашаған дана халық. Әлем өркениеті алдында беті ашық, жүзі жарқын. Сондықтан мақтан етер, үлгі тұтар қасиеттері жетіп-артылады. Сондай брэндтерді айқындап аламыз десек, ешкім қолымыздан қақпайды: Н.Омашев).
Өткен ғасырдың басында ірі державалар қару-жарақ шығаратын зауыттарды көптеп салып, соғыс қамына мықтап кірісті. Осы мақсатқа ұлттық қордағы қаржының жартысынан астам бөлігін жұмсап, бұл әрекет сырттан төнер қауіптен қорғану үшін керек болды деп ақталып жатты. Әйтсе де, одан соғыс қаупі өрши түспесе, басылған жоқ. Одан кейін барлық қаржыны халықаралық саясатты дамытуға төкті. Түрлі ұйымдар құрылды. Бірақ, әр ел өзіне ылайықтап саясат жасап алды. Бір байламға келу күн өткен сайын қиындай берді. Сондықтан өткен ғасырдың соңында Парижде ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен білім берудің дүниежүзілік бірінші конференциясы өтті. Екі жүзге тарта елдің білім министрлері мен түрлі делегациялар қатысқан осы салиқалы жиында адамзатты жақындастыратын тек қана олардың білімі мен рухани қазынасының бірлігі деген тұжырымға тоқтады. Яғни, білім беру жоспарының тең жартысы әр елдің өзіндік ерекшелігіне: тарихына, тіліне, діліне, дініне т.б. толып жатқан өзгешеліктерін орайластыра жасалып, қалған бөлігі жалпы адамзат ақыл- ойының озық үлгілерімен толығуы қажет деген бір байламға келді. Сонда бір стандартпен білім алғандардың рухани жақындығы артып, бірін-бірі тез түсінеді. Оның үстіне әр ел ұлт ретінде өзін-өзі сақтап қалады деп шешті. Бірақ, сонда да шортандардың майда шабақтарды жұтып қою қаупі әлі де күшті болып тұр.
ХХ ғасырдың басында қазақ халқының қамы үшін талай құрбандықтарға барған арыстарымыз: А.Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқайларды тоғыстырған – рух бірлігі, ел мүддесі болатын. Қазір қарап отырсақ, біздерге солардың парасаты мен патриоттығы жетіспейтіні күн өткен сайын анық көріне бастады. Білгір маман бола тұра бойында елжандылық жоқ, ұлтын сүйетін қасиет дарымаған, жеке басының қамын көбірек күйттеген адамдардың қатары аз емес екендігі ойлантуы керек. Дәл бүгінгі күні елімізге іс тетігін білетін азамат қана емес, әр нәрсені елдік мүдде тұрғысынан ойлайтын, адамгершілігі мол, өткен тарихымызға құрметпен қарайтын ұлтжанды тұлғалар керек.
14-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Интернеттің құқықтық жағынан реттелуі және ақпараттық ресурстар
14.1 Веб-редакция жұмысының ерекшеліктері
Сайдтардың ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттің стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес қазір барлық салада бәсекеге қабілеттілікті арттыру, өркениетті елдермен иық тіресе алатындай дәрежеге қол жеткізу көзделіп отырғандығы,осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарына артылар жүк аз еместігі айталады. Соның ең маңыздысы – интернет-журналистиканы дамыту. Интернеттің мол мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ақпарат алмасудың жоғары нәтижелілігіне жету үшін ақпараттық сайттар, ұлттық интернет газеттер, блогшылар, әлеуметтік желілер қарқынды түрде дамып келетіндігі нақтыланады. Сонымен бірге интернеттің қазақстандық сегментін қалыптастырудағы мемлекеттік саясат пен қабылданған бағдарламаларға талдау жасалады,әлеуметтік желілердегі ақпараттар мен аудитория байланысын айқындалады,әлеуметтік желілердегі жеке блогшылардың қоғамдық-саяси мәселелерге қатысты пікірлері мен қоғамдық санаға әсері сарапталады, әлеуметтік желілер мен он-лайн журналистиканың тиімділігін көрсетіледі.
Сабақ барысында талданатын сұрақтар:
Қазақ интернет журналистикасының тарихы мен тәжірибесі, қалыптасу, даму кезеңдері
Интернеттің құқықтық жағынан реттелу мәселелері
Он-лайн журналистиканың қалыптасуы, желілік басылымдар, ақпараттық сайттар және дәстүрлі ақпарат құралдары электронды сайттарының жаңалық жаңарту жиілігіне, веб-журналистер мен веб-редакциядағы жұмыстың ерекшеліктері
15-ЛЕКЦИЯ
Салалық журналистика және саясат
15.1.Саясат туралы түсінік.
15.2.Мемлекеттің саяси дамуындағы ақпарат құралдарының ықпалы мен рөлі.
15.3.Қоғамдық-саяси басылымдар және электронды БАҚ.
Саяси ғылым да басқа ғылым салалары секілді, қалыптасу мен дамудың ұзақ жолынан, яки, саясат туралы ғылым қоғамдық ғылымдар мен тұтастықта және философиямен ара жігі ажырамаған антикалық (ежелгі) саяси-әлеуметтік әмбебаптықтан (универсализмнен), ең бастысы, саясаттың заңдық нормалар ой-өрісінің ықпалымен дамып, мемлекет пен құқық жөніндегі ғылымдардың жіктелу кезеңі арқылы, содан кейін саясатты оқып үйренуге философиялық, әлеуметтанулық және психологиялық бөліністер кезеңі арқылы, әлеуметтану, құқықтық және т.б. әр қилы көзқарастар мен ықпалдарды жинақтап, тұтастыратын саясат (саясаттану) туралы ғылымнын қалыптасуы, жүріп жатқан қазіргі кезеңге жетуі сияқты ұзақ жолынан өтті.
Қоғам туралы білім дамуының әр түрлі кезеңдерінде саяси ілімді зерттеуге Платон, Аристотель, әл-Фараби, Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Т.Пейн, Т.Джефферсон, А.Токвилль және еткен дәуірлердін т.б. ойшылдары зор үлестерін қосты. Саяси ойдың дамуында К.Маркс пен В.И.Ленин де маңызды орын алады. Сонымен бірге, саясаттанудың қазіргі кездегі зерттелуіне М.Вебердің. К.Луйистің, Р.Риплидің, В.Пареттоның, Г.Монтескьенің, Ч.Мерриамның, А.Финифтердің және т.б. көзқарастар жүйесі елеулі ықпал жасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде саясаттануды, оның объектісі мен ғылым ретінде зерттеу ісінде оның түрлі тәсілдері мен әдістерін, жолдары мен түрлерін іздеу белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Саясаттанудың көтерген идеялары мен қағидалары жалпы адамзаттық құндылықтардың саяси ой арқылы қол жеткізген ортақ табысы болып табылады және олар кең түрде қолданылатын интернационалдық атауларда кезігіп отырады. Дербес ғылым мен оқу пәні ретінде әлемнің барлық елдерінде дерлік оқылатын саясаттанудың айқындалуы жаратылыстанудың қисының қалпына келтіріп, оның ғылыми прогресс желісіндегі табиғи дамуы мен өркендеуіне даңғыл жол ашады.
Саясаттанудың ең басты зерттеу объектісі – қоғамның саяси жүйесі мен оның негізгі буыны мемлекет. Сонымен қатар, қоғамның тұтастай алғандағы саяси өмірі де саясаттанудың объектісіне жатады. Бұл жерде неғұрлым күрделі де маныздысы — саясаттану пәні туралы мәселе. Осыған байланысты, саясаттану пәні туралы ғылыми әдебиеттердегі пайымдауларда әлі күнге дейін тиянақты пікірлер қалыптаспағандығын айта кеткен жөн. Саясаттану пәнінің әртүрлі саяси мектептер, бағыттар және әр түрлі зерттеушілер тарапынан әр қилы сипатталатындығы да сондықтан. Бүгінде негізінен екі түрлі ыңғайдағы бағыт айқындалып отыр. Оның біріншісі - саясаттану пәнін мемлекеттен немесе саяси билікпен, сондай-ақ, саяси партиялармен және ұйымдармен тікелей байланыстыра қарастырып, анықтайтын тар көлемді түсінік. Екіншісі – саясаттануға күллі саяси мәселелерді, саясат туралы кез келген ғылыми білімді ғана емес, сонымен бірге, кейбір саясатпен шектес күрделі мәселелерді де бірге қарастыратын кең көлемдегі түсінік. Міне, осыған байланысты "саясаттану нені зерттейді?" деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сұраққа "саясаттану" ғылымының "роlіtіке" деген грек сөзінен шыққан атауына сүйене отырып, жауап беруге болады. "Роlісіке" деген сөз - "мемлекеттік, я болмаса қоғамдық істер, мемлекетті басқару өнері" және "logos" "ілім" дегенді білдіреді, яғни, екеуін сөзбе-сөз қосып айтқанда, саяси ғылым немесе саясат туралы ілім болып шығады. Демек, саясаттанудың өзіндік ерекше пәні бар. Бұл пән әр түрлі ғылымдардың аясында пайда болғанымен, оларды қайталамай-ақ саясат ғылымын оқып-үйренуге әбден болады. Мысалға, саяси билік мәселесін алсақ, оның мазмұны өте бай. Конституциялық құқық саласына енбей-ақ, яғни, саяси биліктің мәні мен құрылымдары, оның заңдылығын тану, билік субъектілері, топтық және жеке түрдегі жетекшілік, көсемшілік пен демократия, билік феномені ретіндегі зорлау мен күштеу, авторитарлық, үлгі-өнегелік пен құқықтық құндылықтар аясындағы билік — міне, бұлардың ешқайсысымен де заң ғылымдары шұғылданбайды, себебі, бұл оның негізгі пәні емес. Саяси дағдарыстар, қақтығыстар, келісімдер, саяситұрақтылық, саяси құрылымдардың тұрақсыздығы жағдайындағы тұлғалар тәртібі сияқты мәселелермен қандай ғылым шұғылданады? Сондай-ақ, әр түрлі мәдениеттердің иерархиясы мен өзара қимыл-әрекеттері, олардың өркениеттік, қалыптық аймақтық және діни өлшемдері мәселелерімен қандай ғылым шұғылданады? Онымен ешқандай да ғылым шұғылданбайды. Ешқандай да ғылым митингілер мен жиналыстардағы адамдар тәртібінің ерекшелігімен, саяси институттар мен билік аппараттарының қызметімен, сондай-ақ, адамдардың саяси кіріптарлықтан құтылуы және әлеуметтендірілуі меселелерімен шұғылданған емес, шұғылданбайды да. Бұл мәселелердің барлығымен тек саясаттану ғылымы ғана айналысады. Осыған байланысты, саясаттану әр түрлі қоғамдық-саяси жүйелердің қозғалысы мен қызметінің ерекшеліктерін, олардың өзін-өзі қамтамасыз ету сипаттамалары мен динамикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін жағдайларды, саяси дағдарыстар мен әлеуметтік қақтығыс себептерінің, барысын және рөлін, оларды реттеудің іс жүзіндегі тәжірибесін зерттейді. Яғни оның саясаттанудың міндеті саяси процестердің қатысушылары мен байқаушыларына мүмкіндігінше саяси өмір туралы жалпы ұғым мен ұдайы, дәлелді де дәйекті білім беру болып табылады. Демек, саясаттану пәні әр түрлі тұрпаттағы саяси жүйелердің құрылымдары мен қызметінің ерекшеліктерін зерттейді, саяси өмір жөнінде білім береді және бұл білімді саяси қимыл жөнінде қабылданған шешімдердің біршама қатесіз де тиімді құралдарының бірі есебінде қарастырады. Сондай-ақ, адамдарға белгілі бір саяси, идеологиялық немесе құндылықты таңдауды ұсыну жағы саясаттанудың міндетіне кірмейді. Бұл – әрбір азаматтың, ұйымның, партияның жеке ісі. Бірақ саясаттану белгілі бір сәтке осыған сәйкес жағдайларға қажетті саяси таңдаудың түрлері мен қалыптарын, шешімдері мен қимыл-әрекеттерін көрсетіп, қателіктерден сақтандырады. Дер кезінде ұнамды және ұнамсыз жақтарға, ең бастысы, саяси шешімдер мен ойластырылған саяси әрекеттің ықтимал зардаптарына назар аударта алады. Саясаттану саясаттағы тиімді, сондай-ақ, дұрыс қарастырылмайтын факторларды да талдайды. Саяси талдаулар, атап айтқанда, қазіргі кезде саясатта қандай нақтылы мақсаттарға қол жеткізуге болатынын, алға қойылған мақсаттарға сәйкес қандай қимыл-әрекеттердің дәл келетінін, белгілі бір саяси қадамдардың "ойда жоқ" ықтимал зардаптарға соқтыру мүмкіндігі хакындағы сұрақтарға жауап бере алады. Шын мәніндегі ғылыми пән ретінде саясаттану өзінің пайымдаулары мен бағамдауларында идеологиядан, дәріптеушіліктен, құндылықтар мен әуестенушіліктен азат болуға тырысады. Яки, саясаттану бұл айтылғандардың бәрінің саяси институттар мен процестерге қайшылықты ықпалын зерттейді. Саясн талдаулар мен ұсыныстар нәтижелерінің ғылыми нақтылығы әр түрлі саяси жүйелер қозғалыстарының түрлі кезеңдерінде әрқалай болып шығатындығы — табиғи нәрсе. Егер, тұтастай алғанда, саясаттанушылар белгілі бір жүйенің қызметінен жалпы және өзіндік ерекше факторларды көбірек ашып, нақты өмірді ең жоғары дәрежеде және объективті түрде көрсететін қоғамдық құрал жасақтай алса, онда мұндай ғылыми нактылықта жоғарырақ болады.
Журналистика – ең алдымен адам тәрбиелеудің, қоғам тәрбиелеудің құралы. Кеңес Үкіметі кезінде журналистика билік пен қоғам арасындағы дәнекер, делдал қазіргі тілмен айтқанда, интерфейстің қызметін атқаратын. Қазір сол қызметінен ажырап, саясаттың идеологиялық құралына айналып бара жатқан сияқты. Бүгінгі журналистика батыстағы демократияның қолданып отырған екі ұстыны: қоғамның бақылауы және заңнамалық тұрғыдан реттелуі қажет. Журналистика бұқараның сөзін сөйлеуі тиіс. Бұқараның сөзі - мемлекеттің сөзі. Саяси партиялардың сөзін сөйлеу журналистикаға абырой әпермейді. М.Дулатовтың: «Жалпы, шынын айтайық, кісінің қиялын бытыратқан дұрыс емес. Тасқа басылған сөз арқылы, газет арқылы бытыратқан да жақсы емес» деп келетін сөзі бар. Сондықтан біз ақпарат берген кезде өте сақ болуымыз керек. ЕҰУ-да өткен "Саяси институттар жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдары: теория және практика" тақырыбындағы халықаралық конференцияда Ғаділбек Шалахметов ағамыз: «Ақпарат жеткізген кезде жұғымды ақпарат беруге тырысайық» деді. Рас, қазіргі ақпарат кеудесін жалаңаштап: «Ал кел», «Ойбай әкетті», «Қашты, қуды» дегеннен тұратын болды. Газеттің беті қаннан көрінбейтін жағдайға жетті. Халық жағымсыз жаңалықтан қажи бастады. «Ана тіліне» мынадай хат келіпті: Ол газетте жарияланған бір мақала туралы: «Сендер орыстан әйел алған азаматты айтып, тамсаныпсыңдар. Айналайындар, соны жазбай-ақ қойсаңдар қайтеді? Төсекте төсі түйіскеннің барлығын бірдей халықтар достығы қылу - біздің дәстүрімізге жат нәрсе. Ол - екі адамның арасындағы сезімнің, сүйіспеншіліктің мәселесі. Оны өңін айналдырып, басқа жаққа бұрып алып кетудің қажеті жоқ. Аралас неке болып жатыр, бола да береді, бірақ оны баспасөз бетінде жағымды жаңалық ретінде жеткізу дұрыс емес» депті. Сондай-ақ автор: «Бас редакторлар өздерің шығарып отырған газеттің бетіне жылтыңдатып суреттеріңді шығара бересіңдер. «Егеменді Қазақстан» газетінің бас редакторы Жанболат Аупбаевты қараңыздаршы, қандай ұстамды, қандай әдепті, журналистикалық этиканы қалай меңгерген. Ол бас редактор болғалы қанша уақыт өтсе де, бірде-бір рет газет бетінен суретін көре алмадық» депті. Шынында да, ой салатын нәрсе.
Қазақстанда өтетін Еуразиялық медиа форумда «ИТАР-ТАСС» орталығының бас директоры Виталий Игнатенко Қазақстанда орыстілді баспасөздің бүкіләлемдік конгресі өтетіндігін жарияласа, форумның бас продюссері Владимир Рерих: «Медиа форумның екі жұмыс тілі бар: олар - орыс және ағылшын тілдері. Үшінші тілді қосу техникалық тұрғыдан қиын» деп қазақ тілін қан қақсатып қойды. Бұл - «ақпараттық отаршылдықтың» лебі емес пе? – деген еді. Форум қазақтың жерінде, қазақтың елінде ұйымдастырылғандықтан, онда мемлекеттік тілге мәртебе берілуі міндетті еді. Алайда біз басқа елдердің жағдайын көбірек күйіттеп, өзімізді солардың мәселесін шешетін аренаға айналдырып алдық. Соның салдарынан оң жамбасымызға келетін мәселелерді халықаралық дәрежедегі жиындардың күн тәртібіне енгізе алмай жүрміз. Ақпараттық отаршылдық тұрғысынан келгенде, бізге қысым көрсетіліп жатыр. Тоғыз рет ұйымдастырылған форумның бірде-бірінде Қазақстанның, қазақ баспасөзінің мәселесі қаралған жоқ. Шынтуайтында, бұл форум бізге керек. Алайда ол дәл осындай үлгіде жалғасса, бізге берері болмайды (Студент, сіздің пікіріңіз...).
Қазақстанда бүкіләлемдік қазақ журналистерінің конгресін өткізу туралы мәселені, қазақ тілді журналистердің қауымдастығын құруды Бекболат Тілеухан көптен бері көтеріп жүр. Бүкіләлемдік қазақ журналистерінің конгресін өткізу өткір мәселе. Оны кім ұйымдастырады? Оны қазақ журналистерінің өздері ұйымдастыруы тиіс. Өкініштісі, қазақ журналистерінің басын қосатын бірегей ұйым болмай тұр. Бізде үкіметтік емес ұйымдар толып жатыр. Олар мемлекеттен мыңдаған, миллиондаған ақша алады. Бірақ олардың мүддесі мен мұраты басқа. Оның үстіне бей үкіметтік ұйымдарды қазақ журналистерінің тасын өрге домалатуға жұмылдырып отырған жан жоқ.
Саясаттағы оппозиция ұғымы. Ол әр кезде, әр елде болуы керек. Оппозиция деген бар нәрсе және болуы заңды да. Негізінде билік оппозициялық басылымдардан қорықпауы тиіс. Керісінше, олармен қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Тіпті, Үкіметтен ақша алып отырған мемлекеттік басылымның өзінде оппозициялық ой, сындарлы сын болғаны абзал. Мемлекеттік басылымдар мақтау мен мадақтаудан арылмаса, халық әрине, оппозицияның «шәуілдектері» мен «тапбасарларын» іздеп жүріп оқиды. Қазіргі билік өз қарамағындағы басылымдардың беделін көтерем десе, газет бетінде конструктивті сынның орын алуына мүдделі болуы керек.
Түркияда күн сайын шығатын «Хорегет», «Заман», «Жумхариет» деген басылымдар бар. Әрқайсысы бір-бір саяси партияның тілі. Олар таңғы 4-те болған оқиғаны 7-де шығатын газетке беру үшін бәсекелеседі. Кім бірінші берсе, сол өтімді. Әр партияның мүшесі - сол партияға тиесілі газеттің тұрақты оқырманы. Бір сөзбен айтқанда, мәселе жүйеленіп қойған. Батыста да солай. Бізде көп партия жоқ, сондықтан оқырмандардың дені монолитті, көп бөлінбеген. Медиа-нарықта газеттің көбейгені жақсы емес. (Анатолий Аграновский деген журналист болған. «Литературная газетаның» штатында тұрады, айлық алады, бірақ 5-6 ай мақала жазбайды. Ел кезіп жүреді. Сол кісінің «Пустырь» деген мақаласы бар. Бір үйдің жанында далаңғы жер қоршалып тұрады. Бірақ ол жерге не салынатынын, қашан салынатынын ешкім білмейді. Кеңес үкіметі кезінде жариялық деген жоқ еді ғой. Міне, осыдан жаңағы журналист жариялық деген үлкен проблема көтеріп, мақала жазды. Василий Песков әлі күнге дейін тек қана табиғатты суреттейді. Инна Муденко, Евгений Богот деген журналистер мораль тақырыбына ғана қалам сілтейтін. Дидахмет Әшімханов «Қазақ әдебиетінде» әлеуметтік мәселелерді қалай көтерді? «Алтынсарин көшесі. 100 қадам» деген мақала жазып, бұрынғы Правда көшесіне Ы. Алтынсариннің атын бергізді. Міне, салалық журналистика деген осы. Салалық журналистер өмір бойы бір тақырыпты ғана қаузайды. Жұрт олардың мақалаларын іздеп жүріп оқиды. Салалық журналистика көп кемшіліктерден арылтады. Оған бет бұрсақ ұтылғанымыздан ұтқанымыз мол болады: М.Тәжмұрат).
Қазақ баспасөзінде бұрын да ПР мақалалар болғаны мойындау керек. Тек ол дәуірде (КССРО) бұл жоғарыдан идеологиялық тапсырыспен жарияланды. Оның мазмұны басқа, формасы сол баяғы тапсырыс арқылы. Және ол кезде тегін жарияланды. Кеңес дәуірі тарих сахнасына кетсе де орнын басқан нарық бізге ПР технологиялары, ПР нарығын, ПР кәсібін әкелді. Яғни ПР қазақ баспасөзінде алғаш рет тәуелсіздік жылдарының бастауымен қатар келді десек қаталеспейміз. ПР мақала тапсырыспен жарияланады, көбінде ақылы, кейде ақысыз да жариялана береді. Белгілі партия не компания өзін жағымды жағына бұқараға позициялауда, имиджін қалыптастыруда, бұқараға өзін танытуда, брендін танымал етуде, саяси мақсаттарда жеңімпаз танылуда т.б. жағдайларда баспасөзге иек артып, тапсырыспен материалдар жариялатып отырды. Алғашқы көрінісі – ол басылымның позициясына да ақпараттық саясатына да қатысты. Мәселен, «Егемен» тек саяси не әлеуметтік оқиғаларды жағымды беруде, қалыпты форматта беруде тегін материалдарды әрдайым жариялады. Көп ұзамай нарыққа белгілі саяси топтардың демеуімен тәуелсіз баспасөз келді. Солардың көшбасында «Жас қазақ» тұрды. Онда да ПР материалдар орын алды. Оның сипатын мен жіберген қосымша материалдардан байқауға болады.
ПР біздің БАҚ туралы заңда қарастырылған ба? БАҚ туралы заңда жеке ПР туралы бап не арнайы тармақ жоқ. Көп елдерде ПР ассоциациялары қабылдаған арнайы кодекстер бар және оны практик ПР мамандары қатты ұстанады. Оның аясынан аттап кетпеуге, құқықтық не этикалық нормаларды ұстануға тырысады. Пиар материалдарды баспасөздегі жанрдың біріне жатқызуға болады ма? Жоқ ПР материал ешқашан жанр бола алмайды. Ол тек қана белгілі мақсаттарды көздеген: саяси, экономикалық, әлеуметтік т.б. материалдарды жарияланауы. Сондықтан да ол жанрдың атқаратын жүгін не міндетін орындай алмайды. ПР сұхбат түрінде, мақала түрінде жариялана береді.
Бүгінде «Қара пиар», «саяси пиар» деген сөздер жиі аталады. Ол терминдер нені білдіреді? Пиардың осы түрлері қазақ баспасөзінен қаншалықты көрініс тауып жүр. Батыс елдерінде қара пиар деген тіркес аталмайды. Оның отаны Ресейде. Яғни 2000 ж. Басында ПР кодексіне қарама-қайшы келетін небір технологияларды орындауда Ресей көп елдерді басып озды. Кез-келген саяси маңызды оқиғаларда ресейліктер заңға қайша келетін ПР әдістерді қолданумен әйгілі болды. Бұл тіркес ол кезде саяси лексиконға енді. Оны қашан да аты айтып тұрғандай бір біріне оппонент топтар, бір бірімен бәсекелестер жүргізді. Бұл технологиялар өтірікке, негізсіз дерекке құрылды. Сондықтан оны сайлауалды науқандарында біз жиі оқимыз жиі көреміз жиі естиміз. Және сайлауалды науқандары кезінде арнайы мүдделі саяси топтардың кеңесшілері арнайы тапсырыспен сыбыс таратады. Баспаөздің қатысуынсыз да. Ондай сыбыс өте тез тарайтыны осндай халық оған иланғыш келеді. Және ол көбінде бұаралық коммуникация теориясында миф деп те аталады. Электорат сенетін ақпарат көзі ТВ. Сондықтан да ғалымдар демократиядан гөрі телекратия яғни телекоммуникация құралдары арқылы болатын халық биілігі туралы айта бастады. Бұл визуалды бұқаралық арналарының қаншалықты беделі артқанын, және оның ықпалдылығын тағы бір дәлелдейді. Мемлекеттік БАҚ-тың бүгінгі билік жүргізіп отырған саясатты (экономика, білім, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, дін, т.б.) барынша қолдауы ПР ма, әлде, кәсіби міндетіне адалдық па? Бәлкім, биліктің саяси пиарына қазақ баспасөзі ешқандай тапсырыссыз-ақ түсіп қалып жатқан болар? Бұны қалай түсіндіруге болады?
Мемлекет қай елде қай ғасырда болмасын өзінің билігін жүргізуде БАҚ-қа жүгінеді. Және оның қолында БАҚ қорларын арналарын бақылайтын барлық тетіктердің болғанын қалайды және ол солай да. Бұл кәсіби міндеттен гөрі белгілі реформалар аясында орындалатын ақпараттық науқан. Ол халықтың, елдің, қоғамның әрі мемлекеттік өмірінде маңызды оқиғалар кезінде тіпті де БАҚ-тың басты ақпараттық саясатына айналатын қызметі. Мәселен, бізде Елбасының халқына Жолдаулары, Ресей Президентінің халқына арнауы т.б. Тапсырыссыз билік ықпалына түсу деген сөз мемлекет қаржысына өмір сүрген БАҚ-тың еншісінде. Бұл айтылмаса да дайын тұрған картина. Пиар баспасөздің (газеттің, ТВ т.б.) беделіне қаншалықты ықпал етеді? Әрине, ПР коммуникациялық әрекеттерден туындайды. Сондықтан ең жоғарыдағы ақ үйлерден бастап әрбір салиқалы ұйым не компаниялардың медиажоспарлары бар. Десек те біздің медианарық ойыншылары әзірге өз ПР-науқандарын не командаларын жасақтаудан гөрі шығармашылық деңгейден аспай отыр. Бізде өте сауатты да кәсіби медиаменеджерлер мектебі жоқ. Сондықтан БАҚ нарығын билейтін, басқаратын, бәсекеге қабілетті мықты орта қалыптастыратын мұндай желі құрылмауы өкінішті-ақ . Бір ғана ресейлік ТВ нарығын алсақ та жетеді. Қазақ баспасөзінде пиар материалдар қандай жағдайда сапаланады? Қазақ баспасөзінде ПР материалдар ақпараттық оқиғаның маңыздылығына қарай бағаланады. Мен үшін жаңа өнім шығарған зауыт туралы материал ма әлде ең дарынды баланы асырап отырған балалар үйі маңызды ма? Әрине журналистер бірінші балалар үйіне жүгірері хақ. Және ол тегін әлеуметтік сипаттағы ПР материал және оны барлық БАҚ ешбір ақысыз жариялауға мүдделі. Ақпараттық оқиға жасай алғандар ғана ұтады. Сондай-ақ пиардың болашағы қандай деген сауалға жауап іздесек. ПР-дың болашағы еш күмәнсыз өте қарқынды дамиды деуге болады. Қазір мұнайымен емес ақпаратымен елдер әлемді билей алады. Біз мұны түсіне алмай келеміз. Ақпаратты жинап, өңдеп, нарыққа ұсынған ел бай. Ақпарат ғасыры ақпарат қоғамында өмір сүретін адамды әкелді. Мәселен, бір ғана алып ПР компаниясының 1 жылдық бюджеті дамушы не қарқынды дамып келе жатқан елдердің бюджетімен салыстырғанда әлдеқайда бірнеше орап түседі. Ақпарат – мәңгілік ресурс. Ақпараттық технологияны еркін игерген елдің болашағы әрине, жарқын. Малайзия, Үндістан мұны толық дәлелдеп отыр. «Vision 2020» бағдарламасын қабылдаған Малайзия елінің премьер-министрі физиканың оптикалық заңдылығын өмірге бағындыра білді. Адамның көру қашықтықты көру мүмкіндігі 20х20 деп саналса, ол сол 20х20-ны өз елінің тағдырына ойып орната алды.
15-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Саясат саласындағы мерзімді басылымдар
15.1 Қазақстанның саяси жағдайының мерзімді басылымдарда көрініс табуы
15.2 Халықаралық байланыс және журналистика
