- •Қызылорда, 2016 Пәннің мақсаты мен міндеттері
- •Пәннің құрылымы мен мазмұны
- •1 Модуль салалық журналистиканың қалыптасуы, дамуы
- •Эссенің тақырыбы ашылған жағдайда 100 балл қойылады.
- •Ө.Жолымбетов, н.Жүнісбай шығармашылығындағы спорт тақырыбы
- •«Қазақ спорты», «Спорт» басылымдарының ерекшеліктері
- •10 Беттен кем емес Жастарға арналған спорт тақырыбындағы талапқа сай журнал шығарылған жағдайда 100 балл қойылады.
- •2 Модуль салалық журналистиканың өзіндік ерекшелігі
- •3 Модуль салалық журналистиканың негізгі мәселелері
- •Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы
- •Экологияның түрлері
- •Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті
3 Модуль салалық журналистиканың негізгі мәселелері
8-ЛЕКЦИЯ
Кәсіби басылымдар
8.1.Кәсіби басылымдардың ерекшеліктері.
82.Ғылыми-танымдық басылымдар мен ғылыми-көпшілік, танымдық журналдар.
8.3.Ғылыми жетістіктердің насихатталуы.
8.4.Мамандарға арналған кәсіби және салалық анықтамалықтар.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы: 2005.
Қожакеев Т. Жыл құстары. Алматы: Қазақстан. 1991.
Нұрғалиева Л.Р. 1917-1937 жылдардағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері баспасөзде: тарихнамалық зерттеу. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған автореферат. Алматы: 1998.
Ысмағұлов М. Ғұмар Қараштың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері. // Қазақстан мұғалімі. 21 мамыр, 1959.
Нұсқабайұлы Ж. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-1995). Алматы: Рауан, 1996.
Кәсіби басылымдардың басты ерекшелігі – белгілі бір мамандық, кәсіп аясындағы мәселелерді қозғап, кәсіби бағыт-бағдар беретін, оның өзекті мәселелерін талқылайтындығы. Мұндай басылымдар ең алдымен мамандар үшін аса қажет. Қазақстан бойынша кәсіби басылымдардың ішінде ең көп тарағаны педагогикалық мамандыққа арналған журналдар екенін аңғаруға болады. Сонымен бірге экономистерге арналған «Қаржы және қаражат» газеті, журналистерге арналған «Журналист» журналы жарыққа шығады. Солардың бірқатарына тоқтала кетсек...
Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы
Журнал білім беру ұйымдарының ұйымдастыру-басқару және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша мамандандырылған басылым болып табылады.
Ол мектептен тыс, қосымша, мектепке дейінгі, бастауыш, орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының, клубтардың, жастар сарайларының, балалар творчествосы орталықтарының, мемлекеттік және жекеменшік оқыту формаларындағы мекемелердің басшыларына, олардың орынбасарларына және методистерге арналады.
Журналдағы жарияланымдар сізді әрқашан білім беру саласының жаңалықтарымен таныстырып отырады, дұрыс басқару шешімдерін қабылдауыңызға көмектеседі, демек, сіздің жұмысты табысты, нәтижелі жүргізуіңізге ықпал етеді!
Біз әр нөмір сайын сіздің өз жұмысыңызға пайдалану үшін керекті қызықты материалдармен бірге, түрлі ситуациялардың дайын шешімдерін де таба алатындығыңызға кепілдік береміз. Журнал беттерінде құқықтық және психологиялық қолдау мәселелері егжей-тегжейлі жазылады, білім беру жүйесі жаңашылдарының озат тәжірибелері туралы және әдістемелік жұмыстағы инновациялар, жаңа білім беру стандарттары мен нормативтік актілер жайлы әңгімеленеді, еңбек қорғау проблемаларын шешуге назар аударылып, сіздердің сұрақтарыңызға жауаптар беріледі, сондай-ақ қажетті құжаттардың үлгілері жарияланады.Біздің журналымыз – біліктілікті тұрақты арттырып отырудың, кәсіби қайта даярлықтың және аттестациядан нәтижелі өтудің мүмкіндігі болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілер
Кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының еңбекті қорғау және халықты әлеуметтік қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық есендігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басшылары мен мамандарына арналған кәсіптік журнал.
Тек біз ғана еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық есендігі мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы сақтау жөніндегі сіздердің кез келген сұрақтарыңызға құзіретті жауап бере аламыз!
Әрбір материал – мамандардың өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету міндеттерін шешу мақсатында іс-тәжірибелік қолдануына арналған нормативтік акт. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мамандарға арналған өзекті заңнамалық актілерді баяндаудың айқындығы, қарапайымдылығы мен қолжетімділігі сіздерге өз ұйымдарыңызда жұмыстың жаңа, сапалық деңгейіне шығуларыңызға көмектеседі.
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілер» журналының көмегімен сіздер:
еңбекті қорғауды басқару, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, объектіде өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік және міндетті сақтандыру, халықты әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту, сондай-ақ еңбек заңнамасы нормаларын, санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарды сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік техникалық актілерді ала аласыздар;
журналда берілген заңнамалық актілерге сүйене отырып, өз ұйымдарыңыздағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі құжаттаманы сауатты әзірлей аласыздар.
Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының: балабақшалардың, бөбекханалардың, мини-орталықтардың, клубтардың, мемлекеттік және жекеменшік формадағы балалар творчествосы орталықтарының басшыларына, олардың орынбасарларына, методистерге, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының аға тәрбиешілеріне арналған.
Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар
Басылымда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, өткізу және бақылау сияқты қызметтердің өзекті салаларындағы әр түрлі аспектілері түсіндіріледі.
Сынып жетекшісінің анықтамалығы
Мектепте, гимназияда, лицейде, кәсіптік колледжде оқу мен тәрбие жұмыстарын бақылау мәселелері бойынша директорлардың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне (тьюторларға) және педагогтарға арналған кәсіби басылым.
Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу
Іс қағаздарын жүргізу мен мұрағат ісі саласындағы мамандарға, басшыларға арналған бірден-бір кәсіби басылым. Іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ең өзекті мәселелер. «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналы күрделі мәселелердің қарапайым шешімін ұсынады.
Қазақстанда еңбекті қорғау
Кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың еңбекті қорғау және халықты әлеуметтік қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық есендігі саласындағы басшылары мен мамандарына арналған кәсіптік журнал.
Қазақстандағы мамандар анықтамалығы
Ұйым басшыларына, кадр қызметінің мамандарына, ПR-менеджерлерге арналған кәсіби басылым.
Қазақстан Республикасының Ғылым туралы Заңының 1-бабында ғылымға мынадай анықтама береді:
ҒЫЛЫМ- табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында болмыс туралы обьективті білім-білікті тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу функциясы болып табылатын адам қызметінің саласы.
ҚазақССР энциклопедиясында:
Ғылым- осы заманғы ғылымның даму тенденциясының қоғамдық құбылысы. Ғылымның игі білім деп аталатын философиядан бөліп қарауға тыйым салынады. Осы заманғы ғылымға келетін болсақ, оның жетістіктерін талдауда екі түрлі көзқарас бар:
Ғылымның мемлекеттік монополистік капитализм жағдайында дамуына тән болып келетін жатсыну сипатын елемеу және бұл қоғамның кесірлі кеселдері үшін кінәні ғылымға аудару, яғни ғылымға қарапайым көзқараспен қарау;
Ғылым- адамды моральдық жуапкершілік пен индивидтік таңдаудан құтқаратын көңіл жұбанарлық ұсыныстар жасауға қабілетті деп есептей келіп, оны құдіретті күш деп білетін «сциентизм» деп аталатын көзқарас. Бұл көзқарас ғылымға жауап бере алмайтын мәселелердің бәріне шешілмейтін мәселелер ретінде қарайды. (455-бет)
ҒЫЛЫМ-бәрін білемдеушілікке соққы береді, іс жүзінде шешілмейтін мәселелер, беймәлім өмір құбылыстары бар екендігін түсінуге мүмкіндік береді. Табиғаттан тыс және о дүниелік күшке сену – нақ ғылым пайда болғанға дейінгі тәжірибе мен дінге тән қасиет. Сөйтіп, ғылым пайда болғанға дейінгі тәжірибе мен дін әлгі «құдіретті» күш үшін шешілмейтін мәселелер, болжанбайтын оқиғалар жоқ, ал адам осы бәрін білушіліктен үйрену тәсілін табуға тиіс деп есептейді.
Ғылым өмірдегі барлық салалармен өте тығыз байланыста болады. Барлық саланың өркендеп дамуы үшін ғылыми тұрғыдан зерттелініп, белгілі бір тұжырымдар шығарылып тұруы міндетті. Кез-келген саладағы ғылымның өзіндік обьектілері болады. Мысалы, экономика саласында тек экономикаға қатысы бар мәселелер зерттелсе, саясаттануда тек саясатқа қатысы бар мәселелер ғана қарастырылады. Жалпы ғылыми жұмыс екі жақтылы:
Теориялық;
Тәжірибелік жасалады.
Теориялық жағы: ғылыми мәселелерді, ғылым міндеттерін мақсат қою анықтамаларын, даму процестерін, әдістерді зерттейді.
Тәжірибелік жағына: үлгілер, принциптер, технологиялар жатады. Кез-келген сала үлкен болғандықтан оның көтерер мәселелері жетерлік. Ғылым қазіргі уақытта қоғамның қай саласын болмасын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ғылым өзінің обьектісіне сәйкес адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның құқықтық жағдайы, оның өмірге қатынасу тәсілдері, өзгерістердің түрлері, мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі заманғы сан түрлі идеялық көзқарастар, жаңаша ойлаудың мәні туралы түсінік береді. Бір сөзбен айтқанда адамзаттың жарқын өмірі үшін ғылым қызмет етеді.
ЖАС ТҮРКІСТАН- Тарихи – танымдық, ғылыми-көпшілік, ой-пікір журналы. Журнал 2000 жылдың 1 шілдесінен бастап Сорос-Қазақстан қорының қамқорлығында. Журнал ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде 1998 жылдың 24-ақпанында тіркеліп, №144 куәлігі берілген. Екі айда бір рет шығады. Көлемі -5,5 баспа табақ. Журнал- ТМД елдеріне, Түркия, Европа, Азия елдеріне, Америка, Жапония, Австралияға тарайды. Мұстафа Шоқай қоры атынан бас редакторы –Батырхан Дәрімбет, журнал директоры Көлдейбек Сасызбайұлы. Журналдың «Заман тудырған сөз», «Қазақ мемлекеті қайда барасың?», «Тағылымды қазына» атты тұрақты айдарлары бар. Журнал «Өркениет баспасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде басылады.
Алғаш «Яш Түркістан» журналы 1929 жылы Берлинде шыға бастады. Оған Мұстафа Шоқай Парижден жетекшілік етті. Журналды шығаруға Тайыр Шағатай және Әбдулақап Оңтай атты Мұстафа Шоқайдың шәкірттері атсалысты. Журнал 1939 жылдың тамыз айына дейін шығып тұрды. Барлығы 117 саны жарық көрген. Эмиграция жағдайында заманының ең күрделі мәселелерін қозғаған бұл журнал 1998 жылы «Жас Түркістан» атымен Қазақстанда қайта шыға бастады. «Жас Түркістан» қайта түлеп жатқан еліміздің дұрыс жол таңдауына септігін тигізеді. Түрік дүниесінің бірлігін, Біртұтас Түркістан иедясын насихаттайды, Түрік бірлігіне барлық түрік тектестердің мәдени бірігуі арқылы қол жеткізуге болатынына кәміл сенеміз деді журнал шығарушылар.
«Ғылым қайнар бұлақ секілді, оның көзін білім және шәкірттердің көмегімен ашуға болады»-деген Әбу Насыр әл-Фараби
ЗЕРДЕ- ай сайын шығатын республикалық ғылыми көпшілік журнал. Шығарушысы «Зерде» журналының редакциясы(жауапкершілігі шектеулі серіктестік). Журнал ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттікте №329
Куәлікпен тіркелген. Журнал 1960 ж «Білім және еңбек» атты атпен алғаш шыққан. Журнал «Бизнес информ» баспасында басылады.Көлемі 2 баспа табақ, таралымы (2001ж) 10000 дана. Кзінде Әшірбек Амангелді.
1987 ж бері «Зерде» деп аталады. Тұңғыш редакторы Әдулхамит Мархабаев. Журнал мектеп оқушылар мен көпшілік қауымды ғылым жаңалықтарымен таныстыру, жұмбақ дүниедегі адамға бұрын соңды мәлім болған ғажайыптар туралы айтып беру, сол арқылы жасөспірім оқырманының өмірге көзқарасын қалыптастыру жолында табыссыз емес. Журналдың бас айдарлары: «Асыл мұра», «Ғылым көкжиегі», «Сауал қойған екенсіз», «Жас ғылым мінбері», «Дүние жатқан жұмбақ», «Дөңгелек – жас шеберлер клубы», «Оқып тұр!», «Жас ғалым зерттеу жүргізеді», «Жақсыдан ғибрат» деп аталған.
Ал, қазір журналда: «Қысқа сұхбат», «Пікірталас», «Қызықты физика», «Болжам», «Пікірталас», «Тапқырлық», «Компьютер», «Сауалнама», «Тарих», «Көзқарас», «Өнер», «Ынтымақ» деген айдарлар бар.
КӨГЕРШІН - жеткіншектерге арналып, 2 айда бір рет шығатын әдеби-танымдық журнал. Бас редакторы Бекен Ыбырайым. Журнал 1999 жылдың мамыр айынан бастап шығады. Журнал қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде 1999 жылдың 10 наурызында тіркеліп, №590-ж куәлігі берілген. «Манас-1» баспахансында басылады. Журналда – «Ойлан, тап!», «Таңғажайып дүние», «Рухани әлемі», «Проза», «Әлемді аралаған ертегілер», «Фольклор» атты тұрақты айдарлары бар. Шетелдің таңдаулы әдеби шығармаларымен, ғалам ғажайыптарымен, пайдалы кеңестерімен таныстырады.
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ – ай сайын шығатын ғылыми-методикалық педагогикалық журнал. Бас редакторы – С. Әбішева. «Дәіур» баспаханасында басылады.1920 жылдары газеттермен қатар әр түрлі салады шығып тұрған журналдар республикамыздың экономикасы мен мәдениетін өркендетуге көмектесті. Солардың бірі 1925 жылғы тамыз айынан шыға бастаған. Қазақстан халық ағарту комиссариатының органы «Жаңа мектеп» журналы, қазіргі «Қазақстан мектебі» журналының бастауы. (кейін ол «Халық мұғалімі» деп те өзгертілген.) Бұл журналдың бетінен сол кездегі оқу-ағарту жайын көз алдыңа елестететін материалдар берілген. Ол айына 1 рет шығып тұратын ғылыми педагогикалық журнал болды. Оның ғылыми-педагогика, аймақтану, жалпы білім, әдебиет бөлімі, ресми бөлімдері болды. Бұл журнал мектеп,оқу-тәрбие жұмысы, сауатсыздықты жою туралы халық ағарту мекемелері қызметкерлерінің мұғалімдердің,хат-хабарын және мақсаттарын жариялап отырды. Сонымен бірге, журнал ауыл мұғалімінің саяси-идеялық білімін, ұстаздық шеберлігін арттыруға көмектесті. Журналдың әдебиет бөлімінде С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтің және басқа ақын-жазушылардың жас буындар үшін тәрбиелік маңызы зор шығармалары жарияланды. Журналдың редакторпы міндетін Моладағи Жұбанов, кейін біраз уақыт Ілияс Қабылов атқарды.
ХАБАРШЫ-
8-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Ғылыми-танымдық журналистика
8.1 Ғылыми-көпшілік басылымдар
8.2 Ғылыми-танымдық басылымдар
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Қазақ ССР энциклопедиясы. – Алматы, 1975. – 6 том. – 281-480 бб.
Қазақ энциклопедиясы. – Алматы, 2003 ж. - 5 том. – 311-316 бб.
Ақайұлы Ы. Қазақ ғылымы: кім, не, қайда, қашан? – Алматы, 2007. – 400 бет.
Мархабаев А. Журналистика. Ғылым. Ислам. А., 1996
ҚР Ғылым туралы Заңы. Алматы, 2001 ж, 9 шілде
Сабақтың мақсаты: Ғылыми бағытта жарық көретін басылымдарға шолу жасап, ғылыми-көпшілік бақ қойылатын талаптармен таныстыру.
Сабақ барысында талданатын сұрақтар:
ҚР Ғылым туралы Заңының мәтінімен таныстыңыз ба?
«Зерде» журналының өзіндік ерекшелігі
Жоғарғы оқу орындарының жанынан шығатын Хабаршылардың мақсаты
8- БАОӨЖ
Қазақ спорт журналистикасының бүгінгі жай-күйі (телевизиялық бағдарлама жасау)
Оқу тобы 3-топқа бөлініп аталмыш тақырыпта бағдарлама дайындайды. Қойлыатын балл-100.
9-ЛЕКЦИЯ
Салалық журналистикадағы ксенофобия және толеранттылық мәселелері
9.1.Салалық журналистикадағы этникалық тақырып. Ұлттар достастығы мен оны қамтамасыз ететін ұйымдар.
9.2.Қақтығыс туралы ақпарат беру тәсілдері. Этникалық толерантты ақпарат беру.
9.3.Толеранттылық пен ксенофобияның кәсіби журналист шығармашылығындағы орны.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. А,1995ж, 2007ж
Қазақстан Республикасының БАҚ туралы Заңы. А,1999 ж
Қарымсақова Рахила. Жаз, бірақ ушықтырма. А, 2007
Полетаев Э. Международная журналистика. А, 2003
Ибраева Г. Региональные конфликты и СМИ. А, 2001
Лазутина Г.В. Профессиональная этика журналиста. – Москва, 1999
Журналист шығармашылығында толеранттылық және ксенофобия деген ұғымдар бар. Толеранттық дегеніміз, негізінен шыдамдылықты білдіреді(латынның tolerantia – шыдамдылық дегенінен шыққан): «басқалардың пікіріне, мінезіне және т.б. шыдамдылық таныту». Саясаттанушылар толеранттық деп адамның, қауымдастықтың, мемлекеттің, басқалардың өзінікіне ұқсас емес пікірлерін тыңдап, сыйлай білуін, оларға өшпенділікпен қарамауын айтады. Осы тұрғыдан алғанда, толеранттық – достық, сабырлық, бейбіт көңіл-күй арқылы ашыла түседі және агрессия, өшпенділік, ашу дегендерге қарсы тұрады. Барлық түсініктемелерде ол адамның моральды-өнегелік тұрғыдағы шыдамдылығын, кішіпейілділігін, басқаларды түсіне білуін білдіреді. Толерантты деп - әр түрлі мәдениетке, ұлттар мен нәсілдерге түсіністікпен қарайтын; басқаларының құқықтары мен бостандықтарын сыйлайтын, ешқандай күш қолдану мен қысымсыз-ақ басқалармен келісіп, тіл табысуға тырысатын адамды білеміз.
Толеранттық қасиеті тек жеке адамдарда ғана емес, ол кез келген әлеуметтік құрылымдарда - әлеуметтік топтарда, қоғамдық институттарда немесе тұтастай қоғамда да болады. Және ол: әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың қарапайым қарым-қатынасы барысында пайда болған даулы жағдайларды шешуге бағытталады. Сол бағыттың ерекшелігі - екінші жақтың ұстанымын түсінуге ұмтылу және оған да өз позицияңды түсіндіре білу, осындай диологтың арқасында екі жаққа да тиімді компромистік шешімге келе білу.
Толеранттыққа қарама қайшы ұғым ксенофобия(гректің xenos «бөтен» + phobos «үрей» деген сөздерінен шыққан). Этносоциология ксенофобияға: басқа нанымға, мәдениеті мен ұлты басқа, сырт жақтан келгендерге, сондай-ақ таныс, үйреншікті емес, бөтен нәрсеге үреймен қарап, жек көру, шыдамсыздық таныту деген анықтама береді.(мысалы, русофобия – орыстарда жек көру, антисемитизм – еврейлерді жек көру, т.б.).
Бір үлкен топтың екінші бір топтың адамдарынан қорқуы және содан туындаған өшпенділік - өте қауіпті эмоциялар. Танымал философ С.Штембергтің бейнелеп берген анықтамасында: «ксенофобия – адамзат тарихындағы ең қанды және мағынасыз дау-жанжалдардың негізгі психологиялық қозғаушы күші. Сол сияқты ол – барлық діни, ұлтаралық соғыстардың, геноцидтердің, ойрандар мен этникалық тазартулардың... психологиялық механизмі болып келген. Ксенофобия – бақылаудан шығып кететін күш, қоғамды «жейтін» қышқыл сияқты. Оны тұтандыру оңай да, көп жағдайда тоқтату мүмкін болмай қалады»,-деп көрсеткен.
Қазақстан заңдары сөз бостандығына кепілдік береді де, қылмысты ксенофобияға үзілді-кесілді тыйым салады. Қылмыстық ксенофобия көріністерінің формаларына мынадай заңсыз әрекеттер жатады:
-Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты тұтандыру;
-Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни өшпенділік пен араздықты қоздыру;
-Азаматтардың ұлттық қадір-қасиетін немесе діни сезімдерін қорлау;
- Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық артықшылықты үгіттеу;
-Адамдардың шыққан тегіне, әлеуметтік жағдайына, қызметі мен дүние-мүлкіне, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діні мен сеніміне қарап кемсіту.
Заңмен белгіленген осы шектеулерді қатал сақтау керек, ал оларды сақтау үшін – білу қажет. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни белгілерге қарап қоғамда араздық тудыруға, қоздыруға тыйым салу керек; нәсіліне, ұлтына, діні мен сеніміне қарап кемсітуге; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, рулық, діни артықшылықтарды насихаттауға немесе үгіттеуге тыйым салуды – ең алдымен, ҚР Конститутциясында»5-бап 3-тармақ; 14-бап 2-тармақ; 20-бап 3-тармақ ), содан кейін қылмыстық заңдарда(ҚР ҚК, 141-бап 1-тармақ) қарастырылған.
Қылмысты ксенофобияның көріністеріне тыйым салатын баптар: «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңында да(2-бап 3-тармақ; 25-бап 2.1 тармақшасы), «Экстремизмге қарсы тұру туралы» ҚР заңында(1-бап), «Наным бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» ҚР заңында(3,4-баптар), «Саяси партиялар туралы» ҚР заңында(5-бап 7-тармақ), «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңында(27-бап 8-тармақ), ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте(343, 344-баптар) және т.б. бар.
Араздық түсінігі-жиіркенішті, дүрдараздықты, жек көрушілікті білдіреді.
Өшпенділік-қатты жек көру, қатты жиіркену, қандай әдіспен болса да біреудің құқықтары мен заңды мүддесін шектеу арқылы білінуі мүмкін.
Қылмысты кесенофобияның келесі формасы-адамзыттардың ұлттық ар-намысын енмесе діни сезімін қорлау.
Ұлтық намыс – халықтың (этностың) маральды-өнегелік бағасы. Ол-белгілі бір халықтың көпұлтты мемлекеттегі қоғамдық рөліне негізделіп, оның тарихи процестегі, қоғамның мәдени дамуындағы еңбегіне қарап бағаланады. Ұлттық намыстың ең қасиееті белгісі болып-оның тілі саналады. Ұлттық намыс-халықтың (этностың) өзіндік ерекшеліктерін де білдіреді. Сондықтан ол басқа халықтармен қарым-қатынасқа түскенде, оның ұлттық намысы өз халқын тануға, оның қуатын арттыруға икемдейтін қаржылы күш болып саналады.
Азаматтардың ұлтты ар-намысын немесе діни сезімін қорлау деп-осы категорияға жататын адамдардың ар-намысына тиетін іс-әрекеттерге бару болып саналады. Ондай әрекеттерге ұлттың қасиетті түсініктерін, өмір салтын, дәстүрін, белгілі бір нәсіл, ұлт немесе ұлыстың тарихын кемсітужатады.
Ұлттық (діни) намысты қорлау-ұлттық және діни құндылықтарға кіретін тарихи,мәдени, салт, психологиялық ерекшеліктер мен сенім, идея, оқиға, ескерткіштер, құжаттар туралы жалған мәліметтерді тарату немесе оларды бұрмалап, біржақты көрсету я болмаса этникалық немесе конфессиялық топты, олардың жекелеген өкілдерін мазақтап, шымбайына бату арқылы масқарала не намысына тию.
Журналистер (оқырмандар,тыңдармандар) бұл терминді көп жағдайда өз қалауынша еркін түсінеді. Мысалы, бір газеттен мынандай мәліметті оқыдық: «...балалар аураханасын арлаған директор ұлттық намысымыз бен діни сезімімізді қорлап, оны «свинарникке» теңеді».
Аурухананың шошқақорамен теңестіріп, тері баға беруі (ауызекі әңгімеде шошқақора кір, лас деген мағынада қолданылады) – қалай қарасаң да ұлттық менесе діни сезімді кемсітуге (қорлауға) жатпайды.
Ал азаматтарды дініне, тегіне, ұлтына, руына немесе нәсіліне қарап артықшылығын, ерекшелігін немесе кемістігін насихаттайтын болса – ол заңға қайшы келетін әрекет бпо танылады.
Ұлттық, діни, нәсілдік ерекшелік немесе артықшылық дегеніміз, бір топтың адамдары қзіне ғана белгілітабиғи, биологиялық, әлеуметтік, өнегелік белгілері бойынша өзін артық санап, басқаларын тағы сол белгілерге қарап кемсітуі.
Насихат деп, ұлттық,нәсілдік немесе діни өшпенділік іс-әрекеттерге итермелейтін идеялардыкөзқарастарды немесе түсініктерді көпшілік арасында тарату арқылы қоздыруды айтамыз. Ол-ұран, үндеу, ақыл айту, кеңес беру, сақтандыру, талап қою, қоқыту, т.б. формаларда жүзеге асуы мүмкін.
Дінге, текке, ұлтқа, руға немесе нәсілге қарап біреулердің ерекшеліктері мен артықшылықтарын насихаттау – ол азаматтардың (қабілеті мен мінезіне орай) дінге, сондай-ақ текке, ұлтқа, руға немесе нәсілге көзқарасына қарап баға беруді тарату болып саналады.
Азаматтардың кемістігін насихаттау деп-кімнің қай дінге, сондай-ақ текке, ұлтқа, руға немесе нәсілге жататынына қарап азамттарды кемсітетін баға беруді таратуды айтады.
Қарап отырсаңыз, жалпы, өшпенділікті қоздыратын ақпарат-баға беру түрінде болады екен. Алайда бұл-даулы мақалаларда фактологиялық ақпарат жоқ денеді әсте балдірмейді. РФ Бас прокуратурасының Методикалық кеңестерінде «тарихи, саяси, діни, т.б тұрғыдан шынайы айғақтар мен мәліметтерді хабарлау-ол мәтін әлі ұлттық, нәсілдік немесе діни өшпенділікті қоздыруға бағыттылғанын білдірмейді. Бастысы-сол хабар қандай мамұндық функйия атқарып отыр, нақты айтсақ, қандай көзқарасп пен идеяны қолдайды, алдына қандай мақсат қойып, қандай жолмен насихаттап, оқырмандарды соған қалай сендірмек ойы бар?
Мәселен, әлеуметтік зерттеулерге сүйеніп Қазақстанда ең сауатсыз халық-сығандар деп хабарласа, ол ұлттық араздықты қоздыру болып табылмайлы. Бұл ақпараттың мақсаты халықтың сана-сезімінде сығандардың сауатсыздығын ұлттық белгі ретінде көрсету емес, қоғам мен мамандардың назарын осы проблемаға аудару болып табылады.
Егер адамның әлеуметтік, материалдық жағдайына, қызметіне, жынысы мен нәсіліне, ұлтына, тіліне, сенімі мен дініне қарап кемісетін болса, ол-ксенофобияның көрінісі.
Дискриминацияның (кемсіту) кең және «тар» түсігнігі бар, сол үшін оны;
1) дискриминацияның өзі
2)отандық заң ғылымында «араздықты қоздыру», ал шетелде «жек көретінді балдіру» («hate speeh») деп бөледі.
Кең мағынада дискриминацияны: теңдікке нұқсан келтіру, адамдар мен ұйымдарды алалау деп түсінеді. Ал «тар» мағынада (біз қарастырып отыратын аспктіде) ол-санасына әсер ететіндей адамның этникасына, нәсіліне жіне дініне қатысты зиянды әрекеттер жасау – бірінші кезекте, сөзбен. Шартты түрде оны этникалық (діни және т.б.) негіздегі дискриминация деп атауға болады.
Ксенофобия негізінде жасалған қылмыстардың ішіндегі ең ауырларының бірі геноцид. Халықаралық құқықтық актілерде геноцид қай кезде-соғыста ма, бейбіт уақытты ма-жасалғанына қарамастан халықаралық құқықты бұзатын қылмыс болып табылады. БҰҰ-ның (ООН) Бас Ассамблеясы 1948 жылы 9 желтоқсанда геноцид қылмысын болдырмау және ол үшін жазалауды қарастырған Конвенцияда «...геноцид деп белгілі бір ұлттық, этникалық, нәслдік немесе діни топты сол үшін ғана толық немесе бір бөлігін құртуды айтады:
а) осы топтың мүшелерін өлтіру;
б) осы топтың мүшелеріне елеулі зиян тигізу немесе ақыл-есіне нұқсан келтіру;
с)белгілі бір топ толық немесе бір бөлігі физикалық түрде тұрмайтындай жағдайды әдейі жасау;
д)осы топқа бала тумайтындай шаралар қолдану;
е)бір топтың балаларын күштеп тартып алып, басқа топқа беру» (2-бап)
Сонымен қатар 3-бап бойынша мына іс-әрекеттер жазаға тартылады. «а)геноцид; б)геноцидті жүзеге асырі үшін дайындалған қастандық; с)геноцидке баруға көпшілікті ашық түрде үгіттеу; д)геноцид жасауға әрекеттену; е)геноцидке жанашырлық таныту».
«Геноцид яғни ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топты не осы топтың мүшелерін өлтіру, олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп біреуге беру, күштеп көшіру не осы топтың мүшелерін қырып-жоюға есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызу арқылы толық немесе ішінара жоюға бағыттылған қасақана әрекеттер» (ҚР ҚК 160-бап). Осы іс-әрекеттер бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне де қарсы бағытталған қылмыстар болып табылады.
Қылмысты ксенофобия –көпшілік оқырманда (көрерменде, тыңдарманда) белгілі бір этнос пен этикалық проблемаға деген теріскөзқарас қалыптастырып, жағымсыз баға беретін ақпараттың әсерінен пайда болады. Енді этникалық қате түсіну қалай жасалатынын мысалдардан көрейік.
Біріншіден, ол-этносқа берілген анық ксенофобиялық мазмұндағы мінездеме. Мәселен, «Дін және мемлекет!» деп аталға мақаланың басында журналист Е.Сырназан Құрбан айт пен Рождествоға діни мереке мәртебесі берілген шешімді қате және Конституцияға қайшы келеді деп санаған. Содан кейін ол дау тудырған түсінікті шатыстырып, еш себепсіз бір этносқа аяқ астынан зоологиялық өшпенділігін білдіріп, өте жағымсыз түрде намысқа тиетін мінездеме берген: «Конститутциямызға көз жүгіртпеген көр көкіректерді надан демей адам дейміз бе, қалай дейміз? Өз алдымызға ел болсақ та орекеңдердің сарымсақ сасыған қылтанақ қызыл тұмсығынан сүйіп, қолаңса сасыған қолтығынан иіскеп, шошқаның күлімсі иісі сіңген шалбарының балағынан құшақтауды қоямыз ба? Ар қайда, намыс қайда? Азат елміз бе, әлде мазақ елміз бе?»
Мұндай мінездеме сирек кездеседі, бірақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарына пайдалану(ол көп таралыммен немесе аз тиражбен шығатын газет болса да) – тура мағынасында этнос туралы қате түсінік қалыптастырады.
Екіншіден, ұлт туралы теріс пікір негативті этникалық стереотип арқылы қалыптасады. Ал этномәдени стереотип дегеніміз, белгілі бір ұлттың мінезі мен жүріс-тұрысы туралы жалпылама көзқарас. Мұның бүкіл халыққа да қатысы бар және сонымен бірге оның әрбір өкіліне де сондай мінездеме беруге болады. Көп жағдайда стереотиптер қате ұғыммен алып-қашпа әңгімелер турдырып, сол адамға күдікпен, үреймен қарап, сенімсіздік, өшпенділікті қалыптастырады. Шетелдік психологтар ондай стереотиптердің теріс әсерін ерекше атап көрсетеді: «...стереотиптер әдетте «жұқпалы ауруға» ұқсас, себебі ондай стереотиптер адамдарды талғамай, жалпылама бәріне бірдей дөрекі мінездеме бере береді. Кейде стереотиптер шындыққа сәйкес келгенмен, оның арты жаман аяқталуы мүмкін, себебі ол халықтың кейбір өкілдерінің мінезі сөз болып отырған стереотиптерге мүлдем сай келмесе де, оларға да сондай жаман атақ тағылады».
Мысалы, «Қытай қазақтары қыздарын басқа ұлтқа бермейді» деген мақалада Қытайдан келген оралман қыз: «Сөз барысында жамандағандай боламын, айтпаса тағы да болмас, сіздерде әлі де болса орысшылдық басымдау ма деймін?! Көшеде, не көпшілік орындарда болсын екі қазақ кездессе қазақшасын ұмытып, орысша сөйлеп тұрады. Содан да болса керек, кейбір жастар арасында ибалылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, не кішіге қамқорлық жетпей жататын сияқты» дейді.
Бұл пайымдауда жанама түрде: орыстарға сыпайылылық, тәрбиелілік, үлкендерге құрмет көрсету, кішілерге көмектесу сияқты қасиеттер тән емес деген стереотип бар. Мұндай тұжырым белгілі бір этникалық топтың барлық мүшелеріне ашық болмаса да астыртын өшпенділікпен қарайтын стереотиптен туындайды, өйткені сол сұхбатта бір этностың моральдық және мәдени кемшіліктері оның өз этносына теріс ықпал жасап отыр деген тұжырымнан жасалған. Журналист мақалаға түсініктеме бермегендіктен, журналист пен сұхбат берген адамның идеялары бір жерден шығып жатыр деп ойлауға негіз бар.
Стереотиптердің қалыптасуының тағы бір қайнар көзі – этнос туралы ойдан шығарылған, ақылға қонымсыз идеялар болып табылады. «Қауіпті постулаттар» деп аталатын мақалада саясаттанушы Қазақстанға қауіп –қатер төндіріп тұрған төрт сыртқы факторды (Батыстың зиянды ықпалы, Қытайдың демографиялық үстемдігінен туындайтын қауіп, Араб шовинизмі) атай келе, былай дейді: «Ал, ескі құда Ресейдің мәдени-саяси иірімінің ішінде отырып, (қазір де отырмыз) біз араққа қатты берілдік. Орыстың тікбақай мінезі қала мәдениетінің негізіне салынып, қазақты бір-біріне суық сәлемдесетін деңгейге түсірді. Орыстың жейтін тағамы – шошқаның жаясы қазақтың мінезіне қызғанбауды әкелді. Өйткені, шошқаның аталығы, аналығы қызғанбайды. Қазақ арасында жеңіл жүріс, ажырасу көбейді. Орыс қызының, орыс әйелінің тасыр мінезі қазақ әйелін өзгертіп жіберді: қара санға дейін көрінетін қысқа көйлек киетін болды».
Көріп отырғанымыздай, бұл үзіндіде автор мұсылмандардың теріс қабылдайтын «орыстар шошқаның етін жейді» деген жалпыға белгілі стереотипті пайдаланып, сол этностың (орыстардың) негативті бейнесін одан әрмен өршітіп, тіпті абсурдқа дейін жеткен(орыстың жейтін тағамы- шошқаның жаясы қазақтың мінезіне қызғанбайды әкелді. Өйткені, шошқаның аталығы, аналығы қызғанбайды).
Ксенофовиялық теріс ұғым қалыптастырудың үйреншікті тәсілі – сатқын-этнос деген атақ тағып, оның арам пиғылы бар екендігін көрсету. Мысалы: «...1992-1997 жылдар аралығында «Қайдасың Отаным-Ресей?» деп 1,6 млн. Орыстардың көшіп кеткеніне кейбіреулер қатты қынжылды. Ал, туралыққа келсек біз қынжылмай қайта қуануымыз керек. Себебі «қасқырды қанша бақсаң да орманға қарап ұлиды» дегендей олардың жүрегі Ресей деп соғып тұр. Олар ешуақытта Қазақстанға жаны ашымайтынын сол көшімен дәлелдеді. Мұндпйлардан аман-есен тышын қана құтылғанымызға қуанайық. Өйткені, елбасына ауыр жағдай туа қалса бірінші болып сатқындық жасау солардан шығуы мүмкін».
Газеттің бір оқырманы өзінің үлкен мақаласында осылай жазған.редакция болса, ол хатқа салмақты да салиқалы түсініктеме берген. Егер редакция формальды түрде не шынымен мұндай пайымдаумен келісетін болса, онда БАҚ-ты да ұлтаралық араздықты қоздыру үшін пайдаланып отыр деп айыптауға да болар еді.
«Атамекеннің» бүлдіргі басмасы»(«Ана тілі» газеті) деп аталатын мақалада журналист: «Біз партияның мақсатымен де, тіпті атымен де келіспейміз. Тілдерін мемлекеттік тіл деп мойындайтындай қазақстан орыстың да, ағылшынның да атамекені емес. Орыстар да ата-бабалары патшалық Ресей заманында ауып келген кірмелер. Олар үшін қазақстан ешқашан Атамекен бола алмайды» деп жазып, бүкіл бірп этності отанынан айырып отыр.
Қарап отырсақ, кейде қоғамда әртүрлі және күрделі процестер баспасөзде этностық фактордың ықпалынан туындаған нәтиже ретінде көрсетіледі. Этнос туралы теріс түсінік қалыптастырудың тағы бір құралы ретінде жеке оқиғаны жалпылама етіп көрсетіп, оны бүкіл этносқа таңуды атауға болады. «Скинхедтер қазақ қызын өлтірді» деген мақалада қазақ қызы айнұр Бөлекбаеваны Санк-Петербургте өлтіріп кеткені жайлы баяндалады. «Ұлт тағдыры» қозағлысы мен «Болашақ» жастар ұйымының өкілдері Ресей құқық қорғау органдарынан бұл қылмысты обьективті тергеуін талап етіп, мұндай оқиғалардың біздің елде де тарап кету қаупі бар екенін ескертеді. «бірақ жастар(«Болашақ» қозғалысы) Ресейдегі шовенистік, фашистік қоқан-лоқылар жалғаса берсе, оның Қазақстанға да қауіп төндіретінін алға тартады. Бұл пікірге «Ұлт тағдыры» қозғалысының белсенділері де бір ауыздан қосылып отыр» деп жазады журналист. Одан ары қарай бұл трагедиялық оқиғаға белгілі саясаткерлер баға берген: «Ұлт қозғалысы» қозғалысы төреағасының орынбасары Хасен Қожахмет: «Мұндай жағдайлар бізде 1970 жылдары болған. Автобуста, коллективте:»Неге қазақша сөйлейсіңдер?»деп, Қазақстанда талай қазақтарға қорлық көрсеткен. Ал, Ресей халқының санасы сол деңгейден аспағаны көрініп тұр». Орыстың қазақтарға қатысты мұндай қылмыстарды 70-ші жылдары да жасағанын саясаткердің өз ар-ұятына қалдырайық. Ал, енді Ресей халқының санасы сол деңгейден аспағаны көрініп тұр деген пайымдауы – бір әлеуметтік топтың қылмысын бүкіл халыққа таңып, жалпылама қорытынды жасауы қателік.
ҚР парламенті депутаты Амангелді Айталы фашизмнің мәнісін түсіндіріп және Одақ құлағаннан кейін Ресейде пайда болған проблемалар туралы сөз қозғағанда жаңағы трагедиялық оқиға туралы: «Жалпы, фашизм орыс халқының иедеологиясында әуелден бар. Бұл осы жылдары пайда болған құбылыс емес. Қазақ жеріндегі ұлт азаттық күреске қатысқандарды қырып-жою әдеттерін біз еске алсақ, неше түрлі фашистік қылмыстар қазақ топырағында орыстармен жасалды. Мысалы, 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліске қатысқан қазақтарды киізге орап, үстерінен керосин шашып, өртегені туралы 1917-1918 жылдары «Наша газета» деген басылым жазған. Бір кездері осыны мен оқып, орыс халқы мен фашизмнің арасында осындай байланыс бар екен деп ойлағанмын.Сондықтан оған таң қалмау керек» дейді. Бұл түсініктеме ешқандай айғақтармен, ресми деректермен расталмайды(аты аталған газетке сілтеме жасауды да салмақты айғақ деп қарауға болмас). Саясаткердің көтеріп отырған тақырыбы- патшалық Ресейдің қазақтардың ұлт азаттық қозғалысына қарсы әрекеті емес, орыс халқына о бастан-ақ тән фашизм туралы.
Даулы ақпаратты талдаған кезде, екі халықтың өткен тарихын теріс баяндап, жекелеген топтардың(патша армиясының жауынгерлері ме?) іс-әрекеті орыс халқының қылмысы ретінде беріліп, түсініктер алмастырылғаны анықталды. Бүкіл бір этносқа қатысты тұрақты теріс стереотип дәл осылайша қалыптасады.
Сөз бостандығы және қылмыстық ксенофобия Қазақстан республикасының заңдары сөз бостандығына кепілдік бере отырып, қылмыстық ксенофобияға қатаң тыйым салады. Оған төмендегідей әрекеттер жатады:
• Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық және тайпалық алауыздық тудыру
• Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық және тайпалық алауыздық пен бөлінушілікке итермелеу
• Азаматтардың ұлттық ар-намысын немесе діни сезімін қорлау
• Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық және тайпалық артықшылықты насихаттау немесе соған үгіттеу
• Әлеуметтік, лауазымдық, тұрмыстық жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни сеніміне қарай кемсітушілік.
Бұл әрекеттерге ҚР-ның Конституциясында (5, 14, 20-баптар), ҚР-ның Қылмыстық кодексінде (141-бап), сондай-ақ, БАҚ туралы заңда (2; 25- баптар), «Экстремизмге қарсы күрес туралы» заңда (1-бап), «Діни сенім бірлестіктер туралы» заңда (3, 4-баптар), «Саяси партиялар туралы» заңда (5-бап), «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» заңда (27-бап, 8-тармақ), ҚР-ның Азаматтық-процессуалдық кодексінде (343, 344-баптар) тыйым салынған.
Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе алауыздық тудыру дегеніміз түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері арасында (олардың діни Журналистің (немесе редакцияның) бұған қатысты пікірі берілмеген, сондықтан ол да сұхбаттағы идеяларды қолдайды деуге болады. сеніміне қарай) алауыздық тудыру болып табылады. Оның арты түрлі ұлт өкілдерінің бір-бірін қорқытып-үркітуіне, төбелесуіне немесе белгілі бір топтың қоғамнан оқшаулануына әкеліп соқтырады. Өшпенділік тудыратын ақпаратқа «жағымсыз эмоциямен бағаланған және белгілі бір ұлтқа, діни топқа қатысты теріс түсінік пен қолайсыз жағдай қалыптастыратын ақпарат жатады. Жік салу дегеніміз жек көрініш сезімін тудыру. Ал өшпенділік біреуді қатты жек көру, кез-келген жолмен біреудің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға деген құштарлық болып табылады. Ұлттық ар-ождан – халықтың (этностың) ар-ожданын моральдық тұрғыдан бағалау. Ол белгілі бір халықтың көпұлтты қоғамдастықтағы рөлін, оның тарихи дамуға қосқан үлесін қоғам тарапынан мойындауға негізделеді. Ұлттың ар-ождан атрибуттарының ішінде оның тілі ерекше қорғалады. Азаматтардың ұлттық намысы мен ар-ожданын немесе діни сенімін қорлау намысқа тиюге бағытталған тұрпайы әрекеттерден тұрады. Бұл әрекеттер ұлттың қасиетті саналатын дүниелерін, тарихын, өмір салтын кемсіту мақсатында жасалады (тұрпайы тіл, ым, менменсу).
Ұлттың (діни) ар-ожданын қорлау дегеніміз – белгілі бір ұлттың немесе діни топтың өткен тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпы мен психологиясына, идеяларына, ескерткіштері мен құнды құжаттарына қатысты жалған мағлұмат тарату және олардан жиіркену.
Журналист белгілі бір мәтіндегі ұлттық, нәсілдік және діни алауыздықты қандай белгілер негізінде анықтайды?
Оның негізгі белгілері мынадай:
– бір этносқа, нәсіл немесе дінге қатысты теріс пікір қалыптастыру;
– жекелеген адамдардың кемшілігін этникалық немесе діни топқа тұтастай жаба салу;
– бір ұлттың, нәсілдің немесе діннің артықшылығын немесе өзгелерден беріктігін насихаттау;
– жекелеген адамдардың әрекеті үшін тұтас бір ұлтқа кінә тағып, сол үшін жауапкершілікті этникалық, діни топқа жүктеу;
– белгілі бір ұлттың екіншісіне ежелден өш екенін растау;
– бір ұлттың немесе діни топтың өзгелерге қарсы бағытталған құпия жоспарлары туралы айту;
– өткендегі, қазіргі және келешектегі келеңсіздіктер үшін белгілі бір ұлтты, діни топты кінәлау;
– қандай да бір ұлтқа, нәсілге. дінге қарсы әрекеттерге үгіттеу;
– қандай да бір ұлт, дін өкілдеріне қарсы бағытталған геноцидті, қуғын-сүргінді, күштеп қоныс аудару оқиғаларын ақтау;
– тбелгілі бір ұлттың немесе дін өкілдерін қызметтен аластауды талап ету;
– белгілі бір ұлт, дін өкілдеріне қоқан-лоққы көрсету немесе оларға қарсы күш қолдануға азғыру.
Егер мәтінде осы белгілер болса авторлардың үстінен қылмыстық іс қозғауға болады.
Этностың теріс образын қалыптастыру Ұлтқа қарсы теріс пікір түрлі жолдармен қалыптастырылады. Бірінші, этносқа тікелей ксенофобиялық сипаттама беру. Мәселен, «Дін және мемлекет!» деп аталатын мақалада этносқа қатысты зоологиялық жеккөрініш сезімі, тікелей қорлау байқалады: «Конституциямызға көз жүгіртпеген көр көкіректерді надан демей адам дейміз бе, қалай дейміз? Өз алдымызға ел болсақ та өрекеңдердің сарымсақ сасыған қылтанақ қызыл тұмсығынан сүйіп, қолаңса сасыған қолтығынан иіскеп, шошқаның күлімсі иісі сіңген шалбарының балағын құшақтауды қоямыз ба, жоқ па? Ар қайда намыс қайда? Азат елміз бе, әлде мазақ елміз бе? Бұндай сипаттамалар көп емес, бірақ олардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы этнос туралы теріс пікір қалыптасуына ықпал етеді.
Екіншіден, ұлт туралы теріс пікір этникалық стереотиптер арқылы қалыптасады. Этномәдени стереотип – белгілі бір халықтың мінез-құлқы мен дағдысына қатысты қалыптасқан жалпылама түсініктер. Олар көп жағдайда теріс пікір қалыптастырып, белгілі бір ұлтқа деген үрей, сенімсіздік пен күмән тудырады. Мысалы, «Қытай қазақтары қыздарын басқа ұлтқа бермейді» деген жарияланымда Қытайдан келген оралманның сұхбаты жарияланған. Ол: «Сөз келісінде, жамандағандай боламын, айтпаса тағы болмас, сіздерде әлі де болса орысшылдық басымдау ма деймін. Көшеде, не көпшілік орындарда болсын екі қазақ кездессе қазақшасын умытып орысша сөйлесіп тұрады. Содан да болса керек, кейбір жастар арасында ибалылық, инабаттылық, улкенді сыйлау, не кішіге қамқорлық жетпей жататын сияқты». Жанама түрде алып қарағанда, мұның астарында: орыстар сыпайылық дегенді білмейді, тәрбие көрмеген, жасы үлкенді сыйламайды, жасы кішіге көмектеспейді деген теріс наным жатыр. Жалған қағидалар ойдан шығарылған, этнос туралы рабайсыз идеялар арқылы да қалыптасады. «Қауіпті постулаттар» деп аталатын мақалада саясаттанушы Қазақстанға сырттан келетін қауіпті төрт факторды атап өтеді (Батыстың кері әсері, Қытай халқы санының шектен тыс артуы, араб шовинизмі): «Ал, ескі құда Ресейдің мәдени-саяси иірімнің ішінде отырып (қазір де отырмыз) біз араққа қатты берілдік. Орыстың тікбақай мінезі қала мәдениетінің негізіне салынып, қазақты бір-біріне суық сәлемдесетін деңгейге түсірді. Орыстың жейтін тамағы - шошқанын жаясы қазақтың мінезіне қызғанбауды әкелді. Өйткені, шошқанын аталығы аналығын қызғанбайды. Қазақ арасында жеңіл жүріс, ажырасу көбейді. Орыс қызының, орыс әйелінің тасыр мінезі қазақ әйелін өзгертіп жіберді: қара саңға дейін көрінетін қысқа көйлек киетін болды».
Көріп отырғанымыздай, аталған үзіндіде «орыстар шошқа етін жейді» деген түсінік қолданылған және ол этносқа қатысты теріс пікір қалыптастырады. Сөйтіп, тіпті басқа сыймайтын ойларды айтады (Орыстың жейтін тамағы - шошқанын жаясы қазақтың мінезіне қызғанбауды әкелді. Өйткені, шошқанын аталығы аналығын қызғанбайды.). Ұлтқа қатысты жағымсыз пікір қалыптастырудың тағы бір тәсілі – жекелеген оқиғаны жалпыландырып, оны тұтас бір этносқа таңып қою. «Скинхедтер қазақ қызын өлтірді» деген мақалада Санкт-Петербургте қазақ қызы Айнұр Бөлекбаеваның өлтірілуі жайы сөз болады. Қайғылы оқиғаға белгілі саясаткерлер баға береді. «Ұлт тағдыры» қозғалысы төрағасының орынбасары Хасен Қожахмет: «Мұндай жағдайлар бізде 70-ші жылдары болған. Автобуста, коллективте: «Неге қазақша сөйлейсіңдер?» деп, Қазақстанда талай қазақтарға қорлық көрсеткен. Ал, енді Ресей халқының санасы сол деңгейден аспағаны көрініп тұр». 70-ші жылдары орыстар қазақтарға қатысты қылмыс жасады деген дәлелсіз тұжырымын автордың ар-ұятына қалдырайық.
Өкінішке орай, ол: Ал, енді Ресей халқының санасы сол деңгейден аспағаны көрініп тұр деп, тақырбастар бандасының қылмысын тұтас орыс халқына жауып отыр. ҚР парламентінің бұрынғы депутаты Амангелді Айталы фашизм туралы және Кеңес одағы құлағаннан кейін Ресейде орын алған проблемаларды айта келе былай дейді: «Жалпы, фашизм орыс халқының идеологиясында әуелден бар. Бұл осы жылдары пайда болған құбылыс емес. Қазақ жеріндегі ұлт-азатттық қүреске қатысқандарды қырып-жою әдістерін біз еске алсақ, неше түрлі фашистік қылмыстар қазақ топырағында орыстармен жасалды. Мысалы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан қазақтарды киізге орап, устерінен керосин шашып, өртегені туралы 1917-1918 жылдары «Наша газета» деген басылым жазған. Бір кездері осыны мен оқып, орыс халқы мен фашизмнің арасында осындай байланыс бар екен деп ойлағанмын. Сондықтан оған таң қалмау керек». Бұл пікір ешбір негізсіз айтылған және ресми ақпарат көзіне, фактіге сілтеме жасалмаған (1917-1918 жылдары шыққан газеттің атауы сілтеме болып жарытпайды). Саясаткердің пікірінше, фашизм патшалық Ресейдің қазақ жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстарға қарсы әрекеттері емес, о бастан орыс халқына тән дүние болып табылады. Осылайша, екі халықтың өткені тұрпайы сипатталып, белгілі бір топтың әрекеттері тұтас орыс халқына жабылған. Ксенофобиялық түсінік қалыптастырудың тағы бір әдісі – белгілі бір ұлтқа сатқын-этнос деген айдар тағу, оны бұрынғы қылмыстар үшін айыптау. Мысалы: «…1992-97 жыл аралығында «қайдасың отаным - Ресей?» деп 1,6 миллион орыстардың көшіп кеткеніне кейбіреулер қатты қынжылды. Ал туралыққа келсек біз қынжылмай қайта қуануымыз керек. Себебі «қасқырды қанша бақсаң да ормаңға қарап ұлиды» дегендей олардың жүрегі Ресей деп соғып тұр. Олар еш уақытта Қазақстанға жаны ашымайтынын сол көшімен дәлелдеді. Мұндайлардан аман-есен тыныш қана құтылғанымызға қуанайық. Өйткені ел басына ауыр жағдай туа қалса бірінші болып сатқындық жасау солардан шығуы мумкін. «Атамекеннің» бүлдіргі бастамасы» деп аталатын мақалада журналист орыс ұлтын отанынан айырғысы келеді: «Біз партияның («Атамекен») мақсатымен де тіпті атымен де келіспейміз. Тілдерін мемлекеттік тіл деп мойындайтындай Қазақстан орыстың да, ағылшынның да атамекені емес. Орыстар да ата-бабалары патшалық Ресей заманында ауып келген кірмелер». Көріп отырғанымыздай, кейде баспасөз қоғамдағы күрделі процестерді этникалық фактордың нәтижесі ретінде қарастырады. Саясаткер Амалбек Тшан Қазақстандағы интернет-басылымдардың біріне берген сұхбатында астарлап болса да этносқа қатысты жағымсыз пікір айтқан:
- Яғни, сіздіңше аталған аудандардағы күрдтер биліктен қорықпай, ойына келгенін істеп жатыр ма?
- Ұлттық мәселе өте ауыр дүние. Ол туралы айту да қиын. Бірақ, 30 миллионнан асқан күрд халқы дербес мемлекет құра алмады. Бұл нені білдіреді? Мен түріктер күрдтердің қанына соншалықты құмар дегенге сенбеймін. Түркия – демократиялық даму жолын таңдаған мемлекет. Олар неге күрдтермен соғысып келеді? Өйткені, Анкараға күрд диаспорасы тарапынан қысым жасалып отырады. Және онысы шектен шығып кетуде.
Кейбір жарияланымдар қазақтардың жауларын іздеуге бағытталады. Сонымен қатар қазақ халқының қайғы-қасіреті этникалық белгілермен байланыстырылады. Мысалы, «Көрінгенге мазақ - о сорлы қазақ...» деген мақала авторы қазақтардың ауыр жағдайына Қазақстанды көпұлтты мемлекетке айналдырған тарихи себептерді кінәлайды: «Бар пәле он сегізінші ғасырдан басталған тәрізденеді де тұрады маған... Әуелі патшалық Ресейдің жүздеген мың орысын, татарын еңгіздік. Одан Кеңес заманында тағы да орыстар, олардан қалмай украиндар, беларусьтер, молдавандар, еврейлер, өзбектер қаптады. Жер аударылып латыштар, немістер, кәрістер, шешендер жетті. Ақыр аяғында 100-ден астам ұлттың екінші Отанына айналдық, «Қазақстан – ұлттар лабораториясы» деп бүкіл әлемге жар салдық. Қазір бұрынғыдан да көбейе түсті олардың саны, өйткені тәуелсіздік алғалы әр нәрсені сылтау етіп қытай, ағылшын, жапон, үндіс, түрік, араб, испан, италян, португал, негр, француз, парсы, швед, қарақалпақ... кіріп кеткен... Қонақжайлығынан-ақ көбіне көзі шығатын қазекең сырттан келгендер ұлтымызды жаман демесінші деп, оларға қалбаңдай-қалбаңдай өз елінде солардың кейбіріңің мазағына қалғанын, ұлтанына түсіп кеткенін сезбей қалған секілді. Енді келіп бармағын шайнап, зығыры қайнап, өз-өзінен күбірлеп, санын сабалап, желкесін қасып, жер шұқып отырғаны мынау. Мақалада қазақтың қасіретіне кінәлілер этникалық белгісі бойынша ізделеді. Автор жау іздеп, тарихи мағлұматтарды (Қазақстанға күштеп қоныс аудару, көші-қон) беру арқылы өзбектер туралы теріс пікір қалыптастырады: «Өзбектің достығы үй айналғанша» деп тектен-тек айтпағанын әрдайым есімізде ұстағанымыз жөн... Кейбір масс болғандары, не өжектесіп айтысып қалғандары, Өзбекстанда қазақ пен орысты қой мен шошқаға балайтындарын, соларша емпеңдетіп айдайтындарын айтып, кеуделерін соғады. Яғни, жерімізде жүріп, біздің ұлтты менсінбейді; ... Бірақ өзбек әкалар марғау қазақтарға қайда болса да тісін қайрап, ызасын сақтап жүретініне таң қаламын. Өзбектер мен қарақалпақтар қоғамға теріс әсер етеді деп айыпталады (Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау); олар қазаққа қауіп төндіреді деп түсіндіріледі. Бір сөзбен, қазақтың бүгінгі халіне өзге ұлттар кінәлі дейді автор: «Қазақстанда өзге бір ұлт өкілінің үйі қиратылыпты, не баспанасыз жүр екен дегенді естіген емеспін. Бұл күнде күйі жоқ та қазақ, уйі жоқ та қазақ болып тұр. О, сормаңдай қазақ, көргенің азап пен мазақ болды-ау! Ел кімдікі? Жер кімдікі? Сен кімдікісің? Мақалада стандартты ксенофобиялық логика жатыр: «олар» («жат адамдар») «бізді» жек көреді. «Біз» болсақ оларға мейірім көрсетеміз, жамандық жасаған емеспіз, төзіп келеміз. «Көпұлттылығымыз мақтаныш па?» деген мақалада журналист Қазақстанның көпұлттылығы мақтануға тұрарлық құбылыс екеніне күмән келтіреді. Оның ойынша көпұлттылықтың пайдасынан гөрі, зияны басым: «Шындап келгенде біздің ұлттық рухымыздың тамырына құрт түсірген осы көп ұлттылық емес пе?». Бұдан мемлекетті көп ұлттылықтан жағдайдан құтқару керек деген идея туындайды. Бұл идея әлеуметтік және ұлттық ахуалды жақсарта ма, әлде ушықтырып жібере ме? Сұрақтың жауабы айтпаса да түсінікті. Қазақстан көпұлтты болғанымен оның иесі де, қожасы да – қазақ ұлты. Қазақ ұлтынан басқа өзгелері ұлыс, не ұлт өкілдері болып саналады. Көпұлтты деген жалпылама, әлдебіреудің ауызына түсе қалған сөз («Шайтан түрткен қауымдастықтың сандырағы ел тыныштығын бұза ма?» деген мақаладан). Көріп отырғанымыздай, бұндай ақпарат бір ұлттың екіншісінен басымдығын насихаттайды. Бұндай жағдайда Конституциядағы «ата-баба жерінде мемлекет құрушы», «ортақ тарихпен бірлескен Қазақстан халқы» деген түсініктер құрғақ сөзге айналады.
Этнос мәселесіндегі ауыр тақырыптардың бірі – шетелдік мигранттар проблемасы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстандағы еңбек мигранттарының денін өзбектер, қарақалпақтар, тәжіктер мен қытайлар және т.б. ұлт өкілдері құрайды. Қазақстандықтардың сырттан келгендерге жылы қарым-қатынасына қарамастан соңғы жылдары мерзімді БАҚ қоғам санасына теріс этникалық идеяларды сіңіруге тырысуда: Сырттан келгендер бізге кедергі келтіруде. Солардың кесірінен өмір сүру қиындап барады. Тұрғын үй мен азық-түлік бағасы қымбаттап, қылмыс санының артуына да солар кінәлі. Олар біздің жұмыс орындарымызды алып қоюда. Олар қайырымсыздар. Қазақ тілі мәселесі де БАҚ-та шынайы тұрғыдан баяндалып жүр деп айтуға болмайды. Жоғарыдағы айтылғандарға қарап «сонда ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін айналып өту керек пе» заңды сұрақ туындайды. Жоқ, проблема атаулының бәрі БАҚ-та көрініс табуы тиіс. Мәселе оның қалай жазылғандығында. «Ұлтаралық қатынастар саласының сезімталдығына орай, басылым беттері мен эфирге барлық мәселені шығара беруге болмайды, өйткені, оқырман теріс әсер ететін «этникалық» ақпаратты қабылдауға әрқашан дайын емес» деген қағида бар. Әрине, бұл қағида сөз бостандығы, бұқаралық ақпарат құралдары бостандығы талаптарына қайшы келеді. Идеяның қоғамға қауіп төндіретін үгіт-насихатқа айналып кетпеуі үшін мәселе алдымен құқықтық тұрғыдан, содан соң журналистің кәсіби ар-ожданы (кәсіби этика нормалары) мен қоғамдық пікір тұрғысынан шешілуі тиіс. Газеттерге көбіне ақпарат құралын өзінің ұлтшылдық немесе экстремистік идеяларын тарататын трибуналға айналдырғысы келетін адамдар хабарласады. Бұл жерде көп мәселе газеттің ұстанымына байланысты болмақ. Редакция хат авторларымен келісе ме, әлде оның пікірлеріне қарсы ма? Егер газет мақаладағы оймен келіспейтінін білдіріп, басын «арашалап» алса жарияланым үшін жауап бермейді. Мәселенің этикалық жағы да маңызды. Бұл мәселеде «зиян келтірмеу» талабы басты орында тұруы тиіс. Осы құжаттардағы бір-біріне ұқсас екі Мақала көлемі тіл тақырыбында жазылған материалдарды талқылауға мүмкіндік бермейді.
Язык мой… Проблема этнической и религиозной нетерпимости в российских СМИ. М., 2002. 116-бет. «Гардиан» газетінің тәжірибесінен үлгі алуға болады (қараңыз: Комментарии сво-
бодны…насколько? – Реакция коллег на опубликование взглядов Усамы Бен-Ладена // Иан Мэйс. Работа над ошибками: Опыт омбудсмена газеты «Гардиан» - М.: Институт проблем информационного права, 2005. 248-250-беттер). қағидадан мысал келтірейік: «5. Журналист ақпарат субъектісінің нәсілдік, этникалық болмысына, саяси және діни наным-сеніміне салмақ сала сөйлеуге құқысыз. Бұл әсіресе қылмысқа қатысты материалдарды дайындағанда ескерілуі тиіс. Өйткені, күдіктінің немесе қылмыскердің белгілі бір діни, этникалық топқа жататынын айту өзге ұлттарға деген теріс көзқарас қалыптастыруы мүмкін»(Полиэтникалық қоғамдардағы журналистің негізгі жұмыс қағидалары туралы декларация, Қырымның тәуелсіз журналистер қауымдастығы, 23-сәуір, 2001 жыл).
Нәсілдік мәселелер. Біз әңгіме болып отырған оқиғаға тікелей қатысы болмаса біреудің нәсілдік, ұлттық болмысынае қатысты мағлұматтарды жария етпейміз. Жалпыға ортақ талап осы. Біз қылмыс жасады деген күдік түсіріліп отырған тұлғалардың ұлтына, нәсіліне тоқталмаймыз (күдіктінің жеке басын анықтауға қажетті болғанда немесе қылмыс нәсілдік жек көрушілік салдарынан жасалған жағдайдан басқа кезде). («Гардиан» редакциясының этикалық нормаларынан)
Енді «Бір қазақты екі ұйғыр неге өлтірді?» деген материалда осы қағидалар мен ұстанымдар сақталды ма, осыған көз жеткізіп көрелік. Материал репортаж мәтіні мен «Ұлт тағдыры» қозғалысы төрағасы Дос Көшімнің қайғылы оқиғаға қатысты пікірінен тұрады. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Малыбай ауылында бір ер азамат өлтірілді. Құқық қорғау органдары бұны спиртті ішімдік ішу барысында болған тұрмыстық жанжал деді. Қаза болған жігіттің туыстары оның ауылдағы ұйғырлар тарапынан өлтірілгенін айтады. Туыстарының пікірінше, Айдын Халықовтың өліміне оның ұлт мүддесіне берілгендігі себеп болған. Ауылдағы ұйғырлардың ұлтшылдық әрекеттеріне төзе алмаған көрінеді. Тергеу-тексеру жүріп жатыр. Репортажда журналист қылмысқа қатысы бар деп айыпталып отырған азаматтардың ұлтын ешбір негізсіз (бұл полицейлердің ұсталғандарға қатысты жазған мағлұматы емес қой) қайталаумен болады. Өлтіру оқиғасының өзі факт ретінде көрсетілген (екі ұйғыр өлтірд). Басқаша Біз сараптаған түрлі мемлекеттердің 39 кәсіби-этикалық кодекстерінің 32-сінде осы ұстаным бекітілген.
Дәлдік, ойланып сөйлеу – бұқаралық ақпарат құралдары үшін барлық жағдайда қолданылатын қағидаға айналуы тиіс. Жарияланымда дау тудырмайтын бір ғана факт бар. Ол – әбден жәбірленген мәйіттің табылуы. Қалған ақпараттың бәрі бір ғана тараптың пікірінен (өлтірілген адамның туыстарынан) құралған. Олар Айдынның қайтыс болуына байланысты ауылдағы ұйғырларға көптеген айыптаулар таққан. Егер басылымда журналист тәуелсіз жұмыс істейтін болса да, бұл журналиске кімнің даусының оқырманға жетіп, кімдікінің жетпейтінін шешу құқығын бермейді. Өйткені, тараптардың бәрінің пікірі берілуі тиіс. Соның ішінде құқық қорғау органдарының пікірі де жариялануы қажет (егер органдар белгілі бір ақпаратты беруден бас тартқан жағдайда журналист ол туралы өз мақаласында айта алады). Тек қана ұйғыр халқына көрсетілетін қайырымдылық көмек туралы пікір де біржақты жазылған (жеке тұлғалар кімге қаржылық көмек көрсететінін өзі таңдайды). Журналистің басқа да расталмаған мағлұматтары да күмән тудырады (мысалы, бұрында ауыл ұйғырларының қырғыздарды қудалағаны, кейін оған қазақтардың айыпталғаны туралы ақпар). Мақаладағы Жасырын ұйым не істеп жүр? деген тақырыпша да күмәнді. Мұнда ауылда құпия ұйымның жұмыс істейтінін растайтын бірде-бір мағлұмат жоқ. Жалпы алғанда, жарияланым (соның ішінде Д.Көшімнің пікірі) төмендегідей коммуникативтік мақсатқа құрылған: қайғылы жағдайға апарып соқтыратын жергілікті қақтығыстарға қоғам назарын аудару; билікті ұлтаралық қарым-қатынастың ең өзекті мәселелерін шешуге итермелеу. Алайда, журналистің қақтығысты баяндаудағы әдіс-тәсілдері этника аралық байланыстар тақырыбындағы әлемдік және еуропалық стандарттарға сәйкес келмейді. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарындағы этникалық тақырыпта жазылған материалдарды талдау барысында біз көптеген жарияланымдарда Дұшпандық тілінің қолданылғанына көз жеткіздік. Дұшпандық тілінің негізгі сипаттамасы (түрлері мен нысандары) мына кітапта берілген: Язык мой… Проблема этнической и религиозной нетерпимости в российских СМИ / Құраст. А.М. Верховский. – М.: РОО «Центр «Панорама», 2002. 17-19-беттер. Дұшпандық тілі лексикада, фразеологияда, сөз құрауда, синтаксисте де пайдаланылады.
9-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Қақтығыс туралы ақпарат беру тәсілдері
9.1 Этникалық толерантты ақпарат беру.
9.2 Сөз бостандығы және қылмыстық ксенофобия.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. А,1995ж, 2007ж
Қазақстан Республикасының БАҚ туралы Заңы. А,1999 ж
Қарымсақова Рахила. Жаз, бірақ ушықтырма. А, 2007
Полетаев Э. Международная журналистика. А, 2003
Ибраева Г. Региональные конфликты и СМИ. А, 2001
Лазутина Г.В. Профессиональная этика журналиста. – Москва, 1999
Сабақтың мақсаты: Толеранттылық, ксенофобия сөздеріне анықтама бере отырып, бүгінгі журналистердің осы сездерді қалай түсінетіндіктерін талдау. Заңдық құжаттармен танысу.
Сабақ барысында талқыланатын сұрақтар:
1.Толеранттылық дегеніміз не?
2.Қылмыстық ксенофобияның көріністерінен мысал келтіріңіз
3.Лингвистикалық қауіпсіздік дегенді қалай түсінесің?
4. Этникалық толерантты ақпаратқа мысал келтіріңіз
9- БАОӨЖ
«Мәдениет.Өнер» тақырыбында телевизиялық өнім дайындау
10-ЛЕКЦИЯ
«Түркістан» газеті және көші-қон, демография мәселелері
10.1 Көші-қонға байланысты жарияланымдардың проблемалық ерекшеліктері
10.2«Түркістан» газеті және көші-қон демография мәселелері
БҰҰ сарапшыларының айтуынша демографиялық мәселе әлемдегі ең маңызды деген үш проблеманың біреуі. Бірінші кезекте әлемді сақтау проблемасы, екінші – қоршаған орта мәселесі, үшінші – демографиялық ахуал. Тәуелсіздіктің 25 жылын артқа тастаған Қазақстан осы уақытқа дейін түрлі салада жетістікке жетіп үлгерді, дегенмен проблемалар да аз емес.
Демографиялық жағдай мен көші-қон мәселесі қандай мемлекет үшін де маңызды. Өйткені мемлекеттің ең басты ресурсы – адам болса, мемлекеттің дамуы да сол адамдардың санымен тікелей байланысты. Қазақстан кеңестік кезеңдегі елдердің көпшілігіне қарағанда қарқынды ьдамушы мемлекет ретінде танылып отыр. Әлеуметтік-экономикалық даму жағынан Қазақстанда барлық халықаралық қаржылық және рейтингтік агенттіктер мойындаған. Қазақстандық ғалым А.Н.Алексеенконың бағалауынша, 30 жылдық экономикалық өсімнен кейін Тайланд туу көрсеткіші жағынан 2,4 коэффициентке дейін төмендеген, Сингапур – 2,6, Гонконг – 2,8, Малайзияда -2,9-ға жеткен[1,128]. Экономикалық жағдай халықтың өсіміне ықпал етеді. Оның көрінісін алдыңғы қатардағы мемлекеттер Германия, Жапонияда туу көрсеткіші кәдімгідей төмендеген. Осылайша экономикалық өсім мен халық санағы бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан да Қазақстандағы демографиялық ахуалды зерттеу өз маңызын ешқашан жоймақ емес.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары барлық тәуелсіздігін енді ғана алған мемлекеттерде туу санының төмендегені байқалады. Оған бірден бір себеп, әлеуметтік-экономикалық проблемалар, нарықтық қатынастардың қалыптаса бастауы әсер еткен. Қазақстанда 1990 жыл мен 2006 жылдар аралығында өсім 1,5 есеге өскен[3,26].
Ресми статистикалық мәліметтер бойынша 2002 жылдан бастап Қазақстан халқының саны едәуір өскен. Әсіресе табиғи өсімнің көрсеткіші оңтүстік, оңтүстік-батыс аймақтарында байқалады. Бұл өңірлерде тұрғылықты қазақтар көп балалы отбасылық дәстүрді сақтаған. Сонымен бірге әйелдердің жұмыспен қамтылуы, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуы, білім алу көрсеткішінің жоғарылауы, өмір сүрудың сапалық көрсеткішінің әсерінен отбасында баланы шектеу байқалады. Қазіргі жағдайда балаларды қоғамға лайықты етіп тәрбиелеу мәселесі өзекті тақырыпқа айналды.
Демографиялық ахуал мемлекеттік деңгейде жиі талқыланып отырады. 2000 жылы «ҚР демографиялық саясатының мемлекеттік концепциясы» қабылданып, онда демографиялық саясат мемлекет қауіпсіздігінің бірден-бір тетігі деп көрсетілсе, мемлекеттің ұзақ мерзімді даму бағдарламасына сәйкес халық санын сапа және сан жағынан көтеру маңызды деп танылған. 2001 жылы «2001-2005 жылдарға арналған ҚР демографиялық даму бағдарламасы» қабылданды[5]. Бұдан кейін де «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша көрші мемлекеттердегі оралмандарды өз Отанына қоныс аударуына жағдай жасалса, жақында ғана «ҚР Көші-қон туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, қайта қабылданды. Бұл атқарылған жұмыстардың барлығы дерлік демографиялық ахуалдың жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз.
Мемлекеттің қарқынды дамуының бір тетігі – демографиялық жағдайдың дұрыс шешілуінде.
«Түркістан» халықаралық газеті 1994 жылдың 28 қаңтарынан бастап шыға бастады. Қазіргі таңда республиканың барлық облыстарына, оған қоса Ресей Федерациясына да тарайды. «Түркістан» газеті 2009 жылдан бастап «Роспечать» каталогына енгізілген, Ресейде тұратын қазақ оқырмандары біздің газетімізді осы каталог арқылы жаздырып, оқи алады. 2010 жылдың 22 наурызынан бастап газет А2 форматтағы 12 бет көлемінде және түрлі-түсті болып шыға бастады. Осы уақыттан бастап газет жанынан тұрақты төрт қосымша жарық көреді: «Ырыс», «Қоныс», «Тайқазан», «Жаһан».
«Қоныс» – алыс-жақын шет елдерден атажұртына қоныс аударған оралмандар жағдайын еліміздегі демография мәселесіне ұштастыра отырып талқылауды көздейтін, сондай-ақ ұлттық мәдениетімізді жандандыруға атсалысатын қосымша.
«Тайқазан» – ұлттық мәселелерді тереңнен қаузауға, ұлттық мүддені тіл, дін, діл, салт-дәстүр, саясат тұрғысынан талдауға арналған.
«Жаһан» – халықаралық саясатқа, қазақ халқының түркітілдес халықтармен ынтымақтастығына баса назар аударатын, сыртқы саясаттағы басым бағыттарды насихаттайтын қосымша. Аталған қосымшаларда және газеттің 2014-2015 жылдардағы жарық көрген мақалалары жанрлық, проблемалық тұрғыдан талданды. «Түркістан» - демографиялық саясаттың насихаттаушысы, жаршысы. «Түркістан» газеті тәуелсіздік алған жылдаы жарық көрген алғашқы еларалық басылым. Негізін Қ.Мұхамеджанов қалаған газет бүгінгі таңда «Нұр медиа» холдингіне қарайды. Редакторы Шәмшиддин Пәттеев.
«Түркістан» газетінде жарық көрген демография, көші-қон мәселелері ең алдымен құқықтық сауаттылықты, ақпаратты талдау, зерттеу секілді кәсіби шеберлікті талап етеді. Осы тұрғыдан келгенде Е.Кәпқызы, Н.Жоямергенқызы, Е.Жұматай, А.Лепесова сынды журналистердің шығармашылық және кәсіби шеберлігі байқалады. Саяси мәселені жазудың, халықаралық мәселені талдаудың үлгісін аталған журналистердің шығармашылығын талдау арқылы айқындаймыз. Демек, «Түркістан» газеті – саяси мәселелерді жазуда үйренерлік шеберлік мектебі.
Журналистиканың талдамалы жанрлары бүгінде алдыңғы шепке шықты. Өйткені қазіргі оқырманның толассыз ақпарат тасқынынан ой тоқтататын, тұжырым жасай алатын талдамалы жанрларға деген қызығушылығы мен сұранысы жоғары. «Түркістан» газетіндегі демография, көші-қон мәселелері көбінесе проблемалық мақала, корреспонденция, журналистік зерттеу түрінде жарық көреді. Оған қоса журналистикада белгілі сала бойынша мамандану тәжірибеде қалыптасқан. Қазіргі таңда салалық журналистикаға деген сұраныс көбеюде. «Түркістан» газеті талдамалы журналистика жанрларын дамытуға үлес қосуда жас журналистерге үлгі-өнеге боларлық басылым.
Салалық журналистикада демографиялық мәселелерді зерттеу – газет ұстанған негізгі бағыттардың бірі. Сондықтан да аталмыш басылым мазмұн, тақырып, кәсіби шеберлік жағынан да басқа басылымдардан оқ бойы озық тұр.
«Демографиялық энциклопедиялық сөздікті» негізге ала отырып демографиялық ғылымдар жүйесін келесідегідей салаларға бөлуге болады:
1.Теориялық бөлім: теориялық демография; тарихи демография; жалпы демография; экономикалық демография; әлеуметтік-демографиялық қозғалыстарды модельдеу.
2.Тұрғындар санын зерттеу әдістері мен халық санының деректері: математикалық әдіс; статистикалық әдіс; әлеуметтанулық әдіс; графоаналитикалық әдіс; тұрғындар картографиясы.
3.Аймақтық демография.
4.Қолданбалы демографиялық зерттеу.
5.Әлеуметтік-демографиялық болжамдау.
6.Демографиялық саясаттың теориялық негізі.
Демография ғылымы ерте кезден бастау алады. Демографиялық факторлардың маңызы өркениет дамуының алғашқы кезеңдерінде-ақ қоғамдық ой-пікірлерді қалыптастыра бастады. Ежелгі дүние ғасырларының ойшылдары тұрғындар мен қоршаған ортаның қатынастары туралы оптималды ұғымдарды қалыптастырды. Ежелгі антика кезеңінің көрнекті философтары Платон мен Аристотель тұрғындар туралы ойларында олардың санының кемуі мәселесіне басты назар аударып, халықтың үздіксіз өсуі және халық қозғалысы мәселесін көтерді. Ежелгі Римде б.э.д. 435 жылдан «цензы» түріндегі халық санағы үнемі жүріп тұрған. Бұл кездегі санақ негізінен ересек ер адамның санын білу мақсатында жүргізіліп, жалпы халық санынан толық мәлімет бермесе де, демографиялық зерттеулердің бастамасы болды.
Орта ғасырларда демографиялық ой-пікірлер одан әрі дамып, идеологтар халықтың өсімі өндірістік көрсеткіштерді басып кеткен жағдайда, халықты әлеуметтік жағынан кедейшілікке әкеп тірейді, - деді. Ү – ХҮІІ ғғ. халық санақтары жайындағы мәліметтер әр түрлі. Франция, Италия, Германия, Ватикан, Византия княздықтарында миграциялық тіркелу парақтары қалыптасқан. Онда жасы, жынысы, ұлты, әлеуметтік жағдайы, тұрағы отбасылық жағдайы, отбасындағы адам саны көрсетілген.
Европада демография ғылымының негізін салған ағылшын ғалымы Джон Граунт (1620-1674 жж). Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жазбалары негізінде халық арасындағы өлім көрсеткішін, оның заңдылықтарын ашуға тырысқан. Одан әрі ағылшын ғалымдары У. Петти және Г. Кинг, француз ғалымы А. Депарсье халықтың экономикалық хал-ахуалын зерттесе, ХҮІІІ ғ-да халық өсімін математикалық әдістерді қолдану арқылы голланд ғалымы В.Керсеб, швед ғалымы П.В. Варгентин, ресейлік Л.Эйлер жалғастырды. 1640 жылдан бастап Европада Орталық Статистикалық басқармалар құрыла бастады. Статистикалық есеп парақтарында халық санағы кезінде әр адам жөнінде төмендегідей мәлімет жинақталады: жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы, некелесуі, бала саны, тұрағы, қай жерден келгені, білімі, көшіп келу себебі. ХҮІІІ ғ. бірінші жартысында ағылшын ғалымы Т.Р.Мальтус өзінің белгілі «Тұрғындар туралы заңның қоғамдық жағдайды көтеруге қатысы» атты памфлетінде соғыс, эпидемия, некесіздік т.б. әлеуметтік-саяси факторлар тұрғындар арасындағы әлеуметтік дисгормонияның басты себебі, - деп көрсетті. «Демография» сөзі ғылыми термин ретінде 1855 ж. француз ғалымы А.Гийяр өзінің «Адам статистикасының элементтері немесе салыстырмалы демография» атты еңбегінен кейін ғылыми айналымға ендірді. 1872 жылы Санкт-Петербургте өткен Халықаралық статистикалық конгрестен бастап «демография» ғылыми термин ретінде қабылданған.
Біріккен Ұлттар Ұйымы 1949 жылдан бері ағылшын және француз тілдерінде «Демографиялық жылнама» деп аталатын халықаралық анықтамалық басылымды тұрақты түрде шығарып тұрады. Онда БҰҰ–на мүше елдердегі демографиялық ахуалы туралы ақпараттар жарияланады. Сондай-ақ әлем халқының саны мен оның негізгі орналасу аймақтары жөнінде қорытындылар жасалады.
Демографиялық құбылыстарды есепке алудың және талдаудың әдістемелік нұсқаулары беріліп тұрады. Жылнаманың әрбір кезекті саны белгілі бір демографиялық тақырыпқа арналады. Мысалы, табиғи өсім, халықтың орналасу географиясы, ұлттық құрамы, халық санақтары, неке мәселелері, көші-қон т.с.с. Қазақстанның демографиялық көрсеткіштері жөніндегі материалдар жылнаманың ТМД немесе Орталық Азия елдеріне арналған беттерінде жарық көріп келеді.
Қазақстандағы демографиялық процестерді тарихи-әлеуметтік тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарына Ә.Бөкейхановтың, М.Шоқайдың, М.Тынышпаевтың деректерін айтуға болады. Ә.Бөкейханов 1897 жылдан басталған ауыл шаруашылығы санағына қатысып, Ф.Щербина бастаған экспедиция құрамында жұмыс істеген. Сондай-ақ, КСРО ҒА-ның антропологиялық экспедицияна қатысып, Маңғыстау, Үстірт өңірінде зерттеулер жүргізіп сол жердегі жергілікті ру-тайпалардың санын анықтауға күш салған. М.Тынышпаев өзінің «Материалы к истории киргиз кайсацкого народа» атты еңбегінде 1917 жылғы Қазақстан және Орта Азия елдеріндегі халық санын көрсетеді, 1924 ж. «Сана» журналының №2-3 сандарында статистикалық деректер жариялайды.
Қазақстандық белгілі демограф, ғалым М.Тәтімов 1993 жылғы еңбегінде 1926-39 жылғы санақ материалдарын демографиялық жолмен есептеу нәтижесінде республика халқының 1930 жылдардың аралығындағы бүкіл республика тұрғындарының ішінде қазақтардың 4 120000 адамды құрағанын, ал 1931-32 жылдардағы аштықтың барысында қазақ халқының аштық пен жұқпалы аурулардан болған құрбандардың ауқымы 2 млн. 20 000 адамды, яғни республиканың жалпы халқының 49 %-ын құрағанын атап көрсетеді. сонымен бірге ол ашаршылық кезеңінде республикадан тыс жерлерге 616 000 адамның ауа көшіп, оның ішінде 205 000 Қытайға, Моңғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға босып кеткенін атап көрсеткен. М.Тәтімов жалпы қазақстандағы қазақ халқының қысқаруы 2 635000 адамға жететінін, яғни бұл көрсеткіш қазақ халқының 64 %-ын қамтығанын, сонымен бірге республиканың әртүрлі аймақтары бойынша бұл көрсеткіштің әртүрлілігін, мысалы Солтүстік аудандарда бұл халықтың 70 %, оңтүстікте 50 %, батыс аудандарда 60% -ын қамтығандығын айтады[22, 32-35].
«Түркістан» газеті қазақ баспасөзі мемлекет тәуелсіздігінің нығаюы мен көркею жолында үлкен роль атқарып келеді. Әсіресе, ұлттық тіл мен діл, жер, демография, экономика, еліміздің тәуелсіздігі идеясын насихаттау, қорғау, идеология майданындағы бітіспес күрес ісінде атқарып отырған қызметтерін ерекше айтуға болады.
Мерзімді басылымдардың көпшілігі демография мәселесінен айналып кетпейді. Тәуелсіздік алғаннанкейін өзінің алдына қойған мақсат-мүддесін шын сезініп, шынайы ниеттерімен орындауға көшкен қазақ баспасөзі көші-қон және демография мәселесіне және оның хал-ахуалына мән беріп, терең зерттеп жазуда.
Десек те, 1992 жылдардағы басылымдарда жарияланған жарияланған материалдардан автордың ой пікірі жаңаша сипатта берген деректер мен мәліметтер сирек кездеседі. Көбіне демограф М. Тәтімовтің болжамын негізге ала отырып, сол тұрғыда жазады.
Ал, 2000 жылдан бері қарайғы мезгілде жарық көрген материалдардан жаңа сипат, мәселені әр қырынан көрсетуге деген талпыныс байқалады. Мысалы, 2005 жылы 28 қыркүйекте Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік Құрылтайында республикалық қоғамдық қауымдастықтың жарғысы бекітілген. Оның мекен-жайы Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А үйінде орналасқан. Қауымдастық Қазақстан Республикасының заңдарын, Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын реттейтін басқа да халықаралық актілерді, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады. Қауымдастық Қазақстан Республикасының және шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, қоғамдық, ғылыми мекемелерімен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, жекелеген азаматтармен тікелей ынтымақтастық жасайды. Қауымдастық Қазақстан Республикасы мен қазақ диаспорасы өмір сүріп жатқан мемлекеттер арасында өзара байланыстарды, достық пен өзара қарым-қатынастарды реттейді, нығайтуға үлес қосады. Қазіргі уақытта демография мәселесіне қалам тартқанда осы қауымдастық мүшелерінің пікіріне де сүйенетін мақалалар көптеп жарық көруде. Бұл қауымдастық дүниежүзіндегі қазақтардың өмір-тіршілігінен, мәдени өмірінен хабардар. «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 10 маусымдағы санында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Т. Мамашевтың мақаласы жарық көрген. Тақырыбы: «Қандастарымызды толғандыратын қандай түйткілдер бар?». Мақала осы жылы елімізде болған ең маңызды оқиғалардың бірі – 25-27 мамыр аралығында Астана қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы туралы жан-жақты түсінік береді. Құрылтайға әлемнің 35 елінен 400-ге жуық ресми өкілдер келгендігін хабарлайды. Онда Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы, қауымдастық Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев төрткүл дүниенің 35 елінен келген қандастарымыздың алдында үлкен баяндама жасғандығы, Елбасы бабалар арманын орындап, тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде азат қазақ мемлекеті қол жеткізген табыстарды айтумен бірге ұлттық даму тұрғысынан алда атқарылатын ауқымды істер мен межелі міндеттерді айқындағандығы да айтылады. Шекараның сыртында жасайтын қандастарымыз бен оларды атажұртқа оралту мәселесі де сөз болып, бұл бағыттағы міндеттер белгіленді. ІІМ Көші-қон полициясы комитеті Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп өткізген «Этникалық көші-қон: Құрылтай шешімдері және жаңа заң» атты халықаралық дөңгелек үстелде осы мәселелер талқыланды. Жиынға Президент Әкімшілігі, Сыртқы істер министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, ғалымдар, қоғамдық ұйымдар, шетелдердегі қазақ диаспорасы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысқан.
2012 жылдың 19-шы қаңтарында «Қазақстан-Zaman» газетінің ұйымдастыруымен өткен «Жат жұрттағы бауырлардың ата жұртқа көші неге тоқтап тұр?» атты дөңгелек үстел де осыған арналса керек. Бұл мәселеге байыппен қарайтын кездің келгендігін, құрғақ цифрлар мен фактілерге ғана марқаймай жасалған жұмыстың нәтижесін талап ететін мезгілдің туындағанынан да хабар береді. Біз зерттеу нысанасына алып отырған мерзімді басылым журналистері де осы мақсатта жұмыс істеген. Сонымен бірге «Қандастарымыздың қамы», «Бала санын арттырудың жолдары», «Елім деген ер азаматтардың құлағына...» атты мақалалардың да айтар ойы мен ұсыныстары салмақты. Халықаралық басылымның қазақ санына бей-жай қарамайтынын аңғару қиын емес.
Сонымен бірге осы екі басылымда да оралмандардың ортаға тез бейімделе алмауының себептерінің бірі - орысшаға жетік еместігі, кейбірінің тіпті ол тілді білмеуі және жасыратыны жоқ орыс тілін жақтырмайтындар, оны үйренгісі келмейтіндер де аз еместігі жөніндегі түрлі жанрдағы материалдар жиі беріліп тұрады. Әділдігіне келсек те, мемлекеттік тілді білген жерде басқа тілдерді үйрену-үйренбеу әркімнің жеке шаруасы емес пе? Жырақта жүрген бауырларымыз өз ана тілінің мәртебесін жоғары қойып, өз салт-санасы мен әдет-ғұрыптарына қатаң мән бергендігінің арқасында өз ұлтын таза да толық сақтайтындығын жақсы түсінеді және ана тіліне еш нәрсені теңгермейді. Қазақстан - қазақ мемлекеті болған соң, мұнда іс-қағаздарынан бастап, бүкіл тіршіліктің қазақ тілінде жүргізілмеуін түсінбейді. Тәуелсіздіктің 20 жылында аюдың да мемлекеттік тілді меңгеруіне мүмкіндік болғанын Мемлекет басшысының өзі де айтып қалуға мәжбүр болуы тегін емес. Жалпы кеңестік дәуірде орын алған орысша білмеуді ұят санайтын әдеттен арылуымыз керек екендігін екі басылымда насихаттап келеді. Шала қазақ, дана қазақ деп бөліп, әйтеуір қызылкеңірдек болғанша бір тоқтамға келу керектігін ескертеді. Ұлтын сүйетін азаматтар қазақтың ешқайсысын да кемсітпейді. Мемлекеттік тілді білмейтіндердің арасында ана тілін білмегеніне қысылатын ұяты барлары бар. Оларға ішің жылиды. Ең масқарасы - солардың ұяттан адалары көшелі көсем болуға тырысып, бірдеңелер айтып, үйретпек болады. Тарихи Отанымызда шетін қалған осы мәселенің түйінін шешуге, шетелден оралған отандастарымыздың жаңа ортаға араласуына үлкен бөгет болып отырғаны шындық.
«Көптеген елге оралған бауырларымыз ана тілінде еркін сөйлеп, ана Қазақ елінде өмір сүрудің қиындығын сезінуінен артық қорлық жоқ деп санайды. Оның басты себебі ресми тіл атанып кеткен орыс тілінің - қазіргі таңда шын мәніндегі шет ел тілінің - өне бойы мемлекеттік тілдің жолын кесіп келе жатқаны деп есептейді. Сондықтан Ата заңнан, басқа да заңнамалардан орыс тілін ресми тіл еткен, оған мемлекетік тілмен қатар бірдей қолданылады деп құқық берген баптарды алып тастауға күш салуды қалайды. Онсыз мемлекеттік тілдің мәртебесін өз тұғырына бекітуге жасаған әрекеттердің бәрі құмға сіңген судай болады деп санайды» деген мақала үзіндісі көп жайттан хабар берсе керек.
«Оралман» сөзі қазақ халқының шет елдердегі диаспоралары өкілдерінің тарихи отаны -Қазақстанға келіп, оның азаматтығын қабылдағанға дейін ғана уақытша берілетін мәртебесін анықтап тұрған сөз. Бірақ, ол сөз баспасөз, теледидар, радио арқылы үйреншікті болып кетіп, елге оралған қандасымыз үшін уақытша емес, мәңгілік жапсырылған таңба секілді алдынан оралып шығады да тұрады. Атажұртымның ұрпағының бірімін деп мойындай білген, мойындата білген қандасымыз әрі қарай «оралманмын» деп бөлінгісі келмейді. Жұртына жетіп жығылғандардың көбісі өздерінің қазақи болмысын, ділін, тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтаған, елден жырақта жүргенде атамекенім деп «аh» ұрғанда ауыздарынан жалын атқан, Отанына тек қазағым деп оралғандар екені ақиқат. Кім не десе о десін, олардың арасында ұлтымыздың шырайын кетіріп жүргендер жоқтың қасы. Барлық кең ауқымды содырлар да, обырлар да, жебірлер де негізінен тұрғылықты халықтың арасынан шыққандар. Алыстан келген бауырларымыз ел тірлігіне етене араласуға тырысып бағып, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тұғырын бекітуге қолдарынан келгенше өз үлестерін қосуда. «Егемен Қазақстан», «Қазақстан- Zaman» газеттеріндегі бір топ мақалалар осы жайды да қозғайды. Мысалы , «Тілі бардың тірлігі де бар»(ЕҚ, 2000 ж, 21 қыркүйек), «Отаным деп келгенде...»(ЕҚ, 2001 ж, 5 қазан), «Қазақ тілі –бай, Қазақ тілі – қасиетті, Қазақ тілі –көркем»(ЕҚ, 2003 ж, 5 қыркүйек), «Өзге ұлт өз тіліңде сайрап тұр»(ЕҚ, 2004 ж, 12 наурыз), «Қазақ тілінің болашағы кімнің қолында?»(ЕҚ, 2005 ж, 24 сәуір) және «Заң жобаларының қазақ тілінде талқылануына не кедергі?»(ҚZ, 2012 ж, 23 ақпан), «Жалған баға қою – Тіл-Ананың алдындағы сатқындық»(ҚZ, 2012 ж 23 ақпан) атты материалдары соның дәлелі.
Белгілі демограф – ғалым Мақаш Тәтімовтың сөзімен айтқанда: «тағы да аналарымызға қарапайым тілмен айтқанда бірінші бала, егер ол ұл бала болса, әкесінің орнын, екінші бала, егер ол қыз бала болса, шешесінің орнын ғана басады. Ал үшінші бала халықта болып жатқан әртүрлі шығындардың орнын толтырады, яғни, үшінші баланы әйелдер құрбандық үшін туады. Бұл үш баладан халықтың саны не өспейді, не кемімейді, тек төртінші бала ғана халықтың өсіміне бір – ақ сан қосады. Сондықтан төртінші перзентті қазақ әйелі ұлт үшін өмірге алып келуі қажет. Әрі қарай тізбелейтін болсақ, бесінші баланы Отан үшін, алтыншы баланы көктегі тәңірдің әруағы разы ету үшін дүниеге әкелсе, жетінші бала ғана халықтың санына демографиялық өсу тасқынын алып келеді. Сонымен қатар өтірік қымсынбай – ақ, әр нәрсені өз атымен айтатын болсақ аборт жасату, шарананы алдыру, жатырға білезік салдыру мәселелеріне жоғарыдағылар тарапынан бір шара қолданып, заңға тыйым салу енгізсе жақсы болар еді».
Халқымыздың сан ғасырлық тарихи жадында сақталған, мынандай бір көреген сөз бар, «Дүниедегі ең бақытты ана - бала емізіп отырған ана», - деген. Бұл сөздің шынайлылығы қазіргі таңда өз құндылығын жойған емес. Еліміздің демографиялық ахуалын жақсарту тұрғысында мемлекетіміз әйел азаматшаларымыздың барлық жағдайларын жақсарту керек деп ойлаймыз. Себебі, ұрпақ өсіру, бала туып, еліміздің азаматын тәрбиелеу, халқымыздың санын көбейту мәселесінде, қазақ әйелінің парасаты мен ұлтжандығына, санаты мен болмысына сенеміз. Қазақ әйелі де – қазақ елінің иесі. Сондықтан ол да ұлттың мерейі, абырой – намысы үшін күреседі, болашақ ұрпақты сан мен сапа, әрі сана жағынан көтеруге атсалысады.
«Қазақстан-Заман» газеті халықтың тұрмыс деңгейі мен әлеуметтік жағдайына, шетелден көшіп келген қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігіне, неке және отбасы мәселесіне көп көңіл бөлетінін байқадық.
«Қазақстан-Заман» газетінде «Атыруадағы перзентханаға жаңа медициналық жабдықтар тарту етілді»(2008, 5 қазан), «Оралмандар жайлы әңгіме»(2009 ж, 11 қаңтар), «Көші-қон мәселесі ретке келтіріледі»(2009ж, 4 наурыз), «Бір қаладағы өмір»(2010 ж, 16 шілде), «Нан сүтінен асқан ем жоқ»(2010 ж, 23 ақпан), «Он жылдан кейін оралғанда ошағының орнын сипап қалған»(2010 ж, 23 ақпан), «Қарттарын құрметтемеген қоғам оңбайды!»(2010 ж, 23 ақпан), «Масқара!» айдарымен «Жемқорлар оралмандарымыздың жәрдемақысына қол салды»(2010 ж, 26 қаңтар) атты жарық көрген материалдар соның дәлелі.
«Қазақстан-Заман» газетінде «Отабасы» деген арнаулы бет бар. Осы бетті оқырмандар қауымы қызыға оқиды. Себебі, отбасының түйткілдері, қоғамдағы аузы жарылғалы тұрған жарадай болған жағдайлар ашық, әрі шынайы беріледі. Әсіресе, әйел азаматтарымыздың мәселесі осы беттен жақсы көрініс тауып жатады. Мысалы, қоян жылындағы қаңтар айының 26-шы жұлдызында жарық көрген Ұлбосын Қуанышқызының «Ааралас неке азаяр ма екен?» тақырыбында мақала жарық көрген. «Бұрынғы «сән» бүгін үлкен қауіпке айналып барады», «Ааралас неке – ескіліктің көзі», «Қытайлық күйеу балалар көбеюде», «Бізге жетпейтіні - ұлтжандылық» тақырыпшаларымен бөлінген мақаланың айтар ойы, қозғар проблемасы орасан зор десек те болады. әсіресе, мақала авторы аралас некеден туылған сәбилердің өзге дін өкілі болып жүргендеріне қынжылады. «шешенстан Президенті Рамзан Қадыров бір сұхбатында:»Шешен жігіттері басқа ұлттың сұлу, көрікті, ақылды, парасатты қыздарына үйленуі мүмкін. Ал шешен, шешен қыздары басқаға күйеуге шықпайды», - деген сөзі намысыңды қамшылайды» атты үзіндіден көп мәселенің жайы белгілі болғандай. Өзге мемлекеттер сияқты біздің елдің заң шығарушы органдары да аралас некеге тыйым салу жөнінде нақты күші бар заңдық құжаттың қабылданатын мезгілінің жеткендігін жанұшыра айтады. Қазақ жігіті мен орыс қызының некесінен туылған бір ұл, бір қыздың мойындарына крест тағып алып, ата-анасымен бірге саябақта сейілдеп жүргендігін журналист өз көзімен көргендігін, аралас некенің әсері ұлттық болмысымыз бен салт-дәстүрімізге, дінімізге де кері әсерін тигізіп жатқанына қоғамның да назарын аударатын уақыттың келгендігін де оқырмандарына баяндайды. Мақала өте түсінгікті және жеңіл тілмен жазылған. Басы артық теңеу де, сөз тіркесі мен бейнелі сөз де жоқ. Нақты мәселе көтеріп, соның шешілу жолдарын ұсынады. Оқырмандардың осы мәселеге бей-жай қарамауларын сұрайды. Газеттің осы бетінде Қасиет Ерболқызының «Жыныстық жетілу және бедеулік» тақырыбындағы танымдық мақаласы жарық көрген. Жыныстық жетілудің үш кезеңнен тұратындығы, бала жатырда жатқан кезде-ақ пайда болатын алғашқы кезең екендігі, содан кейін 5-7 жас аралығында, 10-16 жас аралығында жыныстық жетілу процесінің болатындығын мәлімдейді. Осы кезеңдерде баланың денсаулығы мен ағзасының қалыптасуына ерекше мән берген дұрыстығын ескертеді. Бедеуліктің себеп-салдарлары да айтылып, емдеу жолдары ұсынылады.
Ермек Сахариевтің «Жұмыс пен баспана - тіршіліктің көзі», «Қазақстан халқы 20 миллионға жете ме?», Нұрсайын Шәріптің «Батыр ана Назыкен әженің бақыты», Нұргүл жамбылқызының «Ердің жаны езілмесін» және тағы басқа материалдар көп жағдайдан хабар берсек керек. Сонымен бірге, «Бабалар рухына тағзым», «Удан тазар, қазағым!», «Табиғат-анаңды қорлама!», «Қамшыбасар-тұжырым», «Оян, қазақ!», «Тіл майданы», «Көбейейік, қазағым!», «Имандылық нұры», «Отбасы», «Аймақтар айнасы», айдарлары аясында жарық көрген материалдар оқырмандарды бей-жай қалдырмасы анық.
Халықтың демографиялық жағдайының өсуіне әсер ететін ең негізгі факторлардың бірі неке және отбасы жағдайы. Еліміздегі 2005 жылғы мәліметке сүйенсек, әйелдер мен ерлердің орташа жасы 26,8 жас болып тіркелген Некелердің бұзылуына негізгі себепші болатын төмендегідей жағдайлар мыналар: Біріншіден, әлеуметтік жағдайдың қиындығы, яғни жұмыссыздық, жалақының отбасы мүшелерін қамтамасыз етуге жетпеуі. Сонымен қатар отбасы құрған екі жастың бір-бірін жете танысып барып, шешім қабылдамауы, яғни аяқ асты некелесу. Екіншіден, статистикалық зерттеулерге қарағанда үйленгеннен кейін 2-3 жыл аралығында ажырасу саны көбейеді, өйткені үйленген ерлі-зайыптылар осы кезеңде оң-солын танып қоғамға және өзгелерге деген басқаша көзқарастарының ( еліктеу, біреудің сөзіне еру) туындауы себеп болып отыр. (Әрине барлық отбасында емес). Қазіргі жанұялардың берік болуының негізгі себебі, қаймағы бұзылмаған қазақи ортаның, қазақы салт- дәстүрдің, әдет-ғұрыптың сақталуы мен қайта жаңғыруы екені шындық. Осы мәселені де насихаттау жағынан екі басылым да мақтарлық деңгейде деп баға беруімізге әбден болады.
Демографиялық дағдарысқа соғыс, экология, мемлекеттік саясат т.б. тікелей әсер етеді. Қазақ халқы да өз тарихында бірнеше демографиялық дағдарысты басынан өткерді. Тарихи кезеңдерде қазақ ру-тайпалары жоңғар, қалмақ шапқыншылықтары, орыс билігінің орнауы т.б саяси жағдайлар әсерінен өз атамекендерінен ауа көшіп, көрші өзбек, түрікмен, башқұрт халықтары арасына кірме болды. ХХ ғ. қазақ халқы бірінші демографиялық дағдарысқа 1916-1922 жж. Ұлт-азаттық козғалыс, Қазақ төңкерісі, Азамат соғысы әсерінен ұшырап, халық ашаршылыққа, шаруашылықта күйзелісте болып, 1 млн.-ға жуық қазақ қаза тапты, 400 мыңнан аса қазақ осы жылдары шет елдерге қоныс аударды. Екінші демографиялық дағдарысқа қазақ халқы 1931-1932 жж. ашаршылық кезінде ұшырап, 2,5 млн. қазақ қырылды. Үшінші дағдарыс, 2-дүниежүзілік соғыс әсерінен болып 600 мың қазақ майданда опат болды. ХХ ғ-да тек осы үш дағдарыс әсерінен қазақ халқы 4,5 млн.-нан астам адамға кеміді. Демографиялық болжам бойынша осы дағдарыстар болмаған жағдайда қазақ халқының саны бұл күнде 25 млн.-нан асуы керек еді.
Қазіргі таңда Қазақстан тұрғындарының саны 16,5 миллионнан аса бастады. Бірақ мұны жетістік санауға болмайды. Егер мемлекетті құрап отырған қазақтардың саны осыншама болып, оның сыртында басқа ұлттардың өкілдері тұрса, онда қанағаттануға болар еді. 2015 жылға дейін 20 миллионға жетеміз деген мәселе тектен-текке қойылған жоқ деп ойлаймын. Бұл ұранды орындау үшін шетелден келетін қандастарымыздың үлес салмағының көп болуы қажет екендігі ақиқат. Оның үстіне Ресейдің әлеуметтік, демографиялық және көші-қон саясаты қазіргіден де тегеуірінді жүргізіле бастаса, орыстардың өздерінің тарихи отанына кетуі күрт артатынын болжау қиын емес. Олардың орынын сырттағы қандастарымызбен көптеп толтырудың қажеттігі туындайды. Елден жырақта жүрген қандастарымыздың атамекеніне оралуы - мемлекеттік тілді өмірдің барлық саласына кіргізу әлі үлкен проблема болып отырған біздің елде тілдік ортамыздың кеңеюіне мүмкіндік береді. Сондықтанда қазақтың санын қазақ елінде тез өсіру үшін табиғи өсімді көбейтуге жағдайлар жасаумен қатар, көшіп келуге ниет еткен бауырларымыздың санының өсуіне де қолайлы мүмкіндіктер туғызудың өрісін кеңейте түсуіміз қажет. Қазақ ұлтын біріктіру, қазақ мемлекетшілдігін нығайтуды демография мәселесін шешумен, әлемнің әр түкпірінде тарыдай шашырап жүрген шет елдердегі қандастарымызды тарихи Отанына оралту жұмыстарымен бірге жүргізуіміз керек.
10-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Демография және баспасөз
10.1 Мерзімді басылымдарда демография мәселесінің көтерілуі
10.2 Демография саласындағы зерттеулер мен зерттеушілер еңбектері
10- БАОӨЖ
«Әлеуметтік салада айтарымыз көп» телевизиялық хабар дайындау
11-ЛЕКЦИЯ
Салалық журналистикадағы ақпарат
11.1.Ақпараттың маңыздылығы. Оны алу жолдары. Іздестіру және беру.
11.2Басылымдардағы ақпарат түрлері. Электронды ақпарат құралдарындағы хабар жасау ерекшеліктері.
11.3.Әлеуметік желілердегі ақпарат: шынайылығы мен түйткілдер, керегі мен қажетсізі.
Қазақ елі ақпараттық қоғамға қадам басты. Адам баласына ауа, су, тамақ қандай қажет болса, күнделікті өмірде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат та сондай қажет. Ақпарат- демократияның оттегісі. Егер адамдар қоғамда не болып жатқанын білмесе, өздерін басқаратындардың әрекеттері жасырын болса, олар қоғам мен мемдекет істеріне қажырлықпен қатыса алады. Ақпарат азаматтарға жай ғана керек емес, ол сондай-ақ демократиялық үкіметтің маңызды сипаттамасы. Нашар үкімет аман қалу үшін құпиялықты қажет етеді. Құпиялылық мемлекеттік билік қызметінің тиімділігін арттырмайды және жемқорлықтың гүлденуіне септігін тигізеді. Экономист және Нобель сыйлығының лауреаты Амартии Сеннің сөздеріне қарағанда басқарудың демократиялық нысаны және салыстырмалы түрдегі еркін баспасөзі бар елде аштық болмайды. Ақпараттар адамдарға үкімет қызметін қадағалап отыруына мүмкіндік береді және оның әрекеттерін саналы түрде талқылауға негіз құрады.
Журналистикадағы ақпарат тар мағынасында үш түрлі ұғымды білдіреді:
а) бұл-ішкі және сыртқы, халықаралық жаңалықтардың жиынтығы;
ә) публицистиканың ақпараттық жанрлары: заметка, есеп, репортаж, сұхбат;
б) ең шағын жанр заметканы кейде хабар, ақпар деп атаймыз.
Ішкі және сыртқы, халықаралық жаңалықтардың жиынтығы барлық ақпарат құралдарында көрініс табады. Мерзімді басылымдардың бірінші бетінде жарияланатын заметка, тектес және дербес заметкалар және электрондық ақпарат құралдарындағы жаңалықтар мен қорытынды жаңалықтар, шет ел жаңалықтары осы қызметті атқарады. Ал, хабарламалы жанрлар заметка, есеп, репортаж, сұхбат жанрларының өзегіндегі ақпараттар да маңызды болып есептеледі. Телеарналарда репортаж жанрына деген басымдылық берілген.
Жалпы журналистикадағы ақпаратты мән-маңызына қарай бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады. Олар: а) оқиғалы ақпарат; ә) көркем ақпарат; б) публицистикалық ақпарат; в) анықтамалық ақпарат; г) жарнамалық ақпарат; ғ) көңіл көтеретін ақпарат; д) түсініктемелі ақпарат; е) түсініктемесіз ақпарат. Журналистиканың ақпараттық қызметі белгілі зерттеуші Б.Жақып еңбектерінде «Журналист-Текст-Аудитория» тізбегімен айқындалатынын жоғарыда айтқан болатынбыз. Журналист өміріндегі көрініс, құбылыс, оқиғаларды ой елегінен өткізе отырып материал жазады. Сол материал қағаз бетіне түсіп немесе эфир арқылы аудиторияға жетеді. Аудитория-тыңдаушы, көрермен, оқырман. Бұл қарапайым формула (Ж-Т-А) ақпарат теориясындағы тіке байланыс және кері байланыс ұғымдарынан туындап отыр. Оны кез -келген газет, радио, теледидар тәжірибесінен мысалға келтіріп, көрсетуге болады. 1848 жылы Шеннон Ақпараттың материалдық теориясын жасады. Оны Виннер басқару теориясымен ұштастырған. Кейбір теоретиктердің айтуынша: «Ақпарат дегеніміз - хабардың ғана сипаты емес, хабар мен оны тұтынушының арасындағы қарым-қатынас сипаты». Өйткені тұтынушыға жеткен соң ғана хабар ақпаратты бөліп шығарады. Шындығында да текстің өзі тауар дейтін болсақ, журналист ақыл-ойының жемісі тұтынушыға жеткенде ғана оның ақпараттық сипаты айқындалады.
Жалған ақпарат таратушылық та кейбір газет-журнал, беттерінде радио, телехабарларда кездеседі. Оны «дезинформация» деп те атап жүр. Дезинформация жалған ақпарат тарату –ақпараттың ерекше бір түрі болып табылады. Мұндай жалған ақпарат тарату –аудиторияны шатастыруды, өмірде болмаған жайттарды, бұрмаланған мақсаттар мен мүдделерді, құндылықтарды көрсетуге бастайды.
Журналист ақпарат көзінен құпия (конфиденциялық) түрде алынған мəліметті кəсіби құпия ретінде сақтайды. Ешкімнің журналистің алған ақпарат көзін зорлық-зомбылықпен айтқызуға хақысы жоқ. Аты-жөнін көрсету құқығын бұзу ақпарат көзі əдейі шындықты бұрмалағанда, не ақпарат көзін көрсету адамдарға ауыр зиянын тигізбеуі үшін, ерекше жағдайларда ғана пайдалануы мүмкін. Журналист интервью алған азаматтардың сөздерін ресми түрде жарияламауы туралы өтінішін құрметтеуге міндетті.
Журналистикадағы бұқаралық–ақпараттық процесс негізгі үш сатыдан тұрады:
Болмыстың бейнеленуі, өмірдегі болмыс, құбылыстың кескінделуі;
Шығарма мәтінінің жазылуы;
Бағытталған аудиторияның мәтінді иегруі.
Осыдан келіп, журналистік мәтіннің үш қырын сипаттауға болады:
1. Текстің семантикасы (Семантика-грек сөзі-«Semanti-kos»)-маңызды, көрсететін деген мағынаны білдіреді. Бұл оның болмыспен қарым-қатынасының сипатын білдіреді.
2. Текстің синтактикасы. (Синтактика-грек сөзі «Sintakikos»)-құрылған деген ұғымды білдіреді. Бұл текстің ішкі құрылымының сипаты.
3. Текстің прагматикасы. (Прагматика-грексөзі «pragma») -пайда, іс деген ұғымды білдіреді. Бұл текстің аудиториямен қатынасының сипаты.
Әрбір журналист тексті дайындағанда ақпаратта хабарланатын жайттар тың да, тосын болуы қажет екендігін ұмытпағаны абзал. Сонымен бірге, хабардың аудиторияға түсініктілігі, көпшілікке жетімді болуы басты назарда болғаны жөн. Ақпараттың құндылығы, маңыздылығы да ескерілуі керек. Бұқаралық ақпарат құралдары болмысты неғұрлым тұтас күйінде көрсетуге және дәл, әр қырынан бейнелеуге тырысады.
Сондықтан да журналист шығармаларындағы ақпарат та мән-маңызына, қамтыған тақырыбына қарай зерттеушілер еңбегіне сенсек төрт топқа бөлінеді.
Біріншісі –дескриптивті (descriptio- латын сөзі «баяндау, бейнелеу») баяндаушы ақпарат. Мұнда негізінен нақты деректерге сүйене отырып, баяндау тәсілі қолданылады. Мысалы, желтоқсан айында орын алған Жаңаөзнедегі оқиғаның орын алуы. Оқиға болған орынға журналистер кіре алмады. Сол себепті жергілікті басқару орындарының ұсынған ресми мәліметтері мен деректеріне сүйене отырып, тек баяндауға ғана мүмкіндіктері болды. Екінші түрі - прескриптивті (preskriptio-латын сөзі «алдын-ала көре білу») қөзқарастық ақпарат. Мұнда белгілі бір жайт туралы журналист көзқарасы, болжамы қоса беріледі. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жас нәрестелердің ғасыр дерті СПИД-ке ақ халатты дәрігерлердің өз қызметіне деген салғырттығынан ұшырағаны туралы ақпаратқа журналистер тарапынан білдірілген ақпараттарды айтуға болады. Мұнда тек көзқарас қана емес болжам да қоса білдіріледі.
Үшіншісі -валюативті (латынның «valeo» сөзінен және итальян тілінің «valuta» - баға, құн) бағалаушы ақпарат болып табылады. Мұндай тексте журналистің белгілі бір жайтқа берген бағасы байқалады немесе деректерді беру әдісінен-ақ бағалаушылық қасиеті білдіріледі.
Төртіншісі - нормативті (латын сөзінің «norma»-іскер) іскерлік ақпарат. Яғни, тексте «Не істеу керек?» деген сұраққа жауап беріледі. Мысалы, құқық қорғау орган қызметкерлерінің атқарып отырған жұмысына қоғамның көңілінің толмауы жөніндегі ақпараттар төңірегінде қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы, үкіметтің де назарын аударды. Содан бері 3 жылда бір рет барлық пагон таққан орган қызметкерлерінің біліктілігін тексеріп, қайта аттестаттаудан өтетін болғандығына назар аударуға болады.
Әр ақпарат Кім, Не, Қайда, Қашан, Неге және Қалай деген сауалдарға жауап беруі керек (оны қысқаша 5 Ws және H деп атайды). Сонда ғана, оның мақаласы толыққанды болып шығады.
Америкалық журналист Чарльз Райз жаңалықтың не екеніне мынадай түсіндірме береді.
Ақпарат немесе жаңалық:
- Оқырманыңа қызықты,
- Оқырманыңа әсер ететіндей күші бар,
- Оқырманыңа бірнәрсе жайлы айтатын дүние.
Райзтың айтуына қарағанда, мұнан өзге,
- Бұл айтылып отырған нәрсе жаңа, тосын ба?
- Бұл нәрсе жайлы естіген адамның (оқырман) таңдайын қақтырады|
ма? Яғни, оған әсер ете ме, таңданысын туғыза ма? - деп өзіңе сауал
тастасаң-ақ, жаңалықтың не екенін айыру жеңілдейді.
Тілшінің жұмысы жаңалық таба білуінен және өзі тікелей куә болған оқиғаны жеткізуінен көрінеді.
• Ол оқиға орнына барады немесе өзі бір тақырыпты таңдап алады.
• Ахуалды мұқият бақылайды.
• Жан-жақты мәлімет жинайды.
• Қатысушыларды немесе оқиғаны көзімен көргендерді сөзге тарта-
ды.
• Сөйтіп, оқиғадан жан-жақты мәлімет беретін материал дайындай-
ды.
Жақсы материал жазудың әбден сыналған әдісі – жұмыс процесін мына-
дай бес кезең бойынша жүргізу:
1. Материалдың идеясын табу.
2. Фактілер жинау.
3. Фактілерді іріктеу, талдау және материалдың жоспарын дайындау.
4. Материалдың нұсқасын жасау.
5. Өңдеу.
Ақпарат еркіндігі мемлекеттік органдардың қолдағы бар ресурстар мен мүмкіндіктерді ескере отырып, салынған сауалға жауап ретінде ақпаратты беретінін ғана емес, сонымен қатар олардың өздерінің ерекше қоғамдық мүддені қамтитын құжаттарды жариялайтынын және тарататынын да білдіреді. Жариялануға тиісті ақпараттың түрлері оған ие мемлекеттік органның ерекшелік сипатына байланысты болады. Заң жалпы міндеттілікті белгілеуі және жариялануы тиісті ақпараттың негізгі санаттарын жариялау жолымен мәліметтерді жариялауы тиіс.
Ең аз дегенде, мемлекеттік органдар ақпараттың төмендегідей санаттарын:
-оларға көрсетілген қызметтердің құнын, мақсаттарын, аудиторлық тексерулердің нәтижелерін, стандарттарын, қол жеткізген нәтижелерді қоса алағанда және одан әрі әсіресе, егер мемлекеттік орган көпшілікке тікелей қызметтер көрсетсе, мемлекеттік органның қалай жұмыс істейтіні туралы шұғыл ақпаратты;
-кез келген сұрақ салулар, арыздар мен қоғам мүшелерінің мемлекеттік органдарға қатысты жасайтын әрекеттері бойынша басқа да ақпаратты;
-жұртшылық өкілдерінің саясат пен заң шығару саласында шешімдер қабылдауға қатысуының ықтимал нысандары туралы мәліметтерді;
- органның иеленетін және қандай нысандарда осы ақпарат қамтылған ақпаратының тізбесін;
-көпшілікке әсер ететін мемлекеттік органның кез келген шешімінің және ниеттерінің мазмұнын, сондай-ақ шешімдер қабылдау кезінде мәні болған себептер мен дайындау материалын жариялауы тиіс.
Қоғамдық санаға зор ықпал жасайтындықтан, БАҚ-ты «төртінші билік» деп атау-заңды құбылыс. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының өз материалдарында шыншыл, шүбәсіз ақпаратты пайдаланғаны өте маңызды. Десек те, барлық ақпарат кез келген адам үшін ашық болып келе бермейді. Жалпы ақпарат берілу түріне қарай екіге: ашық және шектеулі болып бөлінеді. Енді осы ақпараттың түрлеріне тоқталып көрелік.
Қазақстан Республикасының қолданыста бар заңнамалары нақты бекітіп берген сипаттамасы бойынша шектеулі ақпаратқа мемлекеттік құпия және қызметтік құпия ақпараттар жатады. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар осы жайларға жиі сілтеме жасауды жақсы көреді. Десек те, оның өзінің бекітілген нормасы бар екендігін ескермей жатады. Журналистер мемлекеттік құпия болып табылатын, нақты заңда көрсетілген ақпараттарды ғана барша оқырмандарына жариялауға құқықтарының жоқ екендігін біледі. Ал, мемлекеттік құпия ҚР Конституциясымен және «ҚР мемлекеттік құпиялар туралы» заңымен қорғалады. Құжаттардың құпиялылығы туралы түсінік пен құпиялық деңгейі де осы заңда көрсетілген. Журналистер үшін пайдалануға болатын ақпараттар заңның 17- бабында көрсетілген. Бұл бапта құпияға жатпайтын мәліметтердің нақты тізімі жеті пунктпен берілген. Олар:
азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар мен ақпараттар және олардың зардаптары туралы, сондай-ақ табиғи зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен зардаптары туралы;
Ашық ақпарат дегеніміз - сұрау бойынша берген, жалпының қолы жететін ақпараттан тыс, меншік иесі таратуға міндетті ақпараттар жатады.
Журналиске керек ең басты қасиеттің бірі – тыңдай білу. Негізгі ақпарат қалтарыста, сөйлеушінің сөз арасында айта салған мәліметтерінде жатуы мүмкін. Бұл ақпарат жинаудың бірінші тәсілі.
Екіншісі – түрлі құжаттар мен материалдар. Яғни заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, сот-сараптамалық қорытындысы, куәліктер, тергеу немесе зерттеу нәтижелері, баяндамалар ғана емес, баспасөз мәлімдемелері мен БАҚ материалдары, қолжазбалар, редакцияға келген хаттар.
Үшіншісі – өз көрген-түйгеніңіз. Қақтығыс аймағы, спорт жарысы, апат орны, саяси партияның съезі, т.б. толып жатқан оқиғалардың ортасында жүрген тілшінің бақылауынан туған мәліметтер. Журналист картинаны оқырманның көз алдына әкелетін детальдарды қалт жібермеуі керек.
Халықаралық декларациясы журналисттердің кəсіби мінез құлық стандартына, ақпаратты алу, тарату жəне оны жариялау, оқиғаларды суреттеуіне сəйкес жарияланады.
1. Шындықты сыйлау жəне азаматтың шындыққты білу құықығын сыйлау – осының барі журналисттің бірінші міндеті.
2. Журналист өзінің кəсиби қызметін атқара отырып, ақпаратты адал жинау аясында бостандыққа, ашық түсініктемелерге жəне сынға құқығын сақтайға міндетті
3. Журналист тек өзіне белгілі ақпарат көздеріне мен əрекет жасауы тиіс. Журналист маңызы бар ақпаратты бағаламауға болмайды немесе құжатты бұрмаламауға болмайды
4. Журналист адал тəсілмен алынған ақпаратты, фото суреттерді, құжаттарды қолдануы тиіс.
5. Журналист дұрыстауға арналған барлық мүмкіндіктерді қолданып немесе зиян келтіре алатын ақпаратты əшкерелеуге мүмкіндігін қолдану тиіс
6. Журналист кəсіби құпиялылықты сақтауға жəне ақпарат көздерін жарияламауға міндетті
7. Журналист БАҚ арқылы таратылған ақпараттың қауіп-қатері туралы өзіне есеп беру тиіс жəне нəсіл, жыныс, жыныстық, тіл, дін, саяси көзқарас туралы жəне тағы басқа да ұлттық, əлеуметтік тұрғыдағы еріксіз дикриминацияға ынталануынан аулақ болу тиіс.
Журналист ешуақытта плагиатқа, айғақтарды əдейі бұрмалауға, өсек, қорлау, дəлелсіз айыптауларға, материалды жариялау кезінде өзге біреудің мүддесіне сәйкес пара алуға жол бермеуі керек.
Кез-келген журналист өз атына лайықты болуы үшін, жоғарыда аталған принциптерді орындау өз міндеті деп есептеуі тиіс.
11-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Әлеуметтік желі және журналистика
11.1 Интернет журналистиканың қалыптасуы мен дамуы
11.2 Қазақ тілді интернетке қатысты заңнамалық құжаттар
12-ЛЕКЦИЯ
Экология және БАҚ
6.1.Мерзімді басылымдағы экология тақырыбы
6.2 Экологиялық бағыттағы БАҚ
Экология ғылымының даму кезеңдері:
І кезеңде (1707–1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;
ІІ кезеңде (1924–1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;
ІІІ кезеңде (1980–2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.
Экологияның дербес ғылым болып қалыптасуы 19 ғ. 2-ші жартысына сәйкес келеді. «Экология» гректің oicos - үй және logos – ғылым сөзінен шыққан, яғни дәлме-дәл мағынасы экология – «өз үйіңдегі ағзалар» туралы ғылым.
«Экономика» сөзі де (гректің oiconomike) oicos түбірінен шыққан, яғни үй шаруасын жүргізу. Бұл екі пән өте тығыз байланысты, бірақ соңғы кезде бұл көзқарас мағынасын жойған.
Экологияның зерттеу әдістері:
1. Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады.
2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.
