- •Қызылорда, 2016 Пәннің мақсаты мен міндеттері
- •Пәннің құрылымы мен мазмұны
- •1 Модуль салалық журналистиканың қалыптасуы, дамуы
- •Эссенің тақырыбы ашылған жағдайда 100 балл қойылады.
- •Ө.Жолымбетов, н.Жүнісбай шығармашылығындағы спорт тақырыбы
- •«Қазақ спорты», «Спорт» басылымдарының ерекшеліктері
- •10 Беттен кем емес Жастарға арналған спорт тақырыбындағы талапқа сай журнал шығарылған жағдайда 100 балл қойылады.
- •2 Модуль салалық журналистиканың өзіндік ерекшелігі
- •3 Модуль салалық журналистиканың негізгі мәселелері
- •Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы
- •Экологияның түрлері
- •Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті
10 Беттен кем емес Жастарға арналған спорт тақырыбындағы талапқа сай журнал шығарылған жағдайда 100 балл қойылады.
2 Модуль салалық журналистиканың өзіндік ерекшелігі
5-ЛЕКЦИЯ
Құқықтық журналистиканың ерекшелігі
5.1 Құқық тақырыбының тарихи негіздері
5.2 Құқықтық журналистиканың өзіндік ерекшеліктері
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Олжабаев А. - Құқық негіздері. – Атамұра, 2006.-255-б.
Қазақ телевизиясы.- Алматы, 2011
Құқықтық журналистика турасында сөз қозғаған кезде есімізге ең әуелі қазақ қоғамындағы, оның тарихындағы құқықтың пайда болуы мен дамуы, алғы шарттары түсетіні даусыз. Себебі, біз өткенге көз жібермей, тарихқа бір үңіліп алмай, қазақ құқығының дамуын беріден бастасақ, үлкен күнә болар еді. Олай дейтініміз, қазақ халқының жүріп өткен тарихи жолының өзі талай құқықтық жағдаяттардың арқауына айналғандығы даусыз.
Сайып келгенде, Азия мен өзіміз азуын айға білеген Батыс елдері деп танитын еуропалықтардың құқықтық негізі, сауаты әріден бастау алады. Теледидарлардан көріп, тарихи әдебиеттерден оқып жүргеніміздей, жамандық істегендердің жазасыз қалмауы, жақсының жеңіп, адалдық туының әркез биікте желбірейтіндігі, жат пиғылдылардың сазайын тарттырып, олардың елден аластатылуы - адам құқығы қорғалуының алғашқы көріністері. Бұл өте ескі аңыздар мен ертегілерде де, анимациялық қойылымдарда да жақсы көрініс табады. Сол сияқты Шығыс елдеріндегі тарихи оқиғалар, тіпті, жоғарыда айтып өткеніміздей, аңыз-ертегілердің өзінде адам құқығының тапталуы мен қорғалуы жайында деректер мен дәйектер өте көп. Мәселен, өзіміз жақсы білетін «Мың бір түн» ертегісі. Мұндағы шах патшаның ешкімнің көз жасына қарамай, өзі басқаратын елдің бүкіл қыз-қырқынын өлтіріп, адам құқығын аяққа таптайтындығы - оқиғаның дәл өзегі. Ал мұндағы уәзір қызының ханның бассыздығын сөзбен тоқтатып, әділдік орнатуы, ертегінің «бақша мұратына жетуі» - сол қыздың өз адами құқығын асқан сауаттылықпен қорғауының жемісі. Қыздың аузымен мың бір түн бойы айтылған ертегілердің ішінде де асқан жауыздардың жазасын тарттыру туралы үкім шығарған жерлері бар. Мұнда хан шабармандары халық ішіндегі басбұзарлардың қылмысын, оған шығарған патша үкімін көпшілік алдында қағазға қарап оқып, елге жария етеді. Оларды көптің алдында жазалайды. Бұл дегеніңіз, қазіргі таңда өзіміз көріп, оқып жүрген қылмыстық хрониканың дәп өзі, соның алғы шарттары екеніне ешкім дау тудыра қоймас. Мұндай мысалдар қазақ тарихы мен әдебиетінде миллиондап саналады. Біздің айтпағымыз – олардың атын атап, түсін түстеп тізу емес, тек – құқықтық публицистиканың, оның ішінде, қазақ құқығы тамырының тереңде жатқандығын жеткізу. Тіпті адамзат дамуындағы алғашқы қауымдық құрылыс, одан кейінгі формациялар, тасқа қашап жазу дәуірі, ауыз әдебиеті мен фольклор, жазба әдебиетінің бастаулары, алғашқы үнпарақтар мен радио-теледидарлар пайда болмай тұрғандағы журналистиканың алғашқы қарлығаштарын да құқықтық журналистиканың негізін салушылар десек, қателеспеспіз. Өйткені, не нәрсенің де жоқтан пайда болмайтыны – ақиқат.
Тарихты таразылай берсек, бүгінгінің өткенсіз мәні жоқтығына, олардың болашақпен сабақтастығына тағы да көз жеткіземіз. Осы орайда, қазақ тарихындағы әйгілі «Есімханның ескі жолы, Қасымханның қасқа жолын», әз Тәукенің бұйрықтарын, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін тәк тұрған үш биіміз: Төле, Әйтеке, Қазыбек бабаларымыздың, қазақтың ақсақалдар жиынының («Күлтөбенің басында күнде жиын») ел ішіндегі құқықтық сауаттылықтың өз арнасын тауып, адамзат дамуына зор үлес қосқандығын мойындап, оны әрі қарай жадымызда сайратып, келешекке жеткізу – басты парызымыз.
Қазақ халқының басқа елдің боданы болып кетпей, дәл қазіргі егемендікке қол жеткізуі – Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, т.б. батырларымыздың, жыраулар мен жыршы, сал-серілеріміздің, Алаштың арыс ұлдары: Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Абай, Шоқан, Ыбырай және тағы да басқа азаматтарымыздың өз құқығын біліп қана қоймай, елді ізіне ерте жүріп, қазақ қоғамының іштен бүлінбеуіне жан аямай тер төгуінің нәтижесі. Ер халықтың елдігін паш етіп, жауға жұмыла жұдырық бола білген батыр бабаларымыздың саяси да, мәдени құқықтық сауаттылықтарының арқасында бүгінгі ұрпақ тәуелсіздікке тәу етіп отырған жайы бар. Дәлірек айтсақ, Қазақстанның зайырлы құқықтық мемлекет болып қалыптасуында өткеннің рөлі айрықша.
Құқықтық мемлекеттің негізгі атқаратын қызметі қоғамдық өмірдің барлық салаларын заң, әділетті құқық нормасымен ретке келтіру, басқару, қызмет көрсету салаларында заң талаптарын басты басшылыққа ала отырып, адам, қоғам, мемлекет мүддесіне адал қызмет атқару болып табылады. Өйткені, құқықтық норма – әділет жолы, адам, қоғам, мемлекет мүддесінің үйлестірушісі, заңдылық пен демократияның даму негізі. Қазақстанның өркендеуі, гүлденуі, дүниежүзінде алдыңғы қатарлы мемлекет санатында көрінуі үшін құқықтық сауаттылықты, тәрбиені, сананы жетілдіру қажеттілігіне басты назар аударылғаны баршаға аян. Өйткені, еліміздің әрбір азаматы өз құқығын, бостандықтарын, міндеттерін білуі тиіс, әрбір азамат құқық нормаларын, заңдылық талаптарын берік ұстануы керек. Сонда ғана мемлекетіміз саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан дамып, тәртіп нығаяды.
Құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие әрбір азаматтың қалыптасуының, өсіп-жетілуінің басты қағидасына айналуы тиіс.
Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:
біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Американың белгілі заңгері, соңынан АҚШ Жоғарғы Сотының судьясы болған Вильям Дж. Бренан «Баспасөзге сот қажет. Өз кезегінде сотқа да баспасөз қажет, оның арқасында соттың ұлтқа деген ішкі көзқарасы қалыптасады, сонымен қатар, соттың шешімі тек қана жазалаудан емес, тәрбиелеу мен үлгі ету мақсатын да көздейді, ал, бұл мәселені баспасөздің көмегінсіз шешу тіпті мүмкін емес», деген екен.
Елбасының «Судья-халықтың айрықша таза әрі кіршіксіз ары» деп соттарға баға беруі, оның судьяларға сенім артуын көрсетумен қатар, оларға үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл жауапкершілікті түсініп, сенімді ақтау – судья үшін зор міндет. Елімізде құқықтық журналистиканы дамыту ең өзекті мәселеге айналып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының мүйізі қарағайдай өкілдерінің өзі қазіргі таңда құқық, сот тақырыптарына сауатты қалам тартатын қарымды журналистер жоқтың қасы екенін жасырмайды. Олар бұл тақырыпты өте сауатты меңгерген тілші ретінде тек бақилық болған Нури Муфтақтың ғана есімін атайды. Сондықтан, Нури Муфтақ сынды журналистер қатарын толықтыру үшін жастарымызға құқықтық журналистика бағытында білім беру қажет. Мамандығы заңгер болғандықтан, адам құқығының бұзылуы, әлеуметтік құқық сияқты қоғамдағы ең өзекті мәселелерді ашық жазған.
Журналисті ұзақ жылдардан білетін досы әрі әріптесі Тамара Калеева ол жайында былай дейді: «Оның қандай журналист екенін айтудан бұрын, оның қандай адам болғанын айтайын. Ол көңілді, ашық, тамаша адам еді. Өз позициясын дәлелдеуге келгенде кейде қаталдық та танытатын. Оның әсіресе, үнемі шаршауды білмейтіндігі мен ешнәрседен қауіптенбейтіндігін көріп сүйсінетінмін. Біздің көбіміз не нәрсе істесек те, оның теріс салдары туралы ойлап тұрамыз ғой. Үнемі соған дайын болу керек деп ойлаймыз ғой. Онда мұндай ой мүлде болмаған сияқты. Нені өзінің міндеті деп есептесе, соны істеді». Нури Муфтах екі тілде (қазақ және орыс) бірдей жазатын журналист болумен қатар, билік пен оппозиция сияқты екі түрлі бағыттағы басылымдарда қызметтер атқарды. Әуелі «Заң және заман», «Егемен Қазақстан» сияқты үкіметшіл басылымдарда қызмет істеп, Бас прокуратурада баспасөз хатшысы болды. Ал 1998 жылдан бастап тәуелсіз, оппозициялық басылымдарға кетеді, әр жылдары «ХХІ ғасыр», «Республика-2000», «Алтын ғасыр» газеттерінде еңбек етеді. Айта кету керек, құқық тақырыбында жазатын журналистерге қоқан-лоқы көрсетіп, оларға шабуыл жасау басқаларға қарағанда жиірек орын алады екен.
Қазақстанда жарық көретін қандай бұқаралық ақпарат құралы болмасын, құқық тақырыбынан шет қалып жатқан жоқ.
Қылмыс пен жаза – өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады. Соттар жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін сотталушының жеке басының елеулі мәні бар мәліметтерін жан-жақты, толық және объективті түрде тексеріп барып үкім шығарады.
Осыдан бірнеше жыл бұрын «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Қылмыс пен жаза» бағдарламасы ашылды. Бұл арнайы құқық саласына мамандандырылған жоба болды. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрілігімен бірлесе әзірленетін бағдарламаның құқықтық сауаттылықты арттырудағы рөлі орасан екені сөзсіз.
Адамның сана-түсінігінің бұзылуынан бүгінгі күні қоғамда қылмыстың саны азаймай тұр. Құқық бұзушылық фактілері жыл санап артып келеді. Осының алдын алу және жасалған қылмыстың тартар жазасы бар екенін қалың көпшілікке көрсету мақсатында «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы әр сенбі сайын эфирге шығатын деректі жанрдағы аталмыш «Қылмыс пен жаза» атты бағдарлама көпшіліктің үлкен сұранысына ие болуда.
Бағдарламаның продюссері әрі жүргізушісі – Нартай Өтегенұлы, қоюшы режиссері – Қадыржан Құлманов, операторы – Бағдат Сүлейменов, оператордың көмекшісі – Ұлан Дүйсенбай.
Әр көрсетілім сайын қылмыскер құқықты қалай, қандай жағдайда бұзып жатқанын көрсете отырып, оның заң жолымен жауапқа тартылатындығын дәлелдермен беріп отырады. Қазақстанның әр облысында орын алған қылмыстық оқиғаларды шынайы әрі нақты деректермен суреттеп көрсету үшін «Қылмыс пен жаза» бағдарламасы жұмыс барысымен әр аймақтарда болады.
Негізінен Қазақстанда алғашқы коммерциялық телеарнаның негізін қалаған Изя Фидель болатын. Ол – ең алғаш қазіргі «КТК» телеарнасын құрушылардың бірі. Содан кейін ғана елімізде «КТК»-дан басқа да тәуелсіз телеарналар құрылды. Берілетін бағдарламалар ішінде ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың берілуі тәуелсіздік жылдарымен тұспа-тұс келді. Қазіргі күні «КТК» құқық тақырыбында ең көп хабар тарататын арналардың қатарында. Мәселен, «Рейдер» бағдарламасы – бүгінде рейтингісі жоғары туынды. Жоба жетекшісі Алмаз Ұзақов. Хабар орын алған қылмыстар туралы ашық ақпарат таратып, аудиторияғы қажетті мәліметтерді беріп отырады. Білікті басшы қарамағында өз ісін жақсы меңгерген, көрермен талабын жақсы түсінетін журналистер жұмыс жасайды. Айта кету керек, «Рейдер» бағдарламасының форматы телеарна тарихында 15 жылдан астам уақыт сақталып келеді. Тек құқықтық хабардың атауы ғана өзгеріп отырған. Сондай-ақ, «КТК»-ның тағы бір құқықтық туындысы «Черный квадрат» деп аталады. Жобаның авторы әрі жүргізушісі Валерий Тараканов. Оның қызметі негізінен тергеуші. Қылмыстық әлемнен толыққанды мағлұматы бар маман хабарын жоғары деңгейде жасап, аудиторияның қажеттігін өтеуде.
Қазақстанда құқық тақырыбына мамандандырылған басылымдар да бар. Солардың бірі – «Сақшы» газеті. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ведомстволық «Сақшы» газеті – 1933 жылдың мамыр айынан бері жарық көріп келе жатқан еліміздегі көне басылымдардың бірі. Ішкі істер министрлігінің ақпараттық қызметін қарқындату мақсатында басылым ағымдағы жыл барысында іске қосылған барлық заңнамалар мен құқықтық-нормативтік актілерге қатысты ақпараттық, наихаттық, түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді.
Бүгінгі таңда осы басылым бетінде жарияланып жүрген материалдар Ішкі істер министрлігінің ақпарат-насихаттық жұмысының ажыратылмас бөлігі болып саналады, сондай-ақ, қазақстандық полицияның оң имиджін қалыптастыруда, ішкі істер саласы құрылымдарының өзара жұмыс тәжірибесімен алмасуында, ішкі істер органдары қызметкерлеріне азаматтық және моральдық-адамгершілік тәрбиені, патриоттық және кәсіби біліктілікті насихаттауда үлкен рөл атқарады. «Сақшы-На страже» газеттерінің жарық көргеніне 2011 жылы 78 жыл толды. Басылым 1933 жылдан бастап орысша шығып тұрған. 50-жылдары газет «Казахстанская милиция» деген атпен аталды. 60-жылдардан бастап «Сақшы-На страже» деген атпен жарық көріп келеді. Ішкі істер министрлігінің төл газеті осы жылдар ішінде бірнеше мыңдық таралымы бар үлкен басылымға айналып, ішкі істер органдарындағы көптеген буындардың ажырамас көмекшісі бола білді. Алғашқы редакторлары С.Телешов, И.Ильченько, Г.Сармурзин газеттің басылымға айшықты жол салып берді. Соғыстан кейінгі жылдары барлық БАҚ құралдары сияқты «Сақшы-На страже» газеттері де жан-жақты тақырыптағы материалдар жариялап тұрды. 1999 жылы қазақ тіліндегі газетті дербес шығару жөнінде шешім қабылданады. Ол кезде басшылықта Әбдіжамал Сапарқұлов отырған болатын. Бұған дейін газет қазақша шықпаған. Алғашында тираж жинау аса қиынға түседі деген күдік болғанмен, қазақша газет оқырманның зор ықыласына бөленеді. «Сақшының» дербес газет болып шығуына «ұлтым» деген азаматтардың ат салысуы өз көмегін тигізгені рас. Сөйтіп, 1999 жылы министр Қайырбек Сүлейменовтің тікелей бастамасымен 1 сәуірде «Сақшының» дербес бірінші саны жарық көрген екен. Ол кезде газет нөмірі қазіргідей он екі бет емес, сегіз бет болған. Оған дейін 1992 жылы газетті жеке шығаруға біраз әрекеттер болғанымен, қайта жабылып қалыпты. Газет тігінделерін ақтарсақ, Қалижан Бекхожин, Василий Копытин, Константин Тарасов, Алексей Кондратский сынды редакторлардың есімін кездестіреміз. Ғарышкер-ұшқыш П.Беляев, Кеңес Одағының екі мәрте батыры С.Лучанскиий, композитор Соловьев-Седой және басқа да қайраткерлердің сақшыларға арналған жүрекжаржды лебізін оқисың. Базарбай Исаев, Рысбек Үркімбай, Әбдіжамал Сапарқұлов редакторлық жасаған тұста «Сақшы-На страже» тәртіп сақшыларының рухани серігіне айналды. Оқылуға жеңіл, мейілінше қызықты материалдар беріліп тұрды. Сондай-ақ, газетте белгілі жазушы Нұрғали Ораз, танымал ақын Әлібек Шегебаев еңбек етті. Шағын басылым талай жас тілшілердің қанатын қатайтқан «алтын ұя» мектеп болды. Айнаш Көксегенова, Жұмагүл Сәтмұханбетова, Әділет Ыдырысов, Шалқар Естенов сияқты бірталай білікті журналистер қызмет атқарды.
«Сақшы» газетінде құқық тақырыбын жазуда өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктері табылады. Мәселен, 2011 жылдың №23 санында басылым бетінде «Айуандар қыз зорлады» деген мақала жарық көрді. Айқайлатып қойылған тақырыптың өзі артығырақ. Ал, материал былай басталады: «Киелі Маңғыстау облысында сұмдық оқиға тіркелді. Бұл оқиғаны естіген ел жағасын ұстады. Сұмдығы сол, Жетібай кентінде 16 жасар қаршадай қызды... 9 айуан (адам деп айтуға аузымыз бармады) топтасып зорлаған. Тіпті, жазуға қаламымыз жүрмей отырған жауыздықты жасағандардың ішінде бұрын сотты болмаған, бала-шағалары, қызметтері бар ел ағасы жасына келгендер де бар. Енді жұртшылықтың төбе шашын тік тұрғызған оқиғаны басынан баяндайық». Бұл жердегі қолданылған кейбір тіркестер артық. Журналистің басты міндеті – қоғамға ақпарат жеткізу. Адамдардың ар-намысына тиетін сөздерді айту емес. Оның үстіне ұсталған күдіктілерге қатысты сот үкімі шықпаған. Бұл ретте журналист асыра сілтегенге ұқсайды. Оның үстіне, мұндай жаңалықты оқыған оқырман да психологиялық тұрғыдан соққы алуы ғажап емес. Жалпы, «Сақшы» газеті көбіне құқық тақырыбында, оның ішінде, есірткі бизнесіне, жемқорлыққа қатысты ақпаратты жиі жариялайды. Бұл әрине, дұрыс. Бірақ өкініштісі, мұнда талдамалы жанрлардан гөрі, репортаж немесе комментарийге көбірек мән беріледі. Яғни, құқық тақырыбында жазылған материалдың бағын аштыратын журналистік зерттеуге басылым тілшілері жиі қалам тербей бермейді.
Заң Газеті – қазақ тіліндегі республикалық апталық газет. Алғашқы саны 1994 жылы 3 қарашада жарық көрді. Тұңғыш редакторы – М.Тоқашбаев. Газетте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдері, халыққа Жолдаулары, Қазақстан Парламенті қабылдаған заңдар, Үкімет қаулылары жарияланады. Республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі жаңалықтар мен өзекті мәселелер туралы мақалалары арқылы газет жұртшылықты құқықтық реформаның жүргізілу барысымен таныстырып келеді. Көлемі – 4 баспа табақ. Таралымы – 17000 дана. «Заң» газеті – осы міндеттерді өз деңгейінде атқарып келе жатқан басылымдардың бірегейі. Аталған басылымның өзге құқықтық газеттерден басты ерекшелігі мұнда орын алған қылмыс туралы сериялық форматта жазылады. Яғни, қоғамдық пікір қалыптастырған оқиғаның өрбу деңгейін газеттің әр нөмірі сайын беріп отырады. Мәселен, Алматы қаласында 2012 жылы алаяқтардың құрбаны болған адамдар туралы жазылып отырды. Әр нөмір сайын пәтерді бір тәулікке ғана жалға алып, кейіннен басқа адамдарға ұзақ мерзімге өткізіп, қомақты қаржы тауып келген алаяқтың ісі кеңінен беріп отырды. Уақыт өткен сайын бұл қылмыскерден жапа шегушілердің қатары артып келген. Бір ай көлемінде осы тақырыпты оқырманға ұсынған басылым ең соңында күдікті алаяқ қамауға алынғандығы туралы хабар берді.
Нақты деректерге құрылған мақалалардың ішінде бір емес, бірнеше адамның қанын төккен аса ауыр қылмыс жасаған қылмыстық топтардың, кісі тонау, қарақшылық, ұрлық, зорлау сияқты ауыр қылмыстар жасаған қылмыскерлердің төбе шашыңды тік тұрғызар ауыр қылмыстары туралы жазылған материалдар аз емес. Газет бетінде сот шешімдерін оқи отырып, жыртқыш аңнан да өткен қатыгездікке барған қылмыскерлердің әрекеттері жиіркеніш туғызады. Мәселен, Целиноград ауданында болған «Покровкадағы қанды оқиға» деген атпен жарияланған мақаладағы жазықсыз бір отбасын түгел азаптап өлтірген екі жас жігіттің сот алдында ештеңе болмағандай өздерін емін-еркін ұстауы өзгелер түгілі, өз туыстарын да жиіркендіріп, әлгілердің ата-анасының оларды өз балалары деуден бас тартқаны мұндай қатыгездіктің адамдарға қаншалықты әсер ететіндігін анық жеткізіледі. Сондайларды күнде көріп, әңгімелерін естіп жүретін судьялардың жүйкесіне қаншалықты салмақ түсетінін осыған қарап бағамдау қиын емес.
«Заң газетінде» жеке судьялар туралы, олардың жемісті еңбегі жайлы жарияланған мақалалар да аз емес. Шынын айтқанда, еңбегін өзгелерге үлгі етіп көрсетер кәсіби деңгейі биік, әділдікті ту етіп ұстаған жандар судьялардың арасында аз емес. Өкінішке орай, сондайлардың еңбегін көрсетіп, халыққа таныту жағы ақсап жатқан жайы бар. Ақпарат құралдары өкілдері осы бағыттағы олқылықтың орнын толтырып, көбірек айтып, жазса, мұның өзі соттың халық алдындағы беделін арттыруға игі ықпалын тигізер еді. Сондықтан да, журналистер тек бір жақты кетіп қалмай, сот саласының жағымды жағына да жете назар аударғандары жөн.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында да құқық тақырыбында жазатындары бар. Бірақ дәл осы салаға мамандандырылған жоқ. Десе де, «Құқық» деген арнаулы беттер бар. Сондай-ақ, жергілікті телеарнадан құқық қорғаушылар туралы бағдарлама беріледі. Өңіріміздің жарнама басылымдарына жататын газеттердің бірі – «Кому Что?». Бұл басылымда арнайы «Инфо» деп аталатын бөлімінде құқық тақырыбында көп мәліметтер жазылады. Арнаулы бетті қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Махмуд Байходжаев жүргізеді. Осы салада еңбек ететіндіктен журналистің ақпаралары өте кең. Жан-жақты зерттеу жасалып, мамандандырдың түсініктемелері қоса беріліп отырады. Арнаулы бетте бір ғана мақала ғана емес, бірнешеуі жарық көреді. Бұл соңғы орын алған қылмыстық әрекеттер, тергеулері аяқталған қылмыстық істер. Сондай-ақ, осы басылымда құқық тақырыбында жазатын журналистің бірі Натаья Денисова. Облыстық прокуратурамен тығыз жұмыс жасайтын маман сот процестері турасында көп қалам сілтейді.
Ал, «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасында құқық тақырыбында жасалатын «102 қызмет» бағдарламасы апта сайын көгілдір экранға шығып, көрерменге жол тартады. Бағдарламаның редакторы, талантты журналист Арайлым Байжігітова. Жүргізуші Рауан Мыңбаев. Бағдарламаның хронометражы – 15 минут. Осы уақытта бағдарлама соңғы орын алған қылмыстар туралы хабар беріп, құқық қорғаушылардың атқарған жұмыстарын сөз етеді. Жалпы бұл жоба облыстық ішкі істер басқармасының қолдауымен жарық көреді. Бағдарламаның басым уақыты профилактикалық іс-шараларға арналады. Яғни, қылмыстың алдын алуға бағытталған жұмыстар сараланады. Оның ішінде, жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыстарды азайту, медиация заңының қолдану аясын кеңейту туралы ақпар береді. «102 қызмет» хабарында «Түнгі қала», «Жас және заң», «Ұрлық түбі – қорлық» деп аталатын тұрақты айдарлары бар. Сондай «Бүгінгі қаһарман» деп аталатын айдарының да маңызы ерекше. «Түнгі қала» деп аталатын хабарда журналист түн мезгілінде «Боран» патрульді жасағымен бірге рейдке шығып, түнгі қала тыныштығын бұзғандарды түсіреді. Орын алған қылмыстар туралы мамандардың біліктілігін пайдалана отырып, ой қорытады. Ал, «Жас және заң» деп аталатын айдарында жасөсіпірімдердің қылмысы айтылады. Соңғы жасалған ұрлықтар, шабуылдар туралы «Ұрлық түбі – қорлық» айдарынан білуге болады.
5-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
5.1 Құқық терминінің шығу тарихы мен типологиясы
5.2Құқықтық журналистикасының қалыптасуы мен дамуы, өзіндік ерекшелігі
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Олжабаев А. - Құқық негіздері. – Атамұра, 2006.-255-б.
Қазақ телевизиясы.- Алматы, 2011
Сабақтың мақсаты: Республикалық, облыстық, өңірлік меозімді басылымдар мен электронды ақпарат құралдарындағы құқық тақырыбы және осы саладағы бақ-тың ерекшеліктері нақтыланады.
Сабақ барысында талқыланатын сұрақтар:
Құқық сөзінің мағынасы, шығуы, анықтамалар
«Заң» газетінің қалыптасуы мен дамуы
«Сақшы» басылымының шығу тарихы мен дамуы
Электронды ақпарат құралдарындағы құқық саласындағы бағдарламалардың ерекшелігі
«Қылмыс пен жаза» және «Черный квадрат» бағдарламаларының ерекшелігі
5-БАОӨЖ
Заң саласында жарық көретін басылымдар (СӨЖ)
Әдебиеттермен толық танысып болған соң белгілі бір тақырып немесе мәселе бойынша Студенттің өзіндік жұмысын жазуды үйрену қажет. СӨЖ кітап пен мақалаларды көшіріп жаза беру емес. Ол кітап пен мақалалардың мазмұнын жеткізе білу, өз бетімен ойлау, сол ойларды ғылыми тілде жаза білу және сараптама (анализ) жасай білу. Конспектке қарағанда СӨЖ шығармашылық белсенділікті, оқыған әдебиеттерді өз бетімен жинақтай білуді және сыни көзқарасты дәлелдей білуді қажет етеді. СӨЖ-дің көлемі компьютерлік текстпен 10 беттен кем болмауы керек.
Негізгі жұмысыңыз былай болуы тиіс: кітаптағы немесе мақаладағы тексті оқу – анализ жасау – ақпараттарды жинақтау – жаңа текст шығару: терминдер мен символдарға түсінік беру;
Егер кітаптағы немесе мақалады сөзді түпнұсқасын жазғыңыз келсе, оны тырнақша арқылы жазуыңызға болады. Тек ол тексті қайдан алғаныңызды көрсетуді ұмытып кетпеңіз. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімін әртүрлі құруға болады: алфавит бойынша, СӨЖ-де қолданған кезекке байланысты, немесе шыққан жылдарын қарай. Әрбір ойды жинақы оймен аяқтаған жөн.
6-ЛЕКЦИЯ
Әскери журналистика: тарихы мен тәжірибесі
6.1.Әскери журналистиканың қалыптасу, даму мерзімі. Оның жастар мен ересектер өміріндегі тәрбиелік рөлі.
6.2.Әскери журналистиканың кәсіби және салалық газеттері, журналдары.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Қазақстанның әскери баспасөзінің негізін қалаушы басылым айқындалды // http://www.kazinform.kz/ 12 ақпан, 2016.
Ғазалиев А., Есім Ғ., Ферхо С.И., Бұрханов К., Матвеенкова Л.Г. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру: теория мен практика. – Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті баспасы, 2009.
Бельгер Г. Там, в долине. Рассказы из цикла «Тогда». –Москва: Готика, 1996.
Тайман С. Ауған соғысының шежіресі / Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 20 жыл толуына арналған «Кеңестік геосаясат: тарихы мен тағылымы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары (30 қаңтар, 2009). Қызылорда, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ.
Кез келген мемлекет үшін қауіпсіздік – ең маңызды мәселе. Соның ішінде ақпараттық және саяси тұрақтылық пен экономикалық қауіпсіздіктің алатын орны ерекше. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халқына жолдауында дамыған отыз елдің қатарына қосылудағы негізгі міндеттерге қазақстандық жаңа патриотизмды қалыптастыру енгізіліп отыр. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Ең бастысы – тәуелсіздіктің жиырма бес жылын еңсерген Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсті. Осы жолда өркениетті елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасау, саяси, экономикалық жағынан дамушы ел ретінде шекара мәселесін реттеп, қауіпсіздікті сақтауда қорғаныс қызметін нығайту қажет. Осыған орай, Жолдаудың жетінші тармағында «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» екені айтылып, Елбасы өз сөзінде: «Біздің бұл бағыттағы басты мақсатымыз қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты. Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі», – деп ерекше атап өтті.
«Патриотизм» сөзі (грек тілінде – patrіots – отандас, paths - отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауыр басушылықты білдіреді.
«Қазақстан ұлттық энциклопедиясында»: «Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі» – деп анықталған. Педагогикалық сөздікте «…патриотизм өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік …пролетарлық интернационализммен берік байланысқан» – деп көрсетілген. Еліміздің егемендігінен кейін «Ұлттық патриотизм», «жалпыұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» ұғымдары қолданысқа енді.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы әскери-патриоттық тәрбие мәселесін сөз еткенде, мына жайларға көңіл бөлген дұрыс. Алдымен әскери журналистика, әскери публицистиканың қалыптасуы мен дамуы жайлы еңбектерді атап өткеніміз дұрыс. Салалық журналистиканың бір түріне жататын әскери журналистика Ұлы Отан соғысы жылдарынан бері қалыптасып, дамып келеді. Сол кезеңдегі қазақ тілінде шыққан 16 майдандық газеттер мен майдангер журналистердің шығармашылығы туралы Қ.Аллаберген, С.Қозыбаев, Б.Жақып өз еңбектерінде кеңінен сөз етеді. Әскери публицистиканың негізін қалаған Б.Бұлқышев, Б.Момышұлы, Ә.Нұршайықов, Қ.Қайсенов, Қ.Аманжоловтың шығармашылығына бірталай ғылыми зерттеулер арналған.
Әскери-патриоттық мәселені көтеретін негізінен әскери басылымдар. ҚР Қорғаныс министрлігінің басылым органдарына: «Қазақстан сарбазы» газеті және «Бағдар» әскери-теориялық журналы жатады. Ресми мәлімет бойынша «Сарбаз» әскери-патриоттық газетін «Жауынгерлік ту» және «Қызыл әскер» газеттерінің ізін басушы деп есептелді. Бұл туралы 2015 жылдың желтоқсан айында бірнеше ақпараттық сайттарда және телеарналар жаңалықтарында хабарланды. «1992 жылдың 16 желтоқсанында Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық органы ретінде «Қазақстан сарбазы» газетінің алғашқы нөмірі қазақ және орыс тілінде жарыққа шықты. Ресми құжаттарда Алматыда 1969 жылдан бастап шыға бастаған «Жауынгерлік ту» газетінің базасында құрылған деп көрсетілді. «Жауынгерлік ту» «Қазақстан сарбазы» газетінің ізашары, бастаушысы болды. Ал Қазақстанды аумақтық тұрғыда қамтыған әскери басылымдар бұдан бұрын шығып жүрген. «1929 жылдан бері шығып жүрген «Qьsьl әsker» («Қызыл әскер») қазақи әскери газетке назар аударған анағұрлым қисынды болар», - деген пікір білдірді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Александр Рожков.
Бұл газет әскери комиссариаттардың жұмысы, республикадағы ОСОАВИАХИМ-нің қызметі, әскери өнерді зерделеу, Қазақстанның және т.б. әскери бөлімдеріндегі қызмет туралы жазатын.
«Сарбаз» және «Қызыл әскер» газеттерінің контент-талдауын жасап, біз тақырыптың ұқсастығын, баламалы әскери, патриоттық проблема мен әсіресе, тілдік аспектіні, қазақ тіліндегі басылымын атап өтудеміз. «Қызыл әскер» газеті Қазақстан әскери баспасының іргесін қалаушы болып табылғанын нық сеніммен айта аламыз», - деді ол.
Әскери-патриоттық мәселе кез келген ақпарат құралының мақсат, міндеттерінде, бағыт-бағдарында, жоспарында қарастырылған. Яғни мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғаныс қызметінің мәселелері қоғамдық-саяси, танымдық басылымдар мен телеарналарда міндетті түрде қарастырылады. Мәселен, «Қазақстан» ұлттық арнасында «Ақсауыт», «Хабар» телеарнасында «Айбын», «Дела армейские», КТК телеарнасында «Особое задание», Астана телеарнасында бұл мәселе аркідік «Кеш емес» әлеуметтік саяси шоуында, «Біздің уақыт» сараптамалық қорытынды хабарында сөз етіледі. Әскери-патриоттық тәрбие берудегі БАҚ-тың ролі мен қызметі жайлы бірқатар ғылыми мақалалар жазылғанымен, арнайы ғылыми зерттеу еңбектері жоқтың қасы. Айта кететін жайт, ресейлік ғалымдар аталмыш тақырыпқа байланысты бірқатар зерттеулер жасаған.
Қазіргі әскери журналистиканың міндеті – жауынгерлерді түрлі соғыс амалдарына үйрету, техникалық құралдарды меңгеру, соғыс тактикасын үйренуде ақпараттық, коммуникативтік байланыстың жаңа технологиясын меңгеру секілді ақпараттармен таныстыру, сондай-ақ жасөспірімдерді Отан қорғау қызметіне, қорғаныс саласының мамандықтарына қызықтыру. Әрбір жастың санасында азаматтық борышын Отан алдындағы борышты өтеу деген түсінік қалыптастыру. Бүгінгі күні ҚР Қорғаныс қызметінің әлеуеті өркениетті елдермен иық тіресе алатындай дәрежеде. Ендігі мақсат – жастарды Отан қорғауға дайындығы мен әскери тәртіп, әскери жауапкершілікке баулу.
Әскери-патриоттық тәрбие берудегі телевизияның пәрмені мен оның бүгінгі мүмкіндіктері қандай? Әскери журналистикада тыйым салынған ақпараттарды жария етпеу және т.б. құпия мәліметтерге сақ болу секілді этикалық мәселелерді негізгі ала отырып, «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Ақсауыт», «Хабар» телеарнасындағы «Айбын» хабарлары бүгінгі қазақ әскерінің тыныс-тіршілігін барынша шынайы көрсетуге тырысады. Аталған хабарлардың басты мақсаты – қазақ әскерінің бүгінгі әлеуетін көрсету, жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын ояту, әскери қызметкерлердің Отан алдындағы жауапкершілігін сезініп, өз кәсібіне адалдық таныту. Осы мақсатқа жету үшін телехабарлар Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде, шекара қызметінде болып, олардың төтенше немесе соғыс жағдайына дайындығын, материалдық-техникалық базасының мүмкіндігін көрсетуді дәстүрге айналдырған. Сондай-ақ аталған хабарларда әскердегі жауынгерлердің елге сәлемі, жауынгерлерге жолданған үшбу хаттар оқылады. Аталған телехабарлар әскери-паториоттық бағыттағы жобалар.
Патриотизм - адамгершілік рухтың маңызды негізі. Патриотизм – ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан терең сезімдердің бірі. Патриотизм туралы айтылған пікірлер өте көп. Патриотизм жайлы бірқатар бірқатар еңбектер жазған ғалым Ә.Қалмырзаев «Патриотизм, отаншылдық сезім априорлық құбылыс емес, ананың құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес, бұл психологиялық саяси-әлеуметтік құбылыс», - деп анықтама береді. Қазақстандық патриотизмге келсек, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатсты дүние. Оның тұжырымы бойынша патриоттық сезім адамның туа біткен қасиетінен байқалмайды, ол белгілі бір әлеуметтік тарихи ортада ұзақ жылдар бойына қалыптасатын құбылыс.
Қазақ халқының тарихында Алпамыс, Сырым, Ер Тарғын, Қобыланды, Есет, Жанқожа, Ер Назар, Бұқарбай сияқты бойларына ұлттық намыс, ұлттық рух, Отанға деген сүйіспеншілік дарыған ұлы тұлғалы батырлар шыққан. Халық ауыз әдебиеті мен фольклоры арқылы олардың ерліктері, отансүйгіштігі, әділдігі, батылдығы, аламгершілігі осы күнге дейін жетіп отыр. Халық аузынан келген ән-жырларда батыр тұлғасы әрқашан да Отанын сүйетін, елі үшін жанын аямай күресетін асқан патриот, жақсылыққа жаны құмар ізгі жан болып көрсетіледі. Ол қаншалықты қатал мейірімсіз болса, туған-туысқаны мен отбасына, ел-жұртына соншалықты мейірімді, жұмсақ, аңғал да ақкөңіл жан болып жырланады. Сондықтан да батырлап тұлғасы, олардың болмыс-бітімі жастарымыздың бойында ақыл-парасат пен қайрат-жігер сияқты қабілет-қарымды қалыптастыруда ерекше рөл атқарып келеді. Осындай батырларымыздың арқасында жеріміз, еліміз, байлығымыз, салт-дәстүріміз, тіліміз сақталып, бүгінгі ұрпаққа жетті.
Төл тарихымыздағы қазақ патриотизмі ерте кездерден қалыптасқанына жоғарыдағы мысалдардан көруге болады. Себебі, сонау сақ дәуірінен Ресей отаршылдығына дейінгі тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресіп, келешек ұрпағына кең байтақ жерімізді, бай рухани қазынамызды мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандар заманында хатқа «қазақ патриотизмі» деп жазбаса да, жорық жырлары, тарихи аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер арқылы бізге жеткен. Оның дәлелі кешегі кеңестік қызыл империяның қисынсыз саясатына қазақ жастарының «Желтоқсан оқиғасындағы» бой көтеруі де дәлел бола алады.
Қазақ патритизмінің қалыптасу, даму кезеңдерін С.Иманбаева мен Н.Мұхамединова былайша кезеңдерге бөледі:
Сақ дәуіріндегі патриотизм
Тайпалық қоғамы кезеңіндегі патриотизм
Түркі қоғамы кезеңіндегі патриотизм
Алтын Орда тұсындағы патриотизм
ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ халқының патриотизм
ХІХ ғасырдағы патша саясатына қарсы ұлттық патриотизм
ХХ ғасырдың басындағы патриотизм
Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі патриотизм
1986 жылғы қазақ жастарының патриоттық рухы
ХХІ ғасыр –әлемдік жаһандану процесі кезіндегі Қазақстандық патриотизм. Әрине, патриотизмнің қалыптасу кезеңдерін сонау ерте замандардан бастауға біз де қосыламыз. Өйткені отаншылдық, патриоттық рух елмен бірге жасасып келе жатқан ең ұлы сезімдердің бірі. Осы пікірге байланысты С.Дүйсенов «Біздің ғылыми әдебиеттерді қазақ халқының патриоттық дәстүрлері, негізінен ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ-жоңғар соғыстарынан бастап, қазіргі күнге дейін ғана қарастырылады. Одан ерте ежелгі дәуірлердегі және орта ғасырлар кезеңіндегі ұлтымыздың бойында отаншылдық сезімді қалыптастыру мәселелерін зерттеу әзірге мардымсыз. «Үлкен кеңестік энциклопедияда» «адамдардың бойында туған жерге, тілге, дәстүрге деген сүйіспеншілік түріндегі патриотизмнің тарихи элементтері бұдан мыңдаған жылдар бұрын, ежелгі дәуірде-ақ қалыптаса бастағаны көрсетіледі», - деп жазуында шындық бар. Өйткені қазақ патриотизмінің қалыптасу, даму кезеңдеріне арнайы ғылыми еңбектер жазылмаған.
«Патриотизм – ежелгі әлеуметтік құбылыстардың бірі. Егер осы сөздің этимологиялық мәніне келсек, онда ол гректің «patris» деген сөзінен шыққан, сөзбе-сөз «Отан», «атамекен» дегенді білдіреді. Осыны басшылыққа ала отырып, түрлі сөздіктер патриотизмді әлеуметтік сезім ретінде береді, оның мазұмныөз Отанына деген сүйіспеншілік пен адалдық, оның өткені мен бүгінгісі үшін мақтаныш, оның сипаты мен мәдени ерекшеліктерін сақтауға тырысуға өзінің жеке және топтық мүдделерін еліміздің ортақ мүдделеріне бағындыруға және өзін оған сәйкестендіруге дайын болу, отанына қызмет етуге, оны қорғауға ұмтылу болып табылады», - деп жазады «Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру: теория мен практика» атты еңбекте.
Әскери журналистика – түрлі әскери әрекеттердің (соғыс, терроризмге қарсы операциялар, этникалық және діни қайшылықтар) жайлы, сондай-ақ соғыс жағдайындағы мемлекеттік саясатты насихаттауды, түсіндіруді мақсат ететін журналистиканың жанры. Әскери журналистиканың тарихын коммуникативтік технологияның дамуымен тығыз байланыста қарастырады. Александр Македонский әскери хабарламалары ерте түсініп, оның жорықтары кезінде арнайы оқытылған адамдар бірге жүріп, әскери жетістіктерін жазып отырған. 1450 жылы Иоганн Гутенбергтің баспа станогін ойлап тапқаннан кейін көпшілік соғыс жағдайын және ол туралы ақпараттармен көбірек танысты. Осындай жағдайдың бірі Лесбос аралын жаулаған француз және внециандық жауынгерлердің ерлігі туралы ақпарат. Осман империясымен соғыс та сол кездегі басылымдардың негізгі тақырыбына айналды. Британдық «Weekly news» газеті де 1618-1648 жылдар аралығында болған отыз жылдық соғыстың ықпалымен жарық көрген. Т.Доминовский әскери журналистиканың тарихын осылайша түзеді.
Ресейлік Википедия ашық энциклопедиясы әскери журналистиканың қалыптасуы мен дамуына байланысты мынадай кестені ұсынады:
Мерзімі |
Әскери журналистиканың ерекшеліктері |
Ежелгі дәуір |
Шайқас батырлары туралы хабарламаны арнайы оқытылған адамдар таратты. Мақсаты: жеңісті дәріптеу, қарсылас туралы жалған ақпарат, жаулап алушы жақтың бейбіт елдің шырқын бұзу. |
ХІХ ғасырдың басы |
Әлемдік қақтығыстар мен әлемдік баспасөздің дамуы, бұқараға бағытталған медианың пайда болуы. Алғашқы тәуелсіз әскери тілші. Мақсаты – әскери репортаждар арқылы таралымды көбейту. Қырым соғысы (1853-1856) – бірінші ақпараттық соғыс. |
«Алтын ғасыр» 1860-1914 |
Әскери журналистиканың мамандық ретінде дамуы. Жаңа технологиялардың енгізілуі (суретке түсіру, телеграф), шынайылық шекарасының бұзылуы. Көптеген газеттерде соғыс қызықты оқиға түрінде баяндала бастады. |
Алғашқы дүниежүзілік соғыс |
Үгіт-насихат жұмыстарының ауқымды жүргізілуі. Қатал әрі тегеурінді цензура. |
Екінші дүниежүзілік соғыс |
Медианы басқару механизмдерінің дамуы және үгіт-насихат жұмыстарын қаржыландырудың арта түсуі. БАҚ-ты бақылау мен цензурадан әскери хабарламаларды басқаруға ауысу. Жаңа медиа ретінде радио мен киноны енгізу және оған бұқараның жылдам үйренуі. |
Вьетнамдағы соғыс |
Алғашқы A living-room war (қонақ бөлмедегі соғыс). Вьетнам соғысы жайлы күнделікті кешкілік берілетін тележаңалықтар мен репортаждар. Ешқандай цензурасыз соғыс. Соғыстағы қорқынышты жағдайларды баяндайтын суреттер мен бейнематериалдардан кейін қоғамдық көңіл-күйдің күрт өзгеруі. |
Фольклендтен Косовоға дейін |
Медиа әскери әрекеттерді мүлдем дәріптемейді. Соғыс репортерсіз өтеді. Спутниктік технология арқылы «Әскери хабарламалар дәл қазіргі уақытта». |
Парсы шығанағындағы соғыс |
БАҚ басқарудың дамуы. Әскери әрекеттерді бақылау және бұқараға бағытталып дайындалған хабарлар. Ақпараттық соғыс. БАҚ-ты басқару мен ақпарат соғыстың ажырағысыз бөлігіне айналды. Журналистердің жауынгер қатарында болып, өмір үшін күресуі. |
Қырым соғысы тарихтағы ең алғашқы ақпараттық соғыс болып табылады. Көптегне британдық және француз әскери тілшілері әскери шабуылдар туралы хабарлар таратады. Армия мен баспасөз бұл жерде мүлдем басқа жағдайда ұшырасады. Журналистердің соғыс алаңында қатысуы жаңа құбылыс болды.
«Times» газетінің журналисі Вильям Ховард Рассел алғашқы әскери тілші болып саналады. Расселдің қырымда болып көргенін жазуы әскери шенділерге ұнай қоймайды. Жауынгерлердің жетіспеуі, холераның жайылуы, армияға қарсылық білдіруі, әскери шабуылдардың дұрыс ұйымдастырылмағаны, билікке қарсы пікірлерін білдірген батыл репортажары үшін ол әскери құпия мәліметтерді жария етті деп айыпталады. Ол осы соғыс даласында 22 ай бойы жауынгерлермен бірге болған. Журналистің өткір репортаждарынан кейін газетке деген сұраныс арта түскен.
Әлемдік әскери журналистканың беделді өкілдеріне Вильям Ховард Рассел, Роджер Фентон, Роберт Капа, Эдгар Райз Берроуз, Уолтер Кронкайт, Стивен Крейн, Фердинандо Петручелли делла Гаттина, Ричард Хардин Дэвис, Маргарет Бурк-Уайт, Курт Эггерс, Накаяма Гисю, Аркадий Столыпин, Лев Толстой, Николай Сокольский, Николай Берг, Константин Симонов және т.б. атауға болады.
Әлемдік әскери журналистиканың қалыптасуы мен дамуындағы құбылыстар қазақ журналистикасына да әсер етпей қойған жоқ. Қазақ тілді әскери журналистиканың пайда болуы Ұлы Отан соғысымен тығыз байланысты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында 10 мың майдангер-журналистер жұмыс істесе, оның 1,5 мыңы майдан шебінде қазақ тапқан. 1993 жылы Мәскеуде Ұлы Отан соғысында болған журналистерге арнап мүсінші Л.Е.Кербелдің жасаған ескерткіші орнатылды. Тәуелсіз әскери журналистика әлі күнге қалыптасқан жоқ. Оған бірден-бір себеп, әскери басылымдардың барлығы дерлік Қорғаныс министрліктерінің органы ретінде шығады. Бұл жағдай тек бізде ғана емес, Ресей мемлекетінде де бар. Ең алғашқы танымал әскери газет «Военный инвалид» газеті Петербургтен 1813-1917 жылдар аралығында жарық көрген. Оның негізін қайырымдылық көрсету мақсатында Павел Пезаровиус деген шенеунік қалаған. Басылымнан түскен пайданы әскери жауынгерлердің жесірлеріне, балаларына беріп отырған. Аталмыш басылым 1862 жылдан Әскери министрліктің органына айналған, одан кейін генералдар штабының қарамағына ауысқан.
ХІХ ғасырдағы танымал әскери журнал «Военный вестник» те әскери ведомоствоның ресми органы ретінде жарық көрген. Кеңестік билік тұсында шыққан басылымдарға қатаң бақылау жүргізілетін, дегенмен ведомостволық газеттерде шығарушының белгілі бір деңгейде билігі болды, соған қарамастан қадағаланып отыратын. Мұндай басылымдардың қатарында «Морской сборник», «Военно-медицинский журнал» бар.
Соғыс жылдарындағы баспасөз, майдандық газеттер, әскери журналистика тарихын зерттеген ғылыми еңбектерде жинақтауда профессор С.Қозыбаевтың еңбегін атап өткен жөн. «Отандық журналистика» сериясымен шыққан «Фронтовая печать Казахстана» жинағы ұлттық әскери журналистиканың тарихы мен тәжірибесіне арналады.
Әскери журналистиканың тарихын қарастыруда кеңестік әскери баспасөз жайлы қоғамдық-саяси әдебеттер мен ғылыми еңбектер, ал жекелеген әскери мәселелерге байланысты майдандық, армиялық, корпустық, дивизиялық газеттер, газет материалдарының жинағы, баспасөзге шолу, орталық майдандық және армиялық басылымдарда жарық көрген мақалалар, соғыс жылдарында таратылған листовкалардың жинағы зерттелген. Олардың бірқатарын атап өтсек, Н.М.Кононыхиннің, С.И.Жуковтің, И.Н.Саченконың, Н.А.Гороховтың еңбектері Ұлы Отан соғысы жылдарында жарық көрген әскери баспасөз тарихы мен тәжірибесіне арналған.
Осылардың ішінде Н.П.Поповтың әскери журналистика тарихына арналған докторлық диссертациясының маңызы зор. Онда кеңес одағының Германияға қарсы Ұлы Отан соғысы жылдарында, Жапониямен болған империалистік соғыс кезінде жарық көрген майдандық, армиялық газеттерге байланысты ауқымды мәселелер қарастырылған.
Соғыс жылдарындағы баспаөсздің жарыққа шығуы, ақпараттың жариялануы дерективалық нұсқаулар арқылы орындалды. 1941 жылы 24 маусымда ВКП(б) Орталық Комитеті мен Халықтық комиссарлар Кеңесі кеңестік информациялық бюро құру туралы қаулы қабылдады. Әлемдегі жаңалықтар мен әскери оқиғалар, шабуылдар жайлы кеңес азаматтарын ақпараттандырып отыру үшін құрылған бюроға А.С.Щербаков бастық болып тағайындалды.
Кеңестік информациялық бюроның маңызды бөлімі газет, журналдарға әскери мақалалар мен корреспонденцияларды редакциялап, бұқаралық ақпарат құралдарына таратумен айналысты. Оның ішінде радиоға арналған хабарлар да бар. Бюроның әскери бөлімі орталық газеттер, радионың және ТАСС-тың әскери бөліміне айналды.
1942 жылдың күзіне дейін барлық әскери бөлімдер мен майдан даласына 13 тілде 318 брошюра 5735 мың тиражбен, 6461 мың көлемінде 724 лозунг тақырыптары, 11764 мың тиражбен 364 листовкалар таратылған.
1943 жылы 24 мамырда ВКП(б) Орталық Комитеті «Қызыл Армияның патриялық және комсомол ұйымдарын қайта ұйымдастыру және майдандық, армиялық, дивизиялық газеттердің ролін арттыру» туралы қаулы қабылданды. Қаулыда майдандық, армиялық, дивизиялық газеттердің саяси ролін арттыру, Қызыл Армияның жеке құрамының саяси, әскери және мәдени тәрбие берудегі ықпалын одан әрі жақсарту туралы айтылған.
Ұлттық әскери журналистердің құрамын жақсарту жұмыстары жүргізілді. Қызыл Армия мен флотының бас штатының саяси басқармасына бірқатар қазақ саяси қызметкерлерді және Орта Азияның республикаларының өкілдерін де жұмысқа тартты. Көптеген саяси қызметкерлер арнайы журналистерге арналған курстан өткізілді.
1943 жылдың желтоқсан айында ұлттық әскери газеттердің редактор орынбасарларын тағайындау мақсатында «Орыс емес ұлттық құрамдағы қатардағы жауынгер, сержант, офицерлерді саяси және мәдени тәрбиелеудегі әскери газеттердің ролі» тақырыбында мәжілім өткізілді. Онда ұлттық әскери бөлімшелерде ұлттық газеттерді тарату арқылы жауынгерлерді саяси жағынан тәрбиелеп, кейін сол басылымдардың тәрбиелік ролін арттыру көзделді.
Әскери басылымдар Ұлы Отан соғысы жылдарында екі есеге артты. 1945 жылы Қызыл Армияның құрамында 1000 газет және 15 журнал, әскери теңіз Флотынан 143 газет, 4 журнал жарық көрді. Әскери газеттредің бір реттік таралымы 3,5 млн. дананы құрайды. Қызыл Армияның газеттері екі адамға біреуден, ұлттық газеттер 5-7 солдат және офицерге біреуден келді.
1942 жылдың ортасы мен 1943 жылдың басында барлық майданда ұлттық құрамдарды есепке алғанда, түрлі типтегі әскери газеттер бірнеше ұлттық тілде тарады. Олардың материалдық жағдайын яғни кадр мәселесі, материалдық құралдар, полиграфиялық техниканы тылдағы газеттердің таралымын, шығуын қысқарту арқылы қамтамасыз етіп отырды. Әскери басылымдар екі түрлі типтен тұрады: орталық газеттер мен журналдар (оның ішінде жауынгерлерге арналған газеттер), армиялық, флоттық газеттер. Олар флоттық, корпустық, дивизиялық, окургтік деп бөлінеді. Аталған типтегі газеттер өзара тығыз байланысты. Өзара байланыс екі түрлі факторда көрініс табады. Әскери газеттердің барлық түрлерінің функционалдық қызметі мен олардың бағытталған аудиториясында ортақ белгілер басым.
Бұл әскери баспасөздің бүтіндей құрылым ретінде таныта отырып, олардың әрқайсысының үнемі бірлесе қозғалыста екендігін және тек даму ғана емес, кейбір басылымдардың тиімділігін көрсетеді. Осының нәтижесінде әскери басылымдар сапалық көрсеткіштерге жетті. Бұқаралық жауынгерлік баспасөзде ортақ тақырыптық ізденіс, өзектілік, жариялылық және жеделдік, тұрақтылық, ақпараттық қабылдау мен жариялауда жүйелілілік, әскери газеттерде тілдік, бейнелеуші-көркем әмбебаптылық байқалады.
«1942 жылдың аяғы мен 1943 жылдары Ұлы Отан соғысының майдандарында және Орта Азия әскери окургтерінде 42 газет және 7 журнал жарық көрді», - деп жазады С.Қозыбаев. Профессор бірнеше тілдерде жарық көрген әскери газеттерді төмендегіше кестеге түсірген:
-
газеттер
журналдар
Қазақ тілінде
16
2
Өзбек тілінде
16
2
Түрікмен тілінде
4
1
Тәжік тілінде
4
1
Қырғыз тілінде
2
1
Барлығы
42
7
Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында Орта Азия елдерінің және Қазақстан халықтарының тілінде 26 майдандық, 3 округтік, 13 дивизиялық газеттер жарық көрген.
Ендігі кезекте Ұлы Отан соғысы жылдарында жарық көрген баспасөздің құрылымына көз жүгіртсек:
Орталық газеттер – соғыс уақытындағы жетекші басылымдар. Соғыс жылдарында «Красная звезда», «Красный флот», «Военное обучение», «Сталинский сокол», «Красный сокол».
Майдандық газеттер. Соғыс басталар тұста әскери окургтердің базасында, кейде армияның органы ретінде жарық көрген газеттер. Олар үшін журналистер Орталық Комитеттен тағайындалатын. Майдандық газеттер мен жауынгерлер тобының газеттері тең дәрежеде жарық көрді. Мәселен айына мерзімді шығуы 26-30 рет болса, тиражы – 15 мыңнан 100 мыңға дейін. Газеттердің саны майдан шебімен есептелді: 1941 -15, 1942 -19, 1943 -18, 1944 -15, 1945 -16.
Кеңестер Одағы халықтары тілдеріндегі майдандық газеттер 1942 жылдан жарыққа шықты. Оларды ңбарлығы дерлік орыс тіліндегі майдандық газеттредің атауымен шығарылса, мазмұны жағынан бірдей болды. дегнемен әрбір ұлттың жауынгерлерінің ерлігі мен әскери шабуыл әрекеттері өз тілдеріндегі басылымдарда жазылды. Мұндай газеттер аптасына 2 рет, 4 бағанмен, басында 5-8 мың таралыммен, 1944 жылдың 4 сәуірінен 5-10 адамға бір нөмерден таратылды. Соғыс жылдарында 110 тілде түрлі халықтардың майдандық газеттері шығарылды.
Армиялық газеттер. 1941 жылдың көктемінде 17 газет, 1942 жылы 60-тан астам армиялық газеттер күнделікті шығарылды. 1943 жылдан айына 26 рет шықты. Бес армияда Кеңестер Одағы халықтарының газеттері таратылды. Соғыс жылдарында 124 армиялық басылым тараған.
Дивизиялық газеттер. Бұл газеттер әскери бөлімшелер жанына шығарылды. Олар жедел түрде соғыс жағдайын хабарлап, оқырмандар танитын батырлар туралы жазып отырды. 1942 жылы алдымен қазақ тілінде, одан кейін грузин, азербайжан, башқұрт және өзбек, қырғыз, армян, тәжім тілдерінде жарық көрді. Соғыс жылдарында 22 дивизиялық газеттер жарық көрген. Олар А3 форматында айына 13-15 реттен, 1943 жылдың 2 ақпанына дейін 2 мың дана, кейін мың данамен таратылды. 1941 жылы 500 шамалас, 1942 жылы 600-ге жуық, 1943 – 635, 1944-1945 жылдары 600-ге жуық газеттер жарыққа шыққан. Алдағы уақытта бұл газеттерді арнайы зерттеу қажет.
Әскери окургтер газеттер майданға дайындалатын жауынгерлік резервтерге көмекші құрал ретінде жарық көрген. Олар 1941 жылдың сәуір айына дейін 17 газет шыққан. Әскери әрекеттердің дамуынан оркугтік газеттердің бірқатары майдандық газеттерге айналды. Тылда жаңа окургтер пайда болып, ол жерден жаңа басылымдар жарыққа шықты. Кейбір округтік газеттер бір мезетте орыс және қазақ тілдерінде жарық көрді. Орта Азия әскери оркугінде қазақ, өзбек, тәжік, түркімен, қырғыз тілдерінде «Фрунзевец» деген атпен газет болды. Ол 1942 жылдың сәуіріне дейін апта сайын А3 форматта, айына 23 нөмір, 20 мыңнан 70 мыңға жуық таралыммен окургтегі жауынгерлердің санына қарай жарық көрген.
Ұлы Отан соғысы жылдарында жау тілдеріндегі газеттер де болған. Мәселен 20 газет неміс, румын, швед, венгер, фин тілдерінде кейбірі 150 мыңға дейінгі тиражбен шығарылған.
Сондай-ақ Европа елдерінің тұрғындары үшін де газеттер шығарылып тұрған. Олар 1944 жылдың көктемінде әскери-саяси жағдайға байланысты нақты елдерде шет тілдерінде және ондағы тұрғындардың санына қарай басылған.
1942 жылдың тамыз айында орыс тілді емес жауынгерлер арасында насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «Блокнот агитатора Красной Армии» газеті алты тілде, оның ішінде қазақ тілінде жарық көрген. «Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери басылымдар қатарында 1443 түрлі атаумен бір реттік 8,5 миллион данамен газет-журналдар жарыққа шыққан».
Ұлы Отан соғыс ыжылдарында жарық көрген майдандық газеттер мен журналдар тарихына байланысты ғалым Қ.Аллаберген, Ж.Нұсқабайұлы, Ф.Оразайдың «Қазақ журналистикасының тарихы» атты оқу құраллында арнайы қарастырылады. Профессор С.Қозыбай бастаған Л.Нода, А.Рожковтар «Журналистика Казахстана» атты еңбекте қазақ тілді майдандық газеттерге кеңінен тоқталады.
Әскери газеттердің ортақ мақсаты – жауынгерлер бойында жеңіске деген күш-жігерді арттыру, оқырманнын Отанды сүюге тәрбиелеу, жауға қарсы ерлік көрсеткен жауынгерлердің өр рухын насихаттау. Ресей журналистикасында әскери журналистиканың тарихын төңкеріске дейінгі және одан кейінгі жылдардағы әскери баспасөздің тарихымен тығыз байланыста қарастырады. Ал қазақ журналистикасында тек Ұлы Отан соғысы жылдарында және қазіргі тәуелсіздік кезеңіндегі әскери журналистика деп бөліп қарастырамыз. Әскер мәселесі Ұлы Отан соғысына дейін дейін тек 1913 жылы шыққан «Қазақ» газетінде ғана Алашорда үкіметін құру бағдарламасында көтеріледі. Онда мемлекет құру үшін алдымен оның әскері, милициясы болуы керек деген талаппен А.Байтұрсынұлы мақала жазады.
Әскери бағыттағы басылым болмағанымен Алаш баспасөзінің әр нөмірінен ұлттық мемлекет құру, өз жерімізді талан-тараж етуге қарсылық білдірген пікірлерін оқуға болады. Сондай-ақ қазақтың саяси санасын ояту мақсатында қандай жолды таңдаған дұрыс, қандай бағытпен жүрген абзал деген сауалдарға байланысты өз көзқарастарын батыл білдіріп отырған. Алаш қайраткерлері А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқайдың әр мақаласында отаншылдық, ұлттық сезім, ұлттық сана, мемлекетшілдік идеясы айқын көрініс тапқан. Сондықтан да әскери журналистиканың бастауын осы Алаш баспасөзіне бастасақ қателеспейміз.
Ұлы Отан соғысына арналған энциклопедияда «Нағыз әскери басылымдар 1942 жылдың қараша айынан бастап жарық көрді. Олар бағыттарының айқын, материалдарының жауынгерлерге түсінікті, анық, қызықты етіп жазылуымен ерекшеленді. Ең басты мақсаты – жауға деген жек көрушілікті арттырып, өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, өз Отанының абыройы мен мәртебесін көтеру. Дәл осы газеттерде қазақ әскери публицистикасы дамыды. Ұлттық тілде әскери басылым шығарудың бір тетігі әскери және саяси дайындықты әр ұлттың өз тілінде түсіндіру болатын», - деп мәлімдейді.
Ұлттық тілдегі майдандық газеттер 1943 жылдан бастап аптасына екі рет, арнайы 30*42 пішінінде төрт бағанмен 5-8 мың данамен тарады. Жалпы майдандық газеттер бес адамға біреуден есептеліп басылатын. Сонымен қазақ тілінде шыққан майдандық газеттерді профессор С.Қозыбаев былайша жіктейді: «Батыс майдан шебінен «Красноармейская правда» - «Қызы әскер ақиқаты», Брянск майданынан – «На разгром врага» - «Жауды жоюға», Калинин майданынан – «Вперед на врага» - «Жауға қарсы аттан», Волхов майдан шебінен - «Фронтовая правда» - «Майдан ақиқаты», 1-Прибалтика майданынан – «Вперед на врага» - «Жауға қарсы аттан», 2-Прибалтика майдан шебінен – «Суворовец» - «Суворовшы», 3-Украин майданнына – «Сталинсоке занмя» - «Сталин туы», Карелден – «В бой за Родину» - «Отан үшін ұрысқа», Қиыр шығыс майданнынан – «Тревога» - «Дабыл», Байкал майдан шебінен – «На боевом посту» - «Майдан шегінде», генерал-майор Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизиядан «За Родину» - «Отан үшін» газеттері шыққан. Редакцияны Павел Кузнецов, Леонид Макеев, Қасым Шарипов, сондай-ақ Жекен Жұмақанов, Диханбай Қосанов, Осип Огнев жұмыс істеді.
Майдандық газеттердің тарихына байланысты деректерді «Қазақ журналистикасының тарихы» еңбегінен де кездестіреміз. «Соғыс басталысымен баспасөздің бүкіл мазмұны уақыт талабына сай «Барлығы майдан үшін! Барлығы жеңіс үшін!» деген айбынды ұранға бағындырылды.
...1942 жылдың екінші жартысынан бастап қазақ тілінде майдандық газеттер шыға бастады. Қазақ мемлекеттік кітап палатасының анықтамасына қарағанда Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ тілінде 16 газет шығып тұрған. Оның алғашқысы Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның «Отан үшін» газеті. Газеттің 1944 жылдың тамыз айының соңына дейін 109 нөмірі жарық көрген» – деп жазады профессор Қ.Аллаберген.
Ұлы Отан соғысы жылдарында майдандық газеттерде әскери тілші әрі арнаулы корреспондент ретінде орталық газетте, радиода, майдандық , жалпы әскери армиялық, гвардиялық жалпы әскери армиялық, дивиялық газеттерде жұмыс істеді. Солардың ішінде қазақстандық Павел Кузнецов пен Сергей Крушинский әскери тілшілердің алдыңғы қатарында болды десек қателеспейміз.
Әскери тілшілердің басты міндетіне соғыс жағдайларын шынайы әрі жедел түрде жеткізу, жауынгерлердің ерлік істерін көрсету, әскери тәжірибені насихаттау жатады. Азаматтық газеттерден келген журналистерге әскери тәртіптің және әскери журналистің шеберлігін үйрету мақсатында ВКП(б) ОК 1941 жылы 9 тамызда «ТАСС және орталық майдандық газеттің арнаулы тілшілерінің жұмысы туралы» қаулы шығарылды. 1942 жылы қыркүйекте майдандағы әскери тілшілердің жұмыс ережесі дайындалды. Алдымен Ивановта, сосын Мәскеуде газет қызметкерлерін қайта даярлау курстары ашылды. Майданға арнайы тілші болу үшін Совет информ бюро, ТАСС, бүкілодақтық радиокомитет, «Правда», «Известия», «Красная звезда», «Красный флот», «Комсмольская правда» газеттерінде жұмыс жасауы тиіс деген талап қойды. Соғыстың соңғы жылына дейін осы аталған ақпарат құралдарының 100-ге жуық қызметкері майданға аттанды.
1944 жылы 4500 әскери журналистердің 200-ден астамы Орта Азияның және Қазақстанның азаматтары болды. Қазақ тіліндегі майдандық және дивизиялық газеттердің редакторлары болып Карим Османов, Жұбан Молдағалиев, Ихак Дүйсенбаев, Қасым Шарипов, Құрманбек Сағындықов, Әбі Сәрсенбаев, Дихан әбілев, Ғазиз Әбішев, Үмітбай Балқашев, Әнуар Имағамбетов, Ахмет Елшібеков, Жолдас Аймұратов, Шынықұл Қарамергенов, Павел Кузнецов, Леонид Макеев, Абдолла Мадалиев және т.б. қызмет істеді.
Профессор С.Қозыбаевтың «Фронтовая печать Казахстана» атты еңбегінде «Майдандық газеттерде 50-ден астам әскери тілшілер қызмет етті. Олардың арасында Әбуғали Сәрсенбаев, Төлеутай Ақшолақов, Мұса дінішев, Борис Чекалин, Сабыр закіржанов, Забира айтхожина, Таңсық Маткаримова, Зейнолла Тұрарбеков, Түймебай Әшімбаев, Құланбай Көпішев, Несіпбай Манашев, Мифтах Жантикин, Өтебай Қанахин, Омарғали Құдышев, Николай Зверев, Қалмахан Әбдіқадыров, Федор Боярский, Жекен Жұмақанов, Қалижан Бекхожин, Сәрсен Аманжолов, Сағынғали Сейітов, Рахима Жанбекова, Әбдрашид Бектемісов, Әзілхан Нұршайықов, Асқар Закарин және т.б. болды», - деген деректер кездеседі. Жоғарыда келтірілген мәліметтер қазақ әскери журналистикасының Ұлы Отан соғысы жылдарында қалыптасқанын айғақтайды.
Белгілі ғалым Б.Жақып қазақ әскери публицистикасы және оның бірнеше өкілдерінің журналистік шығармашылығын талдай келіп, «қазақ баспасөзі ортақ мақсатқа қызмет етті», - деп баға береді.
«Шынында да соғыс жылдарындағы қазақ әскери публицистикасы – елдің бүкіл сана-сезім, күш-жігерін ортақ жауды жеңуге жұмылдырды. Бұл кездегі публицистикалық шығармалар авторлары жоғары патетикалық пафосты, шешен тілді, халық даналығын өөз ойларына өзек етіп қолданды. Қазақ әскери публицистикасы ауыз әдебиетінің бай қазынасымен, суарылып, тарихи аңыздардан, айтыстар мен мақал-мәтелдерден, жыраулық поэзия үлгілері мен шешендік сөздерден тамыр тартты. Және сол бай рухани мұра майдандағы және тылдағы деректі фактілермен, ақиқат оқиғалармен, баяндаудың қуатты мәнерімен астасып жатты. Соның нәтижесінде өткір тіл, ойды қысқа және дәл жеткізуге құрылған ғажайып публицистикалық шығармалар туды», - деп деп баға береді Б.Жақып. Ғалым одан әрі қазақ әскери публицистикасының негізін қалауға атсалысқан әрбір жеке публицистің жазған мақалаларына тоқталады. Сондай-ақ «соғыс жылдарында халықтың күшін бір ойға біріктіретін публицистика түрлері мен жанрлары орнықты. Мәселен, үндеу, памфлет, күнделік, хат, очерк, мақала, публицистикалық қуаты бай өлеңдердің тууы соның дәлелі» деп жазады.
Әскери публицистердің бірқатарының шығармашылығына байланысты бүгінге дейін бірқатар ғылыми жұмыстар қорғалды. Алайда бұл тақырып әлі күнге толыққанды қарастырылмай келеді. Бұл туралы З.Бүйенбай «Бүгінгі таңда майдандық газеттердің дені әлі де зерттелмеген және болашақта толыққанды зерттеуді қажет етеді. Майдандық газеттердің ішіндегі ірілерінің бірі «На страже Родины» басылымының қазақ тілінде шыққан бөлімі «Отанды қорғауда» газетінің біз білмейтін сырлары, таңсық қырлары, зерттелуге тиіс тұстары жеткілікті...» деп жазады «Қазақ әдебиеті» газетінде.
Ұлы Отан соғысы кезеңндіе негізі қаланған әскери журналистика бүгінге дейін жалғасып келеді. Әскери басылымдар қазіргі таңда Қорғаныс министрлігінің ішкі және сыртқы қауіпсіздікті сақтау және қорғау шараларына байланысты ақпаратты таратумен айналысса, радиоарналардағы әскери тақырып Ұлы Отан соғысы жылдарынан бері қарай күн тәртібінен түскен емес. Оған дәлел, қазақ радиосының тарихы жайлы мәліметтерде «Отан соғысы кезіндегі радиодан берілген хабарларда қазақстандықтардың майданға көмеіг туралы үнемі айтылып тұрды. Сондай-ақ Алматыдан жасақталған Панфилов дивизиясының ерлігі, Әлия мен мәншүк туралы, Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаев туралы талай радиохабарлар сол кезде де, кейін берілуімен болды.Қазақ радиосы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді басты мақсатына айналдырып, радиохабарлар құрылымынан ешқашан түсірмеген. Соның дәлелі ретінде 2013 жылы М.Махамбетқызы Қарулы күштер өміріндегі маңызды және айтулы оқиғаларды насихаттауға, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, әскери қызметтің қоғамдағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін Қорғаны министрінің грамотасымен марапатталған.
Тағы бір айта кететін жағдай, Қазақ радиосының «Ақсауыт» радиожурналын біздің жерлесіміз, белгілі журналист Қаршыға Есісейітова жүргізген екен. Бұл туралы «Ана тілі» газетінде берілген Н.Мықтыбайдың очеркінен кездестірдік. «Қазақ радиосының әскери-патриоттық тәрбие бағытында берілетін «Ақсауыт» радиожурналы үшін Президент әрі Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінен сұхбат алуға баратын осы бір еңбекқор, қара қызға бәрі де сүйсіне қарайтын. Кілең мықты, «сен тұр, мен атайын» дейтін қаламгер ақын аға-апаларының ортасына кейіннен қосылса да, қаламының қарымын танытқан Қаршыға көп ұзамай Қазақстан Журналистер академиясының «Алтын жұлдызымен» марапатталды»,- деп жазады.
Әскери журналистиканың тарихында қауіп-қатердің жиі кездесетінін және әскери журналистердің өз өмірін бәйгеге тіге отырып, ақпарат таратумен, патриоттық бағытта хабарларда дайындайтынын байқаймыз.
1999 жылдың 28 желтоқсанындағы мәліметтер бойынша 85 журналист түрмеге отырса, көптеген мемлекеттерде өз қызметін дұрыс атқармағаны үшін жауапқа тартылды. 1999 жылы өткен жылмен салыстырғанда өлтірілген журналистердің саны екі есеге артты. Ең басты себеп – көптеген қарулы қақтығыстар. 28 журналист әскери қақтығыстарды: Сьерра-Леонда -10, Югославияда - 6. Колумбияда - 6, Шешенстанда - 3, Шығыс Тиморда - 2, Ливанда -1. 1999 жылдың 6-12 қаңтар аралығында Сьерра-Леонда 9 журналист өлтірілген. Колумбияда 6 журналист қарулы топтың құрбаны болған. Немістің «Stern» журналының тілшілері Габриэль Грюнер мен Волкер Кремер Косоводағы армияның кіруі кезінде түсініксіз жағдайда өлген. Әскери экстремистердің кесірінен Шри-Ланканың 3 журналисі, Үндістанның -1, Түркияның -1 журналисі қаза тапқан. Нигерияның үш тілшісі этникалық қақтығыстардың әсерінен ажал құшса, Конгода 40 журналист жуырда құпия қызметте жүргендері үшін ұсталды. Кубада 46 журналист бір жылдың ішінде түрмеде болса, оның төртеуі отырғызылды. Журналистикада 1994 жылды қаралы жыл атап, «Шекарасыз тілшілер» ретінде 103 қайтыс болған журналистерді атаған.
«Reporters sans frontiers» (RSF) жасаған баяндамасында 1998 жылы 11 қайтыс болған журналист түрлі билік өкілдері арасындағы ұйымдастырылған қылмыс және жемқорлықты зерттеген. Колумбияның 4 журналисті, Ресейдің 2 тілшісі осындай жағдайда қайтыс болған. Бангладеш, Бразилия, Мексика, Тайланд, Филиппин елдерінің тілшілері де осында йқылмысты зерттеу барысында қаза болған. Мемлекеттер арасында ақпарат еркіндігінің бұзылуы Түркияда жиі кездеседі екен. Мұнда 260 журналист полицияға ұсталса, 60 тілшіге шабуыл жасалған. ЕуроОдаққа мүшелікке бәсекелестік кезінде 4 журналистке ауыр зорлық-зомбылық көрсеткен.
Ресейдің ашықтықты қорғау қоры 1999 жылы Ресейде 15 журналист кәсіби қызметтерін атқаур үстінде қайтыс болған. Журналистерді түрмеге тоғыту бұрынғы жылдарға қарағанда азайған. 1999 жылы әлемнің түрлі елдерінің 87 баспасөз өкілдері темір тордың ар жағында отырса, 1998 жылмен салыстырғанда 31 адамға кем. 1999 жылы Қытайда 19 журналист түрмеге отырса, одан кейінгі орында Түркия 18 тілшісін түрмеге отырғызған. Аталған комитеттің соңғы он жылдағы мәліметі бойынша әлем бойынша кәсіби міндеттерін атқару кезінде 458 журналист о дүниеге аттанған. Бұл көрсеткіштің барлығы әскери журналистика, журналисткадағы әлемдегі қақтығыстар оңай еместігін көрсетеді.
Ресейлік ғалымдар әскери журналистика өкілдеріне мынадай кеңес береді. «Ыстық нүктеге» тап болған журналист мына сауалдардың барлығына жауап беруі тиіс: ақпараттық вакуум дегеніміз не және оның қалай жасауға болады? «Ыстық нүктеде» автокөлікті қалай тексеру қажеттігін білесіз бе? Бомба-хат, бандероль-бомбалардың белгілері қандай? Өзі қаныңыздың резус-факторын және туыстарыңыз бен жақындарыңыздың қан тобын білесіз ба? Жақын маңдағы сізге құқықтық және медициналық көмек көрсететін жерді білесіз ба? Сізге қарсы жасауға дайындалып жатқан террористік әрекеттің белгілерін білесіз ба? Сөзбен сурет сала аласыз ба және оны қалай пайдалануға болады? Сіздің кеңсеңізде бомба жасырынғанын хабарлаған телефон қоңырауын естігенде не істейсіз? Сіздің алып қашып бара жатқанда не істеуіңіз керек? Қолға түсіп қалған жағдайда өзіңізді қалай ұстауыңыз керек? Көлікпен маршруттық қозғалысты таңдауды білесіз ба? Сыртқы бақылауыңызды қалай байқатасыз? Ақпарат алушымен қандай кездесулер өткізу керек екенін білесіз ба?
Әскери журналистика кез келген тілшінің қолынан келе бермейтін қиын сала екенін жоғарыдағы мәліметтер көрсетеді. Қазақ әскери журналистикасы басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары тұр. Өйткені біздің әскери тілшілеріміз сұрапыл соғыс даласында емес, бейбіт өмірдің күзетшісі ретінде қызмет етіп жүр. Олардың басты міндеті мен қызметі жастардың бойына патриоттық сезім ұялату, олардың Отан алдындағы парызы мен қарызын ұғындыру, қазақ әскерінің әлеуетін көтеруге бағытталған. Сондықтан да қазақ әскери журналистикасы әскери шенділердің өзекті мәселелері мен жауынгерлердің ел қорғауға дайын болу шараларына аса көңіл бөліп отырады.
Патриоттық тәрбиенің ауқымы өте кең. «Жас Алаш», «Айқын» басылымдары бұл мәселені жазуға жан-жақты дайындықпен келеді. «Жас Алаштың» «Рух және ұлт», «Ұлт және құқық», патриоттық тәрбиеге арналған «Алдаспан» арнаулы беттері осы тақырыпты әр түрлі қырынан ашып жазуда. Патриотық тәрбие беті бүгінгі таңда шықпай қалғанымен, ұлттық мәселелерге қатысты сыни мақалалар жиі жазылып жүр. «Алаш айнасы» газетінде аталмыш мәселе жан-жақты талданып отырады. Мәселен, «Халық қаһарманы» Бақытжан Ертаевпен болған сұхбат ауған соғысына қатысты бірталай шындықтың басын ашқан. «... дәл осы ауған соғысында ұлты өзге жауынгерлерді әскери басшылардың ілгері жылжытудың орнына кейін «лақтырып», екінші, тіпті үшінші орынға «сырғытқан» кездері болғанын жасыруға болмайды. Өкінішке орай, сондай әділетсіздіктердің салдарынан талай қазақ жауынгерінің ерлік ісі айтылмай қалды». Көптеген жанның жүрегіне жара салған ауған соғысының жауынгерлеріне, зейнетке шыққан әскерилерге біз қаншалықты құрмет көрсетіп, оларды ңерлік істерін қаншалықты насихаттап жүрміз? Б.Ертаевпен болған ашық әңгіме барысында біраз жайдың анық-қанығына көз жеткізуге болады.
Баспасөз беттерінде жастарға патриоттық тәрбие берудің ең өзектісі – әскер қатарына дайындық. Отан алдындағы бойыршты өтеу мәселесі.
Әскери-патриоттық хабарлар тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары ҚР Қорғаныс министрлігінің ықпалымен дүниеге келді. Қазіргі таңда әр жексенбі сайын үзбей шығып келе жатқан «Ақсауыт» бағдарламасының жетекшісі Ш.Ықсанғалиева, продюсері С.Мықтыбаева, өндіруші компания «ASK Media» ЖШС, жүргізушілері Ернұр Нұрғалиев пен Мақпал Аманбай. Хабардың ұзақтығы – 30 минут. Бағдарламаның арнайы сайтында тележобаның мақсаты – Қазақстан армиясының күнделікті тыныс-тіршілігімен, атқарған іс, жеткен жетістіктерімен таныстырып қана қоймай, жастар арасындағы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, олардың патриоттық сана-сезімін оянуына ықпал етеді деп көрсеткен. Хабарға байланысты мәліметтердің бары осы.
«Ақсауыттың» мұрағатта сақталған 2014-2016 жылдардағы хабарларына шолу жасағанымызда, қазақ әскерінің бүгінгі тынымсыз тіршілігінің куәсі боламыз. Сөзімізді дәлелді болу үшін айта кетейік, 2014 жылдың 12 желтоқсанындағы шығарылымда Қазақстанның бітімгерлік батальоны, 2014 жылдың 9 шілдесінде ұрыс даласында әскери техниканы жөндеуге маманданған әскери бөлімнің қызметі жан-жақты таныстырылса, 2014 жылдың 1 сәуіріндегі шығарылымда әскер қатарындағы жауынгердің мұсылманның бес парызын өтеуіне байланысты әскери қызметкерлдердің дөңгелек үстелі мен мәселеге қатысты пікірлер сарапқа салынған. «Ақсауыт» телехабарының мазмұны әр хабарда тек бір ғана тақырыпты талқылай отырып, оның қыр-сырын барынша зерттеп, жан-жақты таныстыруды мақсат етеді. Мәселен, әскери техниканың дайындайтын зауыт туралы түсірілген хабарда тек сол зауыттың мүмкіндіктері мен тыныс-тіршілігі, дайындалған танктердің соғыс жағдайындағы, шабуыл кезіндегі күші жайлы мәліметтер береді. Арнайы мамандардан сұхбат алады.
«Хабар» агенттігі ұсынатын «Айбын» бағдарламасының өзіндік ерекшеліктері бар. Оның агенттіктің арнайы сайтында берілген мәліметтермен сабақтасақ, әскери-патриоттық бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстан Қарулы күштерінің, мемлекеттік шекарашылары мен ішкі әскерлерінің әлеуетін паш ету.
«Айбын» бағдарламасы 2004 жылдың маусым айынан бастап «Хабар» телеарнасында көрсетіліп келеді. «Бостандық пен Тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет» – бұл «Айбын» бағдарламасының негізгі ұстанымы мен идеясы. Мазмұны жағынан жыл сайын тың өзгерістермен көрермендерін қуантып келе жатқан жоба 2016 жылы да жаңа леппен ұсынылуда, жаңа айдарлармен толықты. Бұл жолы көрерменмен тығыз байланысқа толы болмақ. Негізгі айдар әдеттегідей ҚР Қарулы күштерінің, мемлекеттік шекарашылары мен ішкі әскердің әлеуетін паш етеді.
«Сарбаз сәлемінде» ата-аналар әскердегі ұлының сәлемін естуге мүмкіндік алса, «Хат қоржынында» өздері жолдаған хат арқылы Отан алдындағы әскери борышын атқарып жүрген азаматының туған күніне, мереке күндеріне арналған арнайы құттықтауларын жеткізе алады. Әр көрерменнің хат жолдауға мүмкіндігі бар.
«Сұрақ-жауап» айдарында әр азамат өзінің құқығына қатысты шешімін таппай жүрген кез келген сұраққа жауап алады. Сауалдардың барлығына мамандар бағдарламамыз арқылы жауап беретін болады.
«Жаужүрек» халық арасында өз өміріне қауіп төне тұра өзгені қиын жағдайдан арашалап қалған бүгінгінің батырларына арналады. Аталған айдар бойынша да көрермен куә болған жағдайы туралы, өзі танитын жаужүрек жан жайлы редакция нөміріне хабарласа алады», - делінген. Хабардың редакторы Амангүл Ермекқызы, сценарий авторы Мырзабек Нағашыбекұлы, жүргізушісі О.Ыбыраев, продюсері Асқар Ерболатұлы.
Екі арнаның әскери-патриоттық хабарларының құрылымында өзгешеліктер аңғарылады. «Ақсауыт» әскери қызметке көбірек көңіл бөлсе, «Айбын» бірнеше бөлімдері мен айдарлары арқылы көрермендердің қызығушылығы мен сұранысын қанағаттандыру мақсатына барынша мән берген. Бұл орайда «Айбын» хабарының өтімді екендігін жасыра алмаймыз. Дегенмен кез келген телеөнім шығармашылық топтың ортақ жемісі. Сондықтан да «Ақсауыт» хабарының да аудиторияға қызықты мәліметтерді берудегі өзіндік қолтаңбасы айқын екенін айтуымыз керек. Мәселен, «Ақсауыт» тележобасының түсірілім тобы кезекті әскери-патриоттық бағдарламаны шығаруға келді. Түсірілім тобы құтқарушылардың Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің жатақханаларында өткізген оқу-жаттығу жұмыстарынан өздерінің түсірілімін бастады. Арнайы түсірілім тобы осы жаттығуы шақырылған болатын. Түсірілім кезіндегі оқу-жаттығуға Қарағанды облысының ТЖ департаментінің өрт сөндіру қызметі, жедел құтқару жасағы, суда құтқару қызметі, апаттық медициналық құтқару орталығының барлық құтқарушылары мен мамандар қатысты. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өздерінің өрт кезіндегі адамдарды құтқару және эвакуациялау жұмыстарының шұғылдығын көрсетті. Түсірілім тобы құтқарушылардың оқу жаттығу жұмыстары кезіндегі іс-әрекеттеріне тәнті болды.
6-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Әскери журналистиканың кәсіби мәселелері
6.1.Арнайы бағдарламалар.
6.2Әскери журналистика, әскери публицистиканың өзекті мәселелері
Сабақтың мақсаты: Әскери журналистиканың қалыптасу тарихы мен дамуынан хабардар етіп, бүгінгі көрінісін сараптау. Патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы БАҚ рөлін, қызметін көрсету.
Сабақ барысында талқыланатын сұрақтар:
1.Әскери журналистиканың бастуы
2. Патриоттық тақырыптың талдануы
3.Майдандық басылымдар туралы не білесіз?
4. Әскери тақырыптағы бағдарламалардың құрылымы мен ерекшеліктері
6-БАОӨЖ
Семей полигонындағы тұңғыш атом жарылысы(журналистік зерттеу)
7-ЛЕКЦИЯ
Салалық журналистикадағы этика мәселесі
7.1.Сөз бостандығы мен ой еркіндігі. Жауапкершілік және этикет.
7.2.Кәсіби журналистің құқықтары мен міндеттері. Ақпарат алуға шектеу және рұқсат.
7.3.Журналистің кәсіби деңгейі.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
Б.Жақып. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. А.,Білім. 2004.
Г.С.Мельник. Общение в журналистике секреты мастерства. М., Питер,2005.
Практическая журналистика в Казахстане. А., 2006.
Е.В.Черникова. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2005.
Әлемде көптеген дамыған елдер өздерінің даму барысын сөз бостандығымен байланыстырады. Өйткені, біз орнатпақшы болып жүрген демократия сөз бостандығына ерік берген елдерде ғана болады. Халықаралық «Freedom House» ұйымы әлемнің 195 елінде сөз бостандығы, баспасөз еркіндігі мәселесіне зерттеу жасап, халықаралық басылымдарда жария еткен болатын. Аталмыш ұйымның зерттеуінің қорытындысы бойынша, Қазақстан Тәжікстанмен бірге баспасөз еркіндігі нашар елдердің қатарында 166-шы орынды иеленіпті. Ұйымның айтуынша, сөз бостандығы жоқ елдер еш уақытта дамымайды екен. Кез келген елдің дамуы қалың көпшіліктің қалауымен болатынын айтады. Ал, қалың бұқараның қалауын, талап-тілегін мемлекет ұдайы назарға алып отыруы үшін сөз бостандығы елге ауадай қажет. Алайда, Қазақстандағы сөз бостандығы шектеулі жағдайда деген тәуелсіз журналистер мен халықаралық ұйымдардың пікірімен ресми үкімет өкілдерінде келіспейтіндер көптеп табылып жатыр.
Журналист ой-пікірді қағазға түсіргенде, оның өзгелерге, яғни, жұртшылыққа түсінікті болуын алдын-ала ойластыруы қажет. Екіұшты ұғым беретін жайлар болмауы керек. Айтқалы отырған идеяңмен оқырман келісе ме, жоқ па, соған көз жіберген жөн. Қоғамда әртүрлі көзқарастар, ой қайшылықтары кездесуі мүмкін. Соның бәрінде ең ортақ ой-пікірлер арқылы жол таба білу керек. Жазған нәрсеңді ғалымдар оқыса да, инженер мен дәрігер оқыса да жатсынбайтын болуы жөн. Бәрінің де ойынан шығып, бәрінің де көкейіндегісін қозғайтындай мақала болса, журналистің табысқа жеткені. Сондықтан да журналист барлық саладан хабары бар, эрудициясы жоғары маман болуға тиіс. Ол әркез өмірде бейнелегенде ылғи жоғарыда айтылғандай объективті әрі шыншыл болғаны ғанибет. Мүндай жағдай оған абырой мен бедел әкелмек.
Журналистика мен журналистің құқығы жөнінде әртүрлі мемлекеттік заңдарда айтылып жатады. Журналист - өз саласындағы толық құқы бар кәсіби маман. Оның құқына ешкім қол сұғуға хақысы жоқ. Ол журналистикада білім алып, соған орай қызмет ететін тұлға. Журналист өз елінің басқа да азаматтары немесе мамандары секілді, мемлекеттік тәртіп бойынша, заң шарттарына сәйкес өмір сүрмек. Ол өзінің кәсіптік жұмысы, творчестволық еңбегі арқасында қызмет жасап, іс-әрекет етеді. Ол еркін еңбек етуге, демалуға, қоғамдық өмірге қатысуға құқылы. Журналистің заңға, адамгершілікке қайшы келмейтін жұмыс жасауына ешқандай кедергі болмауы тиіс. Ол өзінің арына сеніп және өзі жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының жарғысына, бағдарламасына сай еңбек етеді. Сондай-ақ журналистік мамандық - басқа да кейбір мамандықтар секілді қадірлі мамандықтардың бірі екеніне сөз жоқ. Журналистпен заң орындары, үкімет және басқа ұйымдар тығыз байланысты жұмыс істеп, есептесіп отырады. Бұл журналистиканың қоғам, мемлекет алдындағы үлкен рөліне, қажеттігіне өте байланысты. Журналист өзі еңбек ететін редакцияның мүшесі болады, ұжыммен жұмыс істейді. Ол үнемі білімін көтеріп отырады. Журналист өз жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен елдің қамы үшін жұмыс істейтіндіктен, оны заң орындары да, үкімет те қорғауға, қолдауға міндетті. Журналистің еңбегі халықтың көз алдында болады. Ол не айтса да, жазса да халыққа жариялы түрде белгілі болып отырады. Журналист өз правосын пайдаланып, басқалар бара алмайтын жерлерге, мекемелерге барып, жолығып, сөйлесіп, деректер алуға ерікті.
Келесі бір айтатын нәрсе журналистік этика туралы. Этика адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбексүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік принципіне бағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалардың заңда жасалмаған тұстарын журналист өзі ақылымен, сана-сезімімен ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды. Журналистің де өз борышы болады, соны адал атқару борыш.
Әрбір маманның правосы болумен бірге, міндеттері болатынын ұмытпау лазым. Этика әсіресе, адамдық арға қатысты болып келеді. Ар болған жерде, ұят та ұмытылмайды. Ал этикалық нормаларды бұзу адамға абырой әпермейді. Сондықтан журналистке де басқалар секілді этикалық нормаларды сақтау негізгі міндет. Журналистің көптеген праволарымен бірге, кей жағдайда оған да араласуға болмайтын мәселелер кездесуі. мүмкін. Ондайда кеуде қағып, өзімшілдікке салынбау керек. Ал журналист қателік жасап немесе кемшілік жіберсе, кешірім сұрауы тиіс. Ол қалың жұртшылықпен жұмыс істейтіндіктен, оларды өзі де сыйлай білуі керек. Мінезі шыдамды, төзімді болуы қажет. Журналист парасатты жан болғаны жөн. Өз жұмысында қателік жібермеуге тырысатын маман болса жақсы. Әсіресе, материал жинағанда және жазғанда кемшілік жібермеуі керек. Осыдан келіп, журналистің жауапкершілігі пайда болады. Ол арға тимеуі керек. Сол секілді өзі де журналист деген атқа кір келтірмей жүруі тиіс. Ол халықты құрметтеп, езі де жұрттың алғысын алуы жөн. Журналист творчестволық тұлға ретінде басқалардан ерекше қасиеті бар жан. Ол өзгелерге өнеге болуы тиіс. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін терең сезініп, жауапкершілігін, борышын адал атқаруы міндет.
Этика термині ежелгі гректің ethos (этос) деген сөзден пайда болған. Алғашқыда бұл сөз мекен ету орта, үй, жануарлар апаны, құс ұяшығы деген мағынаны білдіреді. Кейіннен бұл сөз әдет-ғұрып, салт-сананы, мінез-құлықты білдіретін сөзге айналды. Бұл «этос» сөзінен ұлы Аристотель «этикалық» деген түбірге қосымша енгізіп, адамзаттың ерекше қасиеттерін анықтайды. Білім алудың ерекше түрі ретінде Аристотель ғылымға «этика» саласын енгізді. Этикалық қасиетті кейде рухани қасиетке жатқызады. Адамдарда рухани және этикалық қасиеттерде айырмашылықтар бар.
Аристотельдің этикасына Цицерон moralis (моральдық) деп анықтама береді. Оның айтуынша, бұл сөз латыннан аударғанда мінез-құлық, сән, салт-дәстүр деген мағынаны білдіреді. Яғни Цицеронның моральдық философиясы Аристотельдің этикасымен дәлме-дәл сәйкес келеді. Сонымен IV ғ. б.з.д. латын тілінде болған «moralitаs» «мораль» термині гректің «этика» сөзімен бірдей мағынада қолданылады екен.
Кейбір зерттеуші ғалымдар этика және мораль терминдерінің тарихын неміс тілінің «Sittlichkeit» терминімен (Sittе» «мінез», «slichkeit» «өнегелі») қарастырады. «Этика», «мораль», «адамгершілік» – бастапқы мәнде әртүрлі сөздер болғанымен, бір терминдік ұғымдар. Уақыт өте келе бәрі өзгерді, мәдениет дамыды. Этика – білім, ғылым саласының басты тармағы, мораль – сол салаларды оқытатын пән болып табылады.
Мораль мен адамгершілік ұғымдары уақыт өте келе көп өзгерістерге ұшырады. Мәселен, Гегель моральды адамгершілік іс-әрекет тұрғысында қарастырады. Ал, Аристотель моральды адам жанының маңызды рөлі ретінде анықтайды .
Ежелгі грек философы Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкім де өз еркімен зұлым болмайды. Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек.
Ал, Сократтың шәкірті, ежелгі грек философы, Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсініп білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек.
Ежелгі грек философы, энциклопедист-ғалым Аристотель адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» – нағыз кемелденген философ. Аристотель: «Рақымшылдыққа ең алдымен дұрыс бағытталған ақыл қызмет етеді» . Демек, адам баласының сезімі дұрыс бағытталса, онда ақыл-ойы да соған орай іс-әрекетке барады.
Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастарын білдіретін зерттеулері де баршылық. Олар: «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жолында», «Никомаха этикасы» деп аталатын ғылыми еңбектері. Әл-Фараби өз зерттеулерінде этика, мораль мәселелеріне ерекше назар аударып отырған. Этиканың зерттеу объектісі – мораль, мінез-құлық, әдептілік нормалары екенін жан-жақты дәлелдеген. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, этиканың ең жоғары категориясы бақыт болып табылады. Сондай-ақ ол адам бойындағы ақыл-парасатты этикалық-адамгершілік қасиеттерден бөліп қарауға болмайды дегендей пікір айтады. Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады.
Журналистік қауымдастықтың этикалық кодексі:
1. Шындықты айту;
2. Ешкімге тәуелді болмау
3. Сіздің жазбаңыз ешкімге ешқандай зиян әкелмеуі қажет
4. Әдейі ойластырылған өтіріктен аулақ болыңыз.
Журналистің міндеті:
1. Журналист өз газеті мен оқырманына ғана қызмет етуі керек.
Бірде-бір саяси партияның, қоғамдық ұйымдардың, ақпараттың қайнар көзінің, коммерциялық және басқа да топтардың мүддесіне орай қызмет етпеуі тиіс;
2. Журналистің жазғандары мемлекеттік және ұлттық мүддеге қайшы болмағаны абзал:
3. Кез-келген мақаланы жазуда тек шындықты іздеу көзделуі тиіс:
4. Ешкімнің жетегінде кетпеу; біреулердің сізді басқаруына жол бермеу;
5. жазған мақалаңыз үшін пара алмау;
6. жарнама берушінің ықпалына жығылмау.
7. Сіздің жазған мақалаңызға сырттан біреудің нұсқау беруіне жол бермеу.
8. Біреудің әсіресе саясаткердің айтқанын сөзбе-сөз қайталауға тырысыңыз,
9. Журналистік қызметіңізді асыра пайдалануға жол бермеңіз.
10. Сіздің газетке жарияланғалы жатқан мақалаңызды жібермеуді өтінген адамның ешқандай ұсынысын (достығын, қызметін) қабыл алмаңыз.
11. Ақпаратты алудың жөні сол екен деп, зіңіздің журналист екеніңізді жасырмаңыз. Яғни, ақпаратқа алдау арқылы қол жеткізбеңіз.
12. Ақпараттың қайнар көзін жасырмауға тырысыңыз.
13. Егер, қателікке бой алдырсаңыз, оны түзетуден және мойындаудан қашпаңыз.
14. Обьективті болуға тырысу
Қазіргі қазақ журналистикасындағы тенденциялар:
1. лид ережесін сақтамау
2. атам заманнан орағыту,
3. нақтылықтың болмауы
4. Алғашқы екі үш абзацта керексіз ой толғамдар
5. оқиғаға баға берушілік
6. тұжырым жасау
7. бір жақты пікірлер
8. эмоцияға берілу
9. жеке пікірін таңу
10. ой айту
11. ақпараттық негіздің болмауы
12. фокустан ауытқу
Қазіргі журналистиканың талаптары:
1. Лидке мән беру
2. Эмоциядан аулақ болу
3. ақпараттық негізге сүйену
4. бағаламау
5. тұжырым жасамау
6. жан жақты пікірлерге сүйену
7. пікірлердің дәлелі мен дәйегін іздеу
8. дәлелсіз сөйлемеу
9. фокустан ауытқымау
10. бейтарап пікір ұстану
Материалға қажетті үш мәселе:
1. Болған оқиғаны баяндау
2. Оқиғаға қатысушылардың пікірін білу
3. Дәлелдер мен дәйектерді сараптау, оның нақтылығына көзжеткізу
Заң не дейді?
Қазақстан Республикасының қазіргі күші бар заңдары қандай жағдайларда ақпаратты алу мен таратудың құқықтық нормаларын заңды түрде бекітіп берген?
Ол - бірінші кезекте, ҚР Конститутциясы. Оның 20 бабы әрбір азаматқа заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және оны таратуға құқық беріп отыр, тек мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерден басқаларын.
Ал Конститутцияның 18 бабының 3 тармағында: мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қарасты құжаттармен,шешімдеріменжәне ақпарат көздеріментанысу мүмкіндігін қамтамассыз етуге міндетті деп кӛрсетілген.
Конституцияның осы баптарын ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның 2-ші, 18 және 20-баптары да қайталайды. Оның үстіне ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңында ақпараттың берілетін процедурасы нақты көрсетілген және журналистің ақпарат алуға қосымша құқықтар бекітіліп және сонымен бірге ақпарат бермеген жағдайда қалай арыздануға болатын жолдары жазылған.
. әрбір азамат ақпарат алуға және таратуға құқылы.
. мемлекеттік органдар қоғамдық өзгеде ұйымдар олардың меншіктік нысанына қарамастан және кезкелген лауазым иелері ақпарат беруге міндетті.
. журналист ҚР заңдары тиым салатын жағдайлардан басқа кезде, жазбалар жүргізе алады, соның ішінде дыбыс бейне техникасын қолданып, кино, фотоға түсіруге де құқылы.
. журналист ҚР заңдары тиым салатын жағдайлардан басқа кезде, жазбалар жүргізе алады, соның ішінде дыбыс бейне техникасын қолданып, кино, фотоға түсіруге де құқылы.
Алайда, барлық ақпарат кез келген адам үшін ашық боп келе бермейді. Олар ашық және шектеулі болып бөлінеді.
Саясаткердің сөзін әдейі бұрмалау
Қазір Қазақстан қоғамында сенсация іздеудің жәні осы деп саясаткердің сөзін әдейі бұрмалау, негізсіз дәйексіз жала жабу белең алып барады. Жақында «abai.kz» сайтында «Оралмандарды ұрғаным бар» деген мақала жарық кӛрді. Онда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының тәралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтің сөзі әдейі бұрмаланған. Егерде Мамашев аталған басылымды сотқа берсе, олар сөзсіз жеңілер еді. Алайда, ол көпшілік алдында кешірім сұрау жағдайына дейін барды. Сол секілді дәйексіз, дәлелсіз жала жабудың да етек алып бара жатқанын ұмытпаған абзал.
Ақпараттық негіз және лид ережесі
Кез келген мақаланың ақпараттық негізі және лиді болуы тиіс. Мәселен сіз Президент жолдауы туралы мақала жазуыңыз керек болды. Бірақ Президенттің халыққа жолдауынан алты ай уақыт өтіп кетті. Оның ақпараттық негізі не болады? Әрине, сіз мақала жазып отырған уақытта Президент жолдауын негізге алған қандайда бір оқиға болуы тиіс. Мәселен, жалақының өсуі, жолдардың жӛнделуі, Тәуелсіздіктің 20 жылдығының тойлануы деген секілді. Ал, лид ережесі бойынша мақалаңыз дәстүрлі кім? не? қашан? қайда? және неге? деген сауалдарға жауап беруі тиіс.
Ұлтаралық араздықтарды тудыру және этика
Конституцияның 20-бабы, Қылмыстық кодекстің 164-бабы және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның 2-бабы әлеуметтік, ұлттық, рулық, тектік-топтық және нәсілдік астамшылықты насихаттау мен үгіттеуге тыйым салады және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға да осы тыйым салуды қолданады.
Осындай насихат пен үгіт делініп түрлі ұлттық, нәсілдік, рулық немесе діни көқарасқа қатыстылығы белгілері бойынша азаматтар арасында дау-жанжал тудыруға ұмтылу түсіндіріледі.
Азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін, діни сезімін қорлау ұғымы тараудың басында берілген әдепсіз түрде жүзеге асырылады. Осы әрекеттің- ұлттық аруақтылықты, өмір салтын, нәсілдің, ұлттық, ұлыстың тарихын кемсітіп көрсету.
Тектік-топтық, діни, ұлттық, рулық немесе нәсілдік қатыстылығы белгілері бойынша азаматтардың астамшылығын насихаттау деп азаматтардың басқа дінге көзқарасына, сондай-ақ тектік-топтық, діни, ұлттың рулық немесе нәсілдік қатыстылығы белгілері бойынша бағалауды түсіну керек. Теледидарды, радио, газеттерді, журналдарды пайдалана отырып, осындай насихаттауды жүргізгені үшін журналист қылмыстық жауапкершілікке жатқызылады.
Көп ұлтты және түрлі діни өкілдері бар елдерде осы бапты қолдану ықтималдылығы үнемі бар.
Мұнымен қатар, журналист жеке басының тәрбие деңгейін, мәдениеттілігін, әдептілігін қоғам алдындағы парызын қалай түсінетіндігін аңғартатын этикалық мәселелер бар. Этикалық талаптар, нормалар жазылмаған заң деп те аталып жүреді, олардың орындалуы не орындалмауының маңызы өте зор. Осы жағдайдың барлығы ескеріліп, 1991 жылдың 24 сәуірінде Кеңестер Одағы ыдырымай тұрған уақытта КСРО-ның конфедерациялық негіздегі журналистер Одағының І съезі «Журналистің кәсіптік этикасының Кодексін» қабылдады. Бұл Кодекстің негізгі мақсаты – демократия мен жариялылық жағдайында сөз бостандығын теріс пайдалануға жол бермей, журналистиканың мәдениеттілігі мен әдептілік дәрежесін сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Құжат үш бөлімнен, он үш баптан тұрады. Кодекстің «Журналистің кәсіптік этикасының принциптері» деп аталатын бірінші бөлімінде журналистің кәсіптік этикасының негізгі міндеттерін былайша көрсеткен:
1. Журналистің әлеуметтік жауапкершілігі.
2. Шыншылдығы мен объективтілігі.
3. Ар-ұяттылығы.
4. Адалдылығы.
5. Жеке адамның ар-намысы мен мәртебесін құрметтеу.
6. Жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптеу.
7. Журналистердің кәсіптік ынтымақтастығы.
Біз осы жеті міндетті жеке-жеке алып қарастырғанды жөн көрдік. 1. Журналистің әлеуметтік жауапкершілігі. Қазіргі кездегі журналист ең алдымен қоғам, оқырман, көрермен, тыңдарман алдында жауапты, жұртшылыққа қызмет етіп, ақпаратпен қамтамасыз етеді. «Азаматтардың ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету – журналистің ең бірінші парызы». Журналист бүкіл қоғам үшін қызмет жасайды, яғни адамдардың жаңалыққа деген сұранысын қанағаттандырады. БАҚ-ның аудиториясы өте кең, олардың тарататын хабарларының жетпейтін жері жоқ. Сондықтан да журналист өзінің қызметін ойдағыдай атқаруға тиіс. Бұл үшін ол өзінің мамандығын терең меңгеріп, шеберлікпен жұмыс жасау керек. Журналист әлеумет мүддесін көздейді, халықтың мүддесіне жат, Конституцияға, демократияға қайшы келетін нәрселер журналист үшін де жат болу керек. Журналист моральдық, этикалық жанынан таза болуға тиіс, сонда ол өз жұмысын жақсы атқарады. Жоғарыда айтылғандай, журналист міндеті – мемлекеттік, қоғамдық маңызы зор оқиғалар жөнінде дер кезінде ақпарат беру. Ол қоғам алдында ұсынып отырған хабары үшін жауапты болады, демек оның баспасөз, телевизия немесе радио арқылы тартқан жаңалығы шындыққа сай болуға тиіс. Сонымен қатар, «БАҚ туралы» Заңда және Кодексте көрсетілгендей, баспасөз, теледидар, радио арқылы қоғам мүддесіне сай келмейтін, жеке азаматтардың Конституцияда кепілдік берілген құқықтарын бұзатын ақпаратты жариялауға жол берілмейді.
2. Кәсіптік этиканың екінші міндеті – шыншылдық және объективтілік. Журналист еңбегіне қойылатын негізгі, маңызды талаптардың бірі – ақпараттың шыншыл, әділ болуы. Қызметкері өзі жария еткен хабар-ошары арқылы өмірдің көрінісін жасайды, бұл көрініс шындыққа сай болу үшін, журналист болған оқиға, фактіні сол күйінде, өңін айналдырмай, өзгертпей, еш нәрсе қоспай оқырман, көрермен, тыңдарманға жеткізуге тиіс. Сонда ғана адамдар орын алған өзгерістер, құбылыстар туралы нақты түсінік ала алады. Әрине, фактілер, жағымды да, жағымсыз да болады, сол себептен шыншыл, әділ болу оңайға түспейді. Бірақ, журналист мамандығы осыны талап етеді, демек журналист фактіні іріктеу, бағалау, өңдеу, тарату кезінде объективтілік принципін басшылыққа алуға тиіс. БАҚ-та міндетті түрде пікір алалығына жол берілу керек.
«Тура биде туған жоқ» дегендей, журналист болған жайға, фактіге әділ көзбен, шыншылдықпен, ешқандай бөтен ықпалсыз қарап, салқынқандылықпен таразылау керек. Журналист бүкіл қоғам үшін қызмет етеді, соған жауап береді, сондықтан ол белгілі бір топтың, таптың мүддесін емес, бүкіл қоғамның мүддесін көздеуге тиіс. Журналистің қоғамдық маңызы бар ақпаратты жасыруға, фактіні біреудің пайдасына бұрмалауға құқығы жоқ. Демократиялық жолға түскен мемлекетте фактіге, жаңалыққа деген көзқарас өзгеше болады. Сөйтіп, журналист шыншылдық пен объективтілік міндетін басшылыққа алу керек.
3. Журналистік этиканың тағы бір маңызды міндеті – ар-ұяттылық. Осы міндетке сәйкес журналист арлы, ұятты болуға тиіс. Материалды жарияламас бұрын ол фактіні мұқият тексеріп, хабарларды өте дәл етіп, ыждахатпенен даярлау керек. Құжаттардан және басқа да ақпарат көздерінен алынған хабар, жаңалықты журналист қаз-қалпында жеткізуге міндетті. Америка журналистеріне берген кеңестерінде Лоуренс К. Бопре, «Уэстчестер Роклэнд ньюспейперз» газеттер тобының вице-президенті әрі атқарушы редакторы, былай деп жазады: «Кез-келген ақпаратқа сенімсіздікпен, күдікпен қараңыз. Оны екі рет тексеріп алыңыз. Америка газеттерінің редакцияларында мынадай мәтел бар: «Ақпаратты туған анаңыз хабарласа да, тексеріп алыңыз…».
Шындығында, журналист, алдымен, фактіні тәптіштеп тексеріп алуы керек. Өйткені, фактілерді бұрмалау, ешбір дәлелі жоқ пікірлерді жария ету, ойдан шығару, өтірік ақпаратты тарату сияқты нәрселерден аулақ жүріп, арына кір келтірмей, ұятқа қалмау керек. Кемшілік, қате жіберіп қалған жағдайда журналист міндетті түрде газет, журнал, телевизия не радио арқылы кешірім сұрап, кемшілікті мойындап, теріске шығаратын материалды жариялауға тиіс.
4. Журналист әдептілігінің бір міндеті – адалдық. Осы міндетті шын мәнінде орындайтын журналист ешқашан да өзінің қызметі беретін мүмкіндіктерді жеке басының немесе туған-туыстарының мүддесі үшін пайдаланбайды. Қандай жағдай болмасын, БАҚ-ты лайықсыз мақсаттарға жету үшін, өзіне ұнамаған азаматтарды қудалау, олардан кек алу үшін пайдалануға жол берілмеуге тиіс. Сонымен қатар, журналист оқырман, көрермен, тыңдарман, кейіпкер алдында адалдықты сақтауға тырысу керек.
Кей кездерде журналист сұхбат жүргізген уақытта кейіпкерге уәде беріп, одан оның жеке басының құпиясы болып табылатын ақпаратты алады, ал кейін бұл уәдені орындамай, хабарды жария етеді де, кейіпкерді қатты ренжітіп алады. Кейде кейіпкердің өзі берген сұхбаттын танымай қалатын жағдайлар да болады. Журналистиканың беделін түсіретін нәрселердің бірі – плагиаттық. Адалдық міндетіне қайшы келетін әрекеттердің бірі – оқырман, көрермен, тыңдарман атынан материал, хат жариялап, кейіпкердің айтқан сөзінен бір үзіндіні ғана бөліп алып жариялап, оның айтқан ой-пікірінің өңін айналдырып, бұрмалау. Осының бәрі БАҚ беделін түсіріп, журналистерге деген сенімсіздік, сыйламаушылық туғызады.
5. Жеке адамның ар-намысы мен мәртебесін қадірлеу – журналист парызы. Журналист өз қызметін атқару барысында адамдардың құқықтарын қорғап, адамның жеке басын құрметтеуге тиіс. Адамдардың жеке құқықтарына Конституцияда кепілдік берілген: «Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен ажырамас құқығын ең қымбат қазына дап таниды және өз қызметін азамат пен қоғам мүдделері үшін жүзеге асырады» немесе: «Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды».
Кез келген журналист қоғам үшін қызмет етіп, оның жеке азаматтарын сыйлауға міндетті, өз қызметінің объектісі болған адамдардың ар-ожданы мен адамдық мәртебесін қадірлеуге, олардың жеке өміріне араласпауға тиіс. Миллиондаған аудиториясы бар, ықпалы өте зор баспасөз, телевизия мен радио арқылы жеке адамдарға тіл тигізіп, жала жабудың келтірер зияны өлшеусіз. Даулы мәселелер туралы жазғанда журналист өте сақ, әдепті болуға тиіс, кінәсі анықталған азаматтар жөнінде ақпарат жариялаған кезде де сөздерді таңдап, неғұрлым сыпайы болғаны дұрыс. Баспасөз зерттеушісі В.М. Теплюк бұл туралы былай жазады: «Журналист ең алдымен, өзінің материалдарымен соттың шешімін ауыстырмауға, одан озып кетпеуге, кінәсы анықталмаған адамға кір жұқтырмауға тырысу керек».
6. Жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу. Осы міндетті басшылыққа алған журналист адамгершілік, бейбітшілік, демократия, әлеуметтік даму, адам құқықтарын бірінші орынға қояды, соны дәріптейді. Журналист мамандығының мақсат-мұраты туралы В.М. Теплюк мынадай пікір білдіреді: «Журналист үшін ең маңыздысы – азаматтылық, адамдардың өмірін жақсартуға тырысу». БАҚ арқылы журналист ядролық соғысты, ұлттар арасындағы араздықты болдырмауға, адамзат үшін маңызы зор экологиялық мәселелердің шешімін іздестіруге, дамудың төменгі сатысында қалған елдерде етек алған кедейлік пен түрлі ауруларға қарсы күресуге, тарих және мәдени ескерткіштерін талан-таражға салмай, қорғауға атсалысуға тиіс. 7. Журналистердің басшылыққа алар келесі міндеті – кәсіби ынтымақтастық. Журналист әрдайым өз мамандығының беделін көтеруге ұмтылу керек. Бұған жету үшін журналистерге моральдық, материалдық жағынан жағдай жасалуы тиіс. Материалдық жағынан тәуелсіз қызметкер шын мәнінде ерікті болады.
Бүгінгі журналистің кәсіби этикасы алдында мынадай басты міндеттер тұрғандығы белгілі:
1. Қоғамға қатысты барлық құндылықтарды сақтап, қорғау. Барлық жағдайда азаматтық дұрыс көзқарастар қалыптастыру.
2. Демократиялық тұрғыда халықаралық және құқықтық заңдылықтарды, ортақ қабылданған этикалық-моральдық заңдылықтарды сақтау. 3. Кез-келген адам баласының ар-ұяты мен намысына сыйластықпен қарап, өзін-өзі тәртіпті ұстау.
7-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Журналистке жүктелер жауапкершілік
7.1 Саясат тақырыбында жазатын журналистердің кәсіби этикасы
7.2Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасы
Сабақтың мақсаты: Кәсіби этика дегеніміздің не екендігін түсіндіре отырып, Журналистердің Этика Кодексіндегі негізгі қағидаларға тоқталамыз.
Сабақ барысында талданатын сұрақтар:
1.Қазіргі қазақ журналистикасының тенденциялары
2.Қазіргі журналистикаға қойылатын талаптар
3.БАҚ функциясы мен принциптері
4.Кәсіби этика және оның негізі
7-БАОӨЖ
«Жұрт көкейінде жүрген ой» тақырыбында материал дайындау
