Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САЛАЛЫК_ЖУРН_КЕШЕН-2016[1].docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
467.47 Кб
Скачать

Эссенің тақырыбы ашылған жағдайда 100 балл қойылады.

2-ЛЕКЦИЯ

Қазақ баспасөзіндегі салалық журналистиканың қалыптасуы, дамуы

2.1.Қазақ баспасөзіндегі салалық басылымдардың қалыптасуы.

2.2.Салалық баспасөздің дамуы.

2.3.Салалық бағдарламалар.

2.4.Басылымдар мен электронды ақпарат құралдарында орын алған мәселелер және олардың айтылуы мен берілуі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.Б.Жақып. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. А.,Білім. 2004.

2. Г.С.Мельник. Общение в журналистике секреты мастерства. М., Питер,2005.

3. Практическая журналистика в Казахстане. А., 2006.

4. Е.В.Черникова. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2005.

5.В.Ворошилов Журналистика. Санкт-Петербург, 2000.

Журналистика ғылым санатына кіре ме, жоқ па деген сауалға жауап берместен бұрын, ең алдымен ғылым дегеніміз не деген сауалға жауап іздейік. Ғылым дегеніміз —  шындыққа қол жеткізу мақсатында ғалымның табиғат, коғам және өзінің танымы туралы,  білім алуға бағытталған рухани кызметі. Осы тұрғыдан алғанда,  қоғамдық пікір қалыптастыруға, кез-келген жаңалық, оқиғаға түсінік беруге және әлеуметтік-бағыттаушылық мәнге ие ақпарат құралдарының яғни баспасөз, телевидение, радио, Интернет және әлеуметтік желілердің қызметін зерттеу журналистиканың еншісінде. Сондықтан, журналистика – ғылым деп толық айта аламыз. Алайда, жалпы журналистика ғылымының кандидаты немесе докторы деген дәреже жоқ. Тіптен шетелдердің өзінде, мысалы АҚШ-та журналистика саласы бойынша қорғалатын ғылыми еңбектерге Коммуникация, Бұқаралық коммуникация ғылымдары немесе Философия ғылымдарының магистрі немесе докторы деген атақ беріледі. Басты себептің бірі – журналистиканың зерттеу объектісі, әдіс-тәсілдері, күтілетін нәтижелерінің гуманитарлық және әлеуметтік салаға кіретін әлеуметтану, саясаттану, филология, философия,  т.б. ғылымдармен тығыз байланыстылығында. Өткен жылы тамыз айында Америкадағы журналистердің жыл сайынғы өткізілетін ең үлкен халықаралық ғылыми конференциясын (Association for Education in Journalism and Mass Communication) көру барысында журналистика ғылымында әлі бізде зерттелмеген тақырыптардың баршылық екеніне көз жеткіздік. Сондықтан журналистика – терең зерттеулерді қажет ететін ғылым саласының бірі.

Дамыған мемлекеттердің озық тәжірибелеріне көз салсақ, қай салада болмасын үйретері бар. Сондықтан біздің жастарымыздың ғаламдастыру талабына сәйкес бәсекеге қабілетті маман болуы үшін отандық біліммен сусындауымен қатар, шет елдерде білімдерін дамытқаны, шет тілдерін үйренгені дұрыс. Егер тарихқа көз жүгіртсек, ұлы ғұламалар кем дегенде жеті елдің тілін біл, жеті жұрттан білім үйрен деп уағыз айтқан. Яғни шетелдерде білімдерін жетілдіріп келген жастарымыз – егемен еліміздің дамыған алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына  не қажет деген сауалға, өзі білім-ғылым үйренген елінің тәжірибесімен салыстыра отырып, үлес қосуға тырысады. Сондықтан жастардың шетелдерге көбірек шыққаны, ғылым-білім үйренгені сөзсіз қажеттілік

Бүгінгі таңда қоғамдық санаға ықпал ететін бұқараны ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден-бір күш бұқаралық ақпарат құралдарының басты тетіктерінің бірі – баспасөз болып табылады. Баспасөздің қоғамымыздағы алатын орнына жоғары баға берген Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Газеттер мен журналдарға арқа сүйеместен өз саясатыңды қалай жүргізіп, реформа мәнін қалай ұғындыруға болатынын түсінбеймін. Егер ең бұқарашыл саяси мінберден айырылсақ, жұртты өз іс-әрекетіміз туралы, аймақтардың даму преспективасы туралы, мәселені шешудегі көзқарастар туралы қалайша хабардар етпекпіз»,- деп атап көрсеткен.

Бүгінгі демократиялық елімізде баспасөздің қоғамдағы рөлі елеулі өзгеріске ұшырады. Ол бұрынғыдай насихатшы ғана емес, сонымен бірге қоғамдық ой-санамыздың сараптаушысы және қоғамдық ой-пікірді қалыптастырушы да болып отыр. Сондай-ақ қазіргі қазақ баспасөзінің рөлі артуда. Әсіресе, ұлттық тіл мен жер мәселесі, еліміздің тәуелсіздік идеясын насихаттау, қорғау, идеология майданында бітпес күрес жүргізу ісінде атқарып отырған қызметін ерекше айтуға болады. Соның ішінде баспасөздің көтеріп жүрген өзекті тақырыптарының бірі – еліміздегі мәдени салаларына қатысты проблемалар. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрын қағажу көрген тілімізді, өнерімізді, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерімізді, жалпы мәдениетіміздің даму деңгейін көтеріп, қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік туды. Сөйтіп, мәдени құндылықтарымызды игеру, еліміздің мәдени төлтумалығын қалыптастыру ісінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Бірақ бәрі үлкен қиыншылықпен, ізденіспен келді. Өкініштісі осы ауқымды жұмыстарды атқаратын рухани-мәдени дүниеміздің қайнар бұлақтары мен халықты сусындататын ана тіліміздегі газет-журналдар тым әлсіз. Алайда, мәдениетіміздің осындай аумалы-төкпелі кезеңінде де бұқаралық ақпарат құралдарының ішінен мәдениет саласындағы проблемаларды көтеруде, қазақ баспасөзі ғана өзіндік үн естіртіп келеді. Олардың ішінде салалық басылымдардың үлес салмағы басым деп айта аламыз. Салалық басылымдар дегеніміз – тек бір ғана салаға арналған газет немесе журнал. Қазіргі кезде қазақ журналистикасында салалық басылымдардың үлкен шоғары қалыптасып келеді. Салалық баспасөз туралы белгілі ғалым Т.Бекниязов былай дейді: «Салалық баспасөз – түрлі салаларды қамти отырып бөлінеді. Министрліктер мен комитеттердің жұмына арналады. Сондай-ақ оқу-білімге, өндіріске, ауыл шаруашылығына, құрылысқа т.б. арналуы мүмкін», дей келе ғалым: «...Қазақстанда салалық болып жіктеледі. Әлеуметтік топтарға және тақырыптық бағытта да басылымдар бар»,- дейді. Қазақ баспасөзі тарихында білімге, өнерге, тек әйелдерге арналған салалық басылымдар болды. Сол салалық басылымдардың өзіндік мақсат-мүддесі болды. Мәселен, өткен ғасырдың 20-шы жылдарында жарық көрген «Жаңа мектеп», «Ауыл мұғалімі», «Қазақстан мектебі» т.б. басылымдардың басты мақсаты сауатсыздықты жою, ағартушылық қызмет жүргізу болып табылды. Бұл басылымдар қазақ халқының рухани дүниесінде үлкен мәнге ие. Оның үстіне қазіргі уақытта кез-келген сала дамып, күрделене түсуде. Осы салаларды саралап, жіктеп таразылайтын жеке-жеке ғылым салалары пайда бола бастады. Сондықтан да салалалық басылымдарға қажеттілік туды. Осы ретте Ресей ғалымы А. Мураковский мына сөзімен келіспеуге болмас: «Журналистиканы салаландыру өте қажет. Мәселен, физика туралы жазатын журналистер кез келген ғалымдармен ядролық физика туралы тең дәрежеде сөйлесе білетін деңгейде болуы қажет. Бұл жерде журналистке жоғары біліктілік, саланы жете меңгергендік қажет болады. Оның әмбебаптылығынан гөрі, салаланғандығы маңыздырақ. Сондықтан да қазіргі уақытта бір саланы жеттік меңгерген журналистерге сұраныс жоғары. Бір саланы жақсы меңгерге журналист ғана сол саланың барлық проблемасын, оны шешу жолдардарында қандай адамдардың жүргендігін білді, оларды сөзге тарта алады, бір сөзбен айтқанда өзіне не керектігін біледі». Ғылым мен техниканың дамуы адамдардың барлық салада әмбебап болуын қажетсінеді. Мәселен, күнделікті қоғамдық-саяси басылымдарда жұмыс істейтін адам саясатты да, экономиканы да, қажет болған жағдайда мәдениетті де жазып келуге дағдыланған. Өйткені оған қойылған талап солай. Бірақ олай болуы мүмкін еместігін барлығы біледі. Жан-жақты хабардар болуы мүмкін, бірақ барлық саланы бір адам бес саусақтай меңгеруі ақылға сыйымсыз. Сондықтан да болар қазіргі күнделікті, апталық басылымдар редакцияны тақырып бойынша жеке-жеке топтарға бөліп тастаған. Мәселен, экономика, саясат, әлеумет, спорт т.б. Бүгінгі уақытта салалық басылымдарда кездесіп отырған бір проблеманың ұшы осы «әмбебап» кадрларға байланысты болып жатады. Аталған мәселе жайлы Мәдениет журналының бас редакторы Д.Исабеков тіптен жақсы айтады: “Қаптап жүрген журналистердің көпшілігі біздің талабымызға сай келмей жатты. Олардың арасында өнер мен мәдениетті жақсы білетін, олардың ішкі проблемаларына үңіліп қарай алатын, қазақ мәдениетінің жетістіктері мен кемістіктерін әлемдік мәдени процестермен ұштастыра отырып сараптама жасай алатын қаламгерлер сирек боп шықты”, – дейді. Негізгі проблеманың бәрі маманда екені баршамызға аян. Сондықтан да салалық басылымдар айналасындағы мәселелер олардың бүгінгі қоғамда атқарып отырған қызметтері жайлы зерттеу артықтық етпесі анық. Жалпы салалық басылымдар бүгінгі уақытта жеке зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі деп шегелеп айтқымыз келеді. Салалық басылымдардың құрылымдық, жанрлық, тақырыптық ерекшеліктеріне жеке-жеке талдау жасау сол арқылы қазақ журналистикасы тарихында салалық басылымдардың орнын анықтау бүгінгі тәуелсіз қазақ журналистикасының маңызды міндеттері деп білеміз. Қазіргі қазақ баспасөзі ұлттық мәдениетімізді қорғауда, ата салт-дәстүріміді сақтауды насихаттауда, халық санасын оятып, мемлекеттің болашағын, ұлт мүддесінің проблемаларын жан-жақты қозғауда, ұлттық мәдениетті келешек ұрпаққа насихаттауда, демократиялық мәдениетті қалыптастыруға зор үлес қосып отырған ерекше күшке айналып отыр. Сондықтан да қазақ баспасөзіндегі мәдениет құрылысы проблемаларын, салалық басылымдарға жіктей отырып зерттеу бүгінгі қазақ баспасөзінде өзекті тақырыптардың бірі деп білеміз. Жалпы қазақ баспасөзі әр жылда әр кезеңмен зерттеу нысанына айналды. Бұл үрдіс еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қарқынды дами бастады. Солардың ішінде мәдени, рухани саланы қамтыған Ж.Қалабай «Қазақ баспасөзіндегі Махаббат, неке және отбасы мәселелері» мен Ә.Игенсартованың «Қазақстан баспасөзі: ізденістер мен іркілістер» атты зерттеулері осы саладағы үлкен ғылыми ізденістер болды. Сондай-ақ жас ғалым Д. Салықбектің «Қазіргі қазақ баспасөзі және ондағы мәдениет құрылысы проблемалары» кандидаттық диссертациясы да қазақ баспасөзіндегі мәдениет құрылысы проблемаларының зерттелуіне өзінің қомақты үлесін қосты деп білеміз. Соңғы уақыттарда қазақ баспасөзін философиялық, тіл саласы бойынша, педагогикалық және тарихи тұрғыдан зерттелген біршама ғылыми еңбектер жарық көрді.

Ғалымдар Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақ тәлім-тәрбиесі» деген зерттеу еңбегінде қазақ жеріндегі алғашқы басылымдар «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты», «Айқап», «Мұғалім» сияқты баспасөз беттерінде тәлім-тәрбиелік мәселелердің көтерілуін жанжақты ашып қарастырса, П.Сейітқазы «Республикалық мерзімді баспасөз беттерінде мектеп оқушыларын тәрбиелеу мәселелері» атты кандидаттық ғылыми диссертациясында 1960-1985 жылдар аралағындағы «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде жарияланған жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты мақалаларға талдау жасап, баспасөздің жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне жоғары баға береді.

Қазіргі бұқарлық ақпарат құралдарын саяси талдау тұрғысынан зерттеген А.Сәрсенбаевтың докторлық диссертациясын ерекше атап өтуге болады. Қазақ бапасөзінің тарихы  жөніндегі алғашқы зерттеу еңбектер өткен ғасырдың 40-шы жылдардың соңы 50-ші жылдарда жарық көрді. Бұл саладағы тұңғыш зерттеу еңбектері деп 1949 жылы  Х.Бекхожиннің «Дала уалаяты – бірінші қазақ газеті» деген тақырыптағы қорғаған кандидаттық диссертациясы мен 1950 жылы жарық көрген Б.Кенжебаевтың «Қазақ баспасөзінің тарихынан» деген шағын еңбегін атауға болады. Сондай-ақ Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ баспасөзін зерттеп, бір жүйеге келтіріп, мазмұндаған библиографиялық көрсеткіш жасап жарыққа шығаруға ширек ғасырдан бері аянбай еңбек етіп келе жатқан ғалым Ү.Субханбердинаның еңбекін ерекше айтуымызға болады. Бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарының бағыттары мен міндеттері жайлы «Журналистің шығармашылық шеберлігі» атты ғалым Т. Бекниязов еңбегін атауға болады. Орыс ғалымдары А. Тухватова, А.В. Западов, И.А. Кузнецов, Б.И. Есин, Э.Я. Лазаревич, М.М. Козлова, Д.Е. Максимов, С.Я. Махониналардың зерттеу еңбектері де осыны айғақтай түседі. Алайда, салалық басылымдар қазақ баспасөзі тарихында толық зерттелмеген тың тақырыптардың бірі деп айтқымыз келеді.

Біздің алдымызда мынандай міндеттер тұр:

салалық басылымдардың негізгі ерекшеліктерін анықтау;

қазақ баспасөзі тарихындағы салалық басылымдардың құрылымдық формаларын талдау;

салалық басылымдарды топтау;

осы кезге дейін шығатын салалық басылымдарда жарық көрген мақалаларды талдау, оларға баға беру;

баспасөз бетінде жарияланған мақалалардың қоғамдық көзқарасты қалыптасыруға ықпалына тоқталу.

2-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Салалық журналистиканың тарихы

2.1 Салалық журналистиканың қалыптасуы

    1. Салалық журналистиканың дамуы

Пайдаланылған әдебиеттер:

Д.Рэндалл. Универсальный журналист. А., 1996.

ҚР БАҚ туралы. А., 2000.

ҚР Конституциясы. А,1995, 2007.

Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы. Заң 13 қазан, 1994.

Сабақтың мақсаты: Кеңес кезеңінде шыққа алғашқы білім саласына арналған басылымдардың тарихымен таныстыра отырып, өзіндік ерекшеліктері сарапталады.

Сабақ барысында талқыланатын сұрақтар:

1«Жаңа мектеп», «Қазақстан мектебі» журналдарының тарихы

2. «Ауыл мұғалімі», «Қазақстан мектебі» басылымдарының өзіндік ерекшеліктері

3. «Мұғалім» – тұңғыш педагогикалық журнал туралы не білесіз?

2-БАОӨЖ

Ғылым, білімге арналған алғашқы басылымдарды зерттеушілер еңбектеріне шолу жасау

1.Амандосов Т. Публицистика – дәуір үні. – Алматы: Қазақстан, 1974.

2. Кенжебаев Б. Қазақ совет баспасөзі тарихынан. – Алматы: Қазмембас, 1962. 3.Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958). – Алматы, 1981. 4.Қожакеев Т. Сара сөздің сардарлары. –Алматы: Санат, 1995.

5.Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Қазақ журналистикасының тарихы. –Алматы: Білім, 1993.

6.Садықұлы С. Ұлттық рух жаршысы. – Алматы: Алаш, 2005.

7.Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті антологиясының жаңа басылымы туралы // Қазақ әдебиеті, 10 желтоқсан, 1955; Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының жұмысы туралы // Қазақ әдебиеті, 1 тамыз, 1953 ж.

Аталмыш еңбектермен танысып, конспект жазу. Тапсырма толық орындалған жағдайда қойылатын балл- 100

3-ЛЕКЦИЯ

БАҚ-тағы мерзімді басылымдарды жіктеу

3.1.Мерзімді басылым туралы жалпы түсінік және БАҚ туралы заң.

3.2.Мерзімді басылымдардың түрлері, жіктелісі.

3.3.Алғашқы салалық басылымдар.

3.4.Газет, журнал шығарудың тәртібі мен жолдары. Газет, журнал безендірудің сырлары және қазақ баспасөзінің дизайны.

ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. ҚР Конституциясы. - А,1995, 2007ж

  2. Е.П.Прохоров Введение в теорию журналистики.М,1998ж

  3. Жақып Б. Публицистикалық шығармашылық негіздері. А, 2007

  4. MediaNet Халықаралық журналистика орталығы http://www.medianet.kz

-БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ -тұлғалардың шектеусіз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары;

-БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ -мерзімді баспасөз басылымы,радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі /интернет және басқалары/ ВЕБ-сайттарды қоса лағанда, бқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны;

-МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ БАСЫЛЫМЫ -тұрақты атауы ,ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах,бюллетень, олардың қосымшасы;

-Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі – мерзімді баспасөз басылымының жеке нөмірінің немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе бір бөлігі, радио, теледидар, кино хроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі ВЕБ-сайтта берілген ақпарат;

ТЕЛЕДИДАР, РАДИО, БЕЙНЕ, КИНО ХРОНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ - толық атауы бар жəне кемiнде жарты жылда бiр рет эфирге шығатын мерзiмдi дыбыс-бейне хабарлары мен берiлiмдерiнiң жиынтығы;

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛЫНЫҢ РЕДАКЦИЯСЫ - жеке тұлға не бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды жəне шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;

Жалпы «БАҚ-тағы мерзімді басылымдарды бірыңғай жіктеу» параметрлерін төмендегідей негізгі үш топқа бөлуге болады:

  1. Басылымды негізгі параметрлері бойынша топтау – территориялық таратылым арқылы (аудандық, жергілікті, қалалық т.б.)

  2. Ақпараттық сипаттары мен міндеттеріне қарай топтау – оған «Тұтынушылық басылымдар», «Арнаулы және шағын бейімді басылымдар» және т.б. кіреді.

  3. Жалпы аудиториялық сипатты және тақырыптық басылымдардың функционалдық-тақырыптық топтасуы. Мұнда «Тұтынушылық басылымдар» мен «Арнаулы және шағын бейімді» басылымдардың бөлшектеліп жіктелуі жатады.

Әрбір қоғамада БАҚ-тың қызметтері өте айқын белгіленген. Оның біреуі – хабарлау мен көрсету, яғни халыққа дәл уақытылы, әділетті ақпарат жеткізу. Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін білдіретін олардың бірнеше белгісі немес қызметі бар. Әрбір мемлекет өз саясатын, шешімдерін халыққа қонымды жеткізіп тұру үшін БАҚ-ты пайдаланады.

Журналист мамандығын өмірге әкелген нәрсе – адам табиғатының жаңалыққа құмарлығы. Адамзат дамып, заман өзгере келе бұл сұранысты өтеу ісі де сан-салалы күрделі сипатқа ие болды. Баспасөз ақпарат құралы ғана емес, күрес қауына да айналды. Біракқ жұртшылыққа қызықты, маңызды және пайдалы ақпарат беру оның негізгі қызметі болып қалды. Өйткені, журналистика саласындағы табыс жаңа бірдеңе білгісі келетін адамның сұранысына жауап беру ісіндегі шеберлікке тікелей байланысты. Осы себепті газетте ақпараттық сипаттағы материалдарға көбірек орын беріледі. Газетте мұндай материалдармен тілшілер айналысады.

Республиканың ақпарат кеңістігі жыл артқан сайын жаңа басылымдармен, радио-телеканалдармен, ақпарат агенттіктерімен толығып келеді. Журналистика болса, қоғамдағы процестегі ықпал етуші маңызды фактор ретінде күннен-күнге өзіне ерекше назар аударудыталап етіп отыр. Бұл мәселеге республикалық ақпарат кеңістігі тұрғысынан келер болсақ,

-біріншіден, мемлекеттік егемендікке қол жылдарда ақпарат кеңістігінде түбегейлі өзгерістер орын алды: журналистика сан жағынан да, сапа жағынан да жаңа деңгейге көтерілді; жекеменшік БАҚ саны еселеп ұлғайды, бәсекелестік, нарықтық қатынастар орнықты, т.с.с

-екіншіден, жаhандану кезеңінде ұлттық ерекшеліктерді дамытудың маңызы артып, ақпараттық қоғам идеясының мәні күшейе бастады;

-үшіншіден, осындай қоғамдық өзгерістердің нәтижесінде Ақпарат агенттігі қызметінің аясы кеңіп, жаңа аудиторияға ие бола бастады.

Қоғамдық тарихи дамудың кейбір кезеңінде де халықты толғандырып отырған өзекті мәселелер, олардың жан-дүниесінің толқулары мен ішкі сезімдері, замана үні мерзімді баспасөзде көрініс тауып отырады. Қандай да бір болмасын кез-келген басылым қалың жұртшылықтың өз дәуіріндегі "көзі" мен "құлағы" іспеттес. Бұған ешкімнің де дауы болмаса керек. Демек, жариялылық, тәуелсіздік, демократиялық, қоғамды қайта жаңғырту процестері күнделікті тыныс-тіршілігіміздің ең негізгі дем беруші қуат-күшіне айналып отырған қазіргі шақта бұқаралық ақпарат кұралдары атқарып отырған сан қырлы істер жүрдек уақыт өте келе тарихи оқулықтардан өз орнын табатынына ешбір күмән жоқ. Уақыт талабынан туындайтын өмір заңы осы. Қоғамның болашақ иесі – жас буынға, келер ұрпаққа қазіргі бар шындығымыз шынай да табиғи күйінде жеткізілуі аса маңызы болмақ. Ой-өресі биік ұрпақ өткен тарихтан тәлім алады, жіберілген кемшіліктерді қайталамауды мұрат тұтып, жетістіктеріміз болса шар болаттай жанып, оны өркениет дағдарысымен одан әрі дамыта түсуді мақсат етеді. Ал, аға буынға келер болсақ, тарихты сарабдалдықпен ой елегінен өткізе отырып, таза азаматтық армен өз дәуірінің қам-қаракетіне адалдықпен, асқан жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сонда ғана ұрпақтар сабақтастығымен табиғилық, тазалық сақталады. Олай болса бұл тұрғыда бағалар болсақ, күнделікті басылымдардың мойнына артылар жүк салмағы жеңіл болмақ емес. Осы орайда бір сәт қазақ қоғамының қазіргі жағдайында бұған дейінге кезеңді ой елегінен өткізудің, баспасөз механизмінің қалай айналып келгеніні нақты талдаудың маңыздылығын ешкім де тәріске шығара қоймас. Жетпіс жылдан астам уақыт бойы кеңістік қызыл империяның еркін билеп-төстеген бір бөлігіне айналған Қазақстан да бірқатар жетістікренге қол жеткізумен қатар бүркемеленген жымысқы саясаттың құрбаны болып келеді. Осы ұзақ уақыт ішінде бір партиялық өктемдіктің ықпалындағы шеңберден аттап баса алмаған баспасөз де әр кезеңдегі уақыт ағымына сай ұжымдық үгітшілік, ұжымдық насихатшылық, сонымен бірге ұжымдық ұйымдастырушылық мәдениеттерін атқарып отырады. Оның бұлай етпеске ешқандай шарасы жоқ еді. Бұдан келіп туындайтын бүгінгі міндет сол, кеңестік дәуірден мұра болып қалған қазіргі баспасөз, жалпы бұқаралық ақпарат құралдары қызметіндегі көлеңкелі тұстарды, орны толмас олқылықтар мен жіберілген кемшіліктерді ой елегінен өткізе отырып, сол күйінде ашық айтуға тиіспіз.

Әрбір қоғамда Бақ-тың міндеттері өте айқын көрсетілген:

  1. Хабарлау мен көрсету, яғни халыққа дәл уақытылы, әділетті ақпарат жеткізу.

  2. Мемлекеттік басқаруға. Оның халықпен қарым-қатынасы аясын кеңейтуге ықпал ету;

  3. Жариялылықтың басты механизмі болуы тиіс;

  4. Үкімет пен қоғамдағы басқа да билеуші институттарды тексеру мен бақылауды жүзеге асыру;

  5. Қоғамдық тартыстар кезінде белсенділік таныту;

  6. Әртүрлі көзқараста болуы, халықты сан түрлі пікірлермен таныстыруға тиіс;

  7. Қызметін жауапкершілікпен атқаруы тиіс.

Журналистік қызметтің мынадай түрлері бар:

1.БАҚ түріне қарай: тележурналист, радиожурналист, мерзімді басылым журналисі, яғни бұған газет, журналдарды қызмет істейтін журналистер,ақпарат агенттіктерінің журналистері.

2.Басылымдардың аймақтық сипатына қарай орталық және жергілікті БАҚ журналистері.

3.Атқаратын функциясына қарай жалпы саяси және арнаулы

4.Таңдап алынған обьектінің саласына қарай: экономист, спорт, заңгер, өнертанушы журналист. Т.б.

5.Оқырмандар, көрермендер. Тыңдармандар құрамына қарай: жастар тақырыбына, әйелдер проблемаларына, қарттарға, балаларға т.б.

6.БАҚ-ң мерзімділігіне, ырғақтығына байланысты күнделікті, апталық, тікелей хабарлардың журналистері

Журналист қызметін класификациялаудың бұл жүйесі қосымша өлшемдермен де толықтырылады.Журналист қызметін қосымша өлшемдерге қатысты бөлу:

1.Редакциядағы атқаратын жұмысына қарай : жауапты хатшы, редактор, коментатор, фототілші, репортер

2.Қызмет деңгейіне қарай:жетекші, басқарушы,орта деңгейдегі,қатардағы журналистер

3.Белгілі бір тақырыпты жазуына қарай

4.Жанрлық жағынан мамандануына орай . очеркист, фельетонист, репортер, шолушы т.б.

Редакциядан тыс әлеуметтік байланысты жүзеге асыратын журналистің ұйымдастырушылық қызметі.Журналистің ұйымдастырушылықтворчествосы оқырманмен, көрерменмен жұмыс істеудің дәстүрлік формалары арқылы жүзеге асады.Аудиториямен жұмыс істеудің дәстүрлік формалары мыналар:

Штаттан тыс бөлімдер

Көшпелі редакциялар

Қоғамдық тілшілер пункті

Қоғамдық қабылдау

Ақылдастар алқасы

3-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

3.1 Газет, журнал безендірудің сырлары және қазақ баспасөзінің дизайны.

    1. Мерзімді басылымдардың түрлі белгілеріне орай жіктелісі

Пайдаланылатын әдебиеттер:

ҚР Конституциясы. - А,1995, 2007ж

Е.П.Прохоров Введение в теорию журналистики.М,1998ж

Жақып Б. Публицистикалық шығармашылық негіздері. А, 2007

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы http://www.medianet.kz

Сабақтың мақсаты:Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлерінің өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары түсіндіріліп, Әр бақ-тың редакциялық құрылымы түсіндіріледі.

Сабақ барысында талқыланатын сұрақтар:

  1. Қазіргі мерзімді басылымдарының жіктелінісі

  2. Республикалық басылымдардың безендірілу деңгейі

  3. Газет, журнал шығару заңдылығы

  4. Аймақтық басылымдардың өзіндік ерекшелігі

  5. Мерзімді басылымдардың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі

3-БАОӨЖ

Жастарға арналған газет шығару(тақырыбы, аты, безендірілуі мен дизайні бағаланады)

А3 форматтағы Жастарға арналған заңдық талапқа сай газет шығарылған жағдайда 100 балл қойылады.

4-ЛЕКЦИЯ

Қазақ спорт журналистикасының қалыптасуы мен дамуы

4.1 Қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушылар

4.2«Қазақ спорты», «Спорт» басылымдарының ерекшеліктері

4.3«Гол», «Sport Review», «Теңбіл доп» журналдарының ерекшелігі

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Бердіқұлов С. Жұмыр жерде теңбіл доп.–Алматы, 1981.

  2. Бердіқұлов С. 84 жылдың теңдессіз 16 күні.–Алматы, 1984.

  3. Бердіқұлов С. Олимпиадалық шежіре. .–Алматы, 1982.

  4. Жолымбетов Ө. Намыс. – Астана, 2009.

  5. Рысқұлбекұлы Қ. Қазақ боксшылары. – Астана, «Ер-Дәулет», –1999.

  6. Досмұхамедов Т. Нар жолында жүк қалмас. –Астана, «Жарыс». – 2011.

  7. Құлназаров А, Жолымбетов Ө. Қазақстан боксшылар елі. – Астана, «Сөздік-словарь, –2009.

  8. Сүлеймен Ғ. Бақтияр. –Астана, «Жарыс». – 2011.

Бүгінде спорт халықпен халықты, мемлекет пен мемлекетті, бүтін бір құрлықтарды байланыстырып тұрған берік арқаудың бірі екендігін, оның өзара түсініктік құрамына, тіпті саясат алаңына да айнала бастағанын ұмытуға болмайды

Ел арасында спортқа деген құштарлық пен ынтаны оятатын – бұқаралық ақпарат құралдары. Түрлі халықаралық бәсекелерде еліміздің төл спортшылары бақ жарып жатқанын, бұқара халыққа дер кезінде, сапалы, мазмұнды жеткізе білсе, жас ұрпақтың бойында қызығушылық, еліктеушілік, ең бастысы, патриоттық сезім оянады. Осы тұрғыдан алғанда, спорт ақпараттарын тарататын БАҚ өкілдеріне ауыр жүк түсіп тұрғаны белгілі. Тек қана жеңіске жеткен спортшының есімін ғана айта салмай осы жеңіске жетер жолдағы төгілген тер мен еңбектің ерекшелігін, жаттықтырушылардың шеберлігін де дәріптеген абзал.

Қазақ спорт әдебиетінде бүгінгі күн тақырыбын батыл көтеріп, замандастарымыздың ерлікпен тең ерен еңбегін, жан-дүниесін көрсетуді көздеген Сейдахмет Бердіқұлов шығармалары тартымды тілмен баяндап беруді мақсат еткен. Оның бейнелеу құралдары бай, әрі сан алуан. Сюжеттері қызық, оқиғасы өте нанымды.

Тарихи тұлғаны өз дәуірінің табиғаты мен адамы, тектілік қаны өсіреді, баптайды. Ал, журналист, жазушылар өзі өмір сүрген заманына да, келер ұрпақ санасына да пәрменді ыкпал етеді. Сондай көрнекті публицист, журналистердің қатарынан орын табуға әбден лайық, қазақ журналистикасына әсіресе, спорт тақырыбына өзгеше қалам тартқан Сейдахмет Бердіқұловты атар едік.

Сейдахмет Бердіқұлов 1933 жылдың 9 мамырында Алматы облысының Қаракестек қыстағында дүниеге келген. Бала жастан шығармашылыққа құштар болған ол Миклухо-Маклайды, Андерсен Нексенді, Жюльді оқыды. Ол 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін үздік бітіріп, еңбек жолын республикалық жастар баспасөзінен бастады. Әр жылдары «Лениншіл жас» қазіргі «Жас алаш» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. 1965-970 жылдар аралығында «Қазақстан пионері» газетінің редакторы, 1970-1986 жылдары сол кезде кеңінен таралған «Лениншіл жас» газетінде бас редактор болды. 1986 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жалын» баспасына директор болып тағайындалды. Ал, 1992 жылдан бастап «Балауса» баспасын басқарды. Сейдахмет Бердіқұловтің «Сол орамал жоғалмайды» (1965), «Жүрек ұйыктауды білмейді» (1967), «Егеулі найза» (1969), «Жұмыр жерде теңбіл доп» (1969), «Аспаннан шұға жауған күн» (1975), «Мұңайып оянған қала» (1979), «3 подъезд» (1980), «Пердесіз көңіл» (1983), «Арбаған мені бір сиқыр» (1987), «Таңдамалы. Екі томдық» (1991) шығармалары бар.

Сейдахмет бас редактор ретінде қарамағындағы қызметкерлерін тамыршыдай танып, өзі тапсырған іске жұмылдыра білді. 1970 жылдары «Лениншіл жас» газетіне бас редакторлыққа келген күннен бастап түбірлі өзгерістер жасай бастады. Бөлімдер қайта сұрыпталып, тың ой, жаңа бағытпен іске кірісті. Сейдахметтің редакторлық қызметегі алғашқы идеяларының бірі «Ұтқыр ойлар сағаты» болды. Оған әр бөлім меңгерушілері алдағы апта, айларға өз бөлімі бойынша жоспар ұсынып отырды. Басшылығының тағы бір шарты - қызметкерді бір бөлімде ұзақ ұстамай, оны уақыт салып тың салаға жетелейтіндігі. Оның редакторлық қызметке келісімен алғаш көзге түскен шәкірттерінің бірі Ырым Кененбаев былай деп жазады: «Өз басым төрт жылдай мәдениет және ғылым бөліміне жетекшілік етсем, одан кейін шаруа-жастар бөлімін басқарып, тағы да төрт жылдан кейін насихат бөліміне көшкенім бар. Шаруа бөлімінің материалдары негізінен қауырт, қарбалас әзірленетін. Мұндайда Сәкең бізді материалдардың басын біріктіріп, ажарын ашып, мағыналық мәнін асқақтатып тұратын айдарлармен топтап беруге жұмылдыратын. Қазіргі ресейлік «Известия» газеті мен өзіміздің «Казахстанская правда» газеттерінің бірінші беттерінде колданып жүрген тақырыптарды сол кездің өзінде-ақ бізде бар еді. Әлі есімде, бірінші беттегі бір «Егін еге бастасақ оңтүстікте, қар тоқтатып жатырмыз солтүстікте» деген айдарға бола Сәкеңнің маған үлкен жүлде бергізгені бар»,-деп ағынан жарылады. Бұл үзік сыр Сейдахметтің редакторлық тәрбиесіндегі үлгіні көрсетеді.

Бас редактор Сейдахмет өмірдегі өзекті де толғақты мәселелерді батыл жазуға бағыт-бағдар бере отырып, мақала тақырыбы бүкіл назарды өзіне аударып, еріксіз оқыттыруға мәжбүр етуі тиістігін берік ұстанды. Бүл жөнінде басылымда бірге қызметтес болған әріптестерінің бірі жазушы Көдірбе Сегізбайүлы: «Сәкеңнің соны идея мен тақырып тапқыштығы ерек еді. Айтулы мерекелік нөмірлерді қалай шығару керек дейтін мәселені шешу үшін бөлім меңгерушілерін жинап алып, кімде кандай ой бар екендігін сұрайтын. Бұрынғыға ұқсамайтын тәуір идеяларға негізделген, окырмандарды «оһ» дегізердей жаңа бірдеңе табайық, - деп бізге қарайтын.

Спортты өнер деп қараған Сейдахмет өзінің бүкіл шығармашылығын спорттық тақырыптар мен сюжеттерге арнады. Оның «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде спорт тақырыбына қатысты «Қайраттың» қауқары жоқ» (1959, 16 сәуір), «Табанды тартыс» (1959, 24 сәуір), «Қара көзілдірікпен қарама құрбым» (1959, 22 шілде), «Бар ауызда - спартакиада» (1959, 9 тамыз «Көңілге дық салмай қойыңыз» (1960, 13 шілде), «Спартакта халық көп» (1961, 17 қаңтар), «Ойынның да өрті бар» (1961, 25 қаңтар) т.с репортаж, мақалалары жарық көрді. Спорт жанкүйерлеріне жедел репортаж жазып, жаңалықты жұртқа жеткізуге асығатын Сейдахметтің футбол командасының сәтсіз ойынынан қайтқан жұрттың көңіл-күйін: «Ұтылыс кімге де болса да жақсы емес. Дегенмен, жұртшылық табанды тартысқа ойыншыларға ренжіп қайтқан жоқ», - деп қалтқысыз жеткізеді. Ол қайсыбір публицистикалық туындыларында спорттың қым-қуыт құпиясын, жойқын күштің жекпе-жегі палуандардың өзіне тән табанды тартысын шынайы калпында суреттей отырып, спорттың өзіне тән сұлулығын оқырманға жайып салады. Публицист спорт тақырыбына арналған туындыларының көркемдік құдіреті осында жатса керек. Республикаға танымал спортшы, футбол маманы Тимур Сегібаев: «С.Бердіқұловтың «Жұмыр жерде теңбіл доп» атты кітабы - спорт әдебиетінің үздік үлгісі. Футбол - жанкүйерлері көп, тек жампоз жігіттер өнер көрсететін күрделі өнер. Футбол - тек ойнауға ғана емес, түсінуге де қиын спорт түрі. Сейдахмет Бердіқұловтың әлемдік футбол додасы жайлы жайлы жазған кітабын оқыған жан автордың теңбіл доп тылсымын тамаша білетініне таңданар еді»–деп, баға беріп өтеді.

Публицистің қаламы спорттың сол кездегі қайталанбас сәтін, ойынның тартысты кезеңін суреттейді. Нағыз спортты басқаша жазу - құр әурешілік болмақ. Спорт сиқырына бас иіп, соның сойылын соққан, Сейдахметтің қаламы да спортшысы іспеттес. Ол оқырманды бей-жай қалдырмайды.

С.Бердіқұлов қазақ спортының рухани жанашыры десек артық айтқандық емес. Оның Ғұсман Қосанов, Мақсұт Омаров, Әбдісалан Нұрмаханов, Темур Сегізбаев, Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев сияқты тағы басқа саңлақтар туралы жазған очерктерінің көркемдік ерекшелігі шексіз. Ол қазақ оқырманын спорттың бүге-шегесімен таныстыруды, оған әсіресе, жастарды баулуды көздеген. Спорт тақырыбындағы қазақ прозасының тегеуірінді төлтума тіл-стилдің орнығуы, додалы тартыстарды бейнелеуде ұлттық таным-түсініктердің, образдық жүйелердің қалыптасуы, жеке адам қабілетінің сынға түсуін суреттеу арқылы тұтас халық рухын оята білуі, міне, жазушы С.Бердіқұловтың суреткерлік даралығы осындай қасиеттермен әрбір шығармасы арқылы шоқтығы биік.

Автор баяндауларында әдемі теңеу, метафора, эпикалық екпін, емін еркін көсілу, ұзаққа, кең әлемге құлаш ұру бар. Бұл оның жазушылық өнеріндегі ерекше өрнек, үлкен белгі. Оның әр шығармасында ішкі сезіміңді қозғаған күш бар. Әлеуметтік өмірді көркем қамтыған шығармалары әдебиеттегі өз өрнегін танытады. Сондай ақ ұтымды деталь, ұтқыр құбылыстарды өрнекті бейнелеу қаламгер қолтаңбасына тән. Барлық шығармаларында ұзын сонар баяндап жатпай, құлжаның асығындай көңілге тоқ етіп, шымыро соғар стиль бар. Соған дәлел ретінде «Жұмыр жерде теңбіл доп» повесіндегі мына бір сөз саптаулардың көңіл бөлсек: «Спортшы режим ұстайды. Ол әжеңнің ораза тұтқанынан да жаман. Тұр десе – тұрасың, жат десе жатасың». «Қуырдықтың көкесі бізді дәл осы күні күтіп тұрғанын, ішіміз сезетін», «...шаршы алаңда жай оғындай жарқылдап, қарсыласына тырнақтай мүмкіндік қалдырған жоқ». «Осыны жеңіс келген бүгінде өмір қайта басталғанын ертең де естен шығармасақ екен»

Осынау әр сөйлемнің соңында характерлері бөлек, қилы-қилы кейіпкерлер бар, қат-қабат оқиға, қимылдар тұнып тұр. Жазушының өандай шығармасында болмасын тән ерекшелік – адамның асыл қасиеттері, сан қырлы, сан сырлы мінездері.

С.Бердіқұловтың «84 жылдың теңдессіз 16 күні» атты репортаждары мен әңгімелер жинағы төрт тарауға бөлінген.Бұнда бүкіл оқырмандарға кеңінен танылған шығармалары топтастырылған. Кітаптағы топтастырылған негізгі туындылар Москва қаласында өткен Олимпиаданың әр күнгі тынысынан хабардар етеді. Бұл кітап қазақ спорт журналистикасын үшін құнды шығарма деп толық айта аламыз. Әрбір шығарма оқырман жанын елжіретіп, жүрегін шымырлатып, тіпті көзіне жас алуға да мәжбүрлейді.

Журналистер арасында «Журналист – адам жанының инженері» деген қалыптасқан қанатты сөз бар. Осы кітапты оқи отырып, Сейдахмет Бердіқұловтай авторға арналғанына көз жеткіздік.

«Лужникик...Уэмбли...Маракана... секілді аты айдай әлемге әйгілі жүз мыңдық стандиондардан бастап кішігірім қалалардағыдай аядай спорт құрылыстарына шейін әр үйдің ас бөлмесіндей үй іші жақын жандар емін еркін отыратын кең сарай, сала құлаш залдар мен қуыстар майын шаққан журналист, жазушылар жиналады. Олардың арасында тасқа басылмаған, мөр қойылмаған бір серт бар. Ондай жайларға, қатардағы жанкүйер бір бас сұғып шықсам шіркін деп армандайтын бөлмелерге Лужникидің үшінші подьезі жетелейді. Олимпиадалық ойындардың телеарнада берілмейтін бір сәтін құрығына іле алса үлкен олжа...». Міне, спорт журналисі үнемі осындай ізденістерде жүреді. Бауырмалдық, ұлт жандылық қасиеті бұл кісінің табиғатының тереңінде жатыр. Мысалы: «Олимпиадалық шежіре кітаптың 323-бетінде «Олимпидалық қозғалысқа, Олимпиадалық тұғырға әр төрт жылда жаңа есімдер әкелетін спортшылар ғана емес, халықтар есімі де жазылады делінген. Рим Олимпиадасынан кейін қосылған жаңа ұлттар тізімінің орта тұсында «Қазақ» атты жазу тұр. Бес әріптен тұратын сөз бес шығармашылық әлемнің ақ туына жазылады. Сонау бір кезеңде күш атасы – Қажымұқан Европаның палуан кілемінде небір жауырыны жерге тимеген мықтыларды алып ұрып жатса да оның халықының аты «киргиз» деп бұрмаланған... Олимпиада алауы – жұмыр жерді нұрландыратын бақыт, бейбітшілік сәулесінің еі баяндыларының бірі. Олимпиада алауы! Сонау бір адамзат отқа табынған күннің қзінде оның қадір қасиеті дәл бүгінгідей сипат алмағаны анық. Алауды айтқанда Совет жерінің алғашқы шығармаларының бірінде оның қазақ халқының перзенті Рим жүректі де шымырлатпай тұра алмас». Бұл жолдар жазушының шын жан толғанысы. Шын қуана алмаған жан шындықты жаза да алмайды. Осы әрбір жолдағы әрбір әріптің арқалап тұрған шындығын жазушының тұла бойынан жарып шыққан таза жан тебіренісі екендігін сезінбеу мүмкін емес.

Бірнеше Олимпиадалардың жеңімпазы, талай қарсыластарын шаңға бөктіріп, қапы қалдырып жүрген велоспортшы Тұйғын Сұраншиев туралы жазылған повесін оқи отырып та оқырман тебіреніске кенелері сөзсіз. Себебі жарыс жолында кезігетін кедергілер мен сәтсіздіктер кезіндегі адамның жан дүниесінің жай жапсары өте сәтті суреттелген. Қаншама күн тер төгңп, қаншама түн қобалжумен ұйықтай алмау, жанындағы жолдастарының сені түсіне білуі, бәрі, бәрі ең керекті сәттер екеніне көз жеткізесің. Мысалы, «...Еңбегің еш болмаса екен, бауырыым! – деп күбірледі іштей. Қас қағым сәтте өзін қоршаған үшеудің торынан шыға алмағанына долданып, дүниедегі ең шарасыз адамдай ернін тістелеп қанатып тастаған. Көзге қан құйылған бұлқыныс, дойыр шабыспен амалын асырып, сытылып кете алмайтынына Савваның көзі жетті... лық–лық өксікті тежей алмай сөрені қиған Савва велосипедтен өзін қолтықтап түсірген Тұйғын екендігін білмеді. Ол «Тұйғын Сұраншиев –3.12.40» деген қып-қызыл шоқты көрді». Міне, шынайы сезім! Тұйғынның жеңіс тұғырына көтерілуіне көмек көрсеткен жолдасы Савваның ішкі жанкүйзелісі. Велосипед спорты – ерекше спорт түрі. Қажырлық, қайраттылық, күш-жігер, командалық бірлікті, түсіністікті талап етеді. Сәтсіздікке ұшыраған Тұйғынның да жігері мұқалмай, қайта қайраттана түсуіне септігін тигізген, оның достары. Осындай әдемі сәттерді шынайы суреттей білген автор талантының ерекшелігі. Нағыз спортшының жан күйзелісін сипаттаған сәттер ой мен сөз бірлігі шешендікпен шебер, келісті әңгімелеу әдісі әрі тартымды, әрі нанымды әсер қалдырады.

С.Бердіқұловтың «Спорт пен жастық салтанаты», «Алтын бастау», «Гимнастардың алтын тұғыры», «Чемпиондардың алғашқы күндері» және тағы басқа көптеген мақала, репортаждары еліміздің спорт саңлақтарының жеңісінен шаттана хабар береді. Хабар беріп қана қоймай ақтық айқастардың қалай болғанын көз алдыңа елестетеді.

Спорттың әр алуан түрі бар екені баршамызға белгілі. Әрдір ақалам тарқан сайын спорттың сол түріне сай теңеулерді дөп таба білу, оны нақышына келтіріп әсем суреттей білу, әрине, шеберлік. Жан-тәніңмен спортты тамашалай білу, жетістіктеріне қуанып, кемшіліктеріне қамығу, жанкүйер сезімі, міне, осындай. Спорттың заңы қатал. Мұнда тек ең күшті ғана емес, шешуші сәтте бойындағы ғаламат ерік күшін ширықтырып, оны жеңіске, тек қана жеңіске бағыттайтын спортшы ғана жеңіп алады. Генерал болам деп айтпаса да генералды көргенде қызығып жүретін солдат секілді, Олимпиада чемпиондығын жеңіп алу бақытын еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл атаққа бабына да, бағына да сенгендер ие болады. Олимпиаданың ғаламат қасиеті де сонда. Міне, С.Бердіқұловтың кейіпкерлері осындай жандар.

С.Бердіқұловтың шығармашылығы – сан-салалы, мәуелі шығармашылық. Замандас сыры мен жасөспірімдер тіршілігі, спорт әлемі мен жастық жалыны – оның шығармаларының өзекті желілері. Жазушы қаламы қандай тақырыпқа жазса да, жүйрік, сезімтал, мәнді, мағыналы шығармаларды дүниеге әкелген.