Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдеби Стилистика Ж-14-1-3 .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.77 Кб
Скачать

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық факультеті

5В050400 - журналистика мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

Гуманитарлық-педагогикалық

факультетінің академиялық кеңесінде

бекітілген

№____ Хаттама « ____»_______ 2016.

Факультет деканы ________Б.Ж.Абдикаримов

Модуль № Базалық пәндер 5В050400 - журналистика мамандығына

Аrs201– Әдеби редакциялау және стилистика курсы бойынша

СИЛЛАБУС

3-курс, күндізгі, 5-семестр (күндізгі), 2 кредит, пәннің типі (таңдау компоненті)

Лектор және практикалық сабақ /семинар бойынша оқытушы:

Аман Мәделханұлы Абасилов, ф.ғ.к., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауым. проф, байланыс телефондары (жұмыс орны 27-85-72, ұялы байланыс +77774565885), e-mail: aman_abasilov@mail.ru, каб.205, 1-оқу ғимараты.

Қызылорда, 2016.

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Студенттерге түрлі функционалдық стилдерге тән тілдік құралдарды норма талаптарына сай дұрыс қолдана білуді меңгерту және мәтіндерге әдеби редакциялау жүргізу жұмысының әдістемесін үйрету.

Міндеттері:

– қазіргі қазақ тілінің функционалдық стильдері туралы жалпы мәлімет беру;

  • әдеби тіл нормаларының түрлері мен ерекшеліктерін, дамуын қарастыру;

– тілдік варианттардың синонимділігін бағалау білуді үйрету;

– мәтінде тілдік құралдарды тиімді таңдап қолдана білуге баулу

– тілдің экспресивтік-бейнелілік құралдарын қарастыру;

– әдеби шығармаларға редакторлық талдау жасаудың ерекшелігі мен әдістерін үйрету;

– қолжазбаны басылымға дайындау үдерісінде оны жетілдірудің жолдарын анықтауды үйрету;

– әдеби редакциялаудың лингвистикалық аспектісін қарастыру.

Құзыреттілік (оқытудың нәтижелері):

Бұл пәнді үйретудегі міндет теориялық лекция оқу мен тәжірибелік сабақ өткізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл міндетті орындау барысында екі түрлі талаптың орындалуы қажет:

- білімді меңгертуге қойылатын талап. Бүл талап бойынша қазіргі қазақ тіл мәдениеті мен стилистиканың жүйесіндегі маңызды мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеу ісімен, оқытудың жаңа технологиясын меңгертуге көңіл бөлінеді.

- білімді қолдануға қойылатын талап. Бұл талап бойынша нақтылы контекст ыңғайында нұсқаулар, ұсыныстар, ақыл-кеңестер айтылып, оларды студенттердің орындаулары талап етіледі.

Болашақ журналистердің, білікті де білімді келешек редакторлардың шешен де тартымды сөйлеу білуі, ойын қағазға анық та түсінікті түсіре білу пәннің ғылыми және тәжірибелік мәнін керсетеді.

Стилистика және әдеби редакциялау пәні тіл ғылымы ішінде төмендегі пәндермен байланыстырыла оқытылады.

Фонетика мен дыбыс жүйесі, орфоэпиялық нормаларды сақтау, орфографиялық қателерді жібермеу басшылыққа алынады.

Лексикология – сөз, сөздік қор, сөздердің мағыналық реңктерін ажырату құбылыстарымен танысады.

Грамматика – сөздің құрамы, сөз тіркесі, сөйлемді тілдік единицаларды жазу, сөйлеу барысында дұрыс қолдана білуге үйретеді.

Жанама пәндермен тікелей байланыста оқытылады: студенттер әдебиет теориясы, философиядан, логикадан, педагогикадан, психологиядан т.б. пәндерден түйген танымдық білімдерін тіл мәдениеті мен стилистиканы ойдағыдай игеруіне ықпал етері анық.

Осы пәндерді игеру жолында студент өзінің білімінің дағдылық, іскерлік қабілетін дамытып, ана тілінің қасиетін тереңінен танып, оның қыр-сырын меңгеріп, өз бойына ана тіліне деген сүйіспеншілігін дарытып, тіл мәдениетін өркендетуге үлес қосары сөзсіз

Пререквизиттер: Қазақ журналистикасының тарихы, Мамандану пәні, Журналист шеберлігі, Публицистика негіздері, Журналистикаға кіріспе және Бұқаралық ақпарат құралдары, Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі мен стилі

Постреквизиттер: Бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама, Қазіргі газет жанрлары, Журналистік зерттеу жүрзіудің ерекшеліктері