- •Дәріс № 1. Бақ тілі мен стилі пәнінің мақсаты мен міндеттері
- •Баспасөз тілінің жалпы мәселелері
- •Дәріс № 3. Стилистиканың қазіргі бағыттары мен түрлері
- •Дәріс № 4. Газет жанрлары және олардың тілдік, стильдік ерекшеліктері
- •Дәріс № 5. Газет айдарларының құрылысы, тақырыптарының берілу ерекшелігі
- •Дәріс № 6. Газет тілінің лексикалық сипаты
- •Дәріс № 7. Газет тілінің лексикалық сипаты (жалғасы)
- •Варваризмдердің, орыс сөздері мен калькалардың қолданылуы
- •Баспасөздегі авторлық өзгеріске түскен және жаңадан қалыптасқан фразеологизмдер
Дәріс № 3. Стилистиканың қазіргі бағыттары мен түрлері
1. Стилистиканың даму бағыттары мен түрлері
2. Прагмастилистика туралы
3. Стилистикалық коннотация
Стилистика, лингвостилистика – тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызмет үйретеді. Стиль деген термин екі заманнан бері қолданылып келеді. Стиль (грек сөзі – stylos ) – тақтаға сурет салып, сөз жазу үшін жұмсалатын таяқша. Сол сөзден шыққан стильді біз қазір басқаша қолданамыз, сондай- ақ «стиль» де өзінің алғашқы «жазу», «сурет салу» құралы мағынасын өзгертіп, мүлде басқаша ұғым, басқаша түсінікке ие болған. Соның бірі – таза, әдемі сөйлеу деген ұғымды білдіреді.
Ал стилистика болса – стильді зерттейтін ғылым. Стиль жеке адамның ерекшелігі, өзінің жеке қолданатын әдіс-тәсілі. Мысалы, суретшінің, мүсінші, композитор, спортшының стилі бар. Сондықтан, оқырманына белгілі бір ойды жеткізудегі әр автордың өзіне тән тәсіл , шеберлігі сол журналистің жеке стилі болып табылады. Бұдан шығатын қортындыны баспасөздің тілі, стилі дегеніміз белгілі бір ойды баяндау, істің мән-сырын, алдағы міндеттерін дәл, терең түсіндіру, мәселені принципті түрде, жоғары идеялық дәрежеде қойып, шеше білу керек дегенді білдіреді.
Жалпы алғанда әр газеттің өз стилі, тілі бар. Сондай-ақ, әр газеттің, әр номердің, әр номердегі әр материал авторының стилі болады. Осыған орай белгілі бір ой – пікірді редакторлық тұрғыдан қоя білу , оны оқырманның көкейіне қонымды етіп жеткізе білу де баспасөздің өзіндік стилі болып табылатындығына шек жоқ. Оның үстіне баспасөз, яғни, газет-журнал тілі дегеніміздің өзі бірнеше стильдік тармақтарды қамтиды. өйткені, кез келген басылым бетінен көркем әдебиет стиліне жататын әдеби туындыларды да, саяси-қоғамдық публицистиканы да, ғылыми стилде жазылған мақалаларды да, іс – қағаздары үлгілерін де кездестіруге болады.
Қазіргі стилистика ғылымы тілдік бірліктерді пайдаланудың тәсілдеріне үйретеді әрі коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негіз ете отырып, контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мәтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Стилистика тіл ғылымының барлық саласын қамтиды: прагматик. факторды толық есепке алып отырады; тілдік емес ғылымдардың тиімді жақтарын саралайды; Стилистикада тілдік емес факторлардың қызметі стиль түзуге толық мүмкіндік алады; стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ретке келтіріп қана қоймай, тілдік бірліктер қызметін жүзеге асырушы экстралингвистикадық және стилистикалық мүмкіндіктерді қарастырады. Қазіргі тіл білімінде стилистиканың бірнеше даму бағыттары орын алған, олардың қатарына ортостилистика, функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың екі бағыты бар:
Орталық бағыты, яғни функционалдық стилистика Функционалдық стилистика тілдің қолданысқа түсу заңдылықтары мен сөздің базалық, экстралингвистикалық және стиль құраушы факторлары ықпалынан пайда болған, ол қолданыс тілі стилистикасы деп те аталады.
Ресурстар стилистикасы, бұл тіл стилистикасы деп те аталады, сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі қызметін айқындайды. Қолданыс тіліндегі стиль мәселесін стилистиканың жаңа бағыты прагмастилистика анықтайды.
Интерпретация, сөйлеу формалары (диалог, әңгіме, дау), стильдегі объективті және субъективті ұғымдар мәселесі, деректі, дерексіз ситуациялар, тілдік емес объектілердің қатынасы, сөйлеудің әлеуметтік-этикалық қыры, т.б. мәселелер прагматикалық аспектіде қарастырылады. Қазақ тіл білімінде стилистика бағыттарын М.Балақаев, М.Томанов, Е.Жанпейісов, Б.Манасбаев, Р.Сыздықова, М.Серғалиев, Б.Шалабай, т.б. ғалымдар зерттеген.
Стилистиканың дамуындағы жаңа бағыттар
Қазіргі таңда стилистика ғылымының қоғамдық-əлеуметтік, функционалдық-коммуникативтік қызметі күшейіп, негізгі теориялық əрі практикалық мəні артып, қолданыс аясы кеңейе түсуде. Сонау ХХ ғасырда тіл білімі дамуындағы ғылыми бетбұрыс – стилистика ғылымының да қарқынды дамуына əсер етіп, əсіресе тілдің функционалды аспектісі жан-жаќты зерттеуге алынып, оның функционалды стилистика деген дəстүрлі бағыты пайда болды. Оған əлемдік тіл біліміндегі, орыс тілі ғылымындағы зерттеулер, ғылыми таным-тұжырымдар негіз болған деген болжамдар айтылуда. В.Матезиус бастаған чех ғалымдары əдеби тілдің функционалдық сипатын зерттеуге ерекше көңіл аударды. Орыс стилистика ғылымында В.В.Виноградов жаңа бір кезеңнің тарихи бастамасы болды деп айтуға негіз бар. В.В.Виноградовтың еңбектерінде тілдік-функционалдыќ концепция басым бағыт болса, оның теориялық базасы тілдің қатысымдық жағдайдағы қызмет ету ерекшеліктерін зерттеуге негізделеді. Қазақ стилистикасын зерттеушілер тіл білімінің бұл саласына қатысты өз ой-пікірлерін айтып, бірқатар теориялық ізденістерге барып, жаңаша тұрғыдан зерттеулер жүргізуде. Демек, ғылыми жаңаруды басынан кешіріп отырған, ғылымның жаңа бағыт-бағдарларына сүйенетін – стилистика ғылымында да жаңа бетбұрыс, көптеген білім салаларымен тығыз байланысты даму өрдісі байқалады. Стилистика тілдің көркем, бейнелі амал-тəсілдерін зерттейтін ғылым саласы болғандыќтан, өзге тіл білімі пəндерінің арасынан айрықша орын алады. Белгілі бір тілдегі тілдік бірліктердің ќұрамы мен категорияларына, олардың өзара байланыстары мен арақатынастарына талдау жүргізетін, яғни тілде «нелер барын» зерттейтін пəндерден стилистиканың айырмашылығы – ойды жеткізуде сол тілдің тілдік бірліктері мен категориялары қалай, қандай жағдаяттарда пайдаланылады деген сауалѓа жауап беруінде. Стилистика қолданыстағы тілдің қызмет ету мəселелерін қарастырады. Бұл оның басты назарында болады жəне оның тіл білімі салалары арасындағы дербес ғылым ретінде танылуының мəні мен мағынасы да осында. Стилистика ғылымы өте күрделі сала, оның кейбір салаларын (түрлерін) дербес ғылыми пəн тұрғысынан анықтауда түрлі көзқарастардың болуы да табиғи ќұбылыс екендігі белгілі.
Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың дəстүрлі қалыптасқан басты төрт саласы (бағыты) бар:
1. Тіл (ресурстар) стилистикасы немесе құрылымдық стилистика: фоностилистика; лексика-фразеологиялық стилистика; грамматикалық стилистика.
2. Функционалды стилистика (қолданыстық стилистика): Ауызекі сөйлеу стилі; Ресми стиль; Публицистикалық стиль; Ғылыми стиль; Көркем əдебиет стилі.
3. Көркем əдебиет стилистикасы.
4. Практикалыќ стилистика.
Бұл салалық ғылымдардың əрқайсысының атқаратын нақты міндеттері, өзіндік ұѓым-категориялары бар. Стилистика ғылымы аясының кеңеюіне, жаңа бағыттарының пайда болуына танымдық бағдарларға негізделген ғылыми ілімдердің дамуы ықпал етуде (сөйлеу актілерінің теориясы, прагмалингвистика, коммуникативтік лингвистика, антропоөзектік парадигма, мəтін лингвистикасы т.т.). Соған орай қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму бағыттарының бірнеше түрі айқындалып, ғылыми тұрғыдан негізделіп, жүйелі зерттеле бастады. Олардың қатарына ортостилистика, мəтін стилистикасы, прагмастилистика, экспрессивтік стилистика, тарихи стилистика, салыстырмалы-салғастырмалы стилистика, кодтау стилистикасы, декодтау стилистикасы жатады. Тың бағыттағы зерттеулердің сипатына қарай стилистика түрлерін осылайша айқындау, мəнді ерекшеліктерін көрсету, ол жайындағы ғылыми ой-тұжырым, болжамдарды теориялық түрде саралау – бүгінгі ғылым-білімнің абыройлы міндеті. Адамның эмоциясын жеткізудегі тілдің экспрессивтік қызметі ғалымдардың назарын көптен бері аударып келеді. Стилистиканың ғылым ретінде дамуына түрткі болған В.Гумбольдт, К.Фосслер зерттеулері дүниеге келген заманнан бері бұл бағытта көптеген еңбектер жазылды. Сол кезеңдегі тілдің эстетикалық табиғатын оның экспрессивтік қызметімен тығыз байланыста қараған тұжырымдар бүгінде дамытылып, стилистиканың экспрессивтік стилистика саласының арнайы қарастыратын мəселелеріне айналды. Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының бүгінгі таңда өзекті мəселеге айналуына қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаны тануға деген ерекше ықыластың, осыған байланысты қоғамдық ғылымдардың дамуындағы жаңа гуманитарлық парадигманың қалыптасуы да ықпал етіп отыр. Бұл бағыттағы ғылыми-теориялық зерттеулер мен талдаулар психолингвистика, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, этнопсихология, жеке тұлѓаның лингвопсихологиясы, лингвокогнитивтік психология, лингвомəдениеттану мəселелерін анықтауға қажетті ақпараттарды береді. Экспрессивтік стилистиканы ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеудің перспективасы тілдегі дара стиль категориясын, көркем шығарма тілін, функционалды стилистика, стилистикалық ресурстар, ортология, сөз мəдениеті, т.б. мəселелерді əр қырынан жəне тереңірек зерттеуге ықпал етеді. Соны ізденістердің қатарында стилистика ғылыми пəнін жан-жақты зерттеп, терең игеруде оны прагматикалыќ аспектіде қарастырудың да қажеттілігіне, маңыздылығына айрықша мəн берілуде. Бұл жөнінде ғалым Д.Əлкебаева: ,,...прагматиканың «іс-əрекеті мен бітім, болмысын» айтушы мен тыңдаушының қарым-қатынасы арқылы тану стилистиканың жаңа бағытының пайда болуына негіз бола алады. Прагмастилистика - стилистика ғылымының жаңа бағыты. Кез келген айтылым адресаттарға (қабылдаушыларға) ақпарат берумен қатар, оның қабылдауына ықпал ететін тілдік бірліктерді таңдайды жəне оның реакциясын тудырады. Прагматика адамның белгілі жағдайда қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын қоса қарастырады. Адресант пен адресат арасындағы қарым-қатынас аясындағы тілдік бірліктердің ықпал ету жəне əсер ету мақсатынан пайда болған туынды мəтін прагмастилистика деп аталады» - дей келіп, стилистиканың жаңа бағытын сипаттай отырып, өзіндік ерекшелігін анықтайды. Тарихы көне дəуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп отырған, мемлекеттік мəртебесін алған тіліміздің тарихын тану, функционалды стильдердің əр дəуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дəлелдейді. Қазақ əдеби тілінің тарихымен байланысты М.Балақаев, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев, С.Исаев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде əдеби тілдің дєстүрлі нормаларының, ұлттық əдеби тілдің стильдік салалары мен тармақтарының, жанрларының
зерттелуі; Б.Əбілќасымовтың еңбектерінде қазіргі əдеби тіл нормаларының ескі қазақ жазба тілімен салыстырыла қарастырылуы; Р.Сыздық, Ќ.Өмірəлиев, Е.Жұбановтың əдеби тіл тарихын ауызша сөз өнерімен, əсіресе ақын-жыраулар поэзиясының сөзүлгілерімен байланысты қарайтын зерттеулері сөз мəдениетінің нормативті-функционалдық аспектісін эмпирикалық, теориялық материалдармен байыта түсті.
Стилистика тіл дамуының өткен кезеңдеріндегі ұжымдық тілдік норманы да, стиль түрлерінің қалыптасу жолдарын да зерттейді. Ол тек қандай да бір стильдің немесе тіл бірлігінің стильдік бояуының өзгеруін анықтауға тырысып қана қоймай, ең алдымен сол стилистикалық жүйенің тарихын, тілдің əр алуан стильдерінің пайда болуы мен дамуын, олардың өзара тарихи қарым-қатынастағы байланысын зерттейді. Ғылыми бағыттар ішінен ғалымдар диахрониялыќ тұрѓыдан белгілі бір тарихи кезеңдегі стильдердің дамуын зерттейтін тарихи стилистика мен түрлі жүйеге жататын тілдердегі стильдердің арақатынастарын зерттейтін салғастырмалы стилистиканы бөліп қарастырады. Көрнекті ғалым Г.О.Винокур «Тіл тарихының міндеттері» деген мақаласында стилистиканы нақты бір тілдің тарихын зерттейтін пəндер кешенінің қатарына қосу керектігін айтқан болатын. Тілдің ќұрылымын зерттейтін фонетика, грамматика, лексикология сияқты пəндерден айырмашылығы стилистика тілдің қолдануын зерттейтін пəн болуында. Сондықтан нақты бір тілдің тарихын сипаттау «өзінің мəңгілік қалыптасуындағы тіл механизмінің бейнесін» ғана емес, қауымның осы механизмдерді түрлі мақсаттары үшін пайдалануына көмектесетін əдіс-тəсілдерді қамтығанда ғана толық əрі жан-жаќты болады деп пайымдайды.
Тарихи стилистиканың шешімін табуды қажет ететін негізгі мəселесі лингвистикалық стилистиканың тарихи тұрғыдан жіті қарастырылмауынан туындайтын тəрізді. Бұл өте күрделі мəселе, өйткені тіл стилистикасы тіл тарихының өзге салалары сияқты тіл бірліктерін зерттейді, бірақ оны өзгеше көзқарас тұрғысынан қарастырады. К.А.Долининнің пікірінше, ол тіл бірліктерінің инварианттық стилистикалық мағыналарын анықтайды. Тілді пайдаланудың түрлі əдістерінің өзіндік тарихы болады жəне дыбыстардың, грамматикалық формалардың, лексиканың даму өрдісі тəрізді оның да қызмет ету аясы кеңейіп, өзгеріп отырады. Тілді пайдаланудың амал-əдістері тілдің тарихи стилистика пəнін қалыптастырады. Мұндай жағдайда зерттеушінің міндеті сөйлеушінің тілдік амалдарды таңдауына талдау жасау жəне коммуникация өрдісі қайткенде аса тиімді жəне коммуникативтік жағдаятқа адекватты болатынын анықтау болып табылады.
Тілдің тарихи стилистикасының тағы бір маңызды мəселесі, біздің ойымызша, норма ұғымымен байланысты. Кез келген тілдік фактіні нормативті қолдану хабардың жеке тұлғаға, сөйлеушінің интенциясы мен коммуникативтік актінің жағдайына байланысты қалай өзгеретінін бақылауға мүмкіндік беретін бағыт-бағдар ретінде қызмет етеді. Нормативті қолдану бағалауыштық пайымдауды да, экспрессивті реакцияны да тудырмайтын нақты түсінікпен сипатталады.
Тарихи стилистика, біздің пайымдауымызша, біріншіден, бір стилистикалық амал-тəсілдер жүйесінің өзге тілдермен ортақтығын немесе ауысуын тұтастай алып қарастыруды, екіншіден, стильдер мен жанрлардың тарихын, үшіншіден тарихи поэтиканы, төртіншіден, мəтін стилистикасын статикалық жəне динамикалық тұрғысынан қарастыруды қамтуы керек. Қатысымдық əрекеттегі қатынасушылардың қызметіне қарай М.Серѓалиев, Д.Əлкебаева сынды ғалымдар стилистиканың тың бағыттарының қатарына автор мен қабылдаушының арасындағы кодтау жəне декодтау стилистикасы да жататындығын айтады. Ғалымдардың пайымдауынша, кодтау стилистикасы – тілді айтушы не жазушының стилистикасы. Бұл туынды авторының шығармашылық стиліне баса көңіл аударуды қажет етеді. Ал декодтау стилистикасы – қабылдаушының (тыңдарманның, оқырманның) стилистикасы. Декодтау стилистикасы мəтінді түсіндірудің теориялық базасы болып табылады. Шығарманың контексіндегі коннотациялық мағынаға баса назар аудару, тілдік бірліктердің көркемдік ерекшелігін көрсету мəселесі т.б. қарастырылады.
Сөйтіп, стилистиканы ғылым саласы ретінде қалыптастыруда В.В.Виноградов бастаған бірқатар зерттеушілердің ғылыми таным-тұжырымдары негіз болды. Өткен ғасырдың 60-жылдарында іргесі қаланған лингвистикалық стилистиканың қазіргі таңда қызмет ету аясы кеңейіп, өзіндік ұѓым-категориялары айқындалып, жаңаша бағытта қарастырылып отырғандығы – тіл білімі дамуының заңды нəтижесі. Қазіргі таңда стилистиканың қолданыс аясы біртұтас күрделі нысандарды зерттеуге, оның түрлері мен жаңа бағыттарының қалыптасуына үлкен ықпал етуде.
Стилистикалық коннотация. Лингвистикада жиі қолданылатын келесі әмбебап құбылыс – коннотация. Коннотация ұғымының жан-жақты мәнін ескере келіп, Г.В.Колшанский, М.Н.Кожинаның ізімен біз де жұмысымызда осы ұғымды басшылыққа аламыз. Оған коннотация ұғымының мынадай ерекшелігі негіз болады: 1) оның деривативті мүмкіншілігі кең; 2) М.Н.Кожинаның ескертуі бойынша, коннотация термині «стилистикалық мағына», «стилистикалық бояу» ұғымдарына қарағанда жалпы және олардың барлығын жинақтап атайды.
Тілдегі коннотация құбылысын зерттеу тіл туралы ғылымның басым бағыты екені анық. Бұлай деуге М.Н.Кожинаның мына пікірі негіз болады: «Если традиционное – а в общем-то и современное языкознание – было сосредоточено на изучении денотативной (в широком смысле), чисто логико – понятийной сферы языка (правда, с неизбежными, но побочными выходами в область коннотации), то теперь пришла пора специального изучения этой коннотативтной сферы посвсему «разрезу» языковых уровней». Демек, тілдегі коннотация құбылысы тек лексикаға қатысты ғана емес, тілдік жүйенің барлық деңгейлерінде қарастырылуы тиіс маңызды мәселе болып табылады. Көптеген коннотациялардың мәні коммуникацияның экспрессивті формасынан ажыратылмайды – коннотация тілдегі экспрессиялық нұсқаны жүзеге асырушы құрал болып табылады. Коннотацияның ғылымда белгілі мынадай түрлерін көрсетуге болады: бағалау коннотациясы (тілдік бірліктердің экспрессивті-стилистикалық мағынадағы кең тараған типі және құрылымы); пейоративті (стилистикалық боялған бірліктердің параллель қолданылып, сөйлеудің экспрессивтілігін күшейту және қоюландыру тәсілі арқылы жасалған коннотация); бейнелік коннотация (семантикалық екі қырлы болады, яғни абстракті бейнені сезімдік-көрнекілік фонда көрсету және айқын коннотациялар арқылы нақты-бейнелік, сезімдік көріністерді белгілеу); функционалды коннотациялар (функционалды-стилистикалық коннотациялар, тіл бірліктері мен формаларын белгілі бір қоғамдық-сөйлеу тәжірибесінде қолдану нәтижесінде пайда болады); ұлттық-мәдени коннотациялар (ұлттық өзіндік құбылыстарды, халықтың рухани және материалды өміріндегі құбылыстарды бейнелейді) т.б. түрлері бары белгілі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б., Новое в зарубежной лингвистике. Лингвостилистика, М., 1980
2. Серғалиев М., Синтаксис және стилистика, А., 1997
3. Лингвистикалық стилистиканың түрлері мен бағыттары // ҚазМУ Хабаршысы. Филология сериясы, 1999, ғ31
4. Степанов Ю.С., Французская стилистика, М., 2003. Қазақ энциклопедиясы
5. Əлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы (Оқу құралы). –Алматы,
2007.
6. Уəли Н. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері: ф.ғ.д. ғылыми дəрежесін алу үшін дайынд. дисс. автореф-ты. –Алматы, 2007.
