Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗАН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.73 Кб
Скачать

1.Шаруашылық шарттарды жасасу,өзгерту және бұзу тәртібі.

Шарттарға отыру, өзгерту не бұзу кезiнде туындайтын келiспеушiлiктердi реттеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi кәсiпорындар үшiн мiндеттi ережелерде қамтылмаған болса, ондай жағдайларда келiспеушiлiктер осы Ереженiң аталған бөлiмiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмде реттелуге тиiс.Шарттарға отыру, өзгерту мен бұзу кезiнде кәсiпорындар арасында пайда болатын келiспеушiлiктердi кәсiпорын басшылары не олардың орынбасарлары иә болмаса сенiм бiлдiрген адамдары қарайды.Шарттың жобасын алған кәсiпорынның шарт талаптары бойынша қарсылығы болса, келiспеу хаттамасын түзiп, ол жөнiнде шартта ескерту жасап, қол қойылған шартты екi дана келiспеушiлiк хаттамасымен бiрге 10 күндiк мерзiмде екiншi тарапқа жiберiледi.Келiспеушiлiк хаттамасын алған кәсiпорын 10 күн iшiнде оны қарауға (қажет болған жағдайда екiншi тараппен бiрге), шартқа барлық қабылданған ұсыныстарды, реттелмей қалған келiспеушiлiктердi енгiзiп, осы мерзiм шегiнде төрелiк соттың немесе егер шарт тараптарға мiндеттi актiге негiзделсе, даулы iстi қарай алатын басқа органдардың қарауына беруге мiндеттi. Қалған жағдайлар да тараптардың келiсiмi бойынша. Мемлекеттiк контрактiге негiзделген шарт бойынша келiспеушiлiк хаттамасын алған жағдайда, немесе дауды төрелiк сотта иә болмаса басқа органдарда қарау туралы тараптардың келiсiмi болған жағдайда, кәсiпорындар реттелмей қалған келiспеушiлiктердi төрелiк сот немесе осы даулы iстi қарай алатын басқа органдардың қарауына жiбермесе, екiншi тараптың шарт бойынша ұсынысы қабылданды деп есептеледi.Шартты өзгерту немесе бұзу қажет деп есептеген кәсiпорын бұл туралы келесi тарапқа шарт бойынша ұсынысын жолдайды. Шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныс алған кәсiпорын ұсынысты алғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей жауабын беруi керек. Шартты өзгерту немесе бұзу туралы келiсiмге келе алмаған кәсiпорындар, сондай-ақ жауап ала алмаған жағдайда олардың арасындағы дау мүдделi тараптардың арызы бойынша төрелiк сотта немесе осы дау ведомстволық жағынан бағынышты басқа органдарда шешiледi. Кәсiпорын екiншi тарапқа белгiленген тәртiппен шарт жасасу туралы ұсыныс (оның жобасын қоса салады) жiберуге мiндеттi болып, бiрақ бұл мiндеттi орындамаған жағдайда мүдделi тарап оларға жоба қолға тиюге тиiс күннен бастап 10 күн мерзiм iшiнде шарт жасасу туралы талап қояды. Осындай талапқа жауап оны алғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс. Белгiленген мерзiмде жауап алынбаса, сондай-ақ қолдау таппаған жауап алғанда, мүдделi тарап 10күн мерзiмнен кешiктiрмей төрелiк сотқа немесе осы даулы тиiстi шеше алатын басқа органдарға iздеу салуға хұқылы.

2.Шарттарды жіктеу.

Шарттың жіктелуі

Шарттарды жіктеудің маңызы өте зор. Шарттың дұрыс анықталуы тараптардың мүдделерін қорғауға септігін тигізеді. Шарттар жасалу уақытына байланысты (күшіне енуі) және консенсуалды болып екіге бөлінеді.

Консенсуалды шарт

Консенсуалды шарт бойынша шарт жасаушы жақтардың келісімге келуі бұл шарттың жасалғандығын білдіреді және сол сәттен бастап күшіне енеді. (Мысалы, сату және сатып алу, мүлікті жалға алу, т.б.)

Реалды шарт

Реалды шарт бойынша шартты жасасудың негізі—мүлікті немесе затты беру. Яғни, зат берілген уақыттан бастап шарт жасалынды есептеледі. (Мысалы, несие шарты.)

Жеткізіп беру шарты — бұл консенсуалды мәміле, құқықтық міндеттердің пайда болу сөті тараптардың келісімімен анықталады. Бұл жерде бір келісімге келу жеткілікті, мәселен, мүдделі тараптар келіскен мерзімде шарт бұзылса, екінші тарап одан шарттың дұрыс орындалуын, шығындардың орнын толтыруды, айыппұлды үстемелеуді жене т.б. талап етуге қуқылы.

Несие шарты— бұл реалды шарт, құқықтар мен міндеттер несие алушының ақша қаражатын алғаннан бастап пайда болады.

Шарттарды ақылы және ақысыз деп екіге бөліп қаруға болады. Ақылы шарттың өзінің атынан көрініп тұрғандай, шарт бойынша өзінің міндетін атқарған жақ тиісті ақысын алуы қажет. Белгілі бір қызмет көрсеткен адам сол көрсеткен қызметінің ақысын алады. Ал егер бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе бірдеңе бермей затты ұсынуды міндетіне алған болса, онда мұндай шарт ақысыз иіарт болып есептеледі. Оған біреуге бір нәрсені сыйға беруді, т.б. жатқызуға болады. Шарттарды сонымен қатар, бір жақты міндеттеуші және өзара келісілген деп жіктеуге болады. Шарттардың басым көпшілігі өзара келісілген, яғни құқықтар мен міндеттер екі жақта да бірдей.Мәселен, сатып алу — сату шарты бойынша сатушы сатылған тауарды беруге міндетті және оның ақысын талап етуге құқылы, екінші тарап — сатып алушы тауарды талап етуге құқылы және оны қабылдап ақысын төлеуге міндетті. Көріп отырғанымыздай екі тарапта да қуқықтар мен міндеттер бар, яғни сатушы мен сатып алушының арасындағы шарт өзара келісімді. Сыйға беру шарты керісінше, бір жақты міндеттеуші шарт. Сыйға алушының ешқандай міндеті жоқ, тек қуқықтарға ие және сыйды қабылдау немесе қабылдамауды өзі шешеді.

Жария шарт

Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шартты жария шарт деп атайды. Бұл шарт, негізінен, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсету, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, т.б. салаларда қолданылады. Коммерциялық ұйымдардың шарт жасау немесе жария шартын жасау барысында бір тарапқа көмек көрсетуден бас тартып, екінші бір тарапқа жеңілдік беруге құқығы жоқ. Жария шартының талаптары барлық, тұтынушыларға бірдей қойылады. Яғни, жария шартын жасауға ниет білдіргендердің барлығы тең болуы тиіс.

Сенімхат — бір тулғаның (сенім білдіруші) екінші тұлғаға (сенім білдірген) өзінің атынан жазбаша өкілеттік беруі.

Сенімхаттың мынадай түрлері болады: негізгі, арнайы және бір мезгілді. Шекті мерзімі — 3 жыл. Егер сенімхатта жнрамды мерзімі көрсетілмесе, онда ол берілген күннен бастап 1 жыл бойына жарамды болып есептеледі, ал егер сенміхатта берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады.Сонымен, мәміле дегеніміз — тараптардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекеттері. Екі жақты немесе көп жақты жасалған мәміле шарт деп аталады.Шарттың барлық тараптары шартты жасауға немесе жасамауға шарттың мен жайларын анықтауға ерікті. Бұл шарт жасау еркіндігі деп аталады.

3.Шарт мерзімін жалғастыру.

36-бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап

1. Еңбек шартында қызметкердің тапсыры­латын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіле­н­уі мүмкін. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабыл­данды деп есептеледі.

2. Сынақ мерзімі еңбек шарты күшіне енген кезден басталады.

 3. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкерлерге осы Кодекстің нормалары, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптары қолданылады.

4. Сынақ мерзімі қызметкердің жұмыс стажына қосылады және үш айдан аспауға тиіс. Қызметкер жұмыста іс жүзінде болмаған кезең сынақ мерзіміне есептелмейді.

5. Жұмысқа қабылдау кезінде:

тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойын­ша жұмысқа қабылданатын адамдарға;

орта және жоғары кәсіптік білім беру меке­мелерін бітірген және алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға;

мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді.

37-бап. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ нәтижесі

1. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкердің жұмысы теріс нәтиже берсе, жұмыс беруші сы­нақ мерзімі аяқталуына күнтізбелік жеті күн қал­ғаннан бастап қызметкерге жазбаша түрде ес­кертіп, бұл қызметкерді сынақ мерзімінен өте ал­мады деп тануға негіз болған себептерді көрсете отырып, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.

2. Егер сынақ мерзімі аяқталса және тарап­тардың ешқайсысы еңбек шартының бұзылуын талап етпесе, онда қызметкер сынақтан өткен болып есептеледі.

3. Жұмыс беруші сынақ мерзімі аяқталғанға дейін қызметкерді одан жоғары лауазымға тағайындаған жағдайда да қызметкер сынақтан өткен болып есептеледі.

38-бап. Еңбек шарты қолданылуының басталуы

1. Еңбек шартының қолданылуы оған тарап­тардың қолы қойылған күннен не шартта белгіленген күннен басталады.

2. Қызметкерді жұмысқа нақты жіберу еңбек шартына тараптардың қолы қойылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

3. Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті үлгіде ресімдел­меген жағдайда, ол Қазақстан Республикасы заң­дарында белгіленген тәртіппен жауапты­лықта бо­лады. Бұл жағдайда еңбек қатынас­тары қыз­меткер жұмысқа кіріскен күннен бастап туын­дады деп есептеледі.

39-бап. Еңбек шартының жарамсыздығы

1.Еңбек шарты:

1) алдау, күш көрсету, қауіп төндіру арқылы ықпал етіп;

2) нақты немесе заңды салдар туғызу ниетінсіз (жалған еңбек шарты);

3) әрекетке қабілетсіз деп танылған адаммен;

4) осы Кодекстің 30-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспаған­да, он төрт жасқа толмаған адаммен;

5) ата-анасының біреуінің, қамқоршысының, асырап алушысының келісімінсіз, он алты жасқа толмаған адаммен жасалған жағдайларда, сот оны жарамсыз деп таниды.

2. Еңбек шартының жұмыс берушінің кінәсі­н­ен жарамсыз деп танылуы бұрынғы қызмет­кер­дің еңбегіне ақы алу, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемін, өзге де төлемдер мен жеңіл­діктер алу құқығынан айрылуына әкеп соқпайды.

3. Еңбек шартының жұмыс берушінің немесе қызметкердің кінәсінен жарамсыз деп танылуы олардың Қазақстан Республикасының заңдары­на сәйкес жауаптылығына әкеп соғады.

4. Еңбек шартының жекелеген талапта­рының жарамсыз деп танылуы еңбек шартының тұтастай жарамсыздығына әкеп соқпайды.

40-бап. Еңбек шартында келісілмеген жұмысты орындауға тыйым салу

Осы Кодексте және Қазақстан Республика­сының заңдарында көзделген жағдайларды қос­пағанда, жұмыс беруші қызметкерден еңбек шар­тында келісілмеген жұмысты орындауды та­лап етуге құқылы емес.

51-бап. Еңбек шартын тоқтату негіздері

Мыналар:

1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;

2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;

3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;

4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;

5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;

6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызмет­кер­дің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауы­суы не­месе еңбек қатынастарын жалғастыру мүм­кін­дігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;

8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы;

9) жұмыс берушінің атқарушы органы бас­шысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.

52-бап. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу

1.Еңбек шарты тараптардың келісімі бойын­ша бұзылуы мүмкін.

2. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға тілек білдіруші еңбек шартының бір тарапы екінші тарапына хабарлама жібереді. Хабарлама алған тарап үш жұмыс күні ішінде екінші тарапқа қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

3.Тараптардың келісімі бойынша еңбек шар­тының бұзылу күні қызметкер мен жұмыс беру­шінің арасындағы келісу бойынша айқындалады.

4.Еңбек шартында қызметкермен келісім бойынша, жұмыс берушінің қызметкерге бір жыл­ғы орташа жалақысынан кем емес мөлшер­де өтемақы төлей отырып, осы баптың 2-тар­мағында белгіленген талаптарды сақтамай-ақ еңбек шартын бұзу құқығы көзделеді.

53-бап. Мерзімінің аяқталуына байланысты еңбек шартын тоқтату

1.Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шар­ты, мерзімінің аяқталуына байланысты тоқта­тылады.

2.Еңбек шартында келісілген мерзімге сәйкес, қызметкердің соңғы жұмыс күні белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады.

3.Жұмыстың аяқталған күні белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады.

4.Жұмыс орны (лауазымы) сақталған қыз­мет­кердің жұмысқа шыққан күні уақытша бол­маған қызметкердің орнын ауыстыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады.

5.Егер еңбек шартының мерзімі аяқтал­ғанда еңбек қатынастары іс жүзінде жалғасып, тарап­тардың ешқайсысы оның тоқтатылуын талап етпесе, шарттың қолданылуы белгілен­беген мерзімге ұзартылды деп есептеледі.

4.Шаруашылық шарттарды тиісінше орындамау,ол үшін тараптардын жауапкершілігін.

Қазiргi уақытта республикада қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн және тұтынушылардың құқықтарына нұқсан келтiретiн толып жатқан ведомстволық актiлер бар. Тiкелей қолданылатын заң болып табылатын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау, шарттың ережелерiн күштеп тануға жол бермеу, сол сияқты шаруашылық жүргiзушi монополист-субъектiлердiң өнiмдерiн (жұмысын, қызметiн) сатудан негiзсiз қосымша табыс алынуына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қыркүйектегi N 999 P940999_ қаулысының 4-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi: Шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлердiң Мемлекеттiк тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасы табиғи монополияларының Мемлекеттiк тiзбесiне кiргiзiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлер шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен шарттар жасасқан кезде өнiмдер, жұмыстар (қызмет көрсету) үшiн уақтылы төленбеген сомалар бойынша тараптардың жауапкершiлiгi тұрғысынан алғанда орындалмаған не ойдағыдай орындалмаған мiндеттеменiң сомасына әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн төлемнiң (айыппұлдың, өсiмнiң) мөлшерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi аталған сомаларды төлеу күнi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есе шамасынан артық өндiрiп алуға құқығы жоқ деп белгiленсiн.Шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен шарттар жасасу кезiнде тараптардың келiсiмдi мiндеттемелерiн орындау үшiн өзара жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында ол шарттарға келiсiмнiң ережелерiн орындамағаны үшiн айыппұл санкцияларын көздейтiн тармақтар мiндеттi түрде кiргiзiлсiн, олардың мөлшерi мынадай:

- есеп-қисап аспабынан тысқары берiлетiн жұмыс (қызмет) үшiн: жұмыс (қызмет) берiлмеген әрбiр толық және толық емес күн үшiн жұмыстың (қызметтiң) құнының есептеулi күнтәулiктiк құнынан 1,5 есе кем емес мөлшерде;

- есеп-қисап аспабы бойынша берiлетiн жұмыс (қызмет) үшiн шарттың ережелерiнде көзделiп берiлмеген жұмыстың (қызметтiң) есептеулi құнынан 1,5 есе кем емес мөлшерде.

Тұтынушы тұтынудың кестесi мен мөлшерiн орындау жөнiндегi шарт ережелерiн орындамағаны үшiн айыппұл салу тек мына жағдайда ғана - Шартты әзiрлеу кезiнде жұмыс (қызмет) тұтынудың (жөнелтудiң) кестесi мен аталған айыппұлды өндiрiп алудың тәртiбi бiр мезгiлде ескерiлгенде - қолданылады. Шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлердiң Мемлекеттiк тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасы табиғи монополияларының Мемлекеттiк тiзбесiне кiргiзiлген шаруашылық жүргiзушi монополистерге бұрын жасасылған шарттарды осы қаулыға сәйкес келтiру мiндеттелсiн.Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттер шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлердiң осы қаулыға сәйкес өнiмдер сату мен жұмыс (қызмет) атқару жөнiнде шарттар әзiрлеуiне бақылау орнатсын. Осы қаулының қабылдануына байланысты шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлер келiсiмдi мiндеттемелерiн орындамаған немесе ойдағыдай орындамаған жағдайда төлем (айыппұл, өсiм) өндiрiп алу мәселесi туралы министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың және басқа мемлекеттiк басқару органдарының, сондай-ақ меншiктiң барлық нысандарындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер басқару органдарының шешiмдерi барлық нормативтiк актiлерi күшiн жояды.

5.Кінәрат жұмысының маңызы мен түсінігі.

Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің 6 және 7 тараулары

1. Заңдылық фактісінің түсінігі. Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын тудырмайды.Азаматтық кодексте сату-сатып алу, жалдау, мұра қалдыру жәнеЗаңдылық оқиғалар. Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде Заңдылық оқиғалар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді.Абсолюттік Азаматтық құқық қатынастарының тууы, өзгертілуі және тоқтатылуы олардың Мерзімдер өзінің тууына байланысты ерікті болып табылады.

2. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері:

Азаматтық құқықты жүзеге асыру немесе қорғау уақыт факторымен;

Әдебиетте мерзімді оқиға деп аталатын, яғни адамдардың еркінен;

«Мерзім» ұғымының екі мағынасы бар: белгілі мерзім немесе мерзімдер азаматтық айналымды реттейді, шарттардың орындалуына ықпал етеді.

Мерзімді есептеу тәртібі.

172-бап. Мерзімді белгілеу:

1. Заңдармен, мәмілемен белгіленген не сот тағайындайтын мерзім

2. Мерзім жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе

Егер мерзім кезеңмен белгіленсе, құқықты жүзеге асыру мен

Сөзсіз болуға тиісті оқиғаның салдары мерзімді белгілеуді талап

Күнтізбелік күнмен көрсетілген мерзімді қолдану соншалықты қиындық туғызбайды,

Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталу:

1) жылдармен есептелетін мерзім — мерзімнің соңғы жылының

2) жыл тоқсандарымен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің

3) айлармен есептелетін мерзім — мерзімнің соңғы айының

Жарты аймен белгіленетін мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде

4) апталармен есептелетін мерзім — мерзімнің соңғы аптасының

Кейде айдың аяқталуы әртүрлі келеді, мәселен, бір жылы егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура мерзімнің бітуімен белгілі бір дәрежеде заңдық салдарға байланысты.Мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейінгі поштаға.

3. Мерзімнің түрлері. Азаматтық құқықтық мерзімдерді әртүрлі негіздер

а) нормативтік;

ә) Шарттық (жақтардың келісімімен айқындалады, мысалы, 277-бап);

б) соттық (сот шешімімен қаралады).

Мерзімдер өзінің құқықтық табиғатына орай мынадай түрлерге бөлінеді:

1) азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі;

2) субьективті құқықты жүзеге асыру мерзімі;

3) үзіп тастау мерзімі;

4) кепілдік мерзімдер;

5) кінәрат қоятын мерзімдер;

6) азаматтық-құқықтық міндеттерді орындайтын мерзімдер;

7) азаматтық құқықтарды қорғайтын мерзімдер.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі дегеніміз уәкілетті тұлғаның

Субъективті құқықты жүзеге асыру мерзімі заңмен тағайындалады. Мысалы,

Үзіп тастау мерзімі жоғарыда аталған мерзімдерден ерекшеленеді, өйткені,

Кепілдік мерзім дегеніміз — сатып алушының ұзақ уақыт

Кінәрат мерзімі субьективті құқығын бұзған тұлға үшін заңмен

Міндеттемелерді орындау мерзімдері шартта екі жақтың келісімімен

3. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және азаматтық құқықтарды мерзімдерді олардың тағайындалуына байланысты.Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі дегеніміз –Тыйым салу мерзімі азаматтық құқықты жүзеге асырудың ішіндегі

4. Талап қою мерзімі

Талап қою мерзімі — адам құқығының немесе заңмен

Талап қою мерзімін қолдану өте қажет, бұған бірсыпыра

Талап қоюды реттеу нормалары өктем (императивті) сипатта болады.

2. Талап қою мерзімі қолданылмайтын талаптар. Талап қою

Жоғарыда айтқанымыздай, талаптардың тізбесі үлгі ретінде келтіріліп отыр.

3. Талап қою мерзімінің есептелуі.

Талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы

4. Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, үзіліс

Айталық, заңда көрсетілген белгілі бір жағдайға сәйкес талап

1)егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда

2)міндеттемелердің бұл түрін орындау Қазақстан Республикасы Президентінің

3)егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген

4)егер әрекет қабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі

5) иісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты

Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру.Аталған жағдайлардың кез келген талап мерзімі соңғы алты тоқтата тұруға әкеліп соқтырған мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап жақтардың белгілі бір жасаған әрекеттері талап қою мерзімініңерекше жағдайларда талап қоюдың өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіреді.

5. Талап қою мерзімі біткеннен кейінгі салдар.

Азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттігі туындауы

Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі.Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтарды құқық қабілеттілігі заңда құқық қабілеттілігінің бастатлуы үшін уақыттың анау айтарлық маңызы.Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді.

6.Кінәратты қарастыру мерзімі мен тәртібі.