- •1 Су тазарту ғимараттар құрамы
- •1.1 Су тазарту станциясының биіктік схемасын құрастыру
- •1.2 Табиғи суларды тазартудың технологиялық сұлбалары
- •2 Тазарту станциясының негізгі ғимараттарының сипаттамасы
- •2.1 Араластырғыш
- •Сурет 2 тік құйын тәрізді араластырғыштың схемасы
- •2.2 Реагенттер туралы жалпы мәліметтер
- •2.2.1 Реагенттердің ерітіндісін дайындауға арналған қондырғылар
- •Сурет 3. Коагулянтты сұйық күйде сақтау схемасы
- •2.2.2 Әк сүтін дайындайтын қондырғылар
- •2.2.3 Реагенттер қоймасы
- •2.2.4 Реагенттердің ерітіндісін мөлшерлеу
- •3 Қалқыма тұнбалы мөлдірлеткіш
- •Сурет 4 Коридорлы мөлдіреткіштер
- •Сурет 4 Жедел сүзгі
- •5 Суды зарарсыздандыруға арналған жабдықтарды есептеу және таңдау
- •Сурет 5 лонии-100 хлораторы
- •6 Зертханалар мен басқа да қосымша бөлмелердің тізімін келтіру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
1 Су тазарту ғимараттар құрамы
Су тазарту ғимараттар құрамын табиғи судың сапасына және тұтынушылардың тазаланған судың сапасына қойған талабына байланысты белгілейді. Шаруашылық ауыз су жүйелерінде суды тазалауға арналған ғимараттар санитарлық нормаларға сәйкес судың сапасы қамтамасыз ету керек. Бұл жағдайда су тазалау процесіне мынадай операциялар кіреді:
суда бар қалқыма заттарды коагуляндыру үшін суды реагенттердің ерітіндісімен өңдеу (көбінесе алюминийдің сульфатымен, хлорлы темірмен және темір купоросымен); ал коагуляция процесіне кедергі ететін табиғи судың сілтілігі төмен мағынасында суға әк немесе соданы қосып сілтілігін жоғарылату керек;
реагентті тазаланатын сумен араластыру, оны 1 – 2 минут аралығында араластырғыштарда жасайды;
коагулянттың жапалағы пайда болуына жағдай жасау, бұл процесс жапалақ пайда болатын камерада 6 – 30 минут аралығында (камераның түріне байланысты) өтеді;
қалқыма заттар мен жартылай бактерияларды тұндыру жолымен суды мөлдірлету; суды мөлдірлету процесі тік және көлденең тұндырғыштарда немесе суды қалқыма тұнбада өткізу принципіне негізделген мөлдіреткіштерде өтеді;
суды аяғына дейін мөлдірлету және бактерияларды ұстап қалу үшін сүзгілерде сүзу процесі;
судағы бактерияларды толық жою үшін суды хлорлау немесе озондаумен зарарсыздандыру, ол үшін арнайы аспаптар хлоратор немесе озонаторлар қолданылады;
сүзілген суға аммонизаторлар арқылы аммиак қосу; оны суда хлорфенолдық иіс пен дәм барда қолданады, ал гидробиологиялық факторлармен пайда болған дәм мен иісті ұнтақты активтік көмір қоспасымен кетірген жөн.
Қорытындысына келгенде, су тазарту станциясы бір – бірімен байланысты ғимараттардың жүйесі деп саналады.
Су тазарту станциясы тәулік бойынша біркелкі жұмыс істеуіне есептеледі.
1.1 Су тазарту станциясының биіктік схемасын құрастыру
Тазартқыш ғимараттармен судың өз бетімен жүретін схемаларында құрылысқа кететін қаржыны азайту үшін жердің бедерін лайықты пайдалану керек. Сонда кейбір ғимараттардың жер астындағы тереңдігі азаяды, оған байланысты жер қазу жұмыстарының көлемі де азаяды және ғимараттардың ірге тасын құруға арналған қаржы да төмендейді.
Сол үшін тазартқыш ғимараттарды жобалауды алдын ала су тазарту станцияның биіктік схемасын құрады. Биіктік схеманы ғимараттардың құрамын белгіленгеннен кейін жасап, сосын олардың есебіне кейін кейбір жерлері анықталады.
Биіктік схеманы құру таза су резервуарынан басталады. Бұл резервуардағы судың деңгейінің белгісін соның жанындағы жердің белгісінен 0,3-0,5 м-ден жоғарырақ аламыз. Содан кейін резервуардың алдындағы сүзгідегі немесе басқа ғимараттардағы судың деңгейін табу үшін СНиП-тен алынған ғимараттардағы және құбырлардағы арынның шығымын нысана мағынасына қосамыз, сөйтіп әрі қарай жүре береміз. Арынның шығыны ғимараттардағы деңгейлердің есептелген құламасын көрсетеді.
Ғимараттардың түбінің белгісін табу құрылыс алаңының бедеріне, гидрогеологиялық жағдайларға, топырақтың түріне жер астындағы судың деңгейіне және ғимараттардан тұнбалы, лас суды, оларды босату мәселелріне байланысты, ал таза су резервуардың түбінің белгісі – 2-ші көтеру станциясы сорғыштардың сору жағдайына байланысты.
Бұл схемалардың ең пайдалы шешімін табу үшін мына төменде айтылатын жағдайларды жасау керек:
1) суаттағы судың деңгейіне қарамай барлық ғимараттарды босатқанда тұнба мен судың өз бетімен ағатын жағдайын, жасау керек;
2) барлық ғимараттарды белгісі жер астындағы судың ең жоғары деңгейінен биік табиғи табанға салу керек;
3) құрылыс алаңында жер қазу жұмысын жүргізерде шұңқырлардың және үйіндінің көлемі шамамен алынғанда тең болуы жөн.
Биіктік схемады бұлармен бірге үйлердің еденімен шатырдың арқалығының белгілерін, сорғыштардың ось білігінің, реагенттік шаруашылықтағы бактердің және ауа сорғыштардың белгілерін көрсету керек.
Ғимараттармен оларды бір-бірімен қосатын құбырларда судың деңгейінің айырмашылығының мағыналарын есеппен анықтаған жөн, ал ғимараттарды алдын-ала биіктікорналасуына қажетті арынның шығының былай қабылдауға болады, м. /1/
Ғимараттарда
торлы барабан сүзгілерде (барабан торларда және микросүзгілерде)................................................................................0,4...0,6
кіретін (түйісу) камераларда.............................................................0,3...0,5
реагенттерді енгізетін құрылымда....................................................0,1...0,3
гидравликалық араластырғыштарда.................................................0,5...0,6
механикалық араластырғыштарда....................................................0,1...0,2
гидравликалық жапалақ пайда болатын камераларда....................0,4...0,5
механикалық жапалақ пайда болатын камераларда........................0,1...0,2
тұндырғыштарда.................................................................................0,7...0,8
қалқыма тұнбасы бар мөлдіреткіштерде..........................................0,7...0,8
жедел сүзгілерде....................................................................................3...3,5
түйіскен мөлдіреткіштерде және алдын ала сүзгілерде....................2...2,5
баяу сүзгілерде.......................................................................................1,5...2
Қосатын құбырларда
торлы барабан сүзгілерден немесе кіретін камералардан араластырғышқа дейін...............................................................................0,2
араластырғыштардан тұндырғыштарға, қалқыма тұнбасы бар мөлдіреткіштерге дейін......................................................................0,3...0,4
тұндырғыштардан, қалқыма тұнбасы бар мөлдіреткіштерден және алдын-ала сүзгілерден сүзгілерге дейін...........................................0,5...0,6
сүзгілерден немесе түйіскен мөлдіреткіштерден сүзілген су резервуарларына дейін..........................................................................0,5...1
