Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балалардағы бронх астма.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.66 Кб
Скачать

«Пикфлоуметрді қолдану»

1

Мақсаты: Пикфлоуметрдің нәтижелерің бақылау пациенттерде астматикалық ұстаманың пайда болуын уақытылы анықтауға болады.

Ал дәрігер тест нәтижелерін талдап аурудың қаншалықты сәтті қадағаланғанын және препараттардың жаңа түрлерін тағайындау немесе қабылдауын тоқтату туралы шешім қабылдауға мүмкіншілік береді.

2

Ем шараның барысы: Көрсеткішті ақырына дейін түсіріңіз. Көрсеткіш нольге дейін түсіріледі.

3

Орныңыздан тұрыңыз. Аузыңызды ашып терең тыныс алыңыз. Бір қолыңызға пикфлоуметрді алыңыз. Сандық шкалаға қолыңызды қоймаңыз.

4

Мундштукты тез және берік ерніңізбен бекітіңіз. Мундштукты тіліңізбен жабуға болмайды. Шамаңыз келгенше жылдам әрі терең тыныс шығарыңыз.

5

Көрсеткіш жоғары көтеріліп тоқтайды. Көрсеткішке тиіспеңіз. Көрсеткіштің тоқтаған саның белгілеңіз.

6

Көрсеткіштегі санды қағазға түсіріңіз немесе графикке белгілеңіз.

7

Осы қалыпты тағы екі рет қайталаңыз. Әрбір тыныс шығарудың алдында көрсеткішті төмен түсіріңіз. Әрбір өлшенген көрсеткішті тіркеп отырыңыз.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: ЛОР, стоматолог – инфекция ошағын санациялау үшін.  

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Педиатрдың қабылдауы.

2. Жалпы қан анализі (6 параметр ).

3. Пикфлоуметрия.

4. Сыртқы дем алу қыземтін өлшеу.

5. Аллерголог консультациясы.

6.  Спецификалық иммундық емдеумен (аллергендермен) спецификалық нақтамалау.  

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Кеуде клеткасының рентгенографиясы.

2. Бронхоскопия.

3. Бронхография.

4. Кеуде клеткасы ағзаларының компьютерлік томографиясы.

ЛАБОРАТОРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Лабораторлық зерттеулер:  - аздаған эозинофилия, қанда тромбоцитопения;

- лейкопения болуы мүмкін; - қақырық цитологиясы – аллергиялық қабынба:  эозинофил, лейкоциттер, сілемей, флора деңгейінің артуы; Бронх демікпесі туындауында бактериалды сенсибилизация мүмкіндігін ескеріп, бірқатар науқастарда   антибиотиктерге сезімталдықты ескеріп, себептік маңызды агенттерді анықтау қажет – қақырықтың бак. себіндісі – бактериалды флора; қан сарысуындағы жалпы Ig Е деңгейінің жоғарылауы.

Мейірбикелік араласу

Тыныс алу қызметі бұзылуының көріністері: демікпе, тұншығу, жөтел (құрғақ, қақырық бөлінуімен), кеуде сарайының ауруы, қан қақыру, өкпеден қан кету жағдайлары туралы түсінік. Науқас жағдайын бақылауды қамтамасыз ету;

1) Кеуде торының ауруы - көбінесе плевра қабатының қабынуында пайда болады.

Бұл жағдай: құрғақ плеврит, крупты пневмония, өкпе инфарктында, өкпенің обырында, кеуде торының жарақаттануында, пневмоторакс, қабырға сынғанда кездеседі. Кеуде торындағы аурулар терең және беткейлік болып екіге бөлінеді.

Беткейлік аурулар көбінесе қабырғалар сынғанда, қабырғааралық невролгия кезінде де кездесуі мүмкін. Терең аурулар плевралық аурулар деп те аталады. Плевралық аурулар: терең дем алғанда, жөтелгенде, физикалық күш түскенде пайда болады. Қабырғааралық невролгиялық ауруларына қарағанда, осы жерлерге пальпация жасағанда ауру болмайды. Кейде кеуде торында пайда болатын аурулар өте күшті, ұзақ жөтелуден де болуы мүмкін.

Кеудедегі ауырсыну пайда болғанда:

·Дәрігерге айту

·Науқасты тыныштандырып, ыңғайлы қалыпқа жатуға көмектесу

·Науқасқа үстірт демалуды тағайындаңыз

·Дәрігердің нұсқауы бойынша жөтелуге қарсы және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді беру

·Жөтелуді басу үшін кодеин 0,015 г, дионин 0,02 беру керек

·Ауырсынуды басу үшін диклофенак, пипольфен, баралгин егу керек.

2) Ентігу деп дем алу жиілігінің, ырғағының, тереңдігінің бұзылуын атаймыз.

Ентігудің 3 түрі бар:

- инспирациялық ентігу кезінде - дем алу, Бұл ауа жолында бөгде зат болғанда, дифтерия немесе көмей тұсында ісік болғанда кездеседі.

- экспирациялық ентігу кезінде - дем шығару, (демікпе, эмфизема, созылмалы бронхиттер).

- аралас ентігу кезінде - дем алу да, дем шығару да қиындайды. пневмония, пневмоторакс).

·Көмек: Науқасты төсекке отырғызып жатқызыңыз

·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз

·Палатада тыныштық орнатыңыз

·Науқасты тыныштандырыңыз

·Оттегін беріңіз: мұрын каттері мен аппарат Боброва арқылы

3) Демігу - бұл өте күшті ентігудің ең биік шыңы, бірден басталады. Ұстама түрінде жүретін ентігуді астма деп атайды.

Астманың бірнеше түрі бар:

А) өкпе ауруына байланысты дамитын демігу (бронхты демікпе)

Б) жүрек ауруына байланысты дамитын демігу (жүрек астмасы)

Бронх демікпесі экспирациялық ентігумен қатарласа көрінеді.

Бронх демікпесімен ауыратын пациентке аса назар аудару қажет, олардың бронхтары жиырылуынан тұншығуы мүмкін. Мұндай кезде пациент тұншығады, көгереді, жан ұшырып, өз күйін жеңілдетуге тырысады. Мейірбике алғашқы дәрігерге дейінгі жәрдемді көрсете отырып, пациенттің бас жағы көтерілген төсекке ыңғайлы етіп отырғызуы, палатаға таза ауа жіберуі, пациентті жауратып алмай, оттегін жұтқызуы тиіс. Кеуде қуысына қыша қою, сондай-ақ аяғын қыша ваннаға салу жақсы әсер етеді.

Дәрігер келгенше:

·Науқасты төсекке отырғызып жатқызыңыз

·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз

·Палатада тыныштық орнатыңыз

·Науқасты тыныштандырыңыз

·Оттегін беріңіз: мұрын каттері мен аппарат Боброва арқылы

·Егерде бронх демікпесі болса қалта ингаляторын қолданыңыз (алупент, сальбутамол, беротек)

·Келесі іс-әрекеттерді дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізіңіз: көк тамырға эуфиллин 2,4, преднизалон, дексаметазон т.б. дәрілерді енгізу керек.

4) Жөтелу - тыныс алу жолдарында секрет жиналғанда немесе тыныс алу жолдарына бөтен заттар түскенде пайда болады. Жөтелу құрғақ немесе қақырық бөлетін болып екіге бөлінеді.

Бірден басталаған ұстама тәріздес құрғақ жөтел тыныс алу жолдарына бөтен зат түскенде пайда болады.

Тыныс алу жолының жоғарғы бөліктерінің ауруларында (ларингит, трахеит) пайда болған жөтел өте дөрекі, үрген дауысқа ұқсас келеді (лающий).

Дауыс байланыстары қабынғанда жөтел дауысы жіңішкеленеді. Құрғақ жөтел көбінесе пневмония ауруының басында кездеседі.

-Дымқыл жөтел пневмония ауруының жазылу сатысында кездеседі.

-Таңертең пайда болатын жөтел созылмалы бронхит, бронхоэктазалық ауру, абсцесс және каверналық туберкулез кезінде мазалайды.

Көмек:

Құрғақ жөтел кезінде науқасқа оңқаны, қышаны, сілтілі ингаляцияларды және ыстық ішуді тағайындаймыз.

Ылғалды жөтел кезінде науқасқа қақырық жақсы бөлінетін қалыпқа жатқызу керек. (оны дренаж дейміз). Қақырықты жинауға науқасқа қалта түкіргішін беру және оны қолдану үйрету.

Қалта түкіргішін қолдану ережелері:

Көрсеткіштері:

·Тыныс алу мүшелерінің аурулары

·өкпе тберкулезі

·қақырықты әр түрлі зерттеулерге жинау

Материальды жабдықталуы: қалта түкіргіші, зарарсыздандырушы ерітінді.

Іс -әрекеттер кезектілігі:

1.Науқасқа қалта түкіргішін берер алдында оны қолдану ережелерін түсіндіру

2.Науқасқа таза құрғақ түкіргішті беру

3.Қақырықты зарарсыздандыру мақсатында оның ¼-не зарарсыздандырушы ерітіндіні қую.

4.Зарарсыздандырылған қақырықты канализацияға төгіп тастау керек, ал түберкулез ауруында – опилкаға араластырып, арнайы пеште жағып жіберу керек.

5.Қолданып болған соң, қалта түкіргішті зарарсыздандыру керек (60 мин).

6.Қалта түкіргішті ағын судың астында жуып, кептіріп сақтау.

5). Қақырық бұл жөтелгенде бөлінетін, тыныс алу жолдарының патологиялық секреті. Қақырықтың мөлшері әр ауруда әртүрлі болады. Катаралды бронхит және пневмониялық кейбір формасында тәулік бойында қақырық 1-2 рет ғана бөлінеді. Демікпе ұстамасы кезінде мөлдір, түссіз, шыны тәріздес, әрең бөлінетін қақырық бөлінеді. Қақырық көбінесе иіссіз болады. 

Цианоз - терілер мен кілегей қабаттардың көк түске боялуы. Ол акроционоз және диффузды цианоз болып екіге бөлінеді.