- •Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы
- •Тыныс алу жиілігінің адамның жасына сай өзгеруі
- •Тыныс ауасының құрамы
- •1 Саты: Интермиттирлеуші бд симптомдары:
- •2 Саты: Жеңіл перситирлеуші бд симптомдары:
- •4 Сатысы: ауыр персистирлеуші бд симптомдары:
- •«Пикфлоуметрді қолдану»
- •3. Оксигенотерапия туралы түсінік. Көрсеткіштері
1 Саты: Интермиттирлеуші бд симптомдары:
аптасына 1 реттен сирек пайда болады өршуі қысқа түнгі симптомдар айына 2 реттен жиі емес
2 Саты: Жеңіл перситирлеуші бд симптомдары:
аптасына 1 рет пайда болады, бірақ сирек күніне 1 реттен өршу физикалық белсенділікпен ұйқыға әсер етеді. түнгі симптомдар жиі айына 2 реттен
3 саты: Персистирлеуші БД орта дәрежелі ауырлықта симптомдары: күнделікті пайда болады өршу физикалық белсенділікпен ұйқыға әсер етеді. түнгі симптомдар аптасынан 1 реттен көп қысқа уақытты ингаляциялық бета 2-адреностимуляторларды күнделікті қолдану
4 Сатысы: ауыр персистирлеуші бд симптомдары:
күнделікті пайда болады ,өршуі жиі жиі түнгі симптомдар ,физикалық белсенділіктің шектелуі .
Этиологиясы:
А) Бейімдеуші факторлар:
1.Тұқымқуалаушылық;
2.Атопия;
3. Бронхтардыңгиперактивтілігі;
Тұқымқуалаушылық-бұл туралы ір түрлі түрі бар,бірақ нақты анықталмаған.Қазіргі кезде негізгі түрі полигендік тұқымқуалаушылық болып есептеледі.
Атопия-бұл аллергендерге ағзаның IgE-ні(иммуноглобулин Е)көп мөлшерде бөлу қасиеті.Және бұл науқас балалардың 70-80 %-ында диагностикаланады.
Бронхтардың жоғары реактивтілігі -бронх демікпесі бар науқастарда бронхтардың күшейтілген жауабы.
Б) Астма дамуына әкелетін факторлар:
-тұрмыстық аллергендер
-паразиттік аллерген,
- саңырауқұлақтық аллерген,
- тағамдық аллерген,
- дәрі-дәрмектер,
- химиялық заттар.
Тұрмыстық аллергендер- Тұрмыстық аллергендердің ішінде ең басты рөлді шаң кенелері алады.Кенедегі аллергендер терісінде сақталады.Кенелер кілемде,маталарда,төсек жаймаларда,үй аяқ-киімінде,плинтус астында,жұмсақ ойыншықтарда болады.Олар 22-26°C температурада өсіп өнеді.Аллергиялық тексерулер барысында бронхиалды астмамен ауыратын балалардың 73,5-91,0%ы осы кенелер түрлерінен болатындығы анықталған.Кенелер әсерінен болған астма күз-көктем айларында ,әсіресе түнде жағдайдың нашарлауымен сипатталады.Себебі:осы уақытта үйдегі шаң кенелер мөлшері де көп болады.
Паразиттік аллерген- негізгі көздері жүн, қауырсындар, қайызғақ, ұлы дәретті, сілекей түрлі жануарлар (мысықтар, иттер, шошқа, атжалмандар және басқа да кеміргіштердің, құстар, қоян, жылқы, қой, т.б.) және жәндіктер (болуы мүмкін тарақандар). Балалардағы астманы қоздыратын жиі фактор аквариумдағы балыққа(дафнииге) арналған құрғақ азық болып табылады.
Саңырауқұлақтық аллерген- зең және ашытқы саңырауқұлақтарынан балалардың 2/3бронх демікпесі шалдығады. Бронхиалды астма осы түрден пайда болған балаларды ауасы дұрыс желдетілмеген бөлмеде немесе ылғалды жерде ұстаса жағдайының нашарлауы байқалады.
Дәрі-дәрмектер:
Астмамен ауыратын балаларда аллергия туғызатын дәрілік препараттардың әсерінен тұншығу ұстамалары болуы мүмкін.Олардың ішіне:пенициллин тобының антибиотиктері, сульфаниламидтер, витаминдер, аспирин және басқа да қабынуға қарсы препараттар жатады.
Химиялық заттар:
Аллергия туғызатын химиялық заттар: хром, никель, марганец, формальдегид болып табылады.Атмосфераның техногенді әсерінен шаң-тозаңтың құрылымы өзгеріп отырады.
Астманың клиникалық белгілері:
1Құрғақ жөтел-жөтел көбіне түнгі уақытта болады.
2.Тыныс жетіспеушілік
3. Ысқырықты сырылдар,
4.Тыныс шығарудың қиындауы,
5. Қақырық тастау
Жөтел– түнгі уақытта басталып; кейін ұстамалыға айналады.
Қақырық тастау: тәңертенгі мезгілде, кілегейлі, кілегейлі-ірінді, ірінді, аз мөлшерде, қиын бөлінеді.
Ентігу ұсақ бронхтардың обструкциясы дамығанда пайда болады.
Балалардағы ерекшелігі:
Ерте жастағы балаларда ұстама көрінісі түнде және таңғы уақыттарда жөтелдің болуымен сипатталады.Бала осы жөтелден оянып кетеді.
Бронхолитиктер қайталана беретін бронхообструкция кезінде тиімді нәтиже береді.
Аллергиялық ринит және атопиялық дерматитпен қатар жүруі мүмкін.
Баланы қарағанда аускультативті белгілер болмауы да мүмкін.
Ұстама болмаған жағдайда сырылдар естілмейді.
Клиникалық классификациясы
Белгілері |
Өршу кезеңдерінің дәрежелері |
|||
Жеңіл |
Орташа ауыр |
Ауыр |
Өмірге қауіпті жағдай |
|
Физикалық белсенділік |
Сақталған |
Шектелген |
Төмен |
Сақталмаған |
Есі |
Анық, кейде қозу болады |
Қозу |
Қозу, қорқу |
Бұзылған, коматозды жағдай |
Сөйлеу қабілеті |
Сөйлемдермен жауап береді |
Қысқа сөйлемдер мен жауап береді |
Сөздермен жауап береді |
Сөйлемейді |
Экспираторлы ентігу |
Жүргенде |
Сөйлегенде |
Отырған кездеде, науқас мәжбүрлі жағдайда |
Тынысы жоқ |
ТАЖ (1 минутта) |
Тахипноэ 24 дейін |
Тахипноэ 30 дейін |
Тахипноэ 30 жиі |
Брадипноэ |
Қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы |
Қатыспайды |
Қатысады |
Айқын көрінеді |
Парадоксальды торакодиафрагмалды тыныс (іш қуысының алдыңғы қабырғасының ішке тартылуы) |
Өкпе аускультациясы |
Ысқырықты тыныс тыныс шығару сонында |
Ысқырықты тыныс тыныс шығаруда естіледі |
Ысқырықты тыныс тыныс алу да тыныс шығару фазаларында |
Тынысы жоқ
|
ЖСЖ (1 минутта) |
100- ге дейін |
100 – 120 |
120-дан жиі |
<55 |
Тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы % (ПСВ)(қалыпты жағдайдан) |
>80% |
60 – 80% |
< 60 % |
<33% |
Ауыр ұстама кезінде балада көрініс беретін белгілер:
Айқын ентігу-бала әзер сөйлейді,тамақ жей алмайды.
ТАЖ минутына 50 реттен көп-\5 жастан асқан балаларда минутына 40 тан көп\
ЖСЖ минутына 140 реттен көп-\5 жастан асқан балаларда 120 реттен көп.
Парадоксальды пульс
Тыныс алғанда қосымша бұлшық еттердің жұмысқа кірісуі.Балаларда ол тыныс алғанда мұрын қанатшаларының керілуімен көрініс береді.
Ортопноэ жағдайы,бала жатқысы келмейді.
Мойын веналарының ісінуі.
Тері жамылғысы боз.
Мұрын-ерін үшбұрыштарында цианоз жіне акроцианоз анықталады.
Аускультацияда:өкпенің барлық аймақтарында құрғақ сырылдар естіледі.Ерте жастағы балаларда әртүрлі калибердегі ылғалды сырылдар естіледі.
Оны ылғалды астма деп атайды.
Тыныс шығарудың көлемдік жылдамдығының шыңы жасқа сәйкес қалыпты нормадан 50% аз.
Дем алу көлемі жаңа туған сәбиде — 25 см3,
1 жаста — 80 см3-ге дейін артады,
2 жаста — 140 см3,
ересек адамда — 400 см3.
Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде — 53 см3,
1 жаста — 210 см3,
13 жаста — 707 см3,
Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік
сыйымдылыгы
Бала |
Жасы |
|||||
6 |
7 |
10 |
12 |
15 |
17 |
|
Ер бала |
1200 |
1400 |
1630 |
1975 |
2600 |
3520 |
Қыз бала |
1100 |
1200 |
1460 |
1905 |
2530 |
2760 |
Тыныс алу жиілігі жасына байланысты:
ЖТБ-да минутына 40-60 рет.
1 жасында 35 рет
5 жасында 25 рет
10 жасында 20 рет
15 жасында 16-18 рет дем алады
Сәби өміріне қауіп туғызатын белгілер:
Цианоз
Тыныс алудың әлсіреуі немес мылқау өкпе\немое легкое\
ТШКЖШ -35% төмен
Бронх демікпесі ағымының ауырлығы клиникалық көрінісіне,
тұншығу ұстамаларының санына,бронхолитикалық препараттардың
әсеріне тыныс жолының әсерәне тыныс жолының өткізгіштік қасиетіне
қарай қойылады.
Диагностикасы
Бронх демікпесінің алдын ала диагнозы-мақсатты дұрыс жиналған анамнез болып табылады.
Шағымдар мен анамнез: - жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялық аурулары фонында: «үй кенесі» секілді аллергендермен немесе жануар тектес аллергендермен қатынаста, таңертеңгі немесе түнгі уақытта физикалық жүктемелерден кейін (əсіресе суық мезгілде); - эпизодтық экспираторлық ентікпе; - ысқырықтық сырылдар; - көкіректегі қысылулар; - құрғақ жөтел болуы мүмкін, бірақ жиірек сілемейлі қақырық болады; - қиындаған ысқырмалы тыныс ұстамалары; - тұншығу ұстамалары, əсіресе түнде, ентікпемен қоса құрғақ сырылдар. - аллергиялық ауруларға тұқымқуалаушылық бейімділік; - тұқымқуалаушылықты анықтау;
- науқас нəрестеде аллергиялық генездегі қосарланған аурулар анықталады (атопиялық дерматит, есекжем, Квинке ісінуі жəне т.б).
Физикалық тексеру:
1. Демікпенің белгілері немесе демікпемен үйлесетін белгілер:
• қайталанатын (ең азы 3 рет) экспираторлық ентігу;
• экспираторлы ысқырықты дем немесе ұзақ мерзімді (> 6 недель) рекуррентті жөтелі. Диспноэсіз жөтелу ажыратпалы нақтама қою үшін мұқият нақтамалануы керек;
• гистамин немесе метахолинге бронхиалды гиперсезімталдыққа провакациялық тесті;
• кішкентай балаларда тыныс алу жолдарының қабыну кезінде, аллергендер немесе жүктеме кезінде экспираторлы ысқырықты дем;
• Е иммуноглобулинін анықтау.
2. Басқа себептердің (синусит, бронхит, бронхиолит, көкжөтел, трахеялар, бронхтар, көмейдің констрикциясы немесе маляциясы, эзофагеалды рефлюкс, бөгде дене, бронхоэкстаздары, несеп қуығының фиброзы, психогендік этиология) балалар жөтелінің немесе респираторлық аурулардың болмауы.
Егер аталған критерийлер кездессе, демікпе диагнозы қойыла алады.
Инструменталдық зерттеулер: Аурудың ұзақ ағымы кезінде тыныс алу жүйесі\ тарапынан пневмосклероз, эмфизема жəне басқа секілді асқынулар болуы мүмкін, бұл асқынуларды анықтау мақсатында көкірек клеткасының рентгенографиясы көрсетілген (рентгенологиялық сурет - өкпелік суртеттің күшеюі; сирек жағдайда оң өкпенің орта бөлігіндегі ателектаздар немесе кейде пневмониямен шатастыратын кішірек сегментарлық ателектаздар). Өршу кезеңінде өкпелік тіннің эмфиземалық ісіну белгілері, көкеттің қалыңдауы, қабырғалардың горизонтаольді орналасуы жəне өзге бронх обструкциясының белгілері тəн. Ішкі тыныс алу функциясын зерттеу – спирометрия бронх демікпесі кезіндегі аса маңызды обструкция дəрежесін жəне обструкция қайтымдылығын анықтайды. Пикфлоуметрия – тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының мониторингі, бронх демікпесінің жағдайы жəне ауырлық ағымының тұрақтылық көрсеткіші.
