Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балалардағы бронх астма.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.66 Кб
Скачать

Балалардағы бронхиалды астма

І.Неге бұл тақырыпты таңдадым?

Осы тақырыпты таңдау себебім-қазіргі таңда балалар арасында өте кең тараған және жыл сайын осы аурумен ауыратын балалар саны өсуде.Неліктен бронхиалды астмамен балалар жиі ауыратындығын зерттеу мақсатында осы тақырып таңдалды.

ІІ.Зерттеудің мақсаты?

Соңғы жылдары экологиялық жағдайдың нашарлануына, шылым шегу кең тарауына, адам ағзасының реактивтілігінің өзгеруіне байланысты бронх демікпесі кең етек алып кетті. Бронх демікпесі негізінде патогенетикалық механизмдері қабынулармен шартталған, ал клиникалық көрінісі бронх тарылу салдарынан экспираторлық ентігу мен, бронх кілегейінің гиперсекрециясы және ісінуімен сипатталатың тыныс жолдарының созылмалы ауруы.

Бронх демікпесі әлемдік көлемдегі проблема.Бүкіл әлемде 300млн адамдай бронх демікпесімен ауырады. Бұл ауру кез келген жаста кездеседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, бүгінгі таңда әлемде ересек адамдардың 5%, ал балалардың 30% жуығы осы дерттен зардап шегеді. Мақсатым осы аурумен ауыратын балалар санын азайту үшін халықтың сауаттылығын көтеру шараларын ойлап табу.

ІІІ.Зерттеудің міндеті

-Әдебиеттер оқу;

-Әдіс таңдау,сипаттама беру;

-Зерттеу жүргізу объектісі

-Анализдеу

-Зерттеу қорытындысы

-Ақпарат көздері

Теориялық негіздеме:

Тыныс алу жүйесі (systema respiratorium) өте маңызды газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек органикалық заттарды тотықтыруға және ыдыратуға керек, осы кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Бұл энергия организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жұмсалады. Оттектің ұлпаға түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі. Қан мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасу тыныс алу мүшелерінде жүреді.

Тыныс алу мүшелерінің құрылысы. Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, аңқа (носоглотка), көмей (көмекей), кеңірдек және бронхылар жатады. Бұлар ауа тасымалдайтын жолдар. Сонымен қатар өкпе жатады. Өкпеде газ алмасу жүреді.  Танау арқылы ауа сүйек-шеміршек қалқасы арқылы екі бөлікке бөлінетін мұрын қуысына, cavium nasi,түседі. Әрбір бөлікте қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасады. Ол тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабықпен жабылған және көп қан тамырлары бар. Тамырлармен аққан қан дем алған ауаны дене температурасына дейін жылытады. Сілемейлі қабық бөлетін сілемей ауаны ылғалдайды және шаң-тозаң мен микроорганизмдерді тұтып қалады.  Сілемейде тұтылған микробтарды лейкоциттер фагоцитоздайды, содан кейін эпителий кірпікшелері арқылы шаңмен бірге сыртқа шығарылады. Мұрын қуысының сілемейлі қабығында иісті қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұшы болады. Мұрын қуысынан жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа аңқа мен жұтқыншақ арқылы көмейге түседі. Жұтылған ас тыныс жолдарына түспеуі үшін көмейге кіреберіс жер шеміршекті көмей қақпашығымен (надгортанник) жабылады.

Мұрын қуысының құрылысы. Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті - шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар сілекейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. Сілемейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып, одан әрі өтеді. Қан жасушалары - лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды.

Кеңсіріктің жоғарғы жағында түрлі иістерді қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұштары орналасады. Ерте жастағы балаларда мұрын кіреберістері тар, раковиналары жуан, төменгі мұрын кіреберісі 4 жасқа таман қалпына келеді. Шырышты қабаты нәзік, сондықтан ринит кезінде кішкене ісік пайда болса бірден тыныс алуды тарылтады, ол баланы емізуге бөгет жасайды. Шырыш асты қабатта кавернозды (қуысты) тіннің толық жетілмеуі кішкентай балаларда жиі мұрыннан қан ағудың себебі болады. Қуысты тін 8-9 жасқа толғанда дамиды. Бұл жастағы балаларда мұрыннан қан ағу оңай әрі тез болады, себебі шырышты қабаты нәзік, ол тез жараланады және қанмен қамтамасыз етілуі жақсы.+ Мұрын қойнаулары туылған уақытта толық дамымайды. Жақ үстілік (гайморлық ) , этмойдальды және сыналы қойнаулар толық түзілген, бірақ олардың көлемдері өте кішкентай. Маңдайлық қуыс болмайды. Бұлар ерте жастағы балалрда синуситтердің сирек болуымен ерекшеленеді. Қойнаулардың толық қалыптасуы 15 жасқа таман болады.

Мұрын қуысы ішкі танау тесігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақта асқорыту және тыныс алу жүйелерінің жолы түйіседі. Тамақ жұтқыншақтан өңешке, ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады.

Көмекей - мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін сілемейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3сыңар, 3жұп шеміршектерден түзілген. Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы жатады. көмекейдің артқы жағында 3жұп майда шеміршектер болады.

Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.

Адам дем шығарғанда дыбыс саңлауы таралып, дыбыс шығады. Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерін тербетуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен жуан дыбыс шығады. ер адамдардың көмекейі үлкен, дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы жағындағы ең ірі қалқанша шеміршектің үлкен үшкір түйіні жұтқыншақ шодыры деп аталады. Ер адамдарда көмекейдің орташа ұзындығы 44мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36мм. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға тіл, ерін, жақсүйектері қатысады.

Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12см, ал диаметрі 15-18мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бірімен - бірі сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады.

Кеңірдек 5-ші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 ауатамырға тармақталады. Ауатамыр кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті сілемейлі қабықшамен қапталған. Ауатамырлары өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары ауа тамырлық тармақшалар деп аталады. Альвеоланың диаметрі 0, 2 - 0, 3мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас қылтамырлар торлап жатады.

Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі - өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді.

Балалардың өкпесі ересектерде сияқты сегментарлы құрылымы бар, бірақ ацинус жеткіліксіз. Туған кезде өкпеде 60 млн-ға жуық алвеолалар болады, олардың көлемі алғашқы 2 жылда ұлғаяды. Одан кейін өсуі ақырындайды және 8-12 жаста альвеолалардың көлемі 375 млн-ға жуық болады, бұл ересектердің альвеолаларымен бірдей. Кішкентай жастағы балалардың өкпесі қосымша тіндерге бай, үлкен мөлшерде қан айналымы бар, эластикалық тіні әлсіз. Кішкентай баланың өкпесі ересектерге қарағанда ауалы және қанға толы. Бұл факторлар ателектаздың дамуы мен обструкциясына әкелуі мүмкін. Сурфактанттың аз болуы мен оның лецитинінің аз болуыда, ателектаздын дамуына себебші болады. Сурфактант жеткіліксіздігі- шала туылған балаларда өкпенің жазылуына мүмкүндік бермейді. Оң өкпенің үш бөлігі бар (жоғары, ортанғы және төменгі), сол жақта – екі бөлік (жоғары және төмен). Өкпе бөлік аралық шекаралары келесідегідей: алдынан сол жағында жоғарғы, оң жақта – жоғарғы және төменгі бөліктері ( олардың арасындағы шекара IV қабырғамен өтеді ); оң жақ қырынан 3 бөлігін ажыратады, сол жақтан- 2 бөлігін; артынан екі жақтан да жоғарғы және төменгі бөліктері орналасқан; олардың арасындағы шекара spina scapulae линиясы бойынша өтеді, ол омыртқамен шекараласқан.

Өкпеің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды.

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.

Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минуттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде - 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3, дем алу көлемі жаңа туған сәбиде - 25 см3, 1 жаста - 80 см-ге дейіи артады, 2 жаста - 140 см3, ересек адамда - 400 см1. Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде – 50 см3, 1 жаста - 210 см3, 13 жаста - 707 см3, 20-25 жаста - 1680 см3, ал 30-40 жаста орта шмамамен 1788 см3.

Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде - 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада - 1,617 см3, ал ересек адамда -67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4,10s тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде - 6 м2, ересек адамда - 50 м2, яғни 8 есе артық.

Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда - 4 см, 10 жаста — 7 см, ересек адамда - 10-12 см.

Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіміруге болады. Мұны қ о с ы м ш а а у а деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1 -1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл - қ о р д а ғ ы ауа . Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым бұл айырмашылық көп болады.

Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы

Бала

Жасы

6

7

10

12

15

17

Ер бала

1200

1400

1630

1975

2600

3520

Қыз бала

1100

1200

1460

1905

2530

2760

Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйымд ылығын құрады.

Тыныс алу жиілігі де баланың жасына лайық өзгереді.

Тыныс алу жиілігінің адамның жасына сай өзгеруі

2-кесте

Жасы

1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет

1

5

15-20

20-25

25-30

30-35

44

26

20

18

16

18

Газдың алмасуы. Адам мен жануарлардың өмірі үшін ауадағы газдардың ішіндегі оттегінің маңызы зор. Адам дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамы, дем шығарғандағы сыртқа айдалатын ауадан өзгеше.

Тыныс ауасының құрамы

3-кесте

Газдардың мөлшері, %

Газдар

Сыртқы ауада

Дем шығарған ауада

Азот

Оттегі

Көмір қышқылы

78

20,92

0,033

78,8

16-17

3-4,5

2-ші кестеде көрсетілген газдардан басқа дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамында судың буы, аргон, криптон, ксенон, неон, гелий және сутегі болады. Дем шығарған ауаның температурасы сыртқы ауадан жоғары болады, сондықтан сыртқа айдалатын ауадағы азоттың пайыздық мөлшері сәл көбірек, бұл жылытылғаннан кейін азот молекулаларының кеңеюіне байланысты. Ауадағы азот пен басқа газдардың организм үшін маңызы әлі толық анықталған жоқ. Олар пайдаланылмай сыртқа қайта айдалады. Бұрын бұл газдар адам организмі үшін маңызы жоқ дейтін еді. Ал қазір ұшақ, тік ұшақ, зымырандарды пайдаланып ғарыш кеңістігінің жоғарғы қабаттарына шыққандар үшін қажет екендігі анықталды. Сондықтан ұшқыш пен ғарышкерлердің, суға сүңгушілердің дем алатын ауасының құрамында азот, гелий бар. 3-ші кестедегі көрсеткіштерден дем алатын ауаның құрамындағы оттегінің азайып, керісінше, көмір қышқыл газының көбейетіні анық көрінеді.

Ересек адам 1 минөтте өкпесінсн 6-7 л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмақты болса, соғұрлым оның өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Мысалы, ұзын бойлы адамда бұл мөлшер 1 минутте 8 л болса, аласа бойлы кісіде 4,5 л.

Бірақ бұл заңдылықты балаға аударуға болмайды, ауа балаға ересек адамнан көбірек қажет. Тіпті 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа өтеді. Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция (лат. гипер+вентиляция -желдету) баланың дем алуының ерекшелігіне жатады. Осыған байланысты балалардың организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір қышқылыпыцң сыртқа айдалуы байқалады.

Ереск кісіде тыныштық кезінде 3-4 % көмір қышқыл газы айдалатын болса, балаларда пайыздық мөлшері соғұрлым аз, мысалы, 5 жастағы балада - 1,7%. Дененің көрсеткіштері кеміген сайын сыртқа айдалатын көмір қышқыл газының мөлшері төмендейді. Бұл балалардағы гипервентиляцияға байланысты. Ал денеден айдалатын көмір қышқыл газының жалпы мөлшері, дененің 1 кг салмағына шаққанда, балаларда ересек адамға қарағанда көп болады.

3.Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады.

Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.

Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газның тыныс орталығына әсері екі түрлі жолмен іске асады: а) нейрондарды қоректендіретін қанның құрамының тікелей әсері; б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.

Бұлардан басқа да рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуінің де маңызы үлкен. Айталық, дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, нейрондардың қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. Тыныс орталығы бұзылса, дем алу тоқталып, тіршлік те жойылады.

Дем алу мен дем шығаруды реттеуге ми жарты шарларының қыртыстары да қатысады. Адам жатғығу арқылы өз еркімен дем алуды тоқтата алады. Бірақ бұл организмнің жаттығу дәрежесіне байланысты. Мысалы, әдейі жаттыққан индиялық иогтар ұзақ уақыт тынысын тоқтата алады.

Тыныс алу жүйесінің аурулары:

  • Бронхит

  • Пневмония

  • Бронхиальды астма

  • ХОБЛ

  • Бронхоэктатикалық ауруы

  • Өкпе артерияларының тромбоэмбалиясы

  • Плеврит

Осы аурулар арасында балалар арасында ең жиі кездесетіні-бронхиальды астма.

Бронх демікпесі – тыныс алу жолдарының созылмалы қабынуымен және ұзақтығы мен интенсивтілігі әртүрлі ысқырықты тыныстың респираторлы белгілерімен, ентігумен, кеудеде қысып тұру сезімімен немесе жөтелмен көрінетін, тыныс алу жолдарының обструкциясымен ұштасатын гетерогенді ауру. Балалардағы бронх демікпесі ерте жастан басталғанына қарамастан ересек жасқа дейін жалғасатын аллергиялық ауру.Балаларда үнемі немесе жүйелі түрде пайда болатын жөтел мен көбінесі түнгі жəне таңертеңгілік уақыттағы ысқырық демді қиындаған тыныс алумен сипатталады.

Тақырып өзектілігі.Қазіргі таңда әлемде бронхиалды астмамен 300 млн адам ауырады,бұл сан 2025 жылға дейін 100 млн тағы қосылуы мүмкін деген болжам бар.Бронхиалды астманың таралуы әр елде 1 ден 18 %ға дейін өсіп жатыр.Мысалы:Ресейде 3,4 % дан 10,6 % ға артқан.Бронхиалды астма адамдардың орта өмір сүру уақыттын қысқартады:әйелдерде:13,5 жас,ерлерде:6,6 жасқа.Және 1,5% адам осы ауру салдарынан мүгедектікке шалдығады.Сонымен қатар әлемде 250млн адам осы ауру салдарынан қайтыс болады.

2003-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы бойынша 65892 бронхиалды астмамен тіркелді.Олардың ішінде 20967 -15 жасқа дейінгі балалар,3892-(15-17жас аралығындағы)жасөспірімдер және 40359-ересектер.

2003-2012 жылдары тіркелген науқастардың облыстарының кестесі

Облыс\қала

Барлығы

Саны

%

балалар

жасөспірімдер

ересектер

Атырау

1454

2,2

421

2,0

66

1,7

967

2,4

БҚО

1523

2,3

561

2,7

89

2,3

873

2,2

Маңғыстау

2058

3,2

505

2,4

162

4,2

1391

3,4

Қызылорда

2126

3,3

674

3,2

85

2,2

1367

3,4

Павлодар

2740

4,2

1098

5,2

236

6,1

1406

3,5

СҚО

2796

4,3

1174

5,6

165

4,2

1457

3,6

Жамбыл

2888

4,4

754

3,6

89

2,3

2045

5,1

Ақтөбе

3058

4,7

828

3,9

194

5,0

2036

5,0

Қостанай

3738

5,7

1362

6,5

249

6,4

2127

5,3

Астана

4158

6,4

1965

6,5

118

3,0

2675

6,6

Қарағанды

4377

6,7

1261

6,0

320

8,2

2796

6,9

ШҚО

4735

7,3

1126

5,4

333

8,6

3276

8,1

Ақмола

5389

8,3

2076

9,9

305

7,8

3008

7,5

Алматы

5985

9,2

3013

14,4

425

10,9

2547

6,3

ОҚО

6232

9,6

1818

8,7

470

12,1

3944

9,8

Республика

65218

100,0

20967

100,0

3892

100,0

40359

100,0

Жіктемесі:

1. Ауырлығы бойынша: интермитирлейтін, жеңіл персистирлейтін, орта ауырлықты персистирлейтін, ауыр персистирлейтін;

2. Ағым фазасы бойынша: өршу, бəсеңдеген өршу, оңалу.