Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсавой Эльдар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.98 Кб
Скачать

1.4 Көтерім машинасын шахты оқпанына қатысты орналастыру

Бұл бөлімде дің биіктігі, арқан ішегінің көлбеулік бұрышы және девиация бұрышы анықталады. Дің биіктігі бір арқанды көтерім қондырғылары үшін келесідей анықталады:

- дің шкивтері бір жазық осьте орналасқанда

, м, (31)

- дің шкивтері әртүрлі жазық осьтерде орналасқанда

, м, (32)

мұндағы - қабылдау бункерінің биіктігі (30-40) м; - төгу кезіндегі скиптің бункер ернеуінен артық бөлігі (0,2 – 0,3м); - ыдыстың қыстыратын құрылғымен бірге биіктігі,м; - артық көтерілу биіктігі (3,0 м-ден кен емес); - діңдегі шкивтің радиусы,м; - діңдегі шкивтің диаметрі,м; - дің шкивтерінің тік бағыттағы ара қашықтығы, (2,0-3,0 м).

Көпарқанды көтерімде мұнаралық діңнің биіктігі келесідей анықталады.

(33)

мұндағы - артық көтеру биіктігі, 7 м-ден кем болмауы керек, соның ішінде, еркін артық көтерілісті қамтамасыз етуге 3,0; - тығыздағышарнаның биіктігі (0,6-0,8 м); - үйкеліс және ауытқытушы шкивтер үстіндегі тұғұрдың биіктігі (3,0-5,0) м; S – шахты оқпанындағы арқандардың арақашықтығы (1,5-3,0)м.

Діңдер стандартталмаған, олардың биіктіктері есептеулер арқылы бүтін санға дейін дөңгелектеніп қабылданады.

Ц, ЦР, 2Ц, БЦК тектес көтерім машиналарын орнату орындарын жобалаған кезде келесі талаптарды басшылыққа алу керек:

- арқан ішегінің жазықтыққа көлбеулік бұрышы 30° 45° шегінде болуға тиісті;

- арқан ішегінің ұзындығы 65-70 м-ден аспауға тиісті;

- девиация бұрышы цилиндр барабанды көтерім қондырғылары үшін 1°30´ және БЦК қондырғылар үшін 20 – тан аспауға тиісті.

Бұл шарттар орындалмаған жағдайларда не дің биіктігін өсіру керек, не көтерім машинасын шахты оқпанынан алыстату керек.

Арқан ішегінің ұзындығы келесі формуламен анықталады.

м, (34)

мұндағы С – көтерім машинасы осінің жер деңгейінен көтерілуі (1-1,5 м); в – арқанның салбырау өсінен көтерім машинасының барабанына дейінгі арақашықтық м, шамамен келесідей қабылданады.

, м, (35)

Кесілмеген барабан қырына бекітілген арқанның ауытқу бұрышы

. (36)

Екі барабанды машиналарда барабанның ішкі және сыртқы қырлары бойынша ауытқу бұрыштары болады

, (37)

, (38)

мұндағы - үйкеліс орамдары алатын барабан ені, м; а- барабандар арасындағы қашықтық, көтерім машинасының техникалық сипаттамсында беріледі,м; S – дің шкивтерінің ара қашықтығы, оқпандағы көтерім ыдыстары осьтерінің арақашықтығына тең етіліп қабылданады,м;

В-барабан ені (құрылыстық),м

Келісілген барабанда

, (39)

, (40)

мұндағы - сыналанған бөліктегі тарамдар алатын барабан ені.

Ішектің көлбеулік бұрышы

. (41)

1.5 Жетек қуатын есептеу және қозғалтқыш таңдау

Көтерім машинасы қозғалтқышының шамалы куаты келесідей анықталады.

(42)

мұндағы - динамикалық кесте сипаттамасы;

- аударылмалы скипті бірарқанды қондырғылар үшін - 1,4-1,8;

- аударылмайтын скипті бірарқанды қондырғылар үшін 1,3-1,4;

- көпарқанды қондырғылар үшін 1,2-1,3;

- көтерімнің бір цикліндегі қозғалыс уақыты, с; - редуктор ПӘК-і (0,85-0,93).

(43)

мұндағы - сағаттағы көтерім циклдерінің саны; - үзіліс, с.

2,5-кесте. Скиптерді тиеуге және түсіруге үзіліс ұзақтығы

Скип көлемі, м3

Үзіліс, с

2-3

7

4-5

8

7-8

11

9-11

12

15-18

15

(44)

Жетектік электрқозғалтқыш қуаты бір клетті және бірскипті керісалмақты көтерім үшін келесідей анықталады.

, кВт. (45)

Жетектік эл.қозғалтқыш көтерім ыдысының қажетті жылдамдығын қамтамасыз етуге тиісті. Сондықтанда эл.қозғалтқышты қажетті қуаты және айналу жиілігі бойынша таңдау келесі ретте атқарылады.

  1. Көтермнің болжамды ең жоғары жылдамдығы анықталады.

(46)

2. Редуктордың беріліс қатынастарының i 2 – 3 мәндері үшін эл.қозғалтқыштың қажетті айналу жиілігі анықталады.

айн/мин (47)

айн/мин (48)

айн/мин (49)

мұндағы i1, i2, i3 – таңдалған көтерім машинасы редукторының мүмкін беріліс қатынастары;

Dб – таңдалған көтерім машинасының барабан диаметрі (үйкеліс шкивінің), м.

3. Есептік қуаты бойынша есептік айналу жиілігіне жуық эл,қозғалтқыш таңдалады.

4. Көтерімнің нақтылы ең жоғары жылдамдығы анықталады.

(50)

Қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сай скитік көтерім үшін ең үлкен жылдамдық келесіден аспауға тиісті.

(51)

Жетек түрі келесілерді ескере қабылданады. Қуат 1000 кВт-қа дейін болғанда фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштар пайдаланылады. Қуат 1000 нан 2000 кВт-қа дейін болғанда айнымалы тоқты екіқозғалтқышты жетек немесе тұрақты тоқ жетегі қолданылады. Қуат 2000 кВт-тан асқанда басымдылық тұрақты тоқ қозғалтқыштарына беріледі.

Редукторды оның тынышайналу білігіндегі айналдыру моменті бойынша таңдайды.

, Н·м, (52)

мұндағы - қозғалтқыш қуаты; - қозғалтқыштың айналу жиілігі, айн/мин; - ротордың (якордың), махтық сәті кН·м2; - қозғалтқыштың артықсалмақ қабылдау қабілеті; R – көтерім машинасы барабанының радиусы, м; - редуктордың беріліс қатынасы; - редуктор ПӘКі.