- •2.2 Дәрістік сабақтар конспекті
- •Техникалық сипаттамасы
- •2.3 Лабораториялық сабақтардың жоспары
- •1 Тдм 300 м пісіру трансформаторының жұмысын оқып үйрену және сыртқы сипаттамасын анықтау.
- •1.1 Жұмысты орындауға арналған құрал-жабдықтар, материалдар және аспаптар
- •1.2 Жұмыстың орындалу реті
- •1.3 Есептеме мазмұны
- •1.3 Есептеме мазмұны
- •1.4 Бақылау сұрақтары
- •2.1 Жұмысты орындауға арналған құралдар мен аспаптар
- •2.2 Жұмыстың орындалу реті
- •2.3 Есептеме мазмұны
- •2.4 Бақылау сұрақтары
- •3.1 Жұмысты орындауға арналған құралдар мен аспаптар
- •3.2 Жұмысты орындау реті
- •3.4 Бақылау сұрақтары
- •2.4 Оқытушы жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы (соөж) аясында өтетін сабақтар жоспары
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары (сөж) аясында өтетін сабақтар жоспары
- •2.6 Өздік бақылауға арналған тест сұрақтары
- •2.7 «Пісіруге арналған нәрлендіру көздері» пәні бойынша емтихандық сұрақтар
- •Глоссарий
1.3 Есептеме мазмұны
1. Жұмыстың мақсаты.
Нәрлендіру көздерінің сыртқы сипаттамасы жайлы қықаша түсінік.
Трансформаторлар жайлы қысқаша мағлұмат беру және техникалық сиапттамаларын келтіру.
Пісіру трансформаторларының принциптік электрлік сұлбаларын сызу.
Тәжірибелік мәліметтерді кесте түрінде көрсетіп, сол арқылы трансформатордың сыртқы сипаттамасын салу.
Қорытынды.
Негізгі әдебиет: 1 [43-45], 2 [131-134], 3 [296-304]
Қосымша әдебиет: 3 [4-8]
1.4 Бақылау сұрақтары
1. Nordika 160, Artika - 250 трансформаторлары қандай типті трансформаторға жатады?
Трансформатордың құрылысы мен жұмыс принципін түсіндір.
Трансформатордағы пісіру тогы қалай реттеледі?
Нәрлендіру көздерінің сыртқы сипаттамасы дегеніміз не?
3 ПСО-300 пісіру түрлендіргішінің құрылысы мен жұмысын оқып үйрену және оның сыртқы сипаттамасын анықтау
Жұмыс мақсаты: ПСО-300 түрлендіргішінің құрылысымен танысу, жұмыс режімдерін реттеуді үйрену және Генератордың сыртқы сипаттамасын тәжірибе жүзінде анықтау.
2.1 Жұмысты орындауға арналған құралдар мен аспаптар
1) пісіру түрлендіргіші ПСО-300;
2) қаптамалы электродтар;
3) штангенциркуль;
4) өлшеуіш аспаптар (вольтметр, амперметр);
5) жабдықты бөлшектеп ашып көретін слесарлық құрал саймандар.
2.2 Жұмыстың орындалу реті
1. ПСО-300 пісіру түрлендіргішінің техникалық сипаттамасымен танысып, оны кестеге жазып алу.
2. Түрлендіргіштің қақпағын ашып, оның ішкі бөлшектерімен танысу және оның принциптік электрлі сұлбасын салу.
3. Түрлендіргішті іске қосып, бос жүріс, жүктемелік жағдай және қысқа тұйықталу режіміндегі кернеу мен ток мәнін аспаптар көрсеткішінен бақылап, кестеге жазып алу. Мұнда пісіру тогының шамасын доға кернеуінің мәні UД жабдық түріне сәйкес 25-35 В аралығында болғанда алу керектігін ескеру қажет.
№ |
Электрод диаметрі d, мм |
Генератордың жұмыс режімі |
|||||
Бос жүріс режімі |
Жүктемелік режім |
Қысқа тұйықталу режімі |
|||||
|
|
I, А |
U, В |
I, А |
U, В |
I, А |
U, В |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4.1 Тәжірибені генератор орамасының басқа сатысында (ток мәнін сатылы өзгертетін ауыстырып қосқышы болған жағдайда) қайталап жасау қажет.
4.2. Тәжірибені кем дегенде үш рет қайталау керек.
5. Алынған кернеу мен ток мәні арқылы қоректендіру көздерінің сыртқы сипаттамасын графигін масштабпен салу қажет.
6. Алынған сипаттамаларға қорытынды жасау.
2.3 Есептеме мазмұны
1. Жұмыстың мақсаты.
2. Пісіру генераторларының сыртқы сипаттамасы жайлы жалпы мағлұмат.
3. Түрлендіргіштер жайлы қысқаша мағлұмат беру және ПСО – 300 түрлендіргішінің техникалық сиапттамасын келтіру.
4. Пісіру генераторының принциптік электрлік сұлбасын құрастырып сызу.
5. Тәжірибелік мәліметтерді кесте түрінде көрсетіп, сол арқылы генератордың сыртқы сипаттамасын салу.
6. Қорытынды.
Негізгі әдебиет: 1 [36-39]
Қосымша әдебиет: 3 [8-10]
