- •2.2 Дәрістік сабақтар конспекті
- •Техникалық сипаттамасы
- •2.3 Лабораториялық сабақтардың жоспары
- •1 Тдм 300 м пісіру трансформаторының жұмысын оқып үйрену және сыртқы сипаттамасын анықтау.
- •1.1 Жұмысты орындауға арналған құрал-жабдықтар, материалдар және аспаптар
- •1.2 Жұмыстың орындалу реті
- •1.3 Есептеме мазмұны
- •1.3 Есептеме мазмұны
- •1.4 Бақылау сұрақтары
- •2.1 Жұмысты орындауға арналған құралдар мен аспаптар
- •2.2 Жұмыстың орындалу реті
- •2.3 Есептеме мазмұны
- •2.4 Бақылау сұрақтары
- •3.1 Жұмысты орындауға арналған құралдар мен аспаптар
- •3.2 Жұмысты орындау реті
- •3.4 Бақылау сұрақтары
- •2.4 Оқытушы жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы (соөж) аясында өтетін сабақтар жоспары
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары (сөж) аясында өтетін сабақтар жоспары
- •2.6 Өздік бақылауға арналған тест сұрақтары
- •2.7 «Пісіруге арналған нәрлендіру көздері» пәні бойынша емтихандық сұрақтар
- •Глоссарий
Глоссарий
Пісіру – түйістірілген аумақта зат пен энергияның термодинамикалық қайтылымсыз құбылысы нәтижесінде монолит қосылыс қалыптастыру процесі.
Электрдоғасы – екі электрод аралығында ауа арқылы тиянақты орын алған электр разряды.
Нәрлендіру көзі – электрдоғасын токпен нәрлендіретін электрлік машина, трансформатор, түзеткіш, генератор.
Балқымайтын электрод – пісіру процесінде ток келтіруші, балқымайтын, баяу балқитын материалдан жасалған электрод.
Қаптамалы электрод – өзегі металл сыртында арнайы материалдан жапсырылған қаптамасы бар электрод.
Тура полярлы – электродқа нәрлендіргіштің теріс, пісірілетін бұйымға оң полюсі жалғасқан.
Кері полярлы – электродқа нәрлендіргіштің оң, бұйымға теріс полюсі жалғасқан.
Тура әсерлі доға – электродпен пісірілетін бұйым нәрлендіргішке жалғасқан. Доға тікелей екеуінің аралығында жалындайды.
Жанама әсерлі доға – доға екі электрод аралығында жалындайды. Пісірілетін бұйым нәрлендіргішке қосылыстырылмайды да, доғаның жылу әсерін қабылдайды.
Катод – нәрлендіргіштің теріс полюсі жалғастырылған электрод немесе бұйым.
Анод – нәрлендіргіштің оң полюсі жалғастырылған электрод немесе бұйым.
Доға бағанасы – катод пен анод аралығындағы ионданған газ бағана.
Пісіру трансформаторы – доғаны айнымалы токпен нәрлендіретін, желідегі кернеуді пісіруге қажетті кернеу шамасына дейін төмендетіп беретін құрылғы.
Пісіру түрлендіргіші – пісіру генераторы электрқозғалтқышымен ортақ тұғырлы етіп жасалған машина.
Пісіру генераторы – қозғалтқыштың механикалық энергиясын электр энергиясына айналдырып, пісіру доғасын тұрақты токпен нәрлендіретін аппарат.
Пісіру агрегаты – пісіру генераторы іштен жанатын қозғалтқышпен ортақ тұғырлы етіп жасалған пісіру машинасы.
Пісіру түзеткіші – айнымалы токты жартылай өткізгішті вентильдер арқылы тұрақты токқа айналдырып доғаны нәрлендіретін нәрлендіру көзі.
Осциллятор - өндірістік жиіліктегі токты жоғары жиілікті токқа және төмен мәнді кернеуді жоғары мәнді кернеуге түрлендіретін құрылғы.
Доғаны импульсті қоздырғыш – доғаны түйісусіз тұтандырып жандыруға және доға жануының орнықтылығын арттыруға арналған құрылғы.
Инверторлы нәрлендіру көздері – доғаның оңай тұтанып жануын, доға созымталдығын, металдың шашырауын төмендететін, бос жүріс кернеуінің шамасын азайтатын және электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік беретін нәрлендіру көзі.
