Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып оқушылары үшін.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.15 Кб
Скачать

Мектепке бейімделуге балаға қалай көмек көрсетуге болады?

Мектепке оқуға барған балаға моральдық және эмоциялық қолдау қажет. Баланы тек жай мақтамай (сөкпеген дұрыс болады), бір нәрсе жасап жатқанда мақтау керек (басқа балалармен салыстырмай).

1.Баланың мектептегі жетістіктеріне өзіңіздің қобалжушылығыңызды көрсетпеңіз

2.Баланың мектептегі өміріне көңіл бөліп тұрыңыз және экскурсия, кезекшіліктер, мектептегі мерекелерге дайындық пен өткізу туралы, баланың басқа балалармен қарым-қатынасына өз назарыңызды аударып тұрыңыз

3.Балаға өзіне сенімділік беретін қызметінде жетістікке жеткен саланы белгілеп, баса көрсетіңіз.

Бұның барлығы баланың қобалжушылығын төмендетеді және бала сабақта жұмыс істегенде жетістіктерге жете алады. Бала мектептегі сәтсіздіктері үшін тұйық болуына жол бермеңіз.

Долылықты бір әдіспен жазалауға борлады – қарым-қатынас мүмкіншілігінен айыру (асықпай, қыр көрсетпей).

Ең басты жүлде – бала тыныш, сабырлы, бір нәрсе жасап отырғанда ашық сенімді, мейірімді, жақсы қарым-қатынас (баланы емес, баланың жұмысын мақтаңыз).

«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін және басқаларға ...» мектеп психологы Л.А.Вишневскаяның ата-аналар жиналысындағы дәрісі .

ИтБірінші қыркүйекке дейін санаулы күндер қалды. Барлығы дайын. Бәрі дайын. Мектепте жөндеу жұмыстары аяқталды, барлығы сатылып алынды, балалар қобалжуда, ата-аналарды үрей биледі.

Бейімделу

Барлық балалар демалыстан кейін мектепке бейімделу кезеңін міндетті түрде өтеді.Бейімделу бұл жаңа жағдайға дағдылану, ынғайлану. Барлығы мерзім мен осы үдерістің маңыздылығында. Бүгін біз бірінші сынып оқушылары туралы айтамыз. Оларға бейімделуге ең көп уақыт: екі тоқсан беріледі. Әдетте оларға бір тоқсан да жетеді, бір жарым ай. Бұл үдеріс жатық өтеді, себебі бірінші сынып оқушылары жағымды сезімде болады, олар мектепке барғылары келіп, өзгеріске дайын, оқуға ниеттенген, олар ересек, оқушы болғылары келеді.

Олар неге бейімделулері қажет? Бірінші сынып оқушылары оқуға, мектепке баруға қажет екенін, педагогтың қатал талаптары мен үй тапсырмасын орындауға бағынуы, ұғынуы қажет.

Күн тәртібі өзгереді. Енді бала қалаған уақытына дейін қыдырып, ұйықтай алмайды. Оның уақытының минутына дейін тіркеліп жазылып қойылған. Біз балалардың бейімделу кезеңі сәтті, денсаулықтарын қадағалап, психологиялық мәселелер туындамай өту үшін барлық жағдай жасауымыз қажет.

Ересектер қандай көмек көрсете аламыз? Біріншіден бұл оқу жылына икемделу. Бұған алдын ала дайындалған қажет. Тамыздың орта кезінен бастап күн тәртібін өзгерткен дұрыс. Ерте тұрып, ерте ұйқыға жату қажет. Өзіңіз үлгі болыңыз. Белсенді демалу қажет (таза ауада). Алдағы оқуға дайындалу (кітап оқу, сурет салу, қию, құрастыру, әңгімелесу ...).

Компьютерде ойнауды, теледидар көру уақытын шектеп отыру.

Бірінші тоқсанда баланы қосымша секциялар мен үйірмелерге апаруға қажеті жоқ. Келешекте де баланың уақытын дұрыс бөліп қойған дұрыс. Баланы мектептен кейін тамақтандырып, бір-екі сағат демалдырғаннан кейін ғана қосымша сабақтарына жіберуге болады. Және балада үй тапсырмасын орындауға уақыт қалу қажет.

Бала таза ауада үш, үш жарым сағат қыдыруы қажет. Таза ауасыз бала дұрыс дамиды деп айтуға болмайды.

Бала дұрыс тамақтануы қажет. Баланың миының дұрыс жұмыс істеуі үшін ас мәзірінде сүт, жұмыртқа, бауыр, балық тәрізді тағамдар болуы тиісті. Ал жармалар, бұршақ тұқымдастар, жержанғақ, шекілдеуік дәнегі, жаңғақ қуат үшін қажет. Организмді дәрумен мен микроэлементтермен толықтыру үшін – картоп, жеміс, көкөніс қажет.

 

Бірнеше тілек:

Мектепке барған балаға рухани және эмоциялық қолдау қажет. Баланы тек жай мақтамай (ұрысуға қажеті жоқ), ол бір нәрсе істеп жатқан кезде мақтаған дұрыс.

Баланың нәтижелерін басқа дұрыс орындаған баланың нәтижесімен салыстыруға болмайды.

Баланы тек баланың өзімен ғана салыстыру қажет және оның нәтижелерін жақсарту үшін ғана мақтаған жөн.

Ата-ана шыдамдылық көрсетіп, баланың жетістіктерін күтуі қажет, себебі мектепте қобалжушылық жағдайлары болып тұрады.

Мектеп ұзақ мерзім бойы аяушылықпен бағалауы тиісті.

 

Ата-аналар неге дайын болулары қажет.

 

1. Баланың жазуы жаман.

Себебі баланың саусағы дұрыс дамымаған немесе қолының моторикасы ұсақ. Ұсақ моторика ұсақ жұмыс барысында дамиды. Баламен бірге сурет салыңыз, ермексазбен мүсін жасаңыз, құрастырыңыз, қыздармен тоқыңыз, кесте тігіңіз, бисермен тоқыңыз, аппликациялар, суреттер киыңыз. Баларды тұшпара, самса жасауға, жармаларды тазалауға қатыстырыңыз. Саусақтарға арналған гимнастика жасаңыз.

2. Бала сабақта отырып мұғалімді естімейді, сұрақтарды да естімейді, мұғалімнің тапсырмаларын орындамайды.

Себебі: бала айналадағы бөгде заттарға алаң болады. Бала өзінің ішкі әлеміне, өзіне беріледі.

Себебі ата-ана, үлкендер тарапынан қамқорлық, сүйіспеншілік, назардың жетіспеушілігі.

Эмоциялық қолдаумен балаға назар аудару қажет. Баланы бақылаңыз, бірге сурет салыңыз, құрастырыңыз. Сәттілікті қамтамасыз етіңіз.

 

3. Созылмалы сәтсіздік.

Себебі:

  • Баланың мектепке жеткіліксіз дайындығы (дамымаған моторика, ерікті назардың қалыптаспауы).

  • Қобалжушылық, өзіне сенбеушілік (мектеп алды жасында қалыптасқан отбасылық қақтығыстар мен отбасылық қарым-қатынастың әсері).

  • Ата-ана үмітінің аса көтеріп жіберуі (тек жақсы жетістіктерді күту, немесе мектеп алдында қорқыныш сезіну)

Көмек себептерін жоюдан тұрады.

5. Вербализм (көп сөйлеу) (Бала көп сөйлейді, себебі бала өзін-өзі өсіре бағалайды, үлкендер баланың қабілеттерін өсіре бағалайды, бейнелі ойлауда қиыншылықтар көреді, есептер шығаруға қабілеті жоқ)

Себебі: сөйлеу дамуы өте жоғары және ойлау дамуында кешігу бар.

Бейнелеу ойлауды дамытуға көмек көрсету (сурет салу, мозаика, құрастыру, аппликация), сөйлеу әрекетінде тарта сөйлеу, нәтижелі қызметін ынталандыру.

 

6. Психофизикалық инфантилизм. (Бала өзін мектеп жасына дейінгі баладай үстайды, мектептің талаптарын маңызды деп есептемейді, өзін-өзі бағалау дағдылары қалыптаспаған).

Себебі: мектеп деңгейіне жетілмегені.

Бұндай баланы тағы бір жыл мектеп жасына дейінгі мекемесіне жіберу дұрыс болады.

 

7.Бейімсіздік белгілері (түрлі қорқыныш сезімі; жылау; көңіл күйдің өзгеруі; басым, ішім ауырды деп шағыну; бала ұйықтап жатып сөйлеуі немесе айқайлауы)

Себебі: оқу балаға қиын беріледі, оған жайсыз.

Көмек көрсету үшін баламен әңгімелесу, баланы тыңдау және баланы бақылау қажет. Ұйқы алдында баламен серуендеп келіңіз, сырласыңыз. Бұл жағдайды байқап, сыныптастары мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімелесіңіз, пікірлесіңіз.

 

8. Бала ата-ананың көмегінсіз үй тапсырмасын орындай алмайды. (Балалар өз беттерімен үй тапсырмасын орындай алады және міндетті)

Себебі: өз өзіне сенбеушілік, қобалжушылық, өз бетімен еңбек ету білмегендігі.

  • Баламен жұмыс істеу барысында баланың қабілеті мен өздігінен дамуына көмек көрсету.

  • Балаға ол өз бетімен барлығын орындай алатынын түсіндіру. Бірақ ескертіңіз: «Егер орындай алмасан меннен сұрауға болады»

  • Тапсырмаларды тексеріп тұруды ұсыныңыз: «Егер қарсы болмасан мен, сен шығарған есептерді кейін тексеріп берейін»

  • Баланы аралық нәтижелер үшін мақтап тұру. Бұл баланың сенімділігін күшейтеді.

  • Егер жұмыс тоқтап қалса, біріншіден неге бұлай болғанын анықтаңыз. Сұрақ қойыңыз: «Сен бұны қалай санадың?» немесе «Сен мына санды қайдан алдың?»

  • Егер бала түсіне алмаса, шешімнің басқа әдістерін ұсынбаңыз.

  • Бала қателессе, нақты кеңес беріңіз: «Сен шешімде 15 санды таптың, ал мүлде басқа сан жаздың» немесе есепті бірнеше кезеңнен шығарындар.

  • Бала өзі жалғыз сенімді шығара алса, балаға көмектеспеңі.

  • Мұғаліммен балаңыздың білімдегі олқылықтары туралы әңгімелесіп, ақылдасып тұрыңыз. Балаға есепті шығару жолдарын мектептегідей түсіндіріп тұрсаңыз, баланы шатыстырмайсыз.

  • Үй тапсырмасын орындауда көмек көрсетуде ерекше жағдайлармен шек қойып тұрыңыз: ұзақ ауру немесе өте күрделі тақырып

  • Баламен сабақ оқып отырсаңыз, балаға өз бетімен ойлауға, есептеуге, тұжырымдауға мүмкіндік беріңіз, араласпаңы.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]