Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып оқушылары үшін.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.15 Кб
Скачать

Оқушы бұрышы.

Оқушы бұрышын безендірудегі бірінші талап – бала денсаулығының қауіпсіздігі. (сұлулық емес ...)

Жиһаз зиянды заттарды шығармайтын, табиғи материалдан (үйеңкі, қарағай, қайын, бүк ағашы) жасалған болуы қажет. Немесе сыртынан меламинмен сырланған ДСП болғаны жөн, себебі ол арзандау.

Міндетті түрде жиһаздың үш түрі қажет: үстел, орындық, кітап сөресі.

Жұмыс орнын жарықпен сапалы түрде қамтамасыз етуді ойластыру қажет.

Орындықтың арқасы қатты болуы қажет. Орындықта отырған баланың аяғы еденге тіреліп, 90 градусқа бүгіліп тұруы қажет.

Компьютерлік дайын үстел сатып алуға болады. 120*60 см, мүмкіндігінше бұрыштары дөңгелектенген болғаны дұрыс. Монитор көзден 50 см аралықта болуы керек. Үстелдің шеті баланың кеудесіне сәйкес келу керек.

Жарық оң қолымен жазатын балаға сол жақтан, ал сол қолымен жазатын балаға керісінше оң жақтан түсуі керек.

Кітап сөресі баланың қолы жететін жерде болуы қажет.

Үстел шамы болғаны дұрыс.

Бөлмеде жасыл өсімдіктер болғаны дұрыс.

Бала назарын сабақтан алаң еткізетін заттарды жинап қойыңыз

Бірінші сынып оқушысының сөмкесі.

Бірінші талап – мықтылығы мен пайдалануға жеңіл болуы (жуылатын, су өтпейтін, сыйымды, (теріні алмастыратын және пленка қажет емес)

Тұтқасы мықты, қайып тігілген, ұзындығы 4 см реттеліп отыруы қажет.

Реттелетін элементтері боуы қажет (темір немесе мықты пластиктен жасалған)

Баулары, ілгектері мен сыдырма ілгектерге де осындай талаптар

Сөмкесі тасуға ыңғайлы болуы қажет

Сөмкенің арқаға келетін жағы жалпақ және жұмсақ болуы қажет (сөмкенің арқасы ортопедиялық болғаны дұрыс)

Сөмкенің түбі жалпақ және мықты болуы керек

Сөмкенің салмағы баланың салмағынан 10% асуға болмайды (бос сөмке салмағы жеңіл 500-800 грамм болуы керек), дөңгелекшесі болуы мүмкін.

Сөмкенің ені бірінші сынып оқушысының арқасынан жалпақ болмауы керек.

Сөмкені келесідей толтырасыз: оқулықтар және кітаптар – арқаға жақын салынады. Ортанғы бөлікке – дәптерлер мен қаламсауыт, сыртқы қалтаға – суы бар бөтелке мен басқа заттар.

Мектеп сөмкесінің салмағына қойылатын гигиеналық нормалар:

o1-2 сыныптар - 1,5кг

o3-4 сыныптар - 2,5кг

o5-6 сыныптар - 3 кг

o7-8 сыныптар - 3,5кг

o9-11 сыныптар - 4 кг

Сөмкені баламен бірге таңдаңыз, балаға ұнауы керек, гендерлік айырмашылықты ескеріндер.

Бірінші сынып оқушыларының бейімделуі кезіңде ата-аналарға көмек (мектепке бейімделу)

Баланы мектепке шығарып салыңыз және қарсы алыңыз

Жол жүру ережесін қайталап тұрындар

Баламен мектептегі жұмыстар, жаңалықтар, сабақтар, тапсырмалар, үзілістер, достары, не ұнады, не ұнаған жоқ, не ренжітті, не қызықтырды туралы әңгімелесіп тұрыңыз…

Қолдап, сенімін күшейтіңіз, жағымды іске бағыттаңыз

Өзіңіздің мектептегі жылдарыңыз туралы айтып беріңіз

Жиі мақтап, кез келген жетістіктер мен жеңістерге қуаныңыз

әүөқүңңққұқғүү.

Балаға тіл тигізбеңіз, сөкпеңіз

Күн тәртібін құрастырыңыз және сақтауға үйретіңіз (үйде сабақ оқу барысында 30 минут сайын 15-20 минут үзіліс жасап, демалтыңыз және таза ауада серуендітіңіз)

Оқушының жұмыс орнын жабдықтаңыз

Алғашқы кезде үй тапсырмасын біргі отырып орындаңыз. Бірте-бірте үй тапсырмасын бірге орындаудан сырт қалып, балаға өзіне орындауға мүмкіндік беріңіз, өзіңіз бақылаңыз

Баланы үй жұмысына қатыстырыңыз (ыдыс жуғызу, өз бөлмесін жинату ...)

Балаларыңыздың мүддесімен өмір сүріңіз

ұғұң)

ңңңңң

Баланың сырқаттану туралы шағымына назар аударыңыз (бұл бейімсіздік белгілері болуы мүмкін)

Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне екі тоқсан беріледі (егер осы уақыт ішінде бала мектепке бейімделмесе, мамандарға жүгіну қажет)

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]