- •1 Қызылорда қтж (қалалық телефон желісіне) сараптама жасау
- •2 Қызылорда қалалық телефон желісіндегі №4 атс жаңаландыруының қажеттілігі
- •3 Жаңаландыруға қажетті жабдықты таңдау және оған қажетті негізгі параметрлерді есептеу
- •3.1 Туылатын жүктемені есептеу
- •3.2 Топтық іздеуіш сатысындағы пайда болған жүктемені үлестіру
- •3.3 Кіріс ағын жүктемесін анықтау
- •3.4 Қалааралық жүктеме
- •3.5 Ішара станциялық жүктемені үлестіру
- •3.6 Регистрге жүктеме есептеу, оның көмекші құрылғысы
- •3.6.1 Қабылдап таратқыш жүктемені есептеу
- •3.6.2 Көпжиілікті қабылдап таратқыштағы блок жүктемесін есептеу
- •3.6.3 Үнді теріс блогының жүктемесін есептеу
- •4 Drx 4 станциясының техникалық сипаттамасы
- •Цифрлық арналық платасы (dtc).
- •Vііі. Бір жолға толық жүктеме: жиілік қоңырауында кедергі
- •5 Техникалық пайдалану
- •6 Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік
- •7 Экология және қоршаған ортаны қорғау сұрағы
- •8 Экономика
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Цифрлық арналық платасы (dtc).
4.4-сурет. Цифрлік арналық платасының алдынан көрінісі
Цифрлық арналық платасы (DTC) әр модульде орнатыла алады (барлығы 4 плата) және ИКМ-30 арнасы арқылы 82,048 Мбит/сек жылдамдықпен станцияаралық байланыспен қамтамасыз етеді. Бұл платаның жұмысы үшін деректі модульдегі РОС платасынан алынатын 5 В, 12 В ДС кернеуі қажет.
Жүйеде 1 не 2 жолақша плата қолданыла алады, НДВ3 пішімінде 2,048 Мбит/сек жылдамдықпен ақпарат алмасумен қамтамасыз етілетін халқаралық электр байланыс одағының G732 және G703 ИКМ стандарты бойынша қолданылады.
Цифрлық арналық платасының (DTC).топтық жалғау мен желі платасымен GNS байланысы HDLC хаттамасымен орындалады.
Плата құрылғысы:
Әр цифрлық арналық платасы ИКМ арнасында 2,048 Мбит/сек жылдамдықпен ақпарат алмасады.
Әр плата:
-16МГц жиілікте жұмыс атқаратын, 8 битті 80188 ЕВ микропроцессорымен бақыланады;
-EPROM, RAM және NVM құрылғы жады бар;
Цифрлық арна үшін 2 интерфейсі бар. 2,048Мбит/сек жылдамдықпен HDB3 пішімінде цифрлық арнадан түсетін деректерден 2,048 Мбит/сек тактілік сигнал бөліп шығаруын қамтамасыз етеді;
Қателік биттерді санау құрылғысын құрайды;
Алдыңғы панельде орналасқан жасылсәуледиодтің сәулеленуі арқылы микропроцессор жұмысын сигналдайды;
Алдыңғы панельде орналасқан қызылсәуледиод сәлеленуі арқылы микропроцессордің бағыттануын сигналдайды;
Төңіректік және жүйелік апатты көрсететін үш сегментті көрсеткішті құрайды.
Шеткері платалар.
Әмбебап қабылдап/таратқыш плата (UTR)
Әмбебап қабылдап/таратқыш плата (UTR) сигналдың процессорлық цифрлық өңдеуі арқылы жүйеде қабылдап-таратқыш үнін жүзеге асырады.
UTR платасы қабылданған жиілік үнін талдап цифрлық сигналды МХС-ке жібереді. Бұл жұмыс МХС пен UTR платаларының арасындағы хабарласумен орындалады. UTR платасы цифрлық деңгейді талдап, оны цифрлық регистрге жазады. Сонан соң бұл жазу микропроцессорлық байланыс хабарламасы арқылы С-ке жіберіледі.
- UTR-дің әр платасында 2 цифрлық өңдеу сигналдары (DSP) орналасқан. Олар бір-біріне тәуелсіз жұмыс істейді. UTR- платасы 1 ИКМ реттілігі мен жұмыс істей алады. Сондықтан кез келген мезет уақытында 32 порт қолдануға болады. UTR платасы кез келген фунцияларды орындайды:
- DTMF-ді қабылдап-таратқыш. Әр DSP-ге 4 қабылдағыш;
- Т1 қабылдап- таратқыш. 2 қабылдап, 2 таратқыш;
- Жауап станциясы генераторы;
- Қос ызылдауықты генераторы;
- Ақпараттық үн генераторы.
UTR платасы DRX4 жүйесінің шеткері платасының кез келген ағытпасында орналаса алады.
Абоненттік және таксофондық жол платасы.
Абоненттік және таксофондық желі платасы шеткері платаға арналған кез келген ағытпада орналаса алады. Таксофон жол платасы таксофондық аппаратқа не басқа да төлемді құрылғыларға 12 кГц не 16 кГц жиілікті сигналмен берілуде айырмашылығы болады.
Бір абоненттік плата 8 абоненттік жолды қамтамасыз етеді. Абоненттік жол платалар саны абонент санымен орнықтырылады.
Абоненттік плата жұмысы үшін қажетті кернеу: +-5В; +-12 В Қуат түрлендіргіш платасынан, -48 VT және -48 VS SOPII қоректену блогынан түседі.
4.5-сурет. Абоненттік платаның алдынан көрінісі
Платаның беткі панелінде бір сары сәуледиод орналасқан, деректі платаның ең болмаса бір абонентті жолмен жұмысқа қамтылуын сигналдайды.
Абоненттік плата абоненттік жолға 8 парлы Tip/Ring-тің артқы панель жүйесі арқылы және станциялық кросс (MDF) арқылы қосылады. Абоненттік платаны 2 ИКМ арнасы қызмет атқарады.
Ол арналар:
-Кіріс ИКМ арнасы абонентке 2,048 Мбит/сек жылдамдықпен берілген дыбысты сигнал үшін арналған;
-Шығыс ИКМ арнасы МХС платасына 2,048 Мбит/сек жылдамдықпен берілген дыбысты сигнал үшін арналған.
Бақылаумен жалғау модульдер платасы (МХС)-мен байланысының қызметі:
-реле қоңырауының қосылып- өшірілуі үшін;
-шақырысты алу үшін;
-керекті үндерді тапсыру үшін.
Плата құрылғысы:
Плата құрайтын тізбек: абонент жол қорегі, жоғары кернеуден қорғаушы қоңырауының қорегі, кодалау, дыбысты тестілеу және күшейту.
-қоңырау қорегі –80Vrms. Қоңырау кернеуі клиент тапсырысымен таңдалады;
-платада тек сызықтық тоқ ағады;
-металлдық оқшаулау және 2/4 сымды өзгерткіш гибридті трансформатормен жүзеге асырылады. Абоненттік жолдың кедергісі, 820 Гц жиілікте жуық шамамен 600 Ом-да жжұмыс атқарады;
-жүйедегі платалар 8 A-law CODEC орналасқан. Жүйелер, кодекті басқарушы, бақылау тізбек модулінен және сәйкестік CODEC таңдау сигналынан келеді, бақылау тізбек модулінен келе абоненттік платада дешифраланады. Синхрондаушы сигналдар CODEC-і басты синхрондаушы сигнал жүйесінен түседі;
-жоғарыда көрсетілген айырмашылықтан басқа таксофондық платада 2 қосымша тізбек бар. Бұл тізбектер таксофондық аппаратқа қажетті станциялық және қала аралық ызылдауықпен 12 кГц жиілікті сигнал беруге қызмет етеді.
Жалғау мен сигналдау шарты:
Абоненттік жолдың кедергісі 2000 Ом.
Қорек кедергісі: 2 х 400 ОМ.
Сым арасындағы оқшаулау: 20 кОм.
Қосылған телефондық аппарат абоненттік жолдың қалыпты жұмысы үшін келесі параметрлер болуы тиіс.
І. Нөміртергіш жылдамдық: 7 – 12 ррs;
ІІ. Бұзудық қатысы: 56-72%;
ІІІ. Жалған бұзылу: max. 3 ms;
IV. Аппаратты қосып/өшіру уақыты: а) қосылуы 21-63 ms;
ә) өшуі 46-103 ms;
V. Цифраралық аралық: ≥200 ms.
Платада қолданылатын қоңырау сигналы келесі параметрлерден тұрады:
І. жиілік: 16 2/3, 25, 50 Гц(таңдау бойынша);
II. ауытқу:2 Гц;
III.номинал кернеу: 60,70,80 Vrms (таңдаумен);
IV.тұрақты кернеу: -44 В-тан –54 В-қа дейін;
V. қоңырау тыныс реттілігі: клиент таңдаумен;
VI. уақытша ауытқу: 0,5%;
VІІ. сигнал түрі: синусоидальді;
