- •1 Қызылорда қтж (қалалық телефон желісіне) сараптама жасау
- •2 Қызылорда қалалық телефон желісіндегі №4 атс жаңаландыруының қажеттілігі
- •3 Жаңаландыруға қажетті жабдықты таңдау және оған қажетті негізгі параметрлерді есептеу
- •3.1 Туылатын жүктемені есептеу
- •3.2 Топтық іздеуіш сатысындағы пайда болған жүктемені үлестіру
- •3.3 Кіріс ағын жүктемесін анықтау
- •3.4 Қалааралық жүктеме
- •3.5 Ішара станциялық жүктемені үлестіру
- •3.6 Регистрге жүктеме есептеу, оның көмекші құрылғысы
- •3.6.1 Қабылдап таратқыш жүктемені есептеу
- •3.6.2 Көпжиілікті қабылдап таратқыштағы блок жүктемесін есептеу
- •3.6.3 Үнді теріс блогының жүктемесін есептеу
- •4 Drx 4 станциясының техникалық сипаттамасы
- •Цифрлық арналық платасы (dtc).
- •Vііі. Бір жолға толық жүктеме: жиілік қоңырауында кедергі
- •5 Техникалық пайдалану
- •6 Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік
- •7 Экология және қоршаған ортаны қорғау сұрағы
- •8 Экономика
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3 Жаңаландыруға қажетті жабдықты таңдау және оған қажетті негізгі параметрлерді есептеу
3.1 Туылатын жүктемені есептеу
Туылатын жүктемені абоненттен түскен шақырыс пен (қызмет көрсетуге тапсырыс) бірнеше уақыт алып тұрған станцияның әр түрлі қосатын жол құрылғысын құрады.
Техникалық жобалаудың ведомдық нормасына (ТЖВН 112-79) сәйкес көздердің үш категориясын ажырату қажет: халықшаруашылық сектор, пәтерлі және таксофондар.
Nп=2300 аб.
Nх.ш.=2000 аб.
Nт.=2700 аб.
С және Т мәнін 3.1 кестесінен табамыз:
Сп.=1,2
Сx.ш.=2,7
Ст.=10
С- кез келген категориялардың бір көзінен түсетін шақырулардың орташа саны.
Тп.=140
Тх.ш.=90
Тт.=110
Т- Бір категориялы абоненттерге сөйлесудің орташа ұзақтығы.
Пәтерлі секторда- 68%
Ауылшаруашылық секторда- 27%
Таксофонды секторда- 5%
Рр- аяқталған сөйлесу шақыру үлесі, біздің жағдайда Рр=0,5
Көздердің құрылымдық құрамы және әртүрлі категориялы аппараттар саны іздеумен, ал басқа параметрлері (Сі, Ті, Рр)- берілген қаладағы жұмыс істейтін АТС статикалық бақылаумен анықталады.
Статикалық есептің жоқ кезінде жергілікті жүктеме станцияларында туатын қарқындылық 3.1 кестесінде келтірілген Сі, Ті, Рр орташа мән бойынша есептеуді ұсынады.
3.1 кесте
Жүктеменің негізгі параметрлерінің орташа мәні
Тұрғылықты пунктегі тұрғындар саны, мың адам |
Көздердің категориясы |
Рр |
|||||
Пәтерлік сектор |
Хал.шаруаш. сектор |
Таксофондар |
|||||
Сп |
Тп |
Сх.ш. |
Тх.ш. |
Ст |
Тт |
||
65% дейінгі пәтерлік сектордағы абоненттердің санында |
|||||||
20-ға дейін |
0,9 |
100 |
3,1 |
80 |
6 |
110 |
0,5 |
20-дан 100-ге дейін |
1,1 |
110 |
3,5 |
85 |
8 |
110 |
0,5 |
100-ден 500-ге дейін |
1,1 |
110 |
3,6 |
85 |
10 |
110 |
0,5 |
500-ден жоғары |
1,1 |
110 |
4,0 |
85 |
10 |
110 |
0,5 |
65% дан жоғары пәтерлік сектордағы абоненттердің санында |
|||||||
20-дан 100-ге дейін |
1,2 |
140 |
2,4 |
90 |
8 |
110 |
0,5 |
100-ден 500-ге дейін |
1,2 |
140 |
2,7 |
90 |
10 |
110 |
0,5 |
500- ден жоғары |
1,2 |
140 |
3,3 |
90 |
10 |
110 |
0,5 |
Ескерту: 3.1 кестеде тапсырыс құрама жолы бойынша (ТҚЖ) құралатын жүктеме есептелген жоқ, с.с. шығатын қалааралық жүктеме.
Эрлангада келтірілген і- категориялы көздердің жергілікті (АТСЭ бұл топтық іздеу сатысына кіретін жүктеме) тудыратын қарқындылық
Үі= (1/3600) · Ni · Ci · ti (Эрл); (3.1)
Үп.=(1/3600) · 1564 · 1,2 · 92,63=48,3 Эрл.
Үх.ш.=(1/3600) · 540 · 2,7 · 64,2=26 Эрл.
Үт.=(1/3600) · 135 · 10 · 75,565=28,3 Эрл.
ti- бір сабақтың орташа ұзақтығы,сек.
ti=і · Рр(tсж+ntн+tпв +tү +Ті) ; (3.2)
tп.=1,18 · 0,5(3+5 · 0,8+3+7+140)=92,63 сек.
tх.ш.= 1,2 · 0,5(3+5 · 0,8+10+90)=64,2 сек.
tт.=1,19 · 0,5(3+5 · 0,8+10+110)=75,565 сек.
Nп.=(2300 · 68%)/100= 1564
Nх.ш.=(2000 · 27%)/100=540
Nт.=(2700 · 5%)/100=135
3.2 формулаға кіретін байланысты орнату жөніндегі жекеленген операциялар ұзақтығы келесілерді қабылдайды:
- Станция дабыл жауабының уақыты tсж=3 сек;
- n белгісі нөмірін теру уақыты ТА ntн=n · 0.8;
- Сөйлесу кезінде шақырушы абонентке шақыру жіберу уақыты tпв=7-8 сек;
Қосылысты орнату уақыты tүнөмір терудің соңғы сәтінен шақырушы абонент жолының қосылуына дейін байланыс түрінен тәуелденеді және нөмір теру тәсілі мен станция түрі, талап етілетін жол қосылған;
Тастатурлы ТА-нан нөмір тергенде АТС- тің шығыс байланысының кез келген түрінде tү=3 сек. Ішара байланыс үшін әрқашанда tү=0,5 сек;
і – коэффициенті шақырумен аяқталмаған (бос емес, шақырушы абоненттен жауап жоқ, шақырушы абоненттің қатесі). Құралдың шақырумен бос болмаған ұзақтылығын ескертеді. Оның мөлшері негізінде сөйлесудің орташа ұзақтылығы Ті мен шақырулар үлесіне тәуелді, сонымен аяқталған сөздер Рр 3.1 суретіндегі график бойынша анықталады.
Сонымен топтық іздегіштің кіріс сатысында пайда болатын жобаланған станцияға қосылған абоненттердің бірнеше категориясынан жергілікті жүктеме келесі теңдеумен анықталады:
Ү nii=Үх.ш.+Үп.+Үт. (Эрл.); (3.3)
Ү nii=48,3+26+28,3=102,6 Эрл.
(онда, n- индексі-жобаланған станция нөмірі), оның қосындылары (3.1), (3.2) формуласы бойынша оған кіретін шаманың белгісін ауыстыру жолымен есептелінеді.
Егер, абоненттік іздеуіш АІ сатысында бірнеше gсаи бірдей үлкенді секуция көздің бірдей құрамы пайда болса, онда әр секциядан топтық іздеуіш ТІ сатысына түсетін жүктеме келесі жолмен анықталады.
Ү саиii = Ү nii /gсаи (Эрл.); (3.4)
Ү саиii =102,6/21,1=4,9 Эрл.
gсаи =2700/128=21,1
