Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.22 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі

МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих, экономика және құқық факультеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Моңғол шапқыншылығы

Мамандығы: 5В011400 Тарих

Студенттің аты-жөні: Нұрбек. Ғ.

1-курс, Т(б)-15қ тобы.

Оқу түрі: күндізгі

Жетекші: Картова З.К.

Петропавл қ., 2016 ж.

Моңғол шапқыншылығы

Кіріспе:

I. Шыңғыс ханның Моңғол империясы

1.1. Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Мемлекеттік құрылымы….3 1.2. Шыңғыс - хан шапқыншылығы......................................................6

1.3. Шыңғыс хан өлгеннен кейінгі мемілекет жағдайы……………..8

II. Жорықтардан кейінгі жағдай

2.1. Этникалық өзгерістер……………………………………………11

2.2. Моңғолдар жаулап алуының зардаптары………………………13

Қорытынды:

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.1. Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Мемлекеттік құрылымы. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.

Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.

ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайында негізгі қарсыластарының барлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.

1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күшті Шыңғыс-хан империясы құрылды .

Шыңғыс-хан құрған мемлекеттің негізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципі алынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратын кешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.

Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдына қойған басты мақсаты – ішкі саяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің мудделерінен шығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды феодалдық кіріптарлыққа салу.

Біртұтас маңғол мемлекетін кұрғаннан кейін Шыңғыс хан екі нәрсеге назар а) мемлекеттін ішкі құрылымын жетілдіру; ә) әскер құрылымы мен соғыс жүргізу тәсілдерін жетілдіру. 

Шыңғыс хан мемлекетінде хандық, билік, жарлық шығару және әскерді басқару құқықтарына ие болды. Хан өзге мемлекеттермен соғыс жүргізумен қатар соғыс пен бейбітшілікті жариялап, бітімге келіп отырды. Ол негізінен төмендегідей бес функцияны атқарды: 

-Хан мемлекет басшысы және жоғарты бас қолбасшы ретінде астындатыларға жеке билік жүртізді, онын негізгі қызметі мен міндеті елді сыртқы жаулардан қорғау болды. 

-Хан бас қолбасшы ретінде соғыс ашу және бейбіт бітімге келуге құқылы болды.  -Мемілекеттің сыртқы саясатын жалғыз өзі белгіледі. 

-Жоғарғы сот қызметін де атқарып, батыныштыларды өлтіруте не тірі қалдыруға құқылы болды. 

-Мемлекеттегі тәртіп пен өмір сүріп отырған қоғамдык салт-дәстүрлерді сақтау үшін қол астындақы барлық азаматтарға міндетті бұйрықтар мен заң шығаруға құқылы болды. 

Хандық, билік негізінен мұрагерлік жолмен жүзеге асып, хан өлсе орнына баласы, ер жеткен баласы болмаса аға-інілерінің бірі отырды. Мұрагердің таққа отыруы басқа ханзадалар мен ру-тайпа көсемдерінің жиналысы құрылтайда сайланудан өтуге міндетті болды. 

XII-XIII ғасырлар, жалпы орта ғасырлар -кай жағынан жау келіп қалады деп отырған жаугершілік заманы болды. Үнемі шапқыншыльтқтардан көз ашпағаннан кейін, түркі-моңғолдар сақ-скиф, ғүн, түркілер заманындағы секілді "әскери-демократиялық қоғамда" өмір сүрді. Яғни ірі әскери мәселелерге және жорықтарға еркек кіндік түгел қатыстырылды. Дала тррғындары негізінен қарулы адамдар тобынан тұрды. Қару асынып жүру бейбіт өмірде де дәстүрте айналды. Аңға шықсын немесе көңіл көтеруге жиналсын ер азаматтар әрқашан садақ, жебе, қанжар асынып жүрді. Бірде-бір түркі-монғол халық жиналған жерге қарусыз келмеді. қарусыз келген адамға орын берілмеді және ол сайлауға дауыс бере алмады. Шыңғыс хан империясы мен оның әскерлерінің құрылуы бір-бірінен ажырағысыз процестер, өйткені әскер мемлекет құру барысында қажеттілік үшін қалыптасса, мемлекет қалыптасқан әскердің арқасында нығайып отырды.  Шыңғыс хан мемлекетті көшпелі және отырықшы қоғамның әрекетгестігі нәтижесінде ары қарай нығайды. Бұл жерде әңгіме олар мемлекеттікті отырықшы халықтардан алды деген сөз емес, керісінше түркі-монғолдар өздерінің өзіндік әскери саяси жүйесін құрды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]