Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ilimder.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.18 Кб
Скачать

2.М.Фридменнің монетарлық тұжырымдамасы

Монетаризм – бұл кейнсиандыққа қарсы шыққан бағыт, «еркін нарық», «мемлекеттің араласпау» идеяларын қорғаушы, мұнда ақша теориясы басты мәселе ретінде қарастырылады. Монетарлық мектеп шеңберінде ақша және ақша процестері талданады. Осы заманғы монетаризм орталығы Милтон Фридмен (1912 ж.т.) бастаған АҚШ-тың Чикаго мектебі. Оның ең бірінші назар аудартқан еңбегі «Позитивті экономикалық ғылымның әдістемесі» (1953ж.) болды. Фридман позитивті және нормативті экономикалық теория арасын батыл түрде ашты прогресс тек позитивті негізінде ғана мүмкін деп берік мәлімдеді. Фридменның басты еңбектері мыналар: «Позитивті экономика очерктері» (1952 ж.), А.Шварицпен бірігіп шығарған кітап – «Құрама Штаттарының монетарлық тарихы, 1867-1960 жж.» (1968ж.)

Өзінің қалыптасуында, М.Фридменның монетарлық коцепциясы бірнеше кезеңнен өтті: 50-ші жылдар – перманентті табыс теориясын жасау; 60-шы жылдар – шаруашылық циклдің монетарлық теориясын жасау; 70-ші жылдар – номиналды табыстың монетарлық концепциясын жасау және ақшаның негізгі экономикалық параметрлерге әсерін түсіндіру.

Монетаристер кейнсиандық талдаудың негізгі қағидаларына қарсы тұрады. Мәселен, М Фридмен сұрансты мемлекеттің экономикаға араласу шараларымен реттеу бағдарламасына қарсы шықты. Ол бюджеттік дефицит саясатын жиынтық сұранысты жандандыру құралы ретінде жоққа шығарады. Монетаристер кірістің пайда болу көз өндірісті емес , барлық көріністегі байлықты есептеді. Байлықтың негізгі бес түріне М.Фридман ақшаны, облигацияларды, акцияларды, физикалық игіліктерді, адам капиталын жатқызады.

Модификацияланған сандық ақша теориясы негізінде монетаристер кейнсышылармен «макроэкономика-ақша» бағытында мынадай үш деңгейде қарсы шықты:

Ақша айналысы жылдамдығының тұрақты- тұрақсыздығы туралы мәселе «түйінді» болды. Монетаристік концепция ақшаның сандық теориясына сүйенеді. Оның мәні : тауардың бағалары ақша қаражатының мөлшерімен белгіленеді. Ақша көлемі артса- баға да өседі және керісінше ақша азайса баға да арзандайды. Ақшаның негізгі қасиеті өтімділігі.

Өзінің сандық теориясын түсіндіруде Фридмен әркімнің сұранысы байлықтың мөлшерімен, баламалы активтерге ие болу, пайданы шығарып алуға ұмтылу мен шектелетіндігін көрсетеді.Ақша көп болғанда оны бағалы қағаздар сатып алуға, қосымша пайда алуға пайдаланады.Ақша ұсынысынан ақшаға сұраныс салыстырмалы түрде тұрақты. Ақшалай сұранысқа кірістерден басқа әсер ететіндер: бағаның деңгейі, проценттік ставканың мөлшері. Ақша ұсынысы айналыстағы ақшаның санын білдіреді. Ол ақша эмиссиясының мөлшерімен, коммерциялық банктерін несиелермен, бағалы қағаздардың сату-сатып алумен анықталады. Ақшы массасының сұранысымен ақша ұсынысы арасындағы сәйкестік нарықтың өзін-өзі реттеу механизмін қамтамасыз етеді. Егер ақша ұсыныс азайса, онда несие шарты қатаяды, проценттік ставка көтеріледі. Осының нәтижесінде ақшаға сұраныс біраз төмендейді, ақшаның бір бөлігі пайдалы активтерді сатып алуға пайдаланатын болады. Ақшаға сұраныс пен ұсынысының тепе-теңдігі бұзылады, одан кейін ол жаңа нүктеде тоқтайды. Осы жағдайда орталық банк өз саясатын түзетеді - ақша ұсынысы артады, ставка төмендейді. Процесс кері бағытта жүреді. Осыдан Фридмен мынандай қортынды шығарды:

  • Нарықтық экономикада, сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңділікті қалпына келтіруге кедергі жасамау керек;

  • Егер ақша массасының қарқыны тауар массасының өсу қарқынынан артса немесе керісінше ақша массасы тауар айналысының өсім қарқынынан артта қалса, онда жағымсыз ауытқулар пайда болып, экономикалық дамудың тұрақтылығы бұзылады;

  • Ақша массасының өсуі бағалардың орнықтығын қамтамасыз ететін қарқынмен жүріп, ұлттық жиынтық өнім (ҰЖӨ) динамикасына сәйкес келуі тиіс.

Фридменнің пікірі бойынша ақша саясатының проблемасы сұраныс пен оның ұсынысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде жатыр.

Фридменнің ойынша, ақшаның өсімі ұлттық жиынтық өнімнің өсуіне сәйкес болуы тиіс.

Фридмен айналыста болатын ақша массасының өсу қарқыны іскерлік циклдің қозғалысына байланысты екендігін анықтайды. Ғалым экономикалық циклдің шындарының орташа айналыстағы ақша массасының максимум мен салыстырғанда 16 айда құрайтын заңдылығын анықтады, ал олардың орташа кемуі – оның минимумынан кем 12 ай. Осылардан ол мынандай қортынды шығарды: ақша несие саясаты шеңберінде проценттік ставкаларды емес, ақшалай ұсыныстың өсім қарқынын тұрақтандыру керек. Фридмен монетарлық ережені заңдылықпен белгілеуді жақтады, ақшалай ұсыныс жыл сайын сол қарқында нақты ҰЖӨ әлеуметтік өсімнің жыл сайынғы қарқыны сияқты сол қарқының артуы тиіс, яғни 3-5% не.

3.Экономикалық ілімдер тарихы курсының пәні мен әдістері №1билет 1сұрақ

17 емтихан билеті

1.А.Маршалдың тепе-теңдік мәселелері №3 бил 2сұрақ

2. Шекті еңбек өнімділігі теориясы Дж.Кларк№3 бил 3 сұрақ

3.Паретоның экономикалық әл-ауқаттылық теориясы №12 бил 3сұрақ

18 емтихан билеті

1.Неолиберализмнің пайда болуы мен ерекшелігі№16 бил 1сұрақ

2.М.Фридменнің монетарлық тұжырымдамасы №16 билет 2сұрақ

3.Экономикалық ілімдер тарихы курсының пәні мен әдістері№1билет 1сұрақ

1билет 1сұрақ

19 емтихан билеті

1.Дж.Робинсонның жетілмеген бәсеке экономикалық теориясы №4 бил 3 сұрақ

2.Экономиканы мемлекеттік реттеудің неокейнсиандық үлгілері №8 билет 3 сұрақ

3.Маржинализмдегі орталық орынды шекті пайдалылық теориясы

Фридрих фон Визер (1851-1926 жж.) К.Менгер жақтаушы, «австриялық мектеп» ілімдерін насихаттап, жетілдіруіші. Оның негізгі еңбектері: «Экономикалық құндылықтар және оның заңдарының пайда болуы» (1884 ж.), «Табиғи құндылық» (1889 ж.) және «Қоғамдық шаруашылық теориясы» (1914 ж.).

Фридрих фон Визер өзінің алдындағылары сияқты макроэкономикалық талдау, экономикалық мәселелерді математикалық емес әдістермен шешу, құндылықты, бағаның өндіріс шығындарын пайдануда субъективті қабылдауға артықшылық берді. Ол жалпылай тиімділікті анықтаудың мультипликативті әдісін ұсынады. Бұл әдістін мәні игіліктің шекті пайдасын бірыңғай игіліктерге көбейткенде көрінеді.

Өз ілімдерінде Фридрих фон Визер «шаруашылықты жекелей ұйымдастыру» тұжырымдамасын негіздеді. Ғалымның ойынша меншіктің жеке формасы ең тиімді, ең пайдалы түрі, бұл меншіктің жүз жылдаған әртүрлі формаларымен дәлелденген деді.

Дәйіктер ретінде ғалым, біріншіден шаруашылық игіліктерінің шығындарына ұқыпты қатынас қажеттілігін; екіншіден «менікі» және «сенікі» деген сұрақтардын маңыздылығын; үшіншіден, меншікті шаруашылықты пайдалану үшін құқықтық кепілдіктерді көрсетті.

Шекті тиімділік тұжырымдамасының негізгі ережелер мыналар:

1. Игіліктердің құндылығын зерттеу негізі тұтыну сұранысының талдауы қойылады. Мәні шығындарға емес, нәтижелерге ие.

2. Негізгі тұтыну сұранысын зерттеу.

3. Шекті пайданы талдау адамдардың уәжін (мотивін) зерттеуімен байланысты.

4. Өндіріс құралдырының құндылығы еңбек шығындарымен емес, тұтыну тауарлардың шекті тиімділігі мен анықталады.

Игіліктер айырбасы саудаға қатысушыларының субъективті бағалуларының «тепе-теңдік» принципі негізінде бағаның туымен бітеді

20 емтихан билеті

1.Институционализмнің жалпы мінездемелері№4 бил 2сұрақ

2.М.Фридменнің монетарлық тұжырымдамасы№16 билет 2сұрақ

3.К.Менгердің іліміндегі әдістемелік ерекшеліктер

21 емтихан билеті

1. А. Смиттің ақша,еңбек ақы, пайда, рента және капитал туралы теориялық позициялары №11 бил 2 сұрақ

2.М.Фридменнің монетарлық тұжырымдамасы№16 билет 2сұрақ

3. Меркантилизм түсінігі ,мәні мен маңызы

“Меркантилизм” ұғымы латын сөзінен mercari (сату)дегеннен шыққан. Оның пайда болуы Ұлы географиялық ашылумен, “алғашқы капитал жинақтау” шарттарын жылдамдату, жаңа типті шаруашылық субъект-кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмыскерлердің пайда болумен тығыз байланысты.

Европалық меркантилистер өкілдері негізінен көпестер, өндірушілер, әскерилер, авантюристер болды. Дегенмен олар алғашқы ірі буржуазиялық жағдайдың негізі-сауда, несие және соғыстар арқылы пайдаға ие болу сияқты әдістерін нақты анықтады. Байлықтың абстрактілі формасы-ақша шықты. Сол кезде экономикалық әрекет мақсатын ақшадан, алтыннан, күмістен көре білді. Адамдар “металл үшін құрбан” болды. Сол уақыттың трактаттары мен памфлеттері мемлекетте және жеке қолда ақшаны жинақтау әдістерін іздеуге арналды. Осылайша, меркантилизм, нарықтық қатынастың туу кезеңіндегі экономикалық ойлардың алғашқы мектебі ретінде теориялық-әдістемелік ерекшеліктерінің тұтас қатарын құрады.

Әр елдегі меркантилизм ұлттық бояуымен ажырататын жалпы белгілеріне ие болды. Осылайша, Англияда меркантилизм бір уақытта өндіріс капитализм мен ауыл шаруашылығының дамуына әсер етті. Бұл ХVІІ ғасырда елдің сауда мен өндіріс аумағында протекционистік саясаттың негізгі жетістігі болды. Ост-Инд компаниясының көшбастыларының бірі Томас Мен (1571-1641 жж) есімімен байланысты сол сияқты англияда меркантилизм мен идеологиялық күрес нәтижесінде А.Смит, Д.Рикардо және басқалардың еңбектерінде көрініс тапқан классикалық саяси экономияның құндылықтарын теориялық қорытуға қол жеткізулер болды. Англия ХІХ ғасырдың ортасында ішкі және сыртқы саудада толық бостандық саясатының сөзсіз жолын қуғаны туралы мәлімдеп, антимеркантилистік ұстанымды практикада іске асыруды бастады.

Францияда меркантилистік саясаттың белсенді жол бастаушысы, кольбертизм атағын алған, біржақты сипат беріп, үкімет мүшесі болған – Жан Батист Кольбер (1619-1683 жж). Ауыл шаруашылығының феодалдық қатынастармен шырмалуында, Кольбер, белсенді сауда балансын қамтамасыз етуге ұмтылып, өнеркәсіптің дамуын барынша көтермеледі, бірақ ауыл шаруашылығының қажеттіліктерін ескермеді. Ол ауыл шаруашылық тауарларын шеттен әкелуге рұқсат беріп, ауыл шаруашылық өнімдерін шетке шығаруды қиындатты.

Экономикалық идеяларды дамытудағы меркантилизмнің тарихи ролі оның өкілдерінің шығармашылық мұраларының жағымды және жағымсыз элементеріне байланысты.

Меркантилистердің тұжырымдамалары айналым аясында толығымен шаруашылық өмірдің тәжиребесіне арналды. Бұл сонымен бірге, оларға ғылыми айналымға көптеген экономикалық санаттарды еңгізуге, сауда қарыз операциялары мен ақша айналымы аумақтарында маңызды заңдылықтарды айқындауға жол берді. Бірақ олар экономиканың басқа аяларына әсері әрқашан бірдей болмады.

Меркантилисттер отандық өнеркәсіп пен сауданың дамуы үшін ақшаны маңызды құрал ретінде заңды түрде қарастырғанымен, ұлттық экономикаға шетел инвестицияларын тартуға мән бермеді. Бұдан басқа олар үшін жұмыссыздық мәселесі де мәнсіз болды. “Ерікті жұмыссыздықтың” негізгі себебін аз уақытында цехтарда немесе фабрикалар мен зауаттарда жұмыс істеуді қаламауды тудыратын не “жалқаулық”, не “азғандық” деп санады.

Меркантилизм дамыған Европа елдерінде, ең алдымен Англия мен Францияда оның классикалық саяси экономиясын алмастыратын нарықтық экономикалық қатынастар мен ерекшеліктердің қалыптасу өзгешілігі мен байланысты.

Меркантилистер тұтыну құны емес, айырбас байлық деп жариялады.

Меркантилизмнің экономикалық саясаты алғашқы капиталдың жиналуына көмектесті.

Алайда, меркантилизмді саяси экономияның туу кезеңі мен байланыстыра ретінде бағалай отырып Й.Шумпетер оның жағдайы өз алдына практикалық маңызын сақтай отырып соншалық ғылыми бағыт бермей және одан туындаған әдебиеттер тек ғылымның бастамасы деп ескертті.

22 емтихан билеті

1.Жетілмеген бәсекемен нарық теориясы№4 бил 3 сұрақ

2.М.Фридменнің монетарлық тұжырымдамасы№16 билет 2сұрақ

3.Өнімнің дифференциациясы

23 емтихан билеті

1. Веблен эффектісі түснігі

Т. Вебленнің экономикалық ілімі.

Институционализм - қоғамның дәстүрлерін, құқылық заңдарын жүзеге асыру үшін халықтар мен топтардың ойлау жүйесін тұрақтандырып, оны басымырақ етеді. Институттар адамдар қызметінің шегі мен түрін анық белгілейді. Шын мәнінде "институт" термині экономикалық және экономикалық емес тәртіпті қамтиды. Бұлар мемлекеттік заңдарды шығару және ұлттардың дәстүрлі қоғамдық жүйесін ұйымдастыру тәртіптері.

Методикалық жағынан институционалдық бағыт-әлеуметтік нысандарға, адамның экономикалық тәртібіне, олардың дәстүрлі, қүқылық нормасына ықпал жасайды.

Институционализм капитализмнің әлеуметтік қайшылығын көрді және оны реформалауды ұсынды. Абстракциялық тәсілге сенбей, шындықты суреттеуге шақырды. Оның көрнекті өкілдері - идеологтары Торстейн Веблен (1857-1920), Джон Коммонс (1882-1945), У.Митчелл (1874-1940),

Американ экономисті Т. Вебленнің басты еңбектері "Жатып ішер топтар теориясы" (1894), "Іскер-кәсіпкерлер теориясы" (1904), "Шеберлер инстинктісі және технологиясының дәрежесі" (1919), "Ірі кәсіпкер және адам" (1919), "Инженерлер мен пайдалану жүйесі", "Абсенттік меншік және жаңа уақыттағы кәсіпкерлік" (1923).

Институционализмнің негізін салушы ретінде Т. Веблен экономикалық құбылыс ты қоғамдық психологиямен байланыстырды. Адамның биологиялың мәніне, оның инстинктісін басқаруға, дарвинизмге көңіл бөледі. Инстинкт - аман-сау сақтану (ата-ананы сезіну), шсңберлік инстинктісі (тиімді әрекет ке бейімделу), бәсекеге дайын болу.

Т. Вебленнің саяси зкономия пәні - адамзат қоғамы. Бірақ адам экономикалық үлгіге сыймайды. Сондықтан Веблен институттарды құруды, дамытуды ұсынды, мақсатты белгілеу, техниканы, технологияны өзгертуге шақырды. Демек Т. Веблен методологиясы - технологиялық бағыт. Психикалық технократтық көзқарас қазіргі теорияны екіге бөлді; экономикалық өсудің сатысы және индустриалды өркениетке жету.

Веблен қоғам тарихын үшке бөлді. Оларға: тағылық, қолөнер және өнеркәсіп кезеңдері жатады. Осы кезендерге қарай ол адамдар өмірін суреттсйді. Ертедегі адамдарда шынайы ынтымақ болды. Мұнда меншік, айырбас, баға және т.б. болмады. Соңынан материалдық игілік қорланады, әскери және т.б. адамдар тобы көбейеді.

Веблен капиталистік жүйе, капиталистік шаруашылық екі сатыдан тұрады дейді: 1. Шеберлер-кәсіпкерлер; 2. Финансистер. Ол меншіктің әлеуметтік басқаруына көңіл аударды. Капиталдық, финанстық, акционер түрлері, автоматика, ірі капиталистік меншік - абсенттік (сезінуге болмайтын, көзге көрінбейтін) меншік айтылады.

Т. Вебленнің творчествосына экономистердің көзқарасы түрліше болды. Ірі бизнесмендер оған қарсы болды. Банктер жойылады дегенге сенбеді. Бірақ Вебленді жақтаушылар - (Дж. Гелбрейт, О. Тоффлер, Р.Хейлбронер және т.б.) да көп болды.

Т. Веблен "жатып ішер топтар" теориясында өндірмейтін, бірақ мүлкі бар топтардың бизнес әлеміндегі дәстүрлі, яғни арамтамақтар мен жыртқыштар заңдарынан шығатын мінез-құлықтарын көрсетеді.

Мұнда сұраныс заңынан шығатын бағалар емес, "жоғарыдағы топтарға" арналған ерекше бағалар, товарлар болады. Тіпті мұны "Веблен эффектісі" деп те атайды. Оның қоғамдық құрылымдар эволюциясы дегені институттарды табиғи таңдау, ол - өмір сүрудің күресінен туындайды. Осы жерде П. Самуэльсон, М. Шумпетердің адам әрекетінің "айуандар логикасы" сияқты жүйелі түрде эмпирикалық-дедукциялық тәсілді қолданды, себебі ол өмір сүрудің дарвинизмдік күресі деген ойын орынды келтірген.

Т. Вебленнің ұсынған реформасы - ғылыми-техникалық прогрессті үдету, инженер-техниктер интелегенциясының маңызын арттыру. Олар бизнестің индустриалдық жүйеге тәуелдігін анықтайды, сөйтіп өкімет инженер-техниктердің қолына көшуге тиіс. Енді осында индустриалды қоғамның төбесі көрініп тұрған жоқ па? Веблен одан әрі "жаңа тәртіп" орнатады. Индустриалдық жүйе "Абсентистік меншікке" (монополистік) қарсы әрекет етеді, өйткені технократтар мен индустриалдардың ұраны-ақшадан пайда келтіру емес, бүкіл қоғамға қызмет ету.

2.Институционализмнің әдістемелік ерекшеліктері №4 бил 2 сұрақ

3. Меркантилизм түсінігі ,мәні мен маңызы №21 бил 3сұрақ

24 емтихан билеті

  • Классикалық саяси экономияның 2-ші кезеңі. А.Смиттің іліміА.

  • Маршалдың тепе-теңдік мәселелері№3 бил 2сұрақ

  • Шектік еңбек өнімділігі теориясы Дж.Кларк.Рефлекция ұғымын сипаттаңыз№12 бил 2сұрақ

25 емтихан билеті = №2 емтихан билеті

1. Классикалық саяси экономияның жалпы мінездемелері және даму кезеңдері №2бил 1 сұр

2.Классикалық саяси экономияның бірінші кезеңі. У.Петтидің. П.Буагильбердің. Ф. Кэнэ. А. Тюргоның экономикалық ілімдері №2 бил 2 сұрақ

3.Физиократтардың экономикалық ілімдері

26 емтихан билеті

1.Эдвард Хейстинг Чемберлин теориялық жаңалықтары №4 бил 3 сұрақ

2.Дж.Робинсон пікірі№4 бил 3 сұрақ

3.Австрия мектебінің өкілдері еңбек категориясы

Австриялық мектеп ХІХғ. 70 ж. пайда болды. Аса көрнекті өкілдері Вена университетінің профессорлары: Карл Менгер, Фридрих фон Визер және Ойген фон Бем-Баверк. Олар «маржинализм» бағыттының негізін салды. Маржиналистердің көз қарастары классикалық экономияның басты ережелеріне қарама-қарсы болды.

Маржинализмнің Австриялық мектебінің негізін салушы Карл Менгер (1840-1921 жж.). Ол «Саяси экономияның негіздері» атты еңбегінде экономикалық мәселелерді жеке шаруашылық субъектілердің деңгейінде зерттеді. Зерттеудің менгерлік әдістемесі «классиктер» әдістемесінің жеке негізгі позицияларын сақтады.

Оның позициясының негізі:

экономикалық талдауда математикалық әдістер мен геометриялық безендірудің болмауы;

базалық категорияның – құнның принциптерін қолдану. Алайда, К. Менгердің ойынша, құн өндіріс шығындарымен емес (еңбек шығыны), шекті пайдамен табылады;

классиктерге қарағанда, Менгер өндіріс сферасын бірінші деп санайды;

К. Менгердің құндылық теориясына деген көзқарасы өзіндік болып табылады. Ғалымның айтуынша, тауар құндылығы адамның оған субъектілік қатынасынан білінеді. Барлық мәселе мынада, игілік адамға канағаттандыру әкеле ме (Австрия тілінде айтқанда «пайда»), жоқ па? Менгер бойынша, құндылық - бұл адамдардың игіліктері өз өміріне қажетті қорлар туралы ілім, сондықтан адамның ойысыз олар дүниеде болмайды.

Ал кіріс (пайда) теориясына К. Менгер басқаша көзқараспен қарайды. Ғалым «классиктердің» еңбек ақы теориясын сынайды. Оның ойынша, еңбек өндірістік процесстің тек бір ғана элементін көрсетеді, бұл экономикалық игілік өндірістік элементін басқа түрлерімен артық емес.

Сондықтан, оның ойынша, капитал иелері жұмысшылар арқасында өмір сүрмейді, олар «жер мен капиталды қолданғаны» арқылы өмір сүреді, бұл жеке адамға және қоғамға сіңірген еңбек сияқты, құндылықты білдіреді. К. Менгердің айырбас теориясы да классикалық көзқарастан ерекше. Менгердің айтуынша, айырбас бұл әріптестердің жеке қызметтері, оның нәтижесі екі жаққа да тиімді, бірақ балама емес. Менгер бұндай құндық тепе – теңдік әр игілік мөлшері арасында болмайды (объективтік тепе – теңдік арасындағы мағынада) деп пайымдаған.

Австриялық мектептің басқа өкілі Ойген фон Бем-Баверк (1851-1914 жж.) К. Менгердің оқушысы және ізбасары. О. Бем-Баверк негізгі ғылыми еңбектері «Капитал және пайда» (1884 ж.), «Капиталдың позитивтік теориясы» (1889 ж.), «Шаруашылықтың игілік құндылығы теориясының негіздері» (1986 ж.).

О. Бем-Баверк К. Менгердің пайданың шекті теориясына қарай адамның қолдануындағы игіліктердің «шекті пайдалылығын» белгілейді.

Осыны дәләлдеу үшін О. Бем-Баверк жалғыз қоныстанушыны мысалыға келтірді: Оны басқа дүниеден бөліп, орман ішінде оқшауланған, жеке адам өзінің жерінен жинап алған бес қап астығын дұрыс пайдаланудың есебін жасайды;

- 1-ші қапты келесі егінге дейін аш қалмау үшін қолданады;

- 2-шіні – өзінің денсаулығы мен күшін қалпында сақтау үшін тамақтану;

- 3-ші наннан басқа да, ет жеу үшін, құстарды асырауға жұмсайды;

- 4-ші наннан жасалған «шарапқа» жібереді;

- 5-ші – қап тоты құстарына кетеді.

Яғни, О. Бем-Баверктің айтуынша әрбір нақты игіліктің пайдалылығы бір қалыпта қалмайды. Ол қажетті игіліктердін ұлғаюына байланысты керектілік. Қажетердің бір қалып еместігі бес қапқа ие болып оның бағасын қанағаттандыру үшін емес, өйткені «тотықұстарды ұстау + ет тағамы + денсаулықты сақтау + өмірді сақтау – бұл бес есе емес, тотықұстарды ұстаудан жоғары.

О. Бем-Баверк өзінің назарын «математикасыз» өндіріс факторларына баға белгілеу проблемаларына бағыттады. Оның зерттеу сферасына тек айырбас қана емес, өндіріс және бөлу категориялары да кіреді. О. Бем-Баверктің айтуынша «заттың құндылығы осы заттың шекті пайдалылығының шамасымен өлшенеді. Шекті пайдалық деп Маржиналистер қосымша пайданың шамасын түсінген.

О. Бем-Баверктің жетістіктерінің бірі «күту теориясы» болып табылады. Онда ғалым капиталға пайданың проценттің пайда болуын негіздейді. Оның ойы бойынша капиталға пайда уақытша игілік арқасында, пайда болады онда өндіріс құралдары соңғы өнімге айналады, осы құралдар мен өнім құндылықтарынан айырмашылық туындайды (процент) дейді.

Фридрих фон Визер (1851-1926 жж.) К.Менгер жақтаушы, «австриялық мектеп» ілімдерін насихаттап, жетілдіруіші. Оның негізгі еңбектері: «Экономикалық құндылықтар және оның заңдарының пайда болуы» (1884 ж.), «Табиғи құндылық» (1889 ж.) және «Қоғамдық шаруашылық теориясы» (1914 ж.).

Фридрих фон Визер өзінің алдындағылары сияқты макроэкономикалық талдау, экономикалық мәселелерді математикалық емес әдістермен шешу, құндылықты, бағаның өндіріс шығындарын пайдануда субъективті қабылдауға артықшылық берді. Ол жалпылай тиімділікті анықтаудың мультипликативті әдісін ұсынады. Бұл әдістін мәні игіліктің шекті пайдасын бірыңғай игіліктерге көбейткенде көрінеді.

Өз ілімдерінде Фридрих фон Визер «шаруашылықты жекелей ұйымдастыру» тұжырымдамасын негіздеді. Ғалымның ойынша меншіктің жеке формасы ең тиімді, ең пайдалы түрі, бұл меншіктің жүз жылдаған әртүрлі формаларымен дәлелденген деді.

Дәйіктер ретінде ғалым, біріншіден шаруашылық игіліктерінің шығындарына ұқыпты қатынас қажеттілігін; екіншіден «менікі» және «сенікі» деген сұрақтардын маңыздылығын; үшіншіден, меншікті шаруашылықты пайдалану үшін құқықтық кепілдіктерді көрсетті.

Шекті тиімділік тұжырымдамасының негізгі ережелер мыналар:

1. Игіліктердің құндылығын зерттеу негізі тұтыну сұранысының талдауы қойылады. Мәні шығындарға емес, нәтижелерге ие.

2. Негізгі тұтыну сұранысын зерттеу.

3. Шекті пайданы талдау адамдардың уәжін (мотивін) зерттеуімен байланысты.

4. Өндіріс құралдырының құндылығы еңбек шығындарымен емес, тұтыну тауарлардың шекті тиімділігі мен анықталады.

Игіліктер айырбасы саудаға қатысушыларының субъективті бағалуларының «тепе-теңдік» принципі негізінде бағаның туымен бітеді

1. Антикалық құлдың экономикалық ой-пікірі. Ежелгі Грекия№10 бил 1с

2.Меркантилизм түсінігі ,мәні мен маңызы 21 бил 3 сұрақ

3.Жеке қажеттіліктер теориясы№10бил 3сұрақ

28 емтихан билеті

1. Австрия мектебінің өкілдері еңбек категориясы№26 бил 3сұрақ

2.Дж.Робинсон пікірі №4 бил 3 сұрақ

3. Ф.Визердің кәсіпкерлікке көзқарасы қандай№26 бил 3 сұрақ

29 емтихан билеті

1.В.Паретоның экономикалық әл-ауқаттылық теориясы№12 бил 3сұрақ

2.Шекті еңбек өнімділігі теориясы (Дж.Кларк) №12 бил 2с

3.Маржиналдық төңкерістің екінші кезеңі ретінде экономикалық ой-пікірдің неоклассикалық бағытының қалыптасуы

«Маржинализм төңкерісінің» екінші кезеңі – он тоғызыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарына сай келеді. Осы уақыттан бастап маржинализм көптеген елдерде басым бағыт болып қанатын жаяды. Бұл кезеңдегі оның басты жетістігі- жетпісінші жылдадағы субьективизм мен психологизмнен бас тартып, Й. Шумпетер айтқандай, «экономикалық таза мақсаты... берілген жағдайлардың негізінде әр кезде экономикалық өмірдің ретті жүруін түсіндіру.»

Нәтижесінде жаңа маржинал экономикалық идея өкілдері классикалық политэкономияның иегерлері саналып , оларды неоклассиктер деп атады. «Маржинал төңкерісінің» екінші кезеңі – неоклассикалық саяси экономияның қалыптасу кезеңінде – ең көп үлес қосқандар: А. Маршал , американ Дж. Б. Кларк және итальян В. Паретто еді. Жоғарыда аталған маржинал төңкерісінің екі кезеңдегі идеялар эволюциясын былай сипттауға болады:

Біріншіден, бастапқыда маржинализм өзінің субьективті бағытында экономикалық талдауды тұтынуымен байланыты проблематикаға назар бөлудің маңыздылығын көрсетті. Ал классиктер өндіріс проблемасын басыл бағыт дегені белгілі. Бірақ неоклассиктер содан кейін екі саланы бір мезгілде зерттеудің қажеттілігін негіздеді, олардың біреуін ерекше бөлмей , бір біріне қарсы қоймайды.

Екіншіден , маржиналистердің алғашқы толқыны классиктер сияқты себеп- салдарлы талдауды пайдалана отырып , өзіне дейіндегілерді қайталағандай болады. Казуальды тәсіл біріншісіне де, екіншісіне де товар игіліктерінің құнын мойындауға, яғни оны экономикалық зерттеудің бастапқы категориясы деп есептеуге әкеледі. Бір ғана айырмашылық – классикалық мектеп экономикада бірінші орында - өндіріс саласы , құнның құрылу көзі- өндіріс шығындары десе , субъективті мектеп бірінші орынға – тұтыну саласын жатқызып , осымен байланысты бағалар товарлар мен қызмет көрсетудің құндылығына тәуелді етеді. Өз кезегінде маржиналистердің екінші толқыны экономика теориясында неоклассиктердің негізін қалады. Олар бұған казуальды тәсілді функциональдімен алмастырып, яғни екі жүз жылдай экономикалық ғылымға үстем болған өндіріс пен тұтынуды бірінші , екінші сала деп бөлу дилеммасын жойып, тиісінше құнның негізіне не жатады деген таласты тоқтату арқылы жетті.

Неокласиктер, бейнелеп айтсақ, өндіріс саласы мен тұтыну саласын қосып, жүйелі тұтас талдау обьектісіне айналадырып , шекті экономикалық өлшемдерді сипаттауды бөлу мен айырбас саласына таратты. Нәтижесінде құн туралы екі теорияны бір екі өлшемді теорияға табиғи біріктіруге әкелді , ол бір мезгілде шекті шығындар мен шекті пайдалылықты өлшеуге негізделген

Үшіншіден, неоклассиктер экономикалық ғылымның алғашқы ұстаздарынан , яғни классиктерден , ең бастысын- экономикалық либерализм принциптеріне берілгендікті , « таза білімді ұстап қалды». Кейде мұны суъекттивизмнен , психологизмнен және басқа экономикалық қоспалардан ашылған «таза теория» деп атайды. Сондықтан, маржиналистердің «екінші толқыны» біріншілерінен, тіпті класситерден де ерекше зерттеу пәнін кеңейтілгенін мойындай отырып , қарсы жағын да көрсетуіміз тиіс: неоклассиктер өздерінің зерттеу пәнінің шеңберін әдейі тарылтты, яғни экономика ғылымының теориялық-методологиялық міндеттерін әлеуметтік және макроэкономикалық бағыттағы проблеманы алып тастайды.

30 емтихан билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]