- •Нарықтық экономикаға дейінгі экономикалық ілімдер тарихы. Ежелгі шығыс экономикалық ой-пікірі. Вавилон.
- •Меркантилизм- нарықтық экономикалық қатынастар туған кездегі ой-пікірлер
- •Классикалық саяси экономияның жалпы мінездемелері және даму кезеңдері
- •2.Классикалық саяси экономияның бірінші кезеңі. У.Петтидің. П.Буагильбердің. Ф. Кэнэ. А. Тюргоның экономикалық ілімдері
- •3.Физиократтардың экономикалық ілімдері
- •Классикалық саяси экономияның 2-ші кезеңі. А.Смиттің іліміА.
- •Маршалдың тепе-теңдік мәселелері
- •Шектік еңбек өнімділігі теориясы Дж.Кларк.Рефлекция ұғымын сипаттаңыз
- •Капиталистік саяси экономиканың 3-ші, 4-ші кезеңдері
- •Институционализмнің жалпы мінездемелері, оның негізін қалаушылар
- •Жетілмеген бәсеке мен нарық теориясы. Э. Чемберлиннің монополиялық бәсеке теориясы. Дж. Робинсонның экономикалық теориясы
- •Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімі, Давид Рикардоның экономикалық ілімі
- •Жан Батист Сэйдің экономикалық ілімі
- •К. Маркс. Фридрх Энгельс ілімдері.
- •Қиялшыл экономистердің жасаған реформалық тұжырымдамалары. С. Сисмондидің. П. Прудонның ілімдері
- •Маржинализмнің негізгі идеясы.
- •К.Маркстың «қосымша құн теориясы»
- •Жеке меншік пен жеке кәсіпкерлікке ф. Визердің көзқарастары
- •Неоклассикалық саяси экономия терминінің пайда болуы
- •Ертедегі және кеш меркантелистердің көзқарастарындағы үлттық байлық пен оны көбейту жолдары тұжырымдамаларының мәні
- •П. Буагильбердің экономикалық ілімі
- •Томас Роберт Мальтустың экономикалық ілімі
- •Экономиканы мемлекеттік реттеудің неокейнсиандық үлгілері
- •Маслоудың қажеттілк теориясы
- •Маржинализмнің жалпы мінездемесі. К.Менгердің экономикалық ілімі
- •Қиялшыл экономистердің жасаған реформалық тұжырымдамалары
- •Антикалық құлдың экономикалық ой-пікірі. Ежелгі Грекия
- •Меркантилизм түсінігі ,мәні мен маңызы
- •Жеке қажеттіліктер теориясы
- •Капиталистік саяси экономияның кезеңдері
- •А. Смиттің ақша,еңбек ақы, пайда, рента және капитал туралы теориялық позициялары
- •Физиократтардың экономикалық ілімі
- •А. Смиттің «халықтар байлығы» еңбегінің мазмұны
- •Шекті еңбек өнімділігі теориясы Дж.Кларк
- •В. Паретоның экономикалық әл-ауқаттылық теориясы
- •1.Институтционализмнің әдістемелік ерекшеліктерін мінездеңдер
- •2.Экономикалық ой-пікірдің әлеуметті-институтционалдық бағытының пайда болуы
- •2.М.Фридменнің монетарлық тұжырымдамасы
- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің неокейнсиандық үлгілері№8 билет 3 сұрақ
- •2.Маржинализщмнің негізгі идеясы неден құрылады №9 бил 2сұр
- •3.Ежелгі әлем мен ортағасырлық натуралды шаруашылық экономикалық ой-пікір
- •А.Маршаллдың қарастыруындағы нарықтық баға мінездемесіндегі жаңалықтар қандай
- •2.Меркантилизм түсінігі ,мәні мен маңызы№21 3сұрақ
- •3.Жеке қажеттіліктер теориясы №10 бил 3сұрақ
- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің неокейнсиандық үлгілері
- •2.Антикалық құлдық заманындағы экономикалық ой-пікір Ежелгі Грекия№10билет 1 сұрақ
- •3.Исламдық арабтық Шығыс Ибн-Хальдунның тұжырымдамасындағы «әлеуметтік физика»
- •1. Уэсли Клэр Митчеллдің экономикалық тұжырымдамасы
- •1. Маслоудың қажеттілк теориясы №9 билет 1сұрақ
- •2.Маржинализмнің жалпы мінездемесі. К.Менгердің экономикалық ілімі№9 билет 2сұрақ
- •3.Қиялшыл экономистердің жасаған реформалық тұжырымдамалары№9 3сұрақ
2.Экономикалық ой-пікірдің әлеуметті-институтционалдық бағытының пайда болуы
«Институционализм» термині «заң негізінде орнатылған тәртіп немесе дәстүр» дегенді білдіреді. Институционалдық-әлеуметтік бағыт қазіргі экономикалық теорияда маңызды орын алады. Бұл теорияның негізгі өкілдері: американдық экономистер Торстейн Веблен (1857-1929), Джон Коммонс (1862-1938), Уэсли Митчелл (1874-1948), Джон Гэлбрейт (1908 жылы туылған). Бұлар экономикалық мәселелерді дәстүрлі емес әдістер арқылы зерттейді. Неоклассиктердің «экономикалық адам» мәселесін «әлеуметтік адам» ретінде қарастырды. Бұл жағдай олардың пікірінше, институттар арқылы реттеледі, яғни ол институттарға мемлекет, отбасы, адамгершіліктік және құқықтық нормалар, корпорациялар, кәсіподақтар, басқа да экономикалық құбылыстар мен тетіктер жатады. Сонымен қатар, институттар адамдар сақтайтын заң нормаларының жиынтығы ретінде өзіне қоғамдық пікір, сән-салтанат, жоғары білім, еркін бәсекелестік, жеке меншік, несие сияқты құбылыстарды да жатқызады. Сонымен, институционализм – бұл адамдардың экономикалықтан басқа, әлеуметтік, мәдени, саяси, адамгершіліктік, құқықтық құндылықтарын зерттейтін ерекше бағыт.
Институционализм теориясынан негізгі екі бағыт тарайды: неоинституционализм және қоғамдық таңдау теориясы.
Неоинституционализм бағыты меншік құқығының экономика-лық теориясы деп аталады. Негізін салушы болып американдық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Рональд Коуз (1911 жылы туылған) табылады. Бұл бағыт трансакциондық шығындар теориясына аса мән бере отырып, нарықтық қатынастарды дамытудағы меншік құқығының жаңа рөлін қалыптастырды және өндірісті нарықтық тұрғыдан тиімді үйлестірудің шығындарын анықтауды алға тартты.
Қоғамдық таңдау теориясы экономикалық және саяси құбылыстардың өзара байланысын зерттейді. Американдық экономистер, Нобель сыйлығының лауреаттары Джеймс Бьюкенен (1919 жылы туылған) мен Кэннет Эрроу (1921 жылы туылған) осы теорияның негізін қалаушылар болып табылады. Қоғамдық таңдау теориясы саясат қызметін экономикалық талдауды ұсынады. Саясат саласы ерекше нарық қарастырылады, бұл жерде саясат басындағы қоғамдық лауазымды тұлғалар жеке индивидтер мен фирмалар сияқты өздерінің жеке пайдасын басшылыққа ала отырып маңызды шешімдер қабылдайды. Сонымен қатар, атқарушы және заң шығарушы билік органдары басқару шешімдерін қабылдай отырып әл-ауқаттылықты арттыруға тырысады.
Соңында, экономикалық ғылымның әртүрлі бағыттары мен ілімдеріне және олардың ерекшеліктеріне қарай отырып, біз қазіргі экономикалық теорияның жай ғана заңдар мен нормалардың қалыптасқан жиыны емес екенін, оның әртүрлі экономикалық жүйелерді зерттеуде туындайтын сұрақтарға жауап бере алатын танып білудің икемді және үнемі жетілдіріліп отыратын құралы ретінде түсіне аламыз.
3.Жетілмеген бәсекемен нарық теориясы №4 бил 3 сұрақ
№ 14 емтихан билеті
1.Классикалық саяси экономия дамуының бірінші кезеңі №2бил 2 сұрақ
2.Джоан Вайолет Робинсон ілімі,көзқарастары№4 билет 3сұрақ
3.Дж.М.Кейнс экономикалық ілімдері№5 билет 1 сұрақ
№15 емтихан билеті
1.Қиялшыл экономистердің жасаған реформалық тұжырымджамалары№6 1сұрқ
2.Э.Чемберлиннің монополиялық бәсеке теориясы№4бил 3сұрақ
3.Жетілмеген бәсеке мен нарық теориясы№4 бил 3 сұрақ
№ 16 емтихан билеті
1.Неолиберализмнің пайда болуы мен ерекшелігі
Неолиберализм (ағылш. neoliberalism) - XX ғасырдың 70-ші жылдары пайда болып, 80-90-шы жылдары шырқау шегіне жеткен саяси экономикамен философияның бағыты.
Неолиберализм экономиканы мемлекеттік реттеуді мойындамайды, еркін нарық пен шексіз бәсекелестікті экономикалық даму негізіндегі әлеуметтік әділеттікке жету мен дамуды қамтамасыз етудің негізгі құралдары ретінде қарастырады. Неолиберализм XX ғасыр ортасында бірлесу үрдісін, әлеуметтік әріптестік және қорғау, бәсекелестіктің мемлекеттік реттеумен сәйкес келуін күшейтуді ойластыратын либералдық идеялардың әзгеріске ұшырауына оппозиция ретінде пайда болды. Неолиберализмнің теориялық негіздері монетаризммен, Р.Манделл, А. Флеминг идеяларымен тығыз байланысты. Неолиберализмнің экономикалық саясаты экономиканың дамуын тежейтін протекционизмді жоққа шығарады. Неолиберализм кейдежаһанданудың экономикалық идеологиясы ретінде қарастырылады, оның идеяларына Халықаралық валюта қоры, Бүкіләлемдік банк, Бүкіләлемдік сауда ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар арқа сүйейді. Неолиберализмнің әлеуметтік тұжырымдамасы қоғамдық байланыстардың барлық түрлерін нарық тұрғысынан түсіндіреді: әрбір адамның өмірі кәсіпорындағы ұйымдастырушы еркін кәсіпкер ретінде қаралады, ал кез келген әлеуметтік өзара іс-әрекет - келісімшарт (сату-сатып алу актісі). Неолиберализм философиясында нарықтың болуы, қызмет етуі - шексіз өзіндік құндылық, ал тұтыну идеологиясы (консюмеризм) этиканың басты негізі ретінде қарастырылады.
«Неолиберализмнің» белгілі өкілдеріне американ экономисі Людвиг Мизес (1881-1973 ж.ж.) Чикаго мектебінің экономисі Милтон Фридман (1912 ж.ж.) Германиядан — Фредрих Август фон Хайекті (1899-1964 ж.ж.) жатқызамыз. Чикаго мектебі насихаттап жүрген экономикалық ілімінің қазіргі әдісінен осы бағытқа «монетаризмді» айтуға болады. Экономика тұрақсыздығының басты ошағы ақша аясында жатыр және оны реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы өндіріс циклын жоюда болып табылады. «Монетаризмнің» басты стратегиясы – экономикалық өсудің мүмкіндігі мен тиімділігін қалпына келтіруді, мемлекеттік бюджеттен экономикаға ынталандыру салымын алмай жүзеге асыру.
