Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ilimder.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.18 Кб
Скачать
  1. Шекті еңбек өнімділігі теориясы Дж.Кларк

Джон Бейтс Кларкты маржиналистік теория негізін салушылар қатарына жатқызуға болады, себебі ол шекті өнімділік теориясының негізгі теорияларын Менгер, Вальрас және Джевонсонға тәуелсіз ашқан болатын. Сонымен қатар, Кларкты АҚШ-тың ең алғашқы және ең атақты экономисті деп санайды. Кларк АҚШ университетінде білім алған және оны аяқтағаннан кейін, көптеген ағылшын экономистері сияқты Германия және Швейцарияға барып экономикалық теорияны зерттейді. Оның Гейдельберг университетіндегі ұстазы Карл Книс тарихи мектептің ең танымал және білімді өкілі болады. АҚШ- қа қайтып оралғаннан кейін Кларк ұзақ уақыт бойы Колумбиялық университет қабырғасында сабақ береді. (оның оқушылары қатарында американдық институционализмнің негізін қалаушы Торсен Веблен болған). Кларк нарықтық экономиканың әділетті және нәтижелі екенін дәлелдеуге тырысты. ДЖ.Б.Кларк шекті өнімділік теориясын ұстанды. Кларк заңының мәні, тауардың пайдалылығы оны құраушы тауарларға бөлінеді («пайдалалықтар бумасы»), содан кейін пайдалылық бағалағы оның барлық құраушыларының (свойства) шекті суммасымен анықталады. Ол «маржиналистік теорияға» үлкен үлес қосып, тұтынушылар пайдалылығының шекті өнімділік және шекті капитал концепциясын толықтырады. «Байлықты бөлу». Кларктың бұл еңбегі байлықты бөлу проблемасына арналған тарихтағы ең үлкен экономикалық трактат болып табылады. (Бұдан ертеректе бұл жөнінде Д.Рикардо жазған болатын). Бұл еңбек құрылымы тарихи методологиялық кіріспе бөлімдерден( 1-6), шекті өнімділік теориясы бөлімінен (7-8) және табыстар капиталының табиғатына арналған өндірістің жеке факторларын зерттеу бөлімдерінен (11 -13), сонымен қатар табысты бөлудің динамикалық және статистикалық проблемалардан тұрады (9 -10). Кларктың кітабы экономика ғылымының әр салаларынан алынған теориялық жаңалылықтардан қамтиды. Кларкқа ең үлкен табысты оның шекті өнімділік теориясы алып келді. Ол бойынша, өндіріс факторларының табысы оның шекті өнімділігімен анықталады. Мысалы, еңбекақы шекті жұмысшының өнімінің көлеміне тең болуы керек. Бұл тезис екі әдіспен дәлелденеді. Біріншіден, бұл қатынас жұмышының өзі үшін әділетті болып табылады. Шыныменде, егер ол өндіретін өнім көлемі жалақы көлемінен артық болатын болса, онда ең болмағанда тағы бір жұмысшы алу тиімдірек болады (сонда берілген жұмысшы шекті болмайды), ал жұмыс берушілердің жұмысшылар санын көбейту мақсатындағы бәсекелестігі жалақы көлемінің өсуіне алып келеді. Және керісінше, егер жұмысшының өндіретін өнім көлемі, оның алатын жалақы көлемінен төмен болса, онда жұмыс берушіге боны жұмыстан босатуы тиімдірек болып табылады. Екіншіден, қатынас (соотношение) деңгейі әрбір жұмысшы үшін әділетті болып табылады. Жұмысшылар арасындағы конкуренция барысында әрбір жұмысшы бірдей мөлшерде жалақы алады. Осының нәтижесінде «абсолютті» бәсекелесті еңбек нарығында, яғни бәсекелестік жұмысшылардың және жұмыс берушілердің арасында орнауы, «еңбекақы мөлшері шығарылған өнім көлеміне тең болуға ұмтылады ».

  1. В. Паретоның экономикалық әл-ауқаттылық теориясы

13 емтихан билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]